Просмотр содержимого документа
«"Елбасы есімі - ел есінде"»
Өту барысы:
Мұғалім: - Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары! Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы есімі - ел есінде» атты салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер.
Аннета -Армысыздар, бармысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Степан: -Сен қалай ойлайсың, Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
Аннета: -Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.
Степан: -Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да нығайып, даму үстінде. Барлығы, елбасымыздың сындарлы саясатының негізінде емес пе?
Көрініс
Аннета:
Қырықыншы жылдың жазында
Шілденің алтысында
Қазақстан жерінде
Алматының төрінде
Шамалған елінде
Назарбаевтар үйде....
-Ата, ата сүйінші, сүйінші Немерелі болдыңыз
-Кім? Кім?
-Ұл,ұл
-Әкел немеремді көрейін
- Ата немереніздің атын өзіңіз қойыңыз
Немересін қолына алады. Құлағына үш рет
Сенің атын Нұрсұлтан
Ата немереңізге батаңызды беріңіз
Қол жайып:
Балаларыңның жасы ұзақ болсын,
Жолдасы Қызыр болсын,
Өнері тасып-толсын,
Басына бақыт қонсын!
Басты болсын,
Малды болсын,
Өз құрбысының алды болсын!
Тілді болсын,
Жақты болсын,
Ел мақтайтын жақсы болсын!
Әумин!
Степан: - 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ал 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Аннета:- Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.
/Сынып оқушылары шығады./
1-оқушы: Алина
Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған. Бұл далаға жылап келіп, уанғам, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
2-оқушы: Илья
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары, Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып, Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын.
3-оқушы: Карина
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар
4-оқушы: Константин
Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім. Пейіліндей қазақтың байтақ далам, Сен не деген кең едің, шалқар едің.
5-оқушы: Аделина.
Кең байтақ қой Қазақстан картасы, Астанамен айшықталған ортасы. Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем, Бұның бәрі Елбасының арқасы.
6-оқушы: Борис
Әсем сазы басталған таза ағыстан, Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан. Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.
7-оқушы: Владислав
Гүлдене бер, Отаным, Көтерген туын Нұр ағам! Көбейткен достың қатарын, Нұр аға – біздің ұлы адам.
8-оқушы: Руслан
Шықты тарап ой-данадан, Бері қарап жұлдыз беті. Өзі қалап сайлап алған, Елімнің бар Президенті
Ән: Зенченко Валерия
Яндиева Диана.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірбаяны.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
Аннета:
- Елбасымыз туралы слайдқа назар аударыңыздар.
Степан : Оқушы монологы «Менің Президентім»
11 сынып оқушысыМусагожина Гаухар .
- Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.
Қазақ биі: Сезімгүл
Мұғалім :
-Балалар, Елбасымыздың үлгі алар жақсы қасиеттерін атап өтейік.
-Ұлтжанды
-Елін, жерін сүйетін патриот
-Жан-жақты
-Спортшы
-Мықты саясаткер
-Парасатты
-Сыпайы
-Қабілетті
-Мәдениетті
-Болашаққа жол бастаушы
Хор:
Отан деген ата- мекен,
Отан деген туған туған жер.
Отан-ана, Отан-пана,
Қазақстан туған ел.
Мұғалім: Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді ұмытпайық. Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар бүгінгі тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты мерекеміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет.