Оқушы бойында экологиялық білім жүйесін қалыптастыру;
Оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін тәрбиелеу
Экология салысындағы ғылым жетістіктерінен хабардар болу;
Сабақ түрі: Аралас сабақ / Білім,біліктілігін және дағдыны қалыптастыру сабақ
Сабақ әдісі: Баяндау,мәліметтер беру,таратпа жұмыстар
Білімділік мақсаты: жаңа тақырыпты меңгерту,пәнге деген қызығушылықты арттыру.
«Қоршаған орта» тақырыбы бойынша кең мәлмет беру,бағалау,қорытынды жасау.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой-өрістерін есте сақтау қабылеттерін,тындаған материалдарды еске сақтау қабілетін дамыту,өткенді есте сақтау
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға кәсіптік бағыт бағдар беру,таңдаған мамандығына деген құрмет пен сүйіспеншілігін арттыру,өз шешімін дұрыс тандауға баулу.
Пән аралық байланыс: Биология «Атмосфераға таралатын зиянды заттар мен қалдықтар»
Көрнекіліктер: тест тапсырмалары,интерактивті тақта,слайдтар,оқулықтар.
Қолданған әдебиеттер
Белов.С.В «Көтерме көліктік машиналарды жасау мен пайдалану»
Ф.И Лифчак «Қоршаған ортаны қорғау»
Иштаева.Ф. «Экология» оқу құрал
Интернет «Google,»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ластауыштардың әсерінен қоғамды қорғау»
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
ШҚО Әкімдігінің білім басқармасы
КМҚК «Құрылыс колледжі»
Әділбекова Тоты Ғалымқызы, арнайы пән оқытушысы
Сабақ тақырыбы: «Ластауыштардың әсерінен қоғамды қорғау»
Сабақтың мақсаты:
Оқушы бойында экологиялық білім жүйесін қалыптастыру;
Оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін тәрбиелеу
Экология салысындағы ғылым жетістіктерінен хабардар болу;
Сабақ түрі: Аралас сабақ / Білім,біліктілігін және дағдыны қалыптастыру сабақ
Сабақ әдісі: Баяндау,мәліметтер беру,таратпа жұмыстар
Білімділік мақсаты: жаңа тақырыпты меңгерту,пәнге деген қызығушылықты арттыру.
«Қоршаған орта» тақырыбы бойынша кең мәлмет беру,бағалау,қорытынды жасау.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой-өрістерін есте сақтау қабылеттерін,тындаған материалдарды еске сақтау қабілетін дамыту,өткенді есте сақтау
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға кәсіптік бағыт бағдар беру,таңдаған мамандығына деген құрмет пен сүйіспеншілігін арттыру,өз шешімін дұрыс тандауға баулу.
Пән аралық байланыс: Биология «Атмосфераға таралатын зиянды заттар мен қалдықтар»
Көрнекіліктер: тест тапсырмалары,интерактивті тақта,слайдтар,оқулықтар.
Қолданған әдебиеттер
Белов.С.В «Көтерме көліктік машиналарды жасау мен пайдалану»
Ф.И Лифчак «Қоршаған ортаны қорғау»
Иштаева.Ф. «Экология» оқу құрал
Интернет «Google,»
Сабақ жоспары
Ұйымдастыру бөлімі / 3 мин /
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Оқушыларды сабаққа дайындығын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру / 15 мин /
Жалпылама сұрақ 5 мин (өткен тақырыптар бойынша сұрақтар)
Тест құрастыру 15 мин (Экология пәні бойынша)
Экологиялық заңдылықтың негізгі төрт түрі?
Барлығы барлығымен байланысты
Барлығы әйтеуір бір жаққа кетпеуі керек
Табиғат ненің жақсы екендігің біледі
Еш нәрсе тегін берілмейді
БҰҰ тарапынан қандай экологиялық тұжырым әзірленеді?
Болашақ ұрпаққа және қоршаған ортаға зиян келтірілмейтіндей, адамның өсуін қамтамасыз ететін тұжырымы
Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Халықаралық комиссия қай жылы қабылданды? (1984ж)
Ал Қ.Р экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы қай жылы қабылданды? (1996ж)
1996 ж қабылданған тұжырымдамада қандай экологиялық қаупсіздік қарастырылған?
Қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсерді болдырмау
Қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік беретін қандай құжат және қай жылы қабылданды? Атмосфералық ауаны қорғау туралы заң 2002 ж 11 наурызда қабылданды
Республикамыздың аумағын қандай экологиялық топтарға бөлуге болады? Экологиялық жағдайы нашар,экологиялық жағдайы орташа және экологиялық жағдайы салыстырмалы жақсы аудандар.
Экоцид түсінігі? Өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай қыру
Экологиялық құқық бұзушылық түсінігі? Заңсыз аң аулау, орман ағаштарын заңсыз кесу т.б.
Жаңа тағырыпты түсіндірі 53 /мин/
Көліктік ластанудан қоршаған ортаны қорғау
Өндірістік кәсіпорындардың табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру жұмыстары
Табиғатты қалпына келтіру іс шаралары
Адам мен қоғамның қоршаған ортаға әсері
IY. Жаңа тақырыпты бекіту 10/мин/ - Интерактивті тақтада сұрақтар қою арқылы жалпылама бекіту Y. Қорытынды бөлім 3/ мин/ - оқушыларға баға қою,бағаны калай алғандығын түсіндіру YI. Үй тапсырмасын беру 1 /мин/
Сабақ барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Мен сендерге өткен сабақтағы алған білімдеріңді қолдана отырып ойлану, толғану жолымен келесі тапсырмаларынды орындап,сұрақтарға жауап беруді ұсынамын.
Үй тапсырмасын тексеру
I Жалпылама сұрау(слайд№1)
Экологиялық заңдылықтың негізгі төрт түрі?
Барлығы барлығымен байланысты
Барлығы әйтеуір бір жаққа кетпеуі керек
Табиғат ненің жақсы екендігің біледі
Еш нәрсе тегін берілмейді
БҰҰ тарапынан қандай экологиялық тұжырым әзірленеді?
Болашақ ұрпаққа және қоршаған ортаға зиян келтірілмейтіндей, адамның өсуін қамтамасыз ететін тұжырымы
Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Халықаралық комиссия қай жылы қабылданды? (1984ж)
Ал Қ.Р экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы қай жылы қабылданды? (1996ж)
1996 ж қабылданған тұжырымдамада қандай экологиялық қаупсіздік қарастырылған?
Қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсерді болдырмау
Қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік беретін қандай құжат және қай жылы қабылданды? Атмосфералық ауаны қорғау туралы заң 2002 ж 11 наурызда қабылданды
Республикамыздың аумағын қандай экологиялық топтарға бөлуге болады? Экологиялық жағдайы нашар,экологиялық жағдайы орташа және экологиялық жағдайы салыстырмалы жақсы аудандар.
Экоцид түсінігі? Өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай қыру
Экологиялық құқық бұзушылық түсінігі? Заңсыз аң аулау, орман ағаштарын заңсыз кесу т.б.
II Тест сұрақтары 1 нұсқа, 2 нұсқа(слайд№2)
Жаңа тақырыпты түстіндіру (слайд№3)
1/ Көліктік ластанудан қоршаған ортаны қорғау 2/ Өндірістік кәсіпорындардың табиғатты ластауы 3/ Табиғатты қалпына келтіру іс шаралары 4/ Адам мен қоғамның қоршаған ортаға әсері
Көліктік ластанудан қоршаған ортаны қорғау
Транспорттан бөлінген газдардың құрамында иісі күшті, тітіркендіргіш альдегидтер (акролен,формальдегид) болады. Мұнан басқа бөлінген лас газдардың құрамында отынның толық жанбауынан ыдырап бітпеген көмірсутектер болады. Негізінен этилен қатарына жататын гексан мен пентан. Отынның толық жанбауы себебінен көмірсутектердің бір бөлігі құрамында шайырлы заттар бар қара күйеге айналады. Егер автокөліктің моторы нашар жұмыс істейтін болса бөлінетін шайырлы заттар мен қара күйенің мөлшері де соғұрлым көп болады. Мұндай жағдайда машинаның артынан будақтап қара түтін шығады. Көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тетраэтил-қорғасынның жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді. 1 литр бензин құрамында 1 гр тетраэтилқорғасын болады. Бензиннің құрамына траэтилқорғасынды антидетонатор ретінде қосады. Тетраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады. Соңғы 100жыл ішінде Гренландия мұздықтарында қорғасынның мөлшері 5 есе, ал судағы еріген қосылыстарының мөлшері соңғы 20 жылда мұхитта 10 есеге көбейген. Атмосфераға бөлінетін қорғасыннын 86% автокөліктерден бөлінеді.
Аэропорттарда ұшақтардың қоңған және ұшқан кездерінде де ластаушы газдар мейлінше көп бөлінеді. Мысалы:«Боинг» ұшағының ұшуы кезінде бөлінген зиянды заттардың мөлшері бір мезетте оталған «Фольксваген»автокөлігінен шыққан зиянды заттар мөлшеріне тең.
Алматы қаласында атмосфераны ластаудың 20%жеке секторлар мен жылу энергетикалық жүйелердің еншісіне тисе,80%-автокөліктердің еншісінде. Қоршаған ортаға жанусыз қалған көмірсутектері мен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері бензинмен жүретін автокөліктерде дизельді автокөліктерге қарағанда анағұрлым көп.
Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету-тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты.Сондықтан қазіргі танда жанармайды аз жұмсайтын автокөліктер үлгілері жасалып,бензинді сұйылтылған газға алмастыру,бензиннің орнына мал азықтық(қызылша жүгері)өсімдік майларын пайдалану қолға алынуда.
2/ Өндірістік кәсіпорындардың табиғатты ластауы
Қара металлургия. Шойын балқыту, оны құрышқа қайта өндеу кезінде де атмосфераға лас түтін көп бөлінеді. 1 тонна шойынды балқыту кезінде 4,5 кг шаң 2,7 кг күкіртті газ, 0,5-0,1 кг марганец бөлінеді. Онымен қоса қоршаған ортаға біраз мөлшерде мышьяк,фосфор,сурьма,қорғасын қосылыстары,сынап парлары, шайырлы заттар бөлінеді. Түсті металлургияда атмосфераны шаңмен,газбен ластау көзі болып табылады. Түсті металлургиядан атмосфералық ауаға шаңды заттар,мышьяк,қорғасын және т.б. заттар бөлінеді. Электролиз арқылы алюминий алу кезінде де электролиздік ванналардан көптеген шаңды және газды фтор қосындылары бөлінеді. 1 тонна алюминий алу үшін электролиздердің түрі мен қуатына байланысты 33-47 кг фтор жұмсалып,оның 65% қоршаған ортаға тарайды.
Қазақстан территориясында түсті металлургия үш аймақта-Орталық,Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Оңтүстік Қазақстанда кен орындары Жоңғар Алатауы мен қаратауда кездеседі. Түсті металлургияның өнеркәсіп орындарында Менделеев таблицасындағы элементтерінің 74 түрі өндіріледі. Түсті металдарды өндіру үлкен мөлшердегі энергияны қажет етеді. Сондықтан Мұндай өндіріс орындары электр энергиясының көзіне жақын салынады. Көмір өнеркәсібінде ластаушы көзі болып терриконниктер-жыныстарда өздігінен жануынан ұзақ уақыт бойы көмір мен пириттің жануы жүреді. Нәтижесінде күкіртті газ, көміртегі оксиді, шайырлы заттардың қосылыстары бөлінеді.
Мұнай өндіру, өңдеу, Мұндай химия өнеркәсібі атмосфералық ауаға көмірсутектер, күкіртті сутектер және басқада иісі жағымсыз заттар бөлінеді. Синтетикалық каучук заводтарынан ауаға – стирол, дивинил, толуол, ацетон, изопрен және т.б. бөлінеді. 90 – шы жылдардың соңында жасаған зерттеулер бойынша Қазақстанның Каспий өңіріндегі тек Мұнай өндіретін орындарынан жылына атмосфераға 184 000 тонна әртүрлі зиянды заттар бөлінеді. Ал қазіргі кезде Мұнай өндіретін кен органдарының саны да, өндіретін Мұнайдың мөлшері де ол кездегіден көбейе түсті. АҚШ – та қоршаған ортаны ластағаны үшін заңды тұлғалар мыңдаған доллар айыппұл төлейтін болса, біздің еліміздегі төленетін айыппұл мөлшерін одан жүздеген есе аз. Сондықтан –да инвесторлар сүзгілерді орнату, ауыстыру және қоршаған ортаға бөлінетін ластануды азайтудың орнына, оған қарағанда айппұл төлеуді жөн санайды.
Құрылыс материалдары өнеркәсібінде цемент және құрылыс материалдарын өндіру кезінде де қоршаған ортаға зиянды шаңдар бөлінеді. Мұндай шаңдар негізгі технологиялық процестер – жартылай дайын өнімдерді, шикізаттарды майдалау, температуралық өндеу кезінде бөлінеді. Химия өнеркәсібі (пластмасса, майлайтын материалдар, тұрмыстық химия заттары және т.б.). Бұл өнеркәсіп саласынан бөлінетін зиянды заттар адам организмі үшін қауптілердің бірі. Химиялық өнеркәсіптерден қоршаған ортаға IY валентті көміртегі оксиді, IY валентті азот оксиді, күкіртті ангидрид, аммияк, күкіртті сутек, хлорлы, фторлы қосылыстар және т.б. бөлінеді. Ірі күкірт қышқылды цехтар Жезқазған мен Балқаш мыс балқыту комбинаттарында, Өскеменнің қорғасын – мырыш комбинатында, Ақтөбе және Жамбыл суперфосфат заводтарында салынған. Атмосферада күкіртті газдар ұзақ сақталмайды. Ауа райы құрғақ жағдайда 2 – 3 аптада, ылғалды және атмосферада аммиак болған жағдайда бірнеше сағаттарға дейін сақталады. Сөйтіп бұл қосылыстың қауптілігі арта түседі – күкіртті қосындылар ауа массасымен бірге жел арқылы көшіп сульфатты формаларға ауысады. Олардың көшуі желдің жылдамдығы 10 м/сек жағдайда 750-1500м биіктікте жүреді күкіртті газдардың таралуы 300-400 км қашықтыққа дейін жетеді. Күкіртті қосылыстар адамдар мен жануарлардың тыныс алу жолдарына әсер етіп тыныс алуды қиындатады. Өсімдіктерде хлорофиллдердің бұзылуына әсер етіп нәтижесінде фотосинтез процесі нашар жүреді, өсу баяулайды, ағашты өсімдіктердің сапасы төмендеп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін азаяды. Атмосфералық ауа құрамында күкірттің көп болуы металдардың таттануын (коррозия) үдете түседі, ғимараттардың, ескерткіштердің, өнеркәсіп бұйымдарының сапасын төмендетеді. Өнеркәсіпті аудандарда, ауылды жерлермен салыстырғанда темір 20 есе, алюминий 100 есе тез таттанып бұзылады. Энергетика өнеркәсіптің барлық салаларының-транспорттық, коммуналды және ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін арттыратын, халықтың, әл-ауқатын көтеріп, дамуына ықпал ететін негізгі қорғаушы күш. Отын-энергетикалық кешен-жанармайларды барлау және өндіру, тасымалдау, тарату және пайдаланудан тұратын салааралық жүйе. Бұлардың құрамына отын өнеркәсібі (Мұнай,газ,көмір) және халық шаруашылығындағы басқа салалармен тығыз байланысты электроэнергетика кіреді. Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына республикадағы мол табиғи байлықтар себеп болып отыр. Мысалы:Қарағанды көмір бассейнінде көмірдің қоры 51 млрд тоннаны құрайды. Қостанай облысындағы қоры бай темір рудалары және Теміртау металлургия комбинатының салынуымен Қарағанды көмір бассейнінің маңызы арта түсті.
Сонымен қатар энергетиканың қоршаған ортаны отынның органикалық түрлерінің өнімдерімен, ондағы зиянды қоспалардың болуымен, жылу қалдықтарымен ластауда да үлесі көп. Бұкіл пайдаланатын энергоресурстардың 25% электр энергиясының үлесіне тиеді. Қалған бөлігі (75%) өндірістік, тұрмыстық жылуға, транспорт, металлургия, химиялық процестер үлесіне тиеді. Жыл сайын дүние жүзінде 25млрд тоннадан аса энергия пайдаланылады. Энергетиканың қоршаған ортаға әсері отынның түріне байланысты.
Қатты отынды жаққанда атмосфералық ауаға толық Жанбаған отынның күлді бөлшектерімен бірге күкіртті ангидрид, азот оксиді, фторлы қосылыстардың кейбір қоспалары бөлінеді. Кейбір жағдайларда отын күлінің құрамында Мұнан да улы заттар қоспалары кездеседі. Мысалы: Донецк антрацигтерінің құрамында аз мөлшерінде мышьяк кездессе, Екібастұз көмірі күлінде – бос кремний диоксиді бар. Көмір – планетада ең көп тараған қазбалы отын. Кейбір мамандардың айтуы бойынша көмірдің қоры 400-500 жылға жетеді. Көмірдің Мұнайдан тағы бір артықшылығы, ол дүние жүзі бойынша біркелкі таралған және Мұнайға қарағанда арзан.
Бұрынғы КСРО кезінде ірі жылу-энергетикалық кешендер елдің шығысында орналасты,мысалы: Екібастұз, Канск-Ачинск кең орындары. Ашық әдіспен өндірілетін бүкіл көмірдің төрттен бір бөлігі Екібастұз кең орнының еншісіне келетін. Мұндағы көмірдің қоры шамамен 9 млрд тонна деп саналады. Алайда бұл кең орнынан алынатын көмірден күл көп шығады (50 % дейін).
3/ Табиғатты қалпына келтіру іс шаралары.
Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін еш нәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан – тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.
Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмосфера – бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз егер отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмір қышқыл газ, аргон т.б.) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасыларды, ауа райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шеткі мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады.
4/ Адам мен қоғамның қоршаған ортаға әсері.
Ауаны таза ұстаудың шаралары
Адамға табиғат берген байлықтың бірі – атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамып келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұратын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен Теміртауда, басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар көптеп құрыла бастады.
Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында 35,1 млн сомға, Шымкенттің қорғасын заводында 28 млн сомға ауаны таза ұстау мақсатында ірі құрылыстар жүріп жатыр. Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары температураға шыдамды фильтр-сүзгіш «Нитрон» іске қосылып ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес қосуда. Шығыс машина жасау заводында мазут пешін электр күшімен қыздыру арқылы, ауаға шығаратын лас зиянды газдардың көлемі 1,5-2 есе азайтуға мүмкіншілік туды. Сол сияқты Ертіс мыс балқыту заводында өндірістен шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын құрылыстар салынды.
Республикамыздың ірі қалаларынды жылуды бір ірі орталықтан жіберу арқылы көптеген ұсақ пештерден құтылды. Мысалы: Алматы 600 кішкентай пеш жойыл-са, оның 155-і 1970-1973ж келеді. Қарағандыда 107 пеш, 84 жанатын террикондар жойылды. Павлодарда -50, Шымкентте-7 пеш газбен жағылуға көшті. Бір сөз-бен айтқанда, Алматы қаласын қоспағанда республикамызда 1970-1973 жылдары 276пеш сөндірілді, 12 ТЭЦ пен 65 пеш газға көшті.
Қазіргі жағдайда ауада улы заттардың мөлшерін азайту мақсатында, автомобильдерден бөлініп шығатын газдарды азайту барысында көптеген тиянақты жұмыстар жасалынды. 1973-1975 жылдары облыс орталықтарында «Қазақ автотехникалық қызмет көрсету» ауаға шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын 157 бақылау-реттегіштердің қондырмаларын жасау жобаланды.
Қазір Алматыда 40 пункт жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы да 50 болуы керек. Жүзделген жұмыстың нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиянын тигізетін газдардың мөлшері азайды.
Мысалы, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында ауаға шығатын зиянды шаңдар 54,2% қорғасын – 68,6% күкірт ангидриді – 17,2% азайды. Балқаш кен-металлургия комбинатында – 41%. Теміртау синтетикалық каучук заводында сыртқа шығатын сынаптың мөлшері 2,5 есе, Шымкенттің цемент заводындағы ауаға шығатын цемент мөлшері – Юесе, Өскеменнің титан-магний ком-бинатында ауаға шығатын хлордын, мөлшері 1,8 есе қысқартылады.
Республикада 25 қалада мемлекеттік санитарлық мекемелер лабораториясында ауаның құрамын зерттеп, ол зерттеулердің нәтижесін жүйелі күйге келтіріп, практикаға беруде.
Зерттеулердің нәтижесінде өндірістің орналасуына қарай негізгі ауаға шығатын лас қалдықтар қорғасын, күкірт ангидриді көмірқышқыл газы, азоттың косоксиді, мышьяк, күйе, хлор, шаң екені анықталып отыр.
Қарағанды қаласында көмірқышқыл газының мөлшері санитарлық нормадан 8-9 есе асып кеткен, ал азоттың косоксиді, шаң күкірт ангидриді барлық өндіріс орындарында 1973 жылы белгілі-бір нормаға дейін төмендеген.
Ауа тазалығы, адамдардың денсаулығы үшін күрес әрбір кәсіпорын мен цехта да тиімді жүргізіліп келеді. Мысалы: Алматы үй құрылысы комбинаты бойынша ауаға күн сайын шығарылатын зиянды заттардың мөлшері 75% қысқартылды. Шымкент қорғасын заводында шаң тұтқыштар мен технологиялық газды өңдеу және тазарту қондырғыларын салуға қыруар қаржы жұмсалып, адамдардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызылған.
IY. Бөлім. Жаңа тақырыпты бекіту.
IY. Жаңа тақырыпты бекіту.
Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту мақсатында оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
Көліктен бөлінген газдардың құрамында қандай заттар болады? (Альдегидтер)
Бензиннің орнына қандай сұйықтық қолдануды ұсынылады? (Өсімдік майлары мен мал азықтық майлар)
Шойынды балқытуда атмосфераға қандай лас түтіні бөлінеді? (Күкірт газы, марганец, мышьяк, фосфор,сурьма,қорғасын және сынап)
Қ.Р өнеркәсіптік аймақтары? (ШҚО,ОҚО, Орталық Қазақстан облыстары)
Атмосфераның адам үшін маңыздылығы?
Ауаға күкірттің көп таралуы қандай жағдайларға әкеліп соқтырады? (Өнеркәсіп бұйымдарының сапасын төмендетеді.)
Y. Қорытынды бөлім
Балалар, бүгінгі сабағымызда бірталай білім берілді. Сіздер көптеген «Қоршаған ортаны қорғау» туралы мәліметтер алдыңыздар. Сабағымызды қорытындылайық. Сондықтан, шын мәнінде, тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде өз білгенімізді өзгелерге де айтып, ақыл кеңес айта жүрейік.
YI. Үй тапсырмасын беру.
Ф.И Лифчак «Қоршаған ортаны қорғау» Иштаева.Ф. «Экология» оқу құралы