Білімділік ма?саты: Жа?а та?ырыпты ме?герту,п?нге деген ?ызы?ушылы?ты арттыру. «?орша?ан орта » та?ырыбы бойынша ке? м?лмет беру, ба?алау, ?орытынды жасау.
Дамытушылы? ма?саты: О?ушыларды? ой-?рістерін есте са?тау ?абылеттерін, ты?да?ан материалдарды еске са?тау ?абілетін дамыту, ?ткенді есте са?тау
Т?рбиелік ма?саты: О?ушылар?а к?сіптік ба?ыт ба?дар беру,та?да?ан маманды?ына деген ??рмет пен с?йіспеншілігін арттыру,?з шешімін д?рыс та?дау?а баулу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Ластауыштарды? ?серінен ?о?амды ?ор?ау » »
«ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
«Қоршаған ортаны қорғау және экология»
пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы:«Ластауыштардың әсерінен қоғамды қорғау »
арнайы пән оқытушысы
Әділбекова Тоты Ғалымқызы
ИНН 830618401146
Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: № 13 «Ластауыштардың әсерінен қоғамды қорғау»
Сабақ түрі : Аралас сабақ /Білім,біліктілік және дағдыны қалыптастыру сабақ/
Сабақ әдісі: Баяндау,мәліметтер беру,таратпа жұмыстар
Білімділік мақсаты: Жаңа тақырыпты меңгерту,пәнге деген қызығушылықты арттыру.«Қоршаған орта » тақырыбы бойынша кең мәлмет беру, бағалау, қорытынды жасау.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрістерін есте сақтау қабылеттерін, тыңдаған материалдарды еске сақтау қабілетін дамыту, өткенді есте сақтау
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға кәсіптік бағыт бағдар беру,таңдаған мамандығына деген құрмет пен сүйіспеншілігін арттыру,өз шешімін дұрыс таңдауға баулу.
Пән аралық байланыс: Биология « Атмосфераға таралатын зиянды заттар мен қалдықтар »
Көрнекіліктер: тест тапсырмалары,интерактивті тақта, слайдтар, оқулықтар,
Қолданған әдебиеттер: Т. Жолшыбек « Мал шаруашылығы»
Б.Өтепов « Егіншілік негізінде мал азығын өндіру»
Астана 2009
Интернет «Google.ru,»
Сабақ жоспары
І. Ұйымдастыру бөлімі /3 мин/
- оқушылармен сәлемдесу
- оқушыларды түгендеу
- оқушыларды сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру /15мин/
- жалпылама сұрау 5 мин (өткен тақырыптар бойынша сұрақтар )
- Тест сұрақтары 15 мин (Экология пәні б\ша )
1. Экологиялық заңдылықтың негізгі төрт түрі?
1.Барлығы барлығымен байлысты
2.Барлығы әйтеуір бір жаққа кетпеуі керек
3.Табиғат ненің жақсы екендігің біледі
4.Еш нәрсе тегін берілмейді
2. БҰҰ тарапынан қандай экологиялық тұжырым әзірленді?
Болошақ ұрпаққа ж\е қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей, адамның өсуін қамтамасыз ететін тұжырымы
3. Қоршаған ортаны қорғау ж\е дамыту жөніңдегі Халықаралық комисся қай жылы
қабылданды ?(1984ж)
4. Ал Қ.Р экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы қай жылы қабылданды?(1996ж)
5. 1996 ж қабылданған тұжырымдамада қандай экологиялық қауіпсіздік қарастырылған ? Қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсерді болдырмау
6. Қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік беретін қандай құжат ж\е қай жылы қабылданды? Атмосфералық ауаны қорғау туралы заң
2002 ж 11наурызда қабылданды
7. Республикамыздың аумағын қандай экологиялық топтарға бөлуге болады?
Экологиялық жағдайы нашар,экологиялық жағдайы орташа ж\е экологиялық жағдайы салыстырмалы жақсы аудандар.
8. Экоцид түсінігі? Өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай қыру
9.Экологиялық құқық бұзушылық түсінігі? Заңсыз аң аулау,орман ағаштарын заңсыз кесу т.б.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру /53мин/
1/ Көліктік ластанудан қоршаған огртаны қорғау
2/ Өндірістік кәсіпорындардың табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру жұмыстары
3/ Табиғатты қалпына келтіру іс шаралары
4/ Адам мен қоғамның қоршаған ортаға әсері
ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту /10мин/
- Интерактивті тақтада сұрақтар қою арқылы жалпылама
Бекіту
Ү. Қорытынды бөлім /3мин/
- оқушыларға баға қою,
бағаны қалай алғандығын түсіндіру
ҮІ. Үй тапсырмасын беру /1мин
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру бөлімі
Мен сендерге өткен сабақтағы алған білімдеріңді қолдана отырып ойлану, толғану жолымен келесі тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беруді ұсынамын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
І Жалпылама сұрау
(слайд № 1)
1. Экологиялық заңдылықтың негізгі төрт түрі?
1.Барлығы барлығымен байлысты
2.Барлығы әйтеуір бір жаққа кетпеуі керек
3.Табиғат ненің жақсы екендігің біледі
4.Еш нәрсе тегін берілмейді
2. БҰҰ тарапынан қандай экологиялық тұжырым әзірленді?
Болошақ ұрпаққа ж\е қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей, адамның өсуін қамтамасыз ететін тұжырымы
3. Қоршаған ортаны қорғау ж\е дамыту жөніңдегі Халықаралық комисся қай жылы қабылданды ?(1984ж)
4. Ал Қ.Р экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы қай жылы қабылданды?(1996ж)
5. 1996 ж қабылданған тұжырымдамада қандай экологиялық қауіпсіздік қарастырылған ? Қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсерді болдырмау
6. Қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік беретін қандай құжат ж\е қай жылы қабылданды? Атмосфералық ауаны қорғау туралы заң
2002 ж 11наурызда қабылданды
7. Республикамыздың аумағын қандай экологиялық топтарға бөлуге болады?
Экологиялық жағдайы нашар,экологиялық жағдайы орташа ж\е экологиялық жағдайы салыстырмалы жақсы аудандар.
8. Экоцид түсінігі? Өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай қыру
9.Экологиялық құқық бұзушылық түсінігі? Заңсыз аң аулау,орман ағаштарын заңсыз кесу т.б.
ІІ Тест сұрақтары 1 нұсқа, 2 нұсқа
(слайд № 2)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
(слайд № 3)
1/Ауыл шаруашылығындағы жылқы шаруашылығынын маңызы
2/Жылқы тұқымдары, жылқының жабдықтары
3/Биенің сүт өнімділігі
4/Жылқы етінің өнімділігі
1/Ауыл шаруашылығындағы жылқы шаруашылығынын маңызы.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы ауыл шаруашылығындағы басты салалардың бірі. Жылқы өмсіруге Батыс Қазақстан, Қызылорда,Ақтөбе, Онтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан,Қостанай, Павлодар облыстарынын жайылымдары өте ынғайлы. Қазақстанда жылқының 17 түрі өсіріледі. Олардын ішінде республикамызда шығарылатын салт мінетін, жегілетін Қостанай жылқысы және ет сүт өнімдерін алу бағытында өсірілетін Көшім тұқымды жылқылар. Республикамызда 12 жылқы зауыты 32 асыл тұқымды фермалар Қостанай және Ақтөбе облыстарынын ауыл шаруашылығы тәжербие станциялары жылқы тұқымын жақсартумен айналысады.
Қазіргі уақытта облыс қалалары мен аудандарында ауыл шаруашылық табынын сақтау жөнінде қыруар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде 2007 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, шошқадан басқа, мал түрлерінің саны ұлғайды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау,
(слайды № 4, 5, 6)
2/ Жылқы тұқымдары және жадықтары.
(слайды № с 7 по 21)
Бұның бәрі бабалардан қалған қасиет. Ендеше, жылқы тұқымының топтамасына назар салыңыз.
Жылқынын тұқымдары: Ауыр жүк тартатын орыс жылқысы. Бұл жылқы азықты талғамайды, кез келген табиғат жағдайына бейімделе алады.
Жылқының бұл түрі жергілікті уақ жылқысынын тұқымын көбейту үшін пайдаланылады.
Орловтың желгіш тұқымы. Жылқынын бұл түрі бұдан 150 жыл бұрын Воронеж облысынын Криновск жылқы зауытында сол заманғы ең жақсы тұқымдарда дара будандастыру арқылы өсіріліп шықты. Орлов жылқысынын түсі сұр,қара торы,жирен түсті болады.
Орыс жылқысы. Орлов жылқысы тұқымын басқа тұқымның жылқыларымен будандастыру арқылы өсіріліп шықты. Бұл ТМД ғы ең көп таралған жылқы түрі. Торы,қара, және жирен түсті болып келеді.
Таза қанды салт мінетін жылқы. Дүние жүзіндегі ең жүйрік жылқылар,жергілікті жылқы тұқымдарын жақсарту үшін сондай ақ спорт үшін кеңінең пайдаланады. Жирен, қаргер, қара және сұр түсті болып келеді.
Ахалтеке жылқысы.Бұл салт мінетін жылқыллардын ең байырғы түрі. Онын отаны Түркіменстан. Ахалтеке ат спорты үшін қолайлы,шымыр денелі, сидам сирақты, жүйрік жылқы.Шоқтығына дейінгі биіктігі 154 см , жіліншік орамы 167 – 173 см, түсі құла, аққұла,қарагер.
Дон жылқысы. Дон жылқыларынын дене бітімі салт мініске және арбаға қосуға қолайлы. Тәулігіне 250- 300 км және одан ұзақ жол жүруге болады.
Дон өзенінің жанындағы аудан орталығында пайда болған. Бастау тарихы осы маңға XV-XVI ғасырларда казактардың қоныс аударуынан басталады. Казак шаруалары Россияның оңтүстік бөлігін қорғайтын болғандықтан, салт атты тұқымғазәру болатын. Дон тұқымы өте қатаң ережелерге де құлақ асады. Олар жаздың аптабында да, қыстың суығында да төзімділік көрсете алады. Тамақтану жағынан қолайсыздық алып келмейді.
Қостанай жылқысы. Бұл тұқымдас жылқылар салт мінуге және арбаға жегуге арналған. Бұл тұқым республикамыздың Солтүстік облыстарының 37 ауданында өсіріледі. Қостанай жылқы зауытында шоғырланған түсі жирен және торы болып келеді.
Жергілікті қазақ жылқыларының Қостанай облыстарында дүниеге келген.
Қостанай жылқылары қандай жағдай болмасын алғыр, еңбекте төзімді болып келеді. Қазақтың ұлттық спорт ойындарында жарысқа жиі түседі.
Қазақы жылқы. Қыр жылқыларының жергілікті тұқымы. Қазақы жылқы көшпелі шаруашылықтың жағдайында өсіп шықты. Олар қысы жазы жайылымда болуға өте төзімді. Салт мінетін, арбаға жегілетін, сүт беретін жақсы қасиеттері бар. Олар торы,жирен, сұр, құла, қиясұр болып келеді. Шоқтығының биіктігі 144 см тұрқы 152, кеуде орамы 179 см жіліншік орамы 20 см.
Қазақ тұқымы. Жазиралы даланың бойындағы қазақ жылқылары аласа болып жайлып жүргенмен, шабыс жағынан келгенде ешкімнен кем түспейтін. Олар күніне үзіліссіз 70 шақырымды емін-еркін еңсеріп отырады. Ашық аспан астында, кез келген температурада көнбістік көрсетеді. Әрі шөп талғау дегенді білмейді де. Бұған қоса, жергілікті тұрғындар арасында ұлттық ат жарыстарында табандары қызады. Қазақ жылқылары сүт өнімін көп береді.
Қазақ жылқысы бірнеше түрге бөлінеді. Соның бірі - Адай жылқысы. Адай жылқысы түрікменнің текежәуміт арғымағымен будандасқан дәлелденеді.
Жылқы (лат.Equus ferus caballus) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (E. caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.
Жәуміт тұқымы. Түркіменстанның оңтүстік бөлігінде пайда болған, ең ежелгі тұқым. Ахалтеке тұқымына қарағанда жәуміт тұқымы қайырымды. Бастары дәу, мойындары төмен, аяқ қолы мығым келеді. Жүрісі аса жайлы. Қиындықты талғамай-ақ, кез келген ауа райына төтеп береді. Олар Ашхабад-Мәскеу аралығындағы жарыста 800 шақырым жерді 7 күнде тәмәмдап отырған.
Қарабайыр тұқымы. Орталық Азиядағы ежелгі тұқым. Отаны - Өзбекстан. Әдебиет зертеушілерінің айтуынша, Өзбекстан бір кездері «даван арғымақтарымен» алыс шалғайларға танымал болған. «Қарабайыр» сөзінің мағынасы «қолда туып өскен» дегенді білдіреді. Екіншілердің пікірінше - "жүк артылатын көлік", үшіншілер - "қарабайыр" - "араб жылқыларының буданы" дейді.
Қарабайыр жылқыларының болмыс бітімі бөлекше. Бас бөлігі төмен, қысқа мойынды, өнегелі жылқылар қатарынан. Арбаға жегуде таптырмас көлік ретінде саналады.
Араб тұқымы. Бұл тұқым үлкен атақтарға ие. Жаратылу табиғатының өзі мифтермен араласып жатады. Кезінде еуропалықтар бір араб жылқысының құнының өзін өте жоғары бағалаған. Жер шарының кез келген елі жылқы шаруашылығында араб жылқысын қажет қылған. Ол таза қанды ағылшын, американ, венгер жылқыларының пайда болуында біршама үлес атқарған.
Араб жылқыларын біздің елде де жоғары бағалайды. Париж көрмелерінде араб жылқылары ең таңдаулылар қатарында есептелген.
Буденный тұқымы. Кеңестік мамандардың арқасында 1921-1948 жылы Ростов облысындағы дүниеге келді. Сол кездерде жетекшілік еткен КСРО-ның маршалы С. М. Буденный болатын. Дон жылқысы мен салт жүрісті жылқыларымен будандасуының арқасында, бұл тұқым бірден көзге түсті. Осы еңбегі үшін Буденный бастаған ең бірінші Атты әскерлерлер құрмет ордендерімен марапатталды.
Аталған тұқым кез келген қашықтықта жақсы көрсеткіштерге жеткен. Олар - ұзын денелі, сүйекті, шапшаң болып келеді. Және төзімділіктерінде шек жоқ..
Украинаның ұлттық тұқымы. Соғысқа дейінгі жылдар орыстың салт атты тұқымдары жақсы тасымалданған. Сол үшін де салт атты тұқымның жаңа үлгісі жасалуға тиісті еді.
Осы жылқылардың бойлары ұзын, мығым денелері, әдемі де еркін жүрістері, түр-түстері адам қызығушылығын тудырары сөзсіз.
Алтай тұқымы. Осы өлкенің ең атақты тумасы болып саналады. Олар аласа болғанмен, ат үсті жүрісінде, таулы өлкелерді саяхаттауда ерекше көзге түседі. Тұрқылары мығым, салмақты, ширақ болып келеді. Сол үшін де үйірге жиі қосылып тұрады.
Жылқының жабдықтары:
Кигіз бен теріден жасалатын аттың үстіне жабатын жабдықты ертоқым деп атайды,ал ер тоқымдағы аяқ салатын жабдықты үзеңгісі деп атайды, Ер тоқымды артқа қарай жылжытпай тұратын бұйымды өмілдірік деп атайды, аттың аяғын тұсап байлап қоятын жабдықты тұсамыс деп атайды және жылқының тағы да бір бұйымы ол қамшы.
Көбейту. Жылқы шағылысуға 1,5 жаста жетіледі, бірақ көбеюге шаруашылық тиімді мерзім 3-3,5 жас болып табылады; өсімі 5-6 жаста тоқтайды. Буаздық мерзімі шамамен 11 ай. Бие әдетте бір құлын туады. Суалмайтын кезеңі 6-8 ай. Биенің сүттілік өнімділігі тәулігіне 11-15 л сүт (ерекше сүттері — 25 л-ге дейін). Бұл құлынды өсірумен қатар, сүттің едәуір бөлігін қышқыл сүт өнімдеріне жататын қымызды жасауға мүмкіндік береді.
Жұмысшы тұқымдарының құлындарын жұмысқа 2 жасынан үйретеді. Буаз биелерді күн сайын аулаға, ал ауа райы жақсы болғанда далаға 2-3 сағатқа серуендеуге жібереді. Жылқыны ет үшін 1,5-2-жасқа дейін өсіреді, бұл кезеңде жылқының жас еті ең жоғары сапалы болады. Жылқының өмір сүру жасы – 25-30 жыл, шаруашылықта пайдалану мерзімі – 14-15 жыл, асыл тұқымдысы – 20-25 жыл.
Өнімді сату. Жолға қойылған өткізу рыногы үлкен табыс табу үшін қажет. Бұл үшін бірнеше нұсқалар бар: базарда сату, газетте, интернетте жарнама беру, бәлкім, сіз өз тауарыңызды тұтастай сатып алатын, әрқашан сізбен келісімге келетін саудагер тауып қаларсыз.
3/ Биенің сүт өнімділігі.
(слайд № 22)
Жыл сайын мамыр айынан бастап қазан айына дейін қымыз фермаларында сауылатын сауылатын биелерді үйірден іріктеп алып,өз алдына үйір жақтайды. Биені күніне 6 рет сауады.
Қазіргі кезде сауын жылқы шаруашылығын ұйымдастырудың екі түрі бар: оның біріншісі кешенді арнайы ұйымдастырылған қымыз фермалары, екіншісі жылқы өсіретін аудандардын маусымдық фрмалары.
Жылқы шаруашылығының басты өнімі – сүті. Бие сүтінен қымыз ашытылады.
Биені алғаш байлағанда ашытатын қымызды – «уыз қымыз», алғаш рет құлындаған қулық биенің сүтінен ашытылғанды – «қысырақ қымыз» деп атайды. Қымыздың дайындалу мерзіміне қарай: саумал, түнемел қымыз (бір күндік), құнан қымыз (екі күндік), дөнен қымыз (үш күндік), бесті қымыз (төрт күндік) деп те бөлінеді. Қымыздың дәмін келтіріп, күшейте түсу үшін оған кепкен сүр қазы, қойдың құйрығы, қалампыр, күшала, көк қылша, жылқының тобығы, қант, бал, мейіз, кептірілген өрік қосылады.
Кешендер мен арнаулы қымыз фермаларын әрә қалалар мен өндіріс оталығына жақын жерлерде орналастырған дұрыс. Мұндай қымыз фермаларында арнайы қымыз ашытатын әрі салқындататын бөлмелер болады. Жыл бойы сауылатын арнаулы фермаларда биенің сүттілігі 1000,1700 кг болады.
Жылжымалы сауу әдісін маусымды фермаларда қолданып қана қоймай, сонымен бірге осы арнаулы фермалардың жайылымында бағылатын биелерді сауу үшінде пайдалануға болады. Құлындау кезеңдеріне қарай биелердің өнімділігі ауытқып отырады. Мысалы қазақ жылқысынын ерте құлындағаны наурыз сәір айында 2846 литр сүт береді. Биенің сүттілігі жасына қарай да өзгеріп отырады. Дұрыс нәтежие алу үшін сүттілікті анықтау жұмысын үзбей жүргізу керек.
(слайд № 23 - видео)
4/Жылқы етінің өнімділігі.
Жылқы өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша жылқы малының басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Жалпы еттің 35%-ын жылқы малы береді. Интенсивті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.
7,5%-ға, жылқы түлігі бойынша 83,8; 10,6 және 5,6%-ға, түйе түлігі бойынша 75,7; 11,3 және 13,0%-ға сәйкес келеді. Ауыл шаруашылығы мекемелерінің шаруа қожалықтарына бөлінуінің артықшылығы ретінде 2000 жылдан бастап жеке және шаруа қожалықтарында орынсыз мал шығынына жол берілмеуі нәтижесінде соңғы 3 — 4 жылда түлік түрлері бойынша мал санының орташа өсімі 3 — 10%-ға, ет, 3 — 6,5%-ға тұрақты артып келеді.Бүгінгі таңда әр елдің ұлттық өндірістері негізінде дүниежүзілік бір тұтас тауарлы ауыл шаруашылығы қалыптасып келеді. Өндірілген жалпы өнім мөлшері жөнінен Қытай, АҚШ, Жапония, Аустралия сияқты елдер жетекші орын алады. Жан басына шаққанда ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етілу дәрежесі жөнінен Батыс Еуропаның дамыған елдері мен Канада, АҚШ, Жапония және Аустралия ерекше көзге түседі. Дамушы елдерде бұл керсеткіш өте төмен, тіпті жалпы өнімді аса көп өндіретін Қытай мен Үндістанда ол Канада және АҚШ-пен салыстырғанда 5—6 есе төмен.
Қазақстанда етті көп өндірудің үлкен резерві тебінді жылқы шаруашылығы болып табылады. Бұған ауылшаруашылығынын жоғарғы дәрежеде механикаландырылуы жақсы жылқылардын болуына мүмкіндік береді. Жылқы етінің үлкен диеталық қасиеті бар, оның құрамында 18,25 процент ақуыз, 10 тез ерігіш қоректік майлар бар. Ірі жылқы фермаларында бір центнер жылқы етінің өзіндік құны орта есеппен сату бағасынан екі есе кем. Мұндай фермаға ауа райынын әсері де тиеді. Жылқы фермаларынын күзгі және жазғы жайылымдарында үнемі су болғаны дұрыс.
Етке өткізуге арналған жылқыны жайып семірту аса маңызды міңдет. Жылқыны кальции, фосфор, және каротині мол азықтармен азықтандырса олардың салмағы арта түседі.
Жылқы семіртуге арналған қораларда ағаштан жасалған немесе бетоннан құйылған астаулар жасау қажет. Олардың жоғарғы жағы 70,80см болса, түбінің ені 30,40 см болады, биіктігі бір метрден аспауы керек. Әрбір жылқының тұратын орыны 0,6 0,7
Аспауы керек. Малды қорамен жемшөппен қамтамасыз ету қажет. Әсіресе малды уақтап жемдеу,суаруу, дұрыстап сауу,шұрайлы жерлерге бағу, бордақылап күту жұмыстарын механикаландыру, электр қуатын пайдалану, мал шаруашылығын өркендетуге толық мүмкіндік береді. Жылқыны күніне түш рет суарған жөн.
Етке өткізуге бөлінген жылқылардың шағын тобы жалпы үйірде бағылады, алкөп болса оларды бөлек баққан дұрыс.
Жылқылардың жұмысқа төзімді болуы азықтандырылуына байланысты. Сондықтан олардын рациондары күнделікті атқарылатын жұмыс ерекшеліктеріне байланысты. Жұмыс ауыр болса, жылдамдықты талап ететін болса, азық рациондарынын құнарлығы да жем арқылы соғұрлым жоғарлатылады.
Барлығы: 170 000-220 000 теңге (өңірге байланысты).
Табыс:
Жылқы етін сату 1 кг= 1 200 теңге, бір жылқының салмағы 250 кг жетеді x 1 200 теңге = 300 000 теңге.
(слайд № 25)
ІҮ.Жаңа тақырыпты бекіту
Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту мақсатында оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады
.
Жылқыға мінер алдында қолданылатын жабдықтарды атаныздар.
(слайд № 26)
1. Жылқының өмір сүру жасы? (20-25 жыл)
2. Кигіз бен теріден жасалған аттың үстіне жабатын жабдығы?( Ер тоқым)
3. Жылқының басты өнімділігі?(сүті, еті)
4. Ер тоқымдағы аяқ салатын жабыдықты не деп атайды?(үзеңгі)
5. Ертоқымды артқа қарай жылжытпай ұстап тұратын бұйым?(өмілдірік)
6. Спорттық ойындарға қолданылатын жылқы түрі ?()
7. Қазақстандағы мекендейтін жылқы тұрлері ?
8.Республикамызда қанша жылқы заводы бар ? 12
(слайд № 27)
Ү. Қорытынды бөлім
Балалар, бүгінгі сабағымызда бірталай білім берілді. Сіздер көптеген «Қоршаған ортаны қорғау» туралы мәліметтер алдыңыздар. Сабағымызды қорытындылайық. Сондықтан, шын мәнінде, тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде өз білгенімізді өзгелерге де айтып,ақыл кеңес айта жүрейік.
ҮІ.Үй тапсырмасын беру
1. Т. Жолшыбек « Жылқы шаруашылығы» 192-209 беттер