Новоишим қазақ орта мектебі
Сынып сағаты
«Экспо 2017 - Қазақстанның болашағы»
7 «ә» сыныбы
Өткізген сынып
жетекші: Идирисова А.Р
2015-2016 оқу жылы
Тәрбие сағаттың тақырыбы: Экспо 2017 - Қазақстанның болашағы.
Тәрбие сағаттың мақсаты:
Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Өткізілу формасы: зерттеу жұмысы ретінде
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері және сайыс бөлімдерінің тапсырмалары туралы слайдтар.
Барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және ұстаздар! Бүгін өткізгелі отырған «Экспо 2017 – Қазақстанның болашағы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бәрімізге белгілі 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ)ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Келесі кезекті оқушылардың зерттеу жұмыстарына берсек.
Оқушы: Халықаралық көрмелердің тарихы Алғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2012 жылы 161 жыл толыпты. 1cұрақ
Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді.
Бүкіләлемдік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және эконмикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.
Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.
Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Бүкіләлемдік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды.
Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді.
160 жыл ішінде ХКБ-нің өзіндік мұрасы пайда болды:
Лондондағы Хрусталь сарайы;
Париждегі Эйфелева башня;
Париждегі Александр III көпірі;
Венадағы Ротонда – әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон;
Мельбурндегі патшалық көрме павильоны.
ХҚБ экспозициялары екі түрге бөлінеді Бүкіләлемдік әмбебап көрмелер және Халықаралық мамандырылған көрмелер.
Бүкіләлемдік әмбебап көрмелері (International Registered Exhibition) жарты жылға созылады және әр бес жыл сайын өтеді, мұнда олардың ауданы мен тақырыбы шектелмейді. Мысалы, мамыр мен қазан айларының аралығында Шанхайда «Жақсы қала —жақсы өмір» ұранымен өткен EXPO-2010 жұмысына 190 ел қатысты. Жалпы алғанда көрмеге 100 миллион адам келді.
Халықаралық мамандырылған көрмелер (International Recognised Exhibition) екі Бүкіләлемдік әмбебап көрме арасында өтеді және үш айға созылады. Мұнда көрме ауданы 25 гектардан аспауы тиіс және тақырыбы міндетті түрде ұйымдастырушылармен белгіленіп алады. Әдетте, тақырыптары нақты саладағы, гуманитарық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қоса, ғылыми, технологиялық және экономикалық жетістіктердің көрінісі болады. Мысалы, соңғы Сарагосадағы өткен EXPO-2008 көрмесінің тақырыбы: «Су және тұрақты даму» болды. Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ғана емес, басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс.
Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекті Халықаралық мамандырылған көрме 2017 жылы болады.
Қазіргі типтес бірінші әмбебап көрме Англия астанасы - бүкіл әлемнің жетекші өнеркәсіптік нүктесі, өзінің орасан зор билігі арқасында Викториандық дәуір кезінде еркін сауда жүргізумен көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, гүлденген Лондонда 1851 жылы өткен. 1889 жылғы Париж көрмесінің мәдени қолжетістігі Эйфель мұнарасы болып табылады.
Осыдан соң үлкен қалалардың басқалары да мұндай өндірушілер мен шеберлерді тартуға қызығушылық таныта бастады. Ең табысты халықаралық көрмелер қатарында Вена, Амстердам, Брюссель, Барселона, Сент-Луис, Турин және Филадельфияда өткен көрмелер деп танылды.
1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше-ел болып табылады. Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады. Экспо Сарагоса Көрмесінің нәтижесінде, қатысушы "C" категориялы елдер ішінде, Қазақстан Республикасы жүлделі үшінші орынды алып, қола медальмен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, осындай шараның Астана қаласында өткізу маселесін, алғаш рет Экспо Сарагоса көрмесіне ресми сапары кезінде айтқан болатын.
Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы мәліметтер:
«EXPO 2005, Аичи» Жапония
Келушілердің саны: 370 000 адам
Қазақстан экспозициясының алаңы: 324 ш.м.
Тақырыбы: «Табиғат даналығы»
«EXPO 2008, Сарагоса Испания Корольдігі
Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі безендіру критерийлері бойынша Қола жүлдеге ие болуы;
Келушілердің саны: 361 500 адам
Қазақстан экспозициясының алаңы: 590 ш.м.
Тақырыбы: «Су және тұрақты даму»
«EXPO 2010, Шанхай» Қытай Халық Республикасы
Келушілердің саны: 446 000 адам
Қазақстан экспозициясының алаңы: 1500 ш.м.
Тақырыбы: «Астана – Еуразия жүрегі» деп аталған еді
Гүлжихан
оқушы: "Халықаралық Көрме Бюросы" ұйымы
2 сұрақ Халықаралық Көрме Бюросы 1928 жылы 22 қараша айында, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенция өтінімдерін қамту және бақылау негізінде құрылды. Оның мүшесі болып мүше-мемлекеттердің Үкіметтері болып табылады.
ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан.
Бюроның құрамына Бас Ассамблея, Президент, Атқарушы комитет, Мамандандырылған комитеттер кіреді (1928 ж. 22 қарашада, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияның 25 бабы).
Қазіргі таңда Халықаралық көрмелер бюросы ұйымында 157 қатысушы ел бар.
Қазақстан ХКБ ұйымы қатарына 1997 жылы қабылданды.
EXPO көрмелері екі түрде өткізіледі:
Халықаралық Тіркелген көрме (Әмбебап), ұйымдастыру жиілігі - 5 жылда бір рет; ұзақтығы - ең көбі 6 ай; алаңы – шектелмеген; тақырыбы – барлық қатысушыларға ортақ.
Халықаралық Танылған көрме (Мамандырылған), ұйымдастыру жиілігі – екі Халықаралық Тіркелген көрме аралығында өткізіледі; ұзақтығы - ең көбі 3 ай; алаңы – ең көбі 25 га; тақырыбы – мамандырылған.
Оқушы : Астананың өтініш беруі
2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінімін тапсырды.
Сөйтіп 10 маусымда Казақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау нақанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі жыл соңына дейін өтінім құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн. адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.
Қазақстанның астанасы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды. Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.
Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада альтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар альтернативтік күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.
EXPO алаңы
EXPO-2017 халықаралық көрмесiн өткізу үшін алдын ала белгіленген аумақ:
Шәмші Қалдаяқов көшесі мен Гольфклуб ауданындағы К-1 шығыршықты жолының қиылысындағы Астана қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан учаске.
Учаске сипаттамасы:
Аумақтың ауданы - 113 гектар.
Қала құрылысының бас жоспарымен үйлесімділігі:
EXPO орталығының көрме кешені қаланың бас жоспары мен бөлшекті жоспардың жобаларында жетілдірілген жоспарлау құрылысына жатады.
Халықаралық жолдардың желісі:
EXPO Орталығының орналасқан жері қол жетімді, яғни Қазақстанның қалааралық жолдары желісімен байланысы бар, атап айтқанда К-1 шығыршықты жолы, ол қалааралық хабарламаның барлық бағыттарынан жылдам жетуін қамтамасыз етеді.
Көлік инфрақұрылымы:
Көрмеге арналып таңдалған орын EXPO Орталығын қаланың орталық бөлігімен байланыстыратын көщелердің желісіне ие, оның ішінде, қаланың әкімшілік және көліктік орталықтарына қол жетімділікті қамтамасыз ететін 4, 6, 8 жолақты қозғалысы бар магистралды көшелер (Халықаралық Әуежай, ТЖ Вокзалы, Әкімдік және т.б.).
Мемлекеттік штабтар:
1. Ғылыми Штаб (Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі мен Білім және ғылым Министрлігі).
Ғылыми штабтың құрылуы көрме тақырыбының жете тыңғылықтау қажеттілігі негізінде туды (тақырыбты зерттеу, тақырыбқа қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстары).
2. Дипломатиялық Штаб (Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігі).
3. Қаржы Штабы (Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі).
4. Инфрақұрылым Штабы (Астана қаласының Әкімдігі).
5. Бақылау және ұйымдастыру Штабы (Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі).
6. Байланыс Штабы (Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат Министрлігі).
Оқушы: Көрменiң тақырыбы
Қазіргі шақта Қазақстан - мұнай, газ, уранға бай қоймаларын иемденуші мемлекеттердің бірі бола тұра, жанармайды қарқынды түрде қолдану, оның тек таусылып қана қоймай, адамзат пен қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретінін толық меңгерген ел. Алайда, қазіргі кезде әлемде минералды жанармайдың жетіспеушілік проблемасы орын тепті. Осы шақта, барланған мұнай қоймасының көлемі 1 триллион баррельге тең болды, ал қазіргі кездегі мұнайды жіті қолдану тек 35 жылға ғана жететіндігі анықталды. 2012 жылдың 28 маусымында Астанада Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетовтің басшылығымен «Болашақ энергиясы. Ғаламшардың тұрақты дамуы» тақырыбында Халықаралық симпозиум өтті.
EXPO 2017 Халықаралық көрмесін өткізу құқығына үміткер Қазақстан елі үшін бұл Симпозиум маңызды шара. Оның басты мақсаты – ғаламшардың назарын Қазақстанның EXPO 2017 көрмесіне таңдалған «Болашақ энергиясы» тақырыбына аудару. Осы тақырыптың маңызын симпозиумға қатысқан Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес де атап өтті: - Астананың 2017 жылға ұсынған тақырыбы үлкен қызығушылық тудыратыны анық. Бүгін осы жерде Қазақстан Республикасы үкіметі мен әлемнің энергетика саласының жетекші мамандарының жиналуы EXPO-нің маңыздылығын айшықтай түседі.
Симпозиум барысында климаттың өзгеруі, болашақтағы энергия мен экология қауіпсіздігі және баламалы энергия көздерін жетілдіру мен тұрақты дамыту жобаларын қаржыландыру мәселелері талқыланды. «Энергияның экологиялық таза көздерін пайдалануға көшсек, бұл бізге қомақты экономикалық табыс алуға көмектеседі, технологиялар болса трансформация процесінде маңызды роль атқара алады. Ол үшін нақты саяси әрекеттер жасалу керек». - деді өз сөзінде Energy Technology Perspectives басшысы Маркус Врейк. Симпозиумға қатысушылар тұрақты әрі баламалы энергия көздерін арттыру жолдарына талдау жасап, жаңартылмалы энергия нарығының қазіргі жағдайына тоқталып өтті. Solar Impulse директоры Бертран Пиккардтің айтуына қарағанда: «Заманауи технологиялар, мемлекет тұрғысынан қолдау тапса, қоғамның дәстүрлі энергия көздерінен тәуелділігі әлдеқайда азаяр еді. Энергетиканың дамуына осындай жақсы жағдай жасалса, бұдан қоршаған орта да ұтар еді, біз көптеген жаңа жұмыс орындарын ашып, сатып алу мүмкіндіктерімізді арттырар едік». Solar Century және Solar Aid компанияларының негізін қалаушысы, әлеуметтік кәсіпкер Джереми Леггетт: «Көптеген халық әлемдік энергетика көшбасшысына айналу жолында таза энергияның қолжетімдігін бағаламайды. Қазіргі нарықта күн батареялары сынды технологияның өзі ғана түрлі дәстүрлі энергия көздерінен әлдеқайда арзан болатыны белгілі. Бұл әлемдік экономика индустриясын келбетін өзгертуге мүмкіндік береді» - деген ойды ортаға салды.
Жалпы симпозиум энергетика және энергия үнемдеу саласының жергілікті және шетел сарапшылары, жетекші ғалымдары үшін пікірталас алаңына айналып, технологиялар мен зерттеулер, қоғамдық және бизнес бастамаларды дамыту бағытында көрнекті өнертапқыштар мен үкіметтік емес ұймдар өкілдеріне бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Симпозиумді қорытындылай келе қатысушылар Қазақстанның EXPO 2017 көрмесіне таңдалған «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша ұсыныстарын берді.
сабыр
Мұнай шығаруының төмендеп, оның бағасының біртіндеп артуы жайын есепке алғанда, жақын болашақта Жер тұрғындарының жаппай энергияның альтернативті түріне көшетіні анық. Мұнайды өңдеу көп мөлшерде зиян газдардың атмосфера қабатына бөлетіні, жалпы ғаламшардағы тіршілікке зиян тигізетінін атап өткен жөн. Энергетика және экология проблемаларының аса зор маңызын ескере отырып, Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастыққа EXPO-2017 көрмесін өткізу барысында "Болашақ энергиясы" атты тақырыпты ұсынады. Аталған тақырып қазіргі кезде адамзат үшін өзекті мәселеге айналып бара жатқан энергиясақтау проблемасын және альтернативті энергия, яғни күн энергиясы, жел, теңіз, мұхит және термалды су энергия көздерін енгізу тәсілдерін ашып көрсетуге мүмкіндік берері сөзсіз. "Болашақ энергиясы" атты тақырыптың, барлық адамзат үшін біркелкі болып, экологиялық қауіптің, энергия тапшылығы секілді глобалды проблемаларын шешудегі бірден-бір жол болып табылатынына сенім білдіреміз.
Сабыржан
Нұрбек:---------Меруерт сен қалай ойлайсын Астанада EXPO өткізілуінен ел азаматтарына қандай пайда болады?
Меруерт : Мен сенің сұрағына жауап береін Туристтер мен көрмеге қатысушылардың көп саны оларға қызмет көрсетуші жеке қызметтердің белсенді дамуына жол ашады.Өйткені келушілерге тұратын орын, сапалы тамақ, аудармашылар, экскурсиялар мен ойын-сауық қажет болады. Сондықтан қосымша жұмыс орындары мен табыс табу мүмкіндіктері пайда болады. Кіші және орта бизнес иелері үшін Астанадағы EXPO-2017 көрмесін өткізу жаңа энергия сақтағыш технологиялармен танысуға және кейіннен оларды енгізуге, инвесторлар мен бизнесті одан әрі дамытуға идеялар іздеуге тамаша мүмкіндік бола алады. Студенттар мен жоғары сынып оқушылары үшін бұл тамаша тіл ұстарту практикасы, жетекші әлемдік ғылыми мектептермен танысып, бұдан былайғы кәсіби өсу үшін идеялар табу мүмкіндігі. Жаңа қызықты кездесулер мен танысуларды да ұмытпаған жөн, өйткені Қазақстанға барша әлем өкілдері келеді.
ІІ бөлім Сұрақ – жауап:
1. Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі тұңғыш өткен жыл?
Жауап: Лондон 1851 жылы Лондондағы Гайд- саябағындағы Хрусталь сарайы;
_____________________________________________________________
2. Халықаралық көрмелер бюросы қашан құрылды?
Жауап: Халықаралық Көрме Бюросы 1928 жылы 22 қараша айында, Париж қаласында
_________________________________________________________________
3. 1876 жылы АҚШ - тың алғашқы ЭКСПО көрмесі қай қаласында өтті? Жауап: ЭКСПО шежіресінен: Филадельфия, 1876жыл
________________________________________________________________
4. 1889 жылы ЭКСПО көрмесінің символына айналған Париж де тұрғызылған ғимарат?
Жауап: 1889 жылы ЭКСПО көрмесінің символына айналған Париж дегі Эйфель мұнарасы
________________________________________________________________
5. Шанхай ЭКСПО - 2010 -дағы Қазақстан павильонының тақырыбы қалай аталған? жауап: ( "Астана- Еуразия жүрегі")
_________________________________________________________________
6. ЭКСПО - 2017 мамандандырылған көрмесінің өтетін уақыты?
жауап: ( 10 маусымнан 10 қыркүйек аралығы)
_________________________________________________________________
7. Қазақстан ЭКСПО - 2017 дүниежүзілік көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған күн? жауап: (2012 жылы 22 қараша)
8. Қазақстанда 2017 жылы өтетін мамандандырылған ЭКСПО көрмесінің тақырыбы не деп аталады?
жауап: ( "Болашақтың энергиясы",... , ...)
7. 1888 жылғы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі Испанияның қай қаласында өтті?
8. 1893 жылы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде Чикагода орыстың көрнекті ғалымы Славянов өзі ойлап тапқан қандай құралды ұсынған?
9. 2008 жылы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен мемлекет?
10. Қазақстан дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде қанша рет өз павильонын орнатты?
11. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1958 жылы алғашқы "бейбіт" көрме өткен қала?
12. 1967 жылы адамдардың ғарышқа деген қызығушылығы артқан уақытта, Кеңес Одағының павильонына 13 млн. көрермен келген, дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен қала?
13. Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі 2015 жылы өтетін қала?
Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды.
Олардың есебі бойынша, Президенттің өзі тапсырғандай, көрме алаңының нөлдік циклі осы жылдың қазан айында аяқталуы керек. Бұл уақыттың тығыздығына орай кестені қатаң сақтау қажеттілігін тудырады. Сонымен қатар, көп кешікпей 5 және 8 қабаттық тұрғын үйлер, мектеп пен балабақша, мейрамхана, сауда және бизнес орталықтарының құрылысы басталатын болды. Барлығы бірдей 2016 жылы толықтай аяқталады деп күтілуде. Бұдан бөлек, қалада жаңа темір жол бекетінің құрылысы жүріп жатыр. Ал, қыркүйектен бастап астаналық әуежайды қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Сондай-ақ, көрме уақытында Астана көшелерінде жүрдек автобустар жүйткитін болады.