Просмотр содержимого документа
«Даярлығым қош енді!»
Жүру барысы.
-Музыка ойнап тұрады.
Мұғалім : Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобының Даярлығым, қош енді! ертеңгілігімізге қош келіпсіздер! |Бүгін бүлдіршіндеріміздің аз уақыт ішінді мектептен тәлім-тәрбие алып,өнер үйреніп жыл бойы білімге жол ашқан даярлықпен қоштасып, бірінші сыныпқа қадам басқалы отыр. Қадамдары құтты болсын деп ереңгілігімізді бастаймыз.
1 жүргізуші: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жаукқазындай құлпырған.
Тұр алаңсыз балғын шақты балалар.
2 жүргізуші:
Армысыздар жиналған ата-ана,
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас.
Арамыздан талпынып қанат қақты ,
Даярлықты бітіріп қуанған жас. -деп ортаға балаларды шақырайық.
1 жүргізуші: Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана.
Көркіне ақылы да сай келетін,
Бірінші келе жатқан Алина.
2 жүргізуші:
Қуантады білімімен бізді Аружан,
Қалыспайды одан досы Аружан.
Қол соғып қарсы алайық оларды біз,
Арманына жетсін деп қанат қағып.
1 жүргізуші:
Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған .
Келесі біздің жігіт
Досым деген жігіт
2 жүргізуші:
Бүгінің бар жарқын,
Ертенің бар айқын.
Жарқын менен Арман ,
Асырарсың әлі,
Ауылыңның даңқын.
1 жүргізуші:
Шығады мың бұралып Жібек биші,
Өнерді Жібектей бәрің сүйші.
Нұрай мен екеуі келеді міне,
Талапты да талантты әнші, күйші.
2 жүргізуші:
Сабырлы әрі салмақты,
Және өнерлі жан-жақты.
Ералы мен Ұлан
Қарсы алайық оларды.
Хормен тақпақ
Тақпақ , ертек, ән-бидің ,
Бәрін бойға құйғыздың
САНАМЫЗҒА СІз біздің
Бар асылды сыйғыздың.
Жақтың білім шырағын.
Рақмет сізге мұғалім.
1 жүргізуші.
Дүниенің жарық күні анамыз,
Дана болсаң аналармен данамыз.
Алдыменен тыңдаңдар ағайын,
Аналарға арнап бір ән салайық.
2 жүргізуші:
Жібек пен Аружанның орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.
2 жүргізуші:
Бала деген, шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен.- деп Кенен Әзірбайев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.
Нұрай:
Сары, ақпыз , қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір ауылда тұрамыз,
Бір мектепке барамыз,
Ақ қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз.
Туысқанбыз татумыз.
Биіктерге өрлейміз.
Ұлан:
Біз мектепке барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Ералы:
Күннің нұры шуақты,
Қыздырады денемді.
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді.
1жүргізуші:
Кімдер зерек, кім такпқыр,
Талаптарын табайық.
Қайсы күйші,Кім биші,
Талабына қарайық.
Би: Вальс.
Жібек:
Қызық қызық ертектер,
Бізге оқып береді.
Жылауық та тентек те
сол апайға көнеді.
Жарқын:
Біз бүлдіршін баламыз,
Өсіп оймен санамыз.
Өмірге жол саламыз,
Біріншіге барамыз.
Аружан Қ:
Үйренеміз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Тақпақ айтып ән шырқап,
Билеп-билеп береміз.
2 жүргізуші:
Бүгінгі мерекеміз өзі қандай,
балдырғандар жаңа атқан таңдай.
Қанеки, қол соғсп қарсы алайық,
Келесі әніміз балдай.
Ән: Қошақаным. Ералы, Алина, Нұрай
Аружан:
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салғызып , билеткен,
Таныстырып ең алғаш,
Әріптермен суретпен
Арман:
Мен кішкентай баламын,
Әлі-ақ өсіп толамын,
Елін, жерін қорғайтын,
Ер-азамат боламын.
Алина:
Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жирентіп, Ақыл болған кім бізге?
Десек, ол жан мұғалім,
Таласады сірә кім?
Досым:
Кітаппен дос болып,
Жалқаулықпен қош болып.
Өседі ой мен санамыз
Біз мектепке барамыз.
Жүргізуші: Ән
Би: Қазақ биі.
1 жүргізуші:
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйрендік не білдік
Кәне ортаға салайық
Ұлан: Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып би билеуді үйрендік.
Нұрай: Жақсылық пен жамандықты, адалдық пен арамдықты, ақ пен қараны білдік.
Аружан Е: Адал азамат, оқымысты ғалым, елін, жерін сүйетін нағыз адам болуды үйрендік.
Жүргізуші: Ән
Көрініс: Мақта қызбен мысық.
Хормен: Ән
2 жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің әр айың.
Тойларыңыз тойға ұлассын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын.
1 жүргізуші: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен ата айтар ақ тілек -деп ортаға ата-ананы шақырамыз.
Мұғалім:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Білімдеріңмен қуантыңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар біздерді.
Міне бүгін кешегі сәби бүлдіршіндеріміз оқушы қатарында.Сіздердің сенімдеріңізден шығатын ұлдар мен қыздар. Тәуекел, еліміздің саналы да білімді азаматтары болады деп сенім білдіремін.