Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ата-ананы сыйлауға, құрметтеуге үйрету,балалардың «мейірімділік», оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру,«қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірбандылыққа тәрбиелеу. Міндеттері: - әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім-ана махаббатынан тарайтындығын түсіндіру; -балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, қадір-құрмет сезімдерін дамыту; -адамзат баласының алдындағы үлкен парыз-ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу; | Ресурстар: оқулық, жұмыс дәптер,т.б табиғат әуендері, ана туралы әуендер, бейнеклип,шарлар |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: (сәлемдесу, түгендеу) Тыныштық сәтін ұйымдастыру. Тыныштық сәтін жанға жайлы сазды әуенмен бастау.Оқушылар көздерін бір сәтке жұма отырып, демалады. Әуен аяқталған соң оқушылардың көңіл-күйін, қандай сезімде болғандары туралы пікірлерін тыңдау. Жаңа сабақ: Әңгімелесу (сұхбат) - Балалар сендер - өзін- өзі тану пәнінің негізгі авторы кім екенін білесіңдер ма? - Өзін- өзі тану пәнінен не оқып үйреніп жатсыңдар? (Оқшылардың жауаптары тыңдалады) Құрметті оқушылар, бүгінгі сабақтың қонақтары, бүгінгі сабағымыз Қазақстан Республикасының бірінші ханымы, қайырымдылық «Бөбек» қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай ұйымдастырылып отыр. Сара Назарбаева кім? деген сұраққа оқушылардан жауап алу. (оқушылар ойларын ортаға салып айтады) Сара Алпысқызы — қоғам қайраткері, экономист. 1941 жылдың 12ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. Қазіргі Бұқар жырау ауданың Қызылжар ауылының түлегі. Қарағаңды зауыт – ЖТО-ны бітірген. Қарағанды металлургия комбинатанда, «Қарағанды көмір» ӨБ-де мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Қор өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, балаларға адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беруде қоғамға нақты көмек көрсетеді. «Бөбек» республикалық қоры республиканың барлық аймақтарында жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларына, көп балалы отбасылардың балаларына қолдау және көмек көрсету бойынша балалар қорларын ұйымдастырды. Сара Алпысқызы Назарбаева жетім және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау саласында талмай еңбек еткен кісі. Сонымен Қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі - қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы үшін жан - жақты дамыған жеке тұлғаны калыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек»қорының президенті Сара Алпысқызы «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім жобасы республикамыздың білім беру мекемелерінде, бала бақшаларында пән ретінде жүргізіліп келеді. Баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу - ата - ананың да, қоғамның да, мектептің де ең басты міндеті. Адам бойына кішіпейілділік, сыпайылық, мейірімділік, рақымшылдық, жанашырлық, тілектестік, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білуге, тыңдай білуге, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуға үйрету де «Өзін - өзі тану» пәнінің үлесіне тимек. Міне бізге осындай адамгершілік- рухани құндылықтарды бойымызға сіңдіріп, бағыт- бағдар беретін аналарымызға үлкен алғысымызды айтып, бас иеміз. | Сабақ барысын талдау Оқушылар өз ойларын ортаға салады |
3.Дәйексөз 1. Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды. Н.Ә.Назарбаев 2. «Анаңды үш рет Меккеге көтеріп апарсаң да, анаға мәңгі қарызсың» 3.«Жұмақтың кілті-анаңның табанының астында» 4. «Ана-тіршіліктің тірегі» | Талдау |
4.Сергіту сәті. « Ыстық орындық» деп аталады Мұғалім: Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті: – Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай қараңғыға жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса сол адамға не істейсіңдер? Осы сұрақ жөнінде өз ойларыңды ортаға салсаңыздар. Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім,- депті. Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атып тастар едім, – дейді. Ал үшінші баласы: Оның кеңсірігін бұзар едім. Ал кенже баласы былай депті: • Жоқ, ана мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі, ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім, – депті. • Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқымнан шыққаннан кейін таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз, – депті. | Логикалық жұмбақтың шешімін табу |
5.Шығармашылық жұмыс (сыныптағы 13 балаға сұрақ) Балалардың аналарына деген көз қарасы қандай екенін білу үшін. «Ашығын айтсам» деген жаттығуды орындайық. Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтаймыз. 1. Ашығын айтсам, кейде анам маған ұрыса береді, себебі............. 2. Ашығын айтсам, мен кейде ата - анамды тыңдамаймын, себебі.......... 3. Ашығын айтсам, мен анамның орнында болсам................. 4. Ашығын айтсам, мен анама көп өтірік айтамын............... 5. Ашығын айтсам, анамды тек қуантсам деймін.............. 6. Ашығын айтсам, кейде анамды ренжітіп алсам.................... 7. Ашығын айтсам, анамның мұңайғанын көрсем........ 8. Ашығын айтсам, анам ауырып қалса................................... 9. Ашығын айтсам, анама ұзақ уақыт үйде болмаса..................... 10. Ашығын айтсам, анам бір нәрсе бүлдірсем, мені қатты жазалайды....... 11. Ашығын айтсам, мен анама ренжімеймін.......................... 12. Ашығын айтсам, кейде мен анамды түсінбеймін.......... 13. Ашығын айтсам, мен анамның орнында болсам................... Әр оқушы аналарға арнап сурет салып, тілек жазады. 6.Топпен ән айту Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін орындау | Әр бала өз ойларын айтады Сурет салу Бәрі бірге қосылып ән салады |
7. Сергіту: Оқушылардың өз аналарына арнаған , бір шумақ тақпақтарын тыңдау | |
8.Түйіндеме: С. Алпысқызының жүректен шыққан жылы сөзі адамды тебірентіп өзін – өзі тануына, өзін – өзі сыйлай білуіне, шын ниет, адал жүрекпен басталған әр істің нәтижелі болатынын ұғындырады. Әр адамның тұлғалық дамуы әркімнің өзіне, жасаған әрекетіне байланысты. «Баланың бойындағы қабілетін ашып, өзіне жол таптырып, өз күшіне өзін сендіру қаншалықты маңызды десеңші. Адам өзін-өзі сыйлай білуі, ар-ұяты алдында таза болып, әділетсіз, жөнсіз, әдепсіз іс-әрекеттің неге әкеліп соқтыруы мүмкін екенін білуі тиіс. Мейірімділік пен махаббат жылуы жүректен жүрекке жетіп, Әлемді Махаббат пен Қайырымдылық шуағына бөлесін» (Сара Алпысқызы) | Көңіл қойып тыңдау |
9. Қорытынды: Сабағымызды Сара Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ізгі тілегімен қорытындылаймыз: «Қымбатты балалар, мен – анамын, әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата- анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата-анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін». | |
10. Үй тапсырмасы «Әлемді тербеткен мейірім» тақырыбында эссе жазып келу. | |
Жүректен - жүрекке Оқушылар тілек ағашына барша аналарға жүрек жарды ақ тілектерін жазады | |