kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

КОНСПЕКТ УРОКА "Жағымсыз әдеттер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект воспитательного часа для детей с нарушением слуха. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«КОНСПЕКТ УРОКА "Жағымсыз әдеттер"»

Сабақтың тақырыбы: Жағымсыз әдеттер

Мақсаты: а) білімділік: шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың зиянды әсерлерін ашу, оның салдарынан туатын аурулар туралы оқушылар білімін арттыру;

ә) тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, бойларын жаман әдеттен аулақ ұстауға тәрбиелеу;

б) дамытушылық: оқушыларды өмірге, әсіресе, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін қалыптастыру, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту;

в) коррекциялық: сабақ барысында орны ауыстырылған дыбыстарды түзету және сөздердің дұрыс айтылуын қадағалау.

Өткізу әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, жаңа сөздер

Сөздік: қауіпті жағымсыз әдеттер, ұрпақ, өкпе, жүрек, асқазан, бауыр, ұйқы безі, әуес

Сабақтың түрі: жаңа сабақ



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

- Амандас

- Есту құралын тексеру

- Сен қалай естисің?

Психологиялық бейімдеу

  • Балалар, қазір көңіл күйлерің қандай? Қазір көңіл күйлеріңді тақтадағы суретке сәйкес көрсетіңдер.

  • Олай болса, жақсы өте жақсы көңіл күйде бір-бірімізге «Денің сау болсын!» деген тілек айтайық!

Балалар тілек айтады.


ІІ. Кезекші дыбыспен жұмыс (С,Ш)

Денсаулыққа жағымды

Сенім, сана, жұбаныш

Көңілді шақ қуаныш


ІІІ. Сөйлеу тілін жаттықтыру

  • Гүлназ Мерекеден сұра класта неше оқушы бар?

  • Фариза Еламаннан сұра сабақта кім жоқ?

  • Нұрболат Гүлназдан сұра Нұрбол не себепті жоқ?

  • Еламан Нұрболаттан сұра Фариза екеуі қайдан келді?

  • «Ақбөбек» сауықтыру орталығында не істедіңдер?

  • Әр бала дені сау болуы үшін не істеуі керек?

  • Бос уаытын тиімді пайдалануы керек.

  • Дұрыс тамақтануы керек.

  • Денені шынықтыруы керек.

  • Тазалық сақтауы керек.

  • Күн тәртібін орындауы керек.

  • Зиянды әдеттерден аулақ болуы керек.


IV. Жаңа сабақ

а) тақырыппен таныстыру: «Жағымсыз әдеттер»

ә) сөздікпен жұмыс: қауіпті жағымсыз әдеттер – зиянды әдеттер

ұрпақ – балалары

әуес –

өкпе, жүрек, ұйқы безі, бауыр, асқазан – адамның ішкі мүшелері

Кіріспе. Кейбір балалардың, тіпті, үлкен адамдардың да жағымсыз әдеттері бар. Бүгінгі сабақта әр түрлі жағымсыз әдеттерге қарсы тұруды үйренесіңдер.

Негізгі бөлім.

Балалар, экранға назар аударайық.

  • Гүлназ не істеп отыр?

  • Гүлназ құлағын шұқып отыр.

  • Ал, Нұрболат не істеп отыр?

  • Нұрболат мұрнын шұқып отыр.

  • Еламан не істеп отыр?

  • Еламан тырнағын кеміріп отыр.

  • Мереке не істеп отыр?

  • Мереке аузына сызғыш тістеп отыр.

  • Бұлар қандай әдетке жатады?

  • Жаман әдетке жатады, яғни жағымсыз әдеттерге жатады.

  • Қандай зияны бар?

  • Жағымсыз әдеттер денмаулыққа зиян келтіреді, жұқпалы аурудың пайда болуына себеп болады.

Бұлардан да қауіптірек жағымсыз әдеттерге – шылым шегу, ішімдік ішу, есірткіні пайдалану жатады.


Қауіпті жағымсыз әдеттердің зияны.

Балаларға темекі тартуға, темекі тартқан адамның қасында тұруға болмайды. Шылым түтіні адам денсаулығына зиянын келтіреді, өкпені улайды. Шылым шегетіндер жиі жөтеледі, жиі ауырады, ерте қартаяды, мүгедек боп қалады.

Ішімдік адамның денсаулығын бұзады, жанұяның тыныштығын кетіреді. Ішімдік ішетін адамның балалары ауру боп туылады. Ішімдік бауыр, ұйқы безі, өкпе, асқазан, жүрек ауруларына шалдықтырады.

Есірткі денсаулыққа өте зиян. Адамның жұмысқа деген ынтасын төмендетеді, адам дөрекі, өзімшіл болады, жаман ауруларға ұшырап, өмірі қысқарады.

Есіңе сақта! Есірткі жас өміріңді улайды!

Ішімдікке үйір болсаң, тозасың!

Темекі түтінін сорсаң, улайсың!


V. Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығулар


VІ. Ойлау ойыны

Суретке назар аударайық. Қай зат артық? (темекі, ішімдік, есірткі)

  • Темекіні неге артық деп ойлайсыңдар?

  • Себебі, темекі денсаулыққа зиян. Темекінің түтіні улы зат.

Ішімдік денсаулыққа өте зиян, жанұяның шырқын бұзады, ұрпақтарының амандығына кері әсерін тигізеді.

Есірткі – денсаулыққа өте зиян. Есірткі қолданған адам жаман ауруларға шалдығады, өмірі қысқарады.


  • Спорт заттары (тағамдар)

  • Спорттың адамға қандай пайдасы бар?

  • Спортпен шұғылданған адам ауырмайды.

  • Тағамның адамға пайдасы қандай?

  • Ас адамға күш-қуат береді.


VІІ. «Ой қозғау».

Төменде берілген сөздерді дұрыс қойғанда зиянды әдеттерге әуес адамның және салауатты өмір салтын ұстанатын адамның қандай болатынын біле аласыңдар.



Зиянды әдеттерге әуес адам


Салауатты өмір салтын ұстанған


Денсаулық бұзылады. Туыстары, достары арасында сыйлы. Ұрпағы ауру, мүгедек болады. Ұрпақтарының дені сау болады. Өмірі қысқарады. Ұзақ өмір сүреді. Ұмытшақ болады. Батыл, жігерлі. Өзіне сенімсіз болады. Өзіне сенімді. Ашуланшақ болады.


  • Балалар, қандай адамды дұрыс деп ойлайсыңдар?

  • Сендер қай адамды таңдар едіңдер?

  • Зиянды әдеттерден аулақ болыңдар, сонда сендер де салауатты өмір салтын ұстанған адамдай боласыңдар.


VІІІ. Сабақты қорытындылау

  • Бүгінгі сабақта не туралы айттық?

  • Біз сабақта не істедік?

  • Ойландық, тыңдадық, сөйледік, сұраққа жауап бердік, ойнадық, бір-бірімізге сұрақ қойдық.

Кестені толтыру


Мен білемін

Мен бүгін білдім






ІХ. Сабақты аяқтау

Балалар, қазіргі көңіл-күйлерің қандай?


Есірткі құрысын,

Ішімдік жойылсын,

Дені сау қазақтың

Ұрпағы көбейсін!

Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп,

Қазақтың сымбатты

Ұл-қызы көбейсін!


Осындай жақсы тілектермен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
КОНСПЕКТ УРОКА "Жағымсыз әдеттер"

Автор: Карибаева Гульнар Тлеулесовна

Дата: 18.10.2016

Номер свидетельства: 350373

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) "конспект урока на тему "Интернетте а?паратты іздеу.  Электронды? пошта" "
    ["seo_title"] => string(76) "konspiekt-uroka-na-tiemu-intierniettie-ak-paratty-izdieu-eliektrondyk-poshta"
    ["file_id"] => string(6) "210712"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431492525"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства