Көрнекілігі:«Абай» энциклопедиясы, тақырыпқа байланысты нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: «Тәрбие сағаты»
Барысы:
I.Кіріспе. Мұғалімнің сөзі.
II. «Ислам діні- таза, күшті, құдіретті дін».
III. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»-
IV. Қазақтың қара өлеңдері
Сұрақ –жауап
Мұғалімнің сөзі:
Армысыздар, қадірлі ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі ашық тәрбие сағаттында имандылық, мұсылман діні, Аллаға құлшылық ететін жастар және басқа діни сөздер туралы айтылмақ.
Соған орай бүгінгі тәрбие сағаттымызға мешітінің бас имамы – Химелден ата келіп отыр. Бәріміз қошемет көрсетіп, ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық. Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауында : «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады». Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ. Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жаста ғана жеттік! Қазір де бүкіл адамзат баласының басында болып жатқан проблемаларды тек Ислам арқылы шешуге болады.
Ислам - адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижілер жиынтығы. Ислам мемлекеттерінде тұрмыс жағдайы төмен болса да, қылмыс деңгейі мен ажырасу саны ең аз, рухани бақыт көрсеткіші мен денсаулық деңгейі әжептәуір жоғары. Дамыған елдерден қанша төмен тұрса да жоғары деңгейдегі мораль мен тәртіп сақталған. Ислам – өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі. Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т.б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады. Исламда, мемлекетті басқару ұйымы үшін, қалай салық жыйнау, салық мөлшерін белгілеу, қаржыны реттеу, қоғамдық тәртіпті белгілеу және қадағалау, халық қажеттілігін қамтамасыз ету, ресурстарды адамдар арасында әділ бөлу сияқты т.б. нұсқаулар бар. Яғни, Ислам - «басынан аяғына» дейін құрылымы жетілген нағыз керемет Дін.
Жүргізуші:
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»-Темирхан Бисұлтан
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
Аманту оқымаған кісі бар ма?
Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға.
Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,
Оларға кез-кезімен нәби келді.
Қағида шариғаты өзгерсе де,
Тағриф Алла еш жерде өзгермеді.
Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес,
Әһлі кітап бұл сөзді бекер демес.
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен,
Бос сөзбенен қастаспай, түзу емес.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Жүргізуші:Ешбір жеке тұлғаға телінбейтін қазақтың қара өлеңі әу баста былай дейді:
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ қайтса, басқа дәулет құралмаған.
Күніне мың пәлеге жолықсаң да,
Сонда да күдер үзбе бір Алладан!
Бүкіл қазақ халқының өмір сүру негізін көрсететін есте жоқ ескі заманнан жеткен жәдігер сөз осындай. Бұл біреуі ғана. «Құдайсыз қурай сынбайтынын», «Алладан сұрағанның екі бүйірі, адамнан сұрағанның екі көзі шығатынын», «Құдай деген құр қалмайтынын» заманалардан бері білетін халық мұндай өлең-жырдың мыңын айтқан.Осының бәрін қорыта келіп Абай: «Алланың, Пайғамбардың жолындамыз…» дейді.Абайдан ары да Бұхар жырау: «Бірінші тілек тілеңіз, бір Аллаға жазбасқа…» деп өсиет айтады.
Ал, «Мұсылман мен кәпірдің арасын бұзып дінді ашқан» қарға да бойлы Қазтуғанның жыры болатын.
Жалаңаш барып жауға ти,
Тәңірі өзі біледі,
Ажалымыз қайдан дүр!- деген Шалкиіздің тәуекелі «Мен ісімді Хаққа тапсырамын һәр жерде» деген берік ұстанымнан, тағдырына келтірген кемел иманынан еді.
Батырың өлді – Бөгенбай! -деп ардақты батырдың ақ өлімін Абылайханға естіртіп, «иманын айтып өлерде…» – деп көңіліне қуат тұтады, жүрегі Алла деп соққан асыл ер!
Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі,
Бөріге қой алдырмас ердің ері.
Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,
Жоламас ешбір пәле шайтан-пері –деп тақуалықтың жолын көрсетеді Шал ақын.
Және де:
…Жарлығы екі болмас Хақ Құдайым,
Жанында серігі жоқ, дақ Құдайым.
Жанымды алсаң, Құдая, иманмен ал,
Шайтанның қазасынан қақ Құдайым –деп Алладан ақ адал өлім тілейді. Алланың аманатын орындап, хақ мұсылманша өмір кешуді мұрат тұтады. Айналасына да айтатыны: «Жігіттер, ғибадат қыл маған нансаң, намаз оқы Алланы ойыңа алсаң» деген насихат болды.
Енді заманының зарлы күйін жағы суалғанша жырлаған Дулат ақын ақырында:
Дұға қылып қойыңыз,
Рахым айтып біздерге.
Баршамызға Құдайым,
Иман берсін сіздерге! –деген тұжырымға келіп тиянақ табады.