kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?рісу айт

Нажмите, чтобы узнать подробности

В этом разработке говориться о традиций Западного Казахстанского области корису айт. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?рісу айт»

Тақырыбы: «Көрісу айт салт-дәстүрі».
Мақсаты:
1. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, көрісу айт туралы ұғымдарын кеңейту.
2. Оқушылардың ойлауын дамыта отырып, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт – дәстүрін қастерлеуге, оларды сақтауға тәрбиелеу.

Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Қызуғышылықты ояту. Бүгінгі тәрбиесағатымызда қазақ халқының бір дәстүріне жеке тоқталмақпын. Бұл – көрісу дәстүрі.

Ауыл-үйді аралап,

Жүздерінде нұр ойнап,

Қыстан есен шықтық деп,

Бір жасымен құттықтап.

Каспий, Жайық жайлайтын

Басқа өңірде болмайтын,

Құтты болсын Көрісу айт!

Тек Батысым тойлайтын.

Бәрін айт та, бірінайт!

Жайықтың ерке жырын айт!

Құтты болсын бір жасың!

Қабыл болсын Көрісу айт!



3. Негізгі бөлім.

Наурыздың барша қазаққа ортақ емес бір жері бар, ол көбіне – көп кең - байтақ Қазақстанның батыс өңіріне ғана тән наурыздың алғашқы күні кішінің үлкенге, үлкеннің замандас, құда - жекжат, барлық мұсылман баласына қол алысып көрісуі. Бір қарағанда, ол – қазақтың өзімен бірге жасасып келе жатқан игі дәстүр.Ол жаңа жылдан басталып, келесі жаңа жылға дейін мән - мағынасын жоймайды. Наурыздың алғашқы күні кездескен екі адам бір - біріне міндетті түрде қос қолын беріп амандасады. Қол ұсыну кезегі жастікі. Бұл кейінгілердің аға ұрпақты сыйлауы, құрметтеуі. Яғни, бірінші жақ «қолымда еш нәрсе жоқ, ақ адал доспын, сізге Алланың нұры жаусын» десе, үлкені, міне «менде де ештеңе жоқ, саған да нұр жаусын, аман бол» дегенді білдіреді. Ал, оның астарында жақсылық – жамандық адамның қолымен жасалады, қол таза болса, ниет түзу, пейіл ақ деген ұғым жатыр. Көрісу біздің өңірде 14 наурыздан басталады. Көрісуде ер адамдар мен әйел адамдардың арасында шектеу болмайды. Тек атасы мен қайнағасы келіндерге қол беріп көріспейді, келіндері де солай. Ал, ер адам ата - ене, әке - шешеден бастап, барлық тума - туысқандарымен көрісе береді. Көрісу алдымен әркімнің өз үйінде, ата - анасынан басталып, әрі қарай жалғасады. Алыстағы ағайынға арнайы барып көріседі.
Көрісу адамдардың жынысына қарай бөлінеді. Жастар үлкендерге сәлем беріп, кейін екі қолын ұсынып көрісу шартын жасаса, жасы үлкен аналар бір - біріне алақанға алақан тосып құлаштаған күйі әуелі оң иығын, сосын сол иығын түйістіріп құшағын жазған күйі төске - төс түйістіреді, қайтадан алақандарын қосып көріседі. Ал, жалпы ер адамдар қос қолын ұсынып көрісе салады. Көрісу кезінде ертеде кем дегенде бес үйге бас сұғып сәлемдесу міндет болған. Көрісу күні ешкім ешкімді шақырмайды, бірақ жастардың үлкенге сәлем беруі – парыз.

Ғ. Мұстафиннің дәстүр жайлы айтқанын сіздерге оқып бергім келеді.
Әр халықтың өзінше дәстүрі бар. Дәстүрдің де жақсы - жаманы болады. Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырдан ғасырға кете барады.
Қазақ дәстүрі ата - ананы, үлкенді сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, жол беру, алдынан көлденең кесіп өтпеу, қонақты қарсы алу, төрге шығару, жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас - жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейді.Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір адам аттаған емес, әрбір жас дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай - ақ.

Көрісу күндері бұрындары үйдегі сандықта жатқан заттарды шығарып ілетін дәстүр болған, киіз үйдің бақанына ілінген ағашқа сандықтағы шапанын, көйлегін, қару-жарақ, найза, қылыш, қалқандарын іліп қоятын болған. Оны «Жыл көру» деп атайды. Бұл - жаңа жылды жанды-жансыз, өлі-тірі,  бәрі көрсін дегені. Көрісу, негізінен, 14, 15 және 16 күндері тойлануы керек. Бұрындары 14 - өлілердің күні, 15 – тірілердің күні, 16 – айт  деп тойланған, ал  14 күні жаппай көрісуге кірісіп кетеді. Тағы бір ерекшелігі - 14 күні, байқасыңыз, бұрындары қар жауатын, оны наурыздың ақша қары деп те айтады.

Бұл көрісу дәстүрі тек батыста ғана емес, бұрындары еліміздің көп жерлерінде болғанға ұқсайды. Шәкәрімнің ұлы Ахаттың жазбаларында: «14-март — ескіше 1-март. Әкей айтты: «Бүгін ескіше 1-март, қазақша жаңа жыл, ұлыстың ұлы күні дейді. Ал жаңа жылдың бұрынғы аты — Наурыз, бұл фарсы тілі. Жаңа күн деген сөз. Қожа-молдалар ескі әдетті қалдырамыз деп, құрбан, ораза айттарын ұлыс күні дегізіп жіберген. Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа жыл күнінің аты — ұлыс. Жаңа жыл басының ұлыс екеніне мынадай дәлел бар. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» — деген.Сонда көрісу дәстүрі тек батыста емес, барлық жерлерде де болған, тек бертін келе халық ұмытып кеткен, отаршыл саясат ұмыттыруға тырысқан. Бірақ осы батыс аймақтарда ұмытылып көрген емес. ХХ ғасырда ел шұбырған аумалы-төкпелi заманда сан қазына түбiрiмен құрып, ұмытылып кеткені шындық.


Ай мен Үркердiң қиылысып өтуiн көшпелi жұрт тоғыс атаған ғой. Наурыз айында тоғыстың келетін тұсы да осы күндерге келетін болса керек. Халық сенімінде 14-інен 15-іне қараған күнi қой құмалағы қарға батып кетсе, жақсылыққа санап, ырым еткен. 15-i күнi халық қыс жұлдызы бiтiп, жаз жұлдызы туды деп есептеген екен.

Бұл күн — «Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиді» деп адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін күні.


Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда ауылдағы үлкен кісілердің қолын алып, сәлем беруге тиіс.

Жағдайы бар адамдар бір малын сойып, қазанды толтырып ет асып, Наурыздық жасайды. Ал соятын малы жоқ адамдар қыстан қалған сүр етін асады. Амалда адамдар көрісіп келер деп сақтап қойған шұжығын, үлпершегін асатындар бар. Үлпершек — мал жүрегінің сыртындағы қапшығы. Қазақтар үлпершектен шұжық сияқты дәмді тағам дайындайды. Оны дайындау үшін екі жағындағы құлақшаны кесіп алып, қаны әбден сорғыған жүректің жіңішкелеу жағын тіліп, ішіне ұсақтап туралған ет пен іш май тығылады. Содан соң тілінген жағы мұқият тігіледі. Қазанға салып үстіне су құйып, тұз қосып қайнатады. Суығаннан кейін қиялап турап, табаққа салып, бетін көк жуамен әсемдейді.

Амал күні қазан толы, қарын тоқ болсын деп салынатын сүбе қабырғасымен тұтас ішекке тығылған қазы да көрісіп келгендердің бір сыбағасы. Сонау күздің басында шыжғырып шыны ыдысқа құйып сақтаған, түсі сап-сары бояудай қанық сары майдың дастарқанға қойылатын күні де осы кез. Тары қайнатып, бидай қуырып талқан, жент жасалады. Мұндай мүмкіндігі жоқ үйлер қазанға май қатып күріш, жармасын салып, «қазан толы болсын» деген ырыммен көже асып қояды. Көпшілік үйлер бұл күні жеті шелпегін пісіріп, иіс шығарып, бауырсағын пісіреді.Он төртінші наурыз ел ішінде отбасылық мереке есебінде ешқашан үзіліп көрген емес. Бұл күні ағайын-туыс, құда-жекжат, дос-құрбы бір үйден бір үйге барып, ең жақын, сыйлы үлкендеріне жақсы шапан, көйлек-жаулық әкеліп, көрісу дағды-дәстүрге айналған.

 

Балпақ іннен шыққан күн

Қар еріп, көктем шыға бастағанда, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, жан-жануар, тіршілік атаулы ұйқыларынан оянатыны белгілі.

Ел аузындағы әңгімелерге сүйенсек, қыс бойы ұйқыда жатқан балпақ оянып, інінің аузына шығып, басын қылтитып далаға қарайтын көрінеді. Осы кез 14 наурызбен тұспа-тұс келеді екен. Бұл көріністі далалықта, құмдауыт жерлерде бақылауға болады.

Бұл мерекені маңғыстаулықтар, жалпы батыс өңірі «Амал» деп атайды. Мен есімді білгелі осы мереке тойланады. Ауыл тұрғындары таңғы 5-6-дан бастап бүкіл ауылды аралап, көрісіп шығады. Көрісу дегенде ұйықтап жатқан үйдің есігін қағып, оятып, «Сәлем бердік, жыл құтты болсын! Жаңа жыл құтты болсын! Жақсылығымен келсін!» деп толағай тілек жаудырып кіреді. Сондай-ақ ренжіскен адамдардың барлығы осы күні қайта қауышады. Ең қызығы, біз жыл бойы алған жаңа киімдерімізді «Амалда киеміз, 14 наурызда киеміз» деп амалға арнайы сақтайтын едік.  13-ы күні кешкісін міндетті түрде бас жуамыз, тазаланамыз. «Басымыздан Пайғамбар сипайды» деп әртүрлі наным-сенімдерді ұстанатынбыз.

Амал деген не?

Наурыз мерекесіне байланысты «амал кірді», «амал келді» деген сөз тіркестері айтылып жатады. Сонда «амал» деген не?

Шығыс елдеріндегі күн (шәмси) күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы хамал (амал) айының 1 жұлдызы болып есептеледі. Хамал — Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы болып табылады. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады. «Наурыз» сөзі парсының «жаңа күн» дегенінен шыққан. Ертеде біздің қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген. Бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келеді.



Оқушылардың дайындаған көріністеріне кезек берсек. (Оқушылар көрісу айтына байланысты көріністі қояды).

Оқушылардың көрісу күніне, Наурыз тойына арнап жаттағын өлеңдеріне кезек берейік.

  1. Күттіріп келген жыл басы
    Бізбен бірге жырлашы.
    Дастарханға елімнің,
    Береке, ырыс сыйлашы.

  2. Бауырласқа тәнтіміз,
    Бұзылмаған салтымыз.
    Кең даламның ежелгі,
    Қазақ деген халқымыз.
    Өзге ұлттай біздің де
    Бар дәстүр мен салтымыз.

  3. Жыл басы - Наурыз, мереке!
    Ақ нұрға әлем боянды
    Наурыз тойы береке
    Тіршілік жаңа оянды.

  4. Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,
    Әз Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы балқысын.
    Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,
    Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!

  5. Көрісу күні кәрі жас
    Құшақтасып көріскен.
    Жаңа ағытқан қозыдай
    Жамырасып өріскен.

  6. Наурыз, наурыз наз үнді,
    Жер жап – жасыл жаз үлгі.
    Жақсылықты жаранға
    Жайып келші, бар ізгі.

  7.  Қош келдің Наурызым ардақты,
    Халқым саған бар үмітін арнапты.
    Жылда осылай келе бергін жасарып,
    Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

  8. Көрісу мейрам жүректерге нұр сепкен,
    Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
    Жарығыңмен, шуағыңмен күн – ана,
    Алып келді жер бетіне гүл көктем.



Осындай көңілді отырыста ән айтып, би билемей кетуге болмас. Барлығымыз бірге ендеше «Наурыз-думан» әнін орындайық.

4. Қорытынды:
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!



Қазақтың дәстүрі жаңғыра берсін! Осындай салтты ұстанатын халық болса, ел ертеңі жастар қазақтығын ұмытпай, бабалар жолын біле жүретіндігіне кәміл сенеміз. Біржасыңқұттыболсын, дарханқазақ!  

Амал күні қазағым көріседі,
Көрісу, бұл – көненің желісі еді.
«Жасың құтты болсын!» деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал қол беріседі.

Көріседі – «Көңілдер жібісін» деп,
Көріседі – «Тасысын ырысың!» деп.
Көріседі – «Көк мұз да жылысын» деп,
Көріседі – «Оң болсын Ұлысың!» деп.

Көріседі – қайғы-мұң кетіруге,
Көріседі – қайтадан жетілуге.
Алты ай қыстан арыған жанын демеп,
Көріседі – бел буып, бекінуге.

Ағайынды араздық ірітеді,
Ауызбірлік, ынтымақ-үгіт – емі.
Ескі жылда қатқан мұз, қалған сызды
Көріскен күн көңілмен жібітеді.

Бұзуға бұл дәстүрді еш бата алмайды,
Тірі пенде тып-тыныш жата алмайды.
«Ырыс алды – ынтымақ, бірлік қой» деп,
Абыз шалдар алыстан мақалдайды.

Қаймана елді қаратқан ауызына
Қарттарыма қарсы тіл қата алмайды.
Құшақтасып көрісіп қуанышпен,
Ауыл-үйдің арасын сапарлайды.

Ешкім бұл күн ежелгі ерегесін,
Ескі кегін қоздырып, ақы алмайды.
Өткен жылдың өкпесін, өкінішін
Жаңа жылға арқалап апармайды.

Татыр төбе бөленіп таңмен нұрға,
Бас бостандық берілер заңмен құлға.
Он төртінде наурыздың от жағылып,
Ошақ басы толады ән мен жырға.

Алақайлап жан-жаққа жаршы бармақ,
Алты ай қыстың азабын аршып алмақ.
Алтыбақан құрылып, айнала жас,
Алты қырдан асады ән шығандап.

«Қарау ой мен қас пиғыл құриды» деп,
«Арамзалар аспанға ұлиды» деп;
Айтушы еді шалдарым: «Амал күні
Самарқанның көк тасы жібиді» деп.

Кеңпейілдер кекшілді жаратпайтын,
Киелі үйге кесірді жолатпайтын.
Осы күні ормандай қалың елдің
Отауына бақыт кеп қонақтайтын.

Ала таңнан міндет қып азанды Алла,
Отанына бақ тілер озалдан да.
Уақыттың теңелгенін білдіретін
«Ұзынсары» салынып қазандарға.

Қырым-дала бас иген, Ұрым-қала,
Қызың – дара болғанда, ұлың – дана.
«Құсқанаты» жауғанда құба белге,
Құлдыраңдап шабатын құлын-бала.

Кәрі құда күркілдеп жөтеледі,
Қолдан келсе, қопарып кетер еді.
Ақша қары наурыздың жауғаннан соң,
Айдаһар-қыс көрпесін көтереді.

Есті тентек ақылы тез кіреді,
Екі дүние астасқан мезгіл еді.
Қар астынан қылтиып бәйшешек-гүл,
Қасиетін көктемнің сездіреді.

Сергек бала сең-қарды сере бұзып,
Деміл-деміл жүгірер дене қызып...
...Көрісейік ендеше, ей, адамдар,
Көңіл шіркін сілкінсін көбе бұзып.

Ел жайлаған иесіз қап Еділ бойы,
Тұнып жүрек түбінде шөгінді-ойы;
Алла содан сақтасын –
Адамдар бар
Көріспестен кететін өмір бойы.

Суынуға келгем жоқ сұм дүниеге,
Бұл ғаламға адамзат бір күн ие ме?!
Бірін-бірі көрместен, көріспестен
Кетіп жатыр қанша адам бұл дүниеде!

Рахат ҚОСБАРМАҚ


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
К?рісу айт

Автор: ??раубай а?г?л Са?ынды??ызы

Дата: 29.04.2016

Номер свидетельства: 323443

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Т?рбие са?ат. " Мені?   Отаным - ?аза?стан"""
    ["seo_title"] => string(32) "trbiiesagatmieninotanymkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "321609"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1461333657"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "Конспект урока на тему: "Глагол и виды глаголов. Природа родного края" "
    ["seo_title"] => string(73) "konspiekt-uroka-na-tiemu-glaghol-i-vidy-ghlagholov-priroda-rodnogho-kraia"
    ["file_id"] => string(6) "173644"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424014692"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "«Биология ?леміне саяхат»"
    ["seo_title"] => string(26) "biologhiialieminiesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "327520"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1463458200"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "«Биология ?леміне саяхат»"
    ["seo_title"] => string(27) "biologhiialieminiesaiakhat1"
    ["file_id"] => string(6) "327521"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1463458212"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства