О?ушылар?а Отанын с?юге, бірлікке, ел тарихын білуге,елімізді? мемлекеттік р?міздерін ?астерлеуге,отанымызды? байлы?ын ?ор?ау?а,елімізді ?ркендетуге, білімді ?рпа? болу?а т?рбиелеу. О?ушыларды? татулы?, бірлік, ынтыма? туралы т?сініктерін ке?ейту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"?аза? елі - М??гілік ел"»
Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: «Қазақ елі - Мәңгілік ел»
Тәрбие сағатының мақсаты:.Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту. Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер,
Жоспары:
Кіріспе.
Ой қозғау
Ойланайық, пікірлесейік
Мақал-мәтелдер
Қорытынды.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім: Балалар,
«Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді » ,- деген халық мақалын қалай түсінесіңдер?
Ия, Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады, бәрі де бір ұлттың балаларындай, барлығы да бір-бірімен тең құқықта қарым-қатынас жасай алады, бірдей білім алады, бірдей еңбек етеді.
Елімізде тұрып жатқан адамдар бейбіт, бақытты өмір кешуде. Осындай өмірге Қазақстанды мекендеген ұлттардың бірлігі, достығы, татулығы арқылы қол жеткіздік.
Мұндағы әрбір адам қай ұлттың өкілі болмасын біздің елде тұратын барлық ұлттың тіліне, дәстүріне, әдет-ғұрпына сыйластықпен қарайды.
- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек? - ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме? - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-14 желтоқсан күні жаңа «Астана опера» опера және балет театрында ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысында халқына үндеуі қалай аталады? -Иә, балалар, Жолдауын арнады. Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!
Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын.
Мұғалім: Балалар Қазақ жастары 16 желтоқсанда нені талап етті?
Оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Оқушы: Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық. Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Ойланайық. Пікірлесейік айдарында
Татулық
Достық
Ауызбірлік
Ынтымақтастық
Бірлік – деген сөздер берілген. Осы сөздердің ұғымдарын қалай түсінесіңдер?
Біздің еліміз өзге ұлт өкілдеріне несімен ұнайды?
Мақал- мәтелдер:
1. Ынтымақ түбі – береке.
2. Ынтымақ түбі-игілік
Тірлік, тірлік түбі –бірлік
3. Татулық- достық кілті
4. Бірлік, ынтымақ-байлық бақ.
5. Ынтымақ істі бітірер.
6. Ақылдассаң кесерсің,
Ақылдаспасаң кем кесерсің.
Қорытынды:
Бірлігі мен ынтымағы халықтың, Көзімізде жарқырайды жарық күн, Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың, Жайнай берсің, жайнай берсін жарық күн.
Достық бізге тым ыстық, Бірлік – байлық, ырыс – құт. Жарқырасын күніміз, Жаса, жаса тыныштық
Сан ұлттың мекені болған мемлекетіміздің алар асуы алда. Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел.Әрдайым осы бірлігімізден айырылмай, татулығымыздан танбай, жұбымызды жазбай, болашаққа бірге қадам баса берейік. Бірлігі берік, ынтымақтастығы жарасқан елдің болашағы баянды. Ел тыныштығының тұнығы бұзылмай, бейбіт елдің берекесі арта берсін!,-деген тілекпен бүгінгі «Қазақ елі – мәңгілік ел»атты тәрбие сағатын аяқтаймыз.