kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бесікке салу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  ?анат туралы хи?ая. Ф. О??арсынова                                 Саба?ты? ма?саты:1. Біілімділігі: ?ле?ді т?сініп о?у?а, негізгі идеяны табу?а, ананы? бала?а деген махаббатыны? шексіздігін, оны? адам ?міріндегі орны ерекше екендігін т?сіндіру. ?з ойларын еркін айта білуге ?йрету.                          2. Дамытушылы?ы: О?ушыларды? тіл байлы?ын, шы?армашылы? ойын, танымды? ?абілетін дамыту.                                                                                                  3. Т?рбиелігі: аналар?а деген с?йіспеншілік сезімін ояту. Ананы ??рметтей білуге,  адамкершілікке т?рбиелеу. ??стыр?а ?ам?орлы? жасау?а т?рбиелеу.            К?рнекілігі: Суреттер, плакаттар, интерактивті та?тада?ы  тапсырмалар, ?ле?дер.                                                                                                                             Саба?ты? т?рі: жарыс саба?.                                                                                            Саба?ты? ?дісі:  Ж. ?араевті? де?гейлеп о?ыту технологиясы,с?ра? –жауап ?дісі.                                                                                                                                   П?наралы? байланыс: ?зін-?зі тану, д?ниетану.                                                         Саба?ты? ж?рісі:        1. ?йымдастыру:                                                                                1. Саба?ты? ерекшелігін айту. К?ктем мезгілінде ?андай е?бек басталатынын айту.  Жарыс саба?.                                                                                                      2. Ба?алауды? ?згешелігін айту.

                                2.?й тапсырмасын с?рау:

1. М?тінді дауыс ыр?а?ына келтіріп, жат?а айту

2. Екінші абзацты дауыс ыр?а?ына келтіріп о?ыту.

3. Жазып келген шы?армасын о?ыту 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бесікке салу »

Сабақтың тақырыбы: Туған еліме

Сабақтың мақсаты: 1. Түсініп оқуға төселдіру.Мәнерлеп оқу арқылы оқушылар ақынның туған жеріне деген ыстық сезімін бөлісуге баулу.

2. Әрбір оқушыны елін, Отанын қадірлеуге бағыттау. Сөздік қорын молайту. Ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту.

3.Туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту.

Көрнекілігі: туған жердің суреттері,интерактив тақта, автор суреті, үлестірме қағаздар.

Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру.

Оқушыларды сабаққа дайындау

Туған жер туралы бір шумақ айту.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын үлестірме қағаз бойынша, оқушылардың қандай дәрежеде білім алғандарын байқау. Пысықтау,бекіту.Бұл тараудан қандай білім алғандарын, қандай тәрбие бойларына сіңіргендерін айтады. Қорытындылау.

III. Жаңа сабақ.

Біз бүгін жаңа тарау, жаңа бөліммен танысамыз. Тарау: Туған жерім-тұғырым, өскен елім өзегім.

Біз осы ана тілін ашқалы Атасы, Талапбек, Зерделі достарымыз әр бөлімді өтер алдында бізге ақыл, кеңес беріп, мақсатын түсіндіріп отырады.

Міне бүгін біздің өтетін С.Торайғыровтың "Туған еліме ", Қ. Аманжоловтың " Туған жер", І. Жансүгіровтың "Көкшетау", Қ. Бекқожин "Теңіз жыры",М. Мақатаевтың " Қайран Қарасазым-ай", т. б. Осы өлеңдерді топтап беріп отырған себебі тақырып пен идеяның ұқсастығы, яғни аталған шығармалардың өзегі – туған жерге деген ақын сезімі сөзбен сұлу өрнектеліп, тың мазмұн құрып тұр.

" Уа дариға,алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр.

Жата алмас ем топырағыңды тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер"

деп төгілген Қ. Аманжоловтың өлеңінен келтірілген үзінді шумақ аталған бөлімде оқытылатын шығармалардың эпиграфы болмақ. Бұл бөлімдегі жазушы шығармаларының арқауы-туған жердің қүдіреті, әсем табиғаты,ақкөңіл адамдары. Сондай –ақшығармадан туған жердің топырағын да, тасын да қорғау қажеттігіне шақырған ақын дауысы естіледі.

Бүгін С. Торайғыровтың "Туған еліме" өлеңімен танысамыз. Біз ақынның туған жеріне деген ыстық сезімін бөлісуге, және де елімізді, Отанымызды қорғау керек екен.

1.Автор туралы қысқаша мағлұмат беру.

2.Туған еліме өлеңін мәнерлеп оқып беру

3. Мазмұнын түсіндіру. (елі ақынға үміт артып отырғаны, ақын үнемі елін бағалайтынын,ақынның арманы туралы т.б.)

Сергіту сәті.

Оқушыларға іштей оқыту. Қиын,күрделі сөздерді түртіп алу.

Дауыстап мәнерлеп оқиды. Ұйқасын табу.

Шығармашылық жұмыс: 1-топ. Туған елі туралы шығарма жазады

2-топ. Сурет салады.

3-топ. Туған ел,жер туралы мақал-мәтел жазады.

Дәптермен жұмыс. Сөздікті көшіру.

Сұрақ-жауап әдісі. Жергілікті жермен байланыстыру.

Өз жерімізде кім деген ақындарды білесіңдер?

IY. Қорытынды: Туған ел табиғатын қорғау, оның байлығын халық игілігіне тиімді пайдалану керек. Қорыта айтқанда, белгілі ақын жазушылардың туған жер табиғатын қорғау жөнінде айтқан пікірлеріне тоқтала кетейік.

Б. Жақыпов, О. Сүлеймен, М. Шаханов, неміс ақыны Гете,Орыс жазушысы В. Распутиннің жазған пікірлерін оқу.

Y. Бағалау: YI. Үйге тапсырма беру:

Өлеңді жаттап келу. Қосымша тапсырма: туған жерге арнап өлең жазып келу.











Сабақтың тақырыбы: Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу Сабақтың мақсаты:1. Білімділігі: Теңдеу шешу жолдарын, тәсілдерін үйрету. Есептеу дағдыларын дамыту. 2.Дамытушылығы: Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, математикалық біліктерін, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптасытру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, зерделеу, қиялын ұштап, білімін шыңдау. 3.Тәрбиелік мәні: оқушылардың бәләмге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбекке баулу. Ынтымаққа, жолдастық көмекке жетелеу. Туған жерін, елін танып білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: сурет, мектеп, вокзал, кеден, Сарға елді мекені, автобус. Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, түсіндіру, ойын, саяхатқа шығу. Сабақтың түрі: Саяхат сабақ. Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа дайындау 2.Үй тапсырмасын тексеру. -6 есеп. Оқушыларға оқыту Бағалау. Дәптерлерін жинап алу. 3. Жаңа сабақты түсіндіру. Күн жадын жазу. Тақырып: Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу. Бүгін біздің сабағымыз «Саяхат сабағы» болады.2003жылы, елбасымыз Н. Назарбаев «Ауылды өркендету жылы » деп жариялаған. Обылыстық конкурстық қорытындысында бірінші орынды Сарға елді мекені ие болған. Бүгін сол Сарға елді мекеніне саяхатқа шығамыз. Автобусқа міну үшін №1 есептіорындау керек. Оқушылар тақтаға шығып орындайды. 150:3=50 168:3=56 56-50=6 Автобусқа мініп вокзалға келеді. Бұл теміржол вокзалы, тоғыз жол торабы депте айтылады. Теміржол бастығы Байтілетов Амангелді деген ағамыз. №2 есепті орындау керек, сонда біздерді жібереді екен. Оқушылар мәнерлеп оқиды. Тақтаға шығарады. Шешуі: 50.6+45.10=750 Жауабы: 750 с Ал енді саяхатымызды жалғастырайық. Енді, міне кеденбекетіне келдік. Кеден бекеті жол көліктерін тексеріп тұратын жер. Бұл жердің тапсырмасы №3 есепті орындауымыз керек. Тақтаға бір теңдеуді орындап көрсету. Қалғандарын оқушылар орындайды. х+2 =7.9 х-20=63:9 х.2=14+16 х+2=63 х-20=7 х.2=30 х=63-2 х=20+7 х=30:2 х=61 х=27 х=15 61+2=7.9 27-20=63:9 15.2=14+16 7=7 7=7 30=30 Кеденші сендерге өте риза болды. Ал енді саяхатымызды одан ары жалғастырайық. Міне Сарға елді мекеніне келдік. Алдымызда не көрінеді, балалар? Үлкен төбе көрінеді. Бұл төбені бұрын тиын төбе дейтін. Ал қазір келін төбе деп атайды. Шаршадыңдар ма? Онда серігіп алайық. Сергіту сәті. Мінеки балалар, Сарға елді мекені.Бейнеудің терістігінде 18 шақырым қашықтықта №460 теміржол айырымының жанында орналасқан. Сарғаның 1973-жылы ірге тасы қаланған. Ірге тасын қалағандардың бірі Мәтжан Нұрымбетов деген кісі қазір зейнеткер.Сарға бұрынғы атауы, қазір Жангелдин деп атайды. Ал енді мына тұрған мешіті.Мешіт имамы Шапағат деген ағаларың. Бұл ағаларыңның тапсырмасы бар екен. №4 есеп. Геометриялық фигуралардың периметрін табу. Өз бетінше жұмыс ретінде беру. Р=3+3+3=9 см Р=(2.4).2=16 cм л Р=(2+2).2=8 cм Р=3+3+2=10 см Үшбұрышта көбейтудің терімділік қасиеті қолданылмайды. Мешіттің имамы сендерге алланың нұры жаусын, сабақтарыңды беске оқыңдар деп -алғыс айтып жатыр. Ал мынау Жангелдин орта мектебі. Мектеп директоры Тақабаев Сәуірғали деген ағай. Ағай сіздердің білімдеріңізді байқау барысында №5 есепті беріп отыр.Осы сынақтан сүрінбей өтуіміз керек. Оқушыларға тақтаға орындату. а﴿ 9,18,27,36,45,54,63,72,81,9 ә) 10:9=1 (қ.1 ) 11:9=1(қ 2) 12 :9=(қ 3) 13:9=(қ 4) 14:9=1(қ 5) 15:9=1(қ 6) 16:9=1(қ 7) 17:9=(қ 8) 18:9=2 Қалдықты ауызша 9 бен салыстыру. Қалдық әрдайым кіші болады. Сарға интернаты дегенді естіп пе едіңдер? Осы интернат директоры Болысов Есен ағай. Бұл аудан бойынша шалғайдағы шаруашылықтарда еңбек ететін малшылар – бақташылардың әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары үшін жасап жатыр. "Бейнеуинтернат" мемлекеттік коммуналдық (шағын) қазыналық кәсіпорны осы Сарғада орналасқан. Ал интернат бастығы бізге №7 есепті орындауды тапсырып отыр. Оқушылар оқып, тақтаға орындайды. 3.7=21 21:7=3 13.7=91 91:7=13 23.7=161 Интернат директоры сіздерге көп алғыс айтып жатыр. (Сарға елді мекені туралы қысқаша мағлұмат беру) Қазір Саға елді мекенін Жангелдин селосы деп атайды. Селолық округінің әкімі А. Ізбасаров дген ағай. Бұл кісі 27 жыл педагог болып жұмыс жасаған. Сарғада мәдениет үйі, дәрігерлік пункті бар. Бұл Сарға елді мекенінде обылыстық көп елді мекендерінен бір ерекшелігі – мал қоралары ауылдың екі жағынан салынған. Ауыл арасына бірде –бір мал кірмейді екен. Елбасымыздың бірегей тапсырмасының бірі өркениеттіліктің бөлінбес бір бөлігі тазалық пен реттілік екені белгілі.

4. Қорытынды: Ал балалар, саяхатымыз аяқталып келеді. Күн батуға аз-ақ қалыпты.Жиналып автобуспен ауылға қайтайық. Жолда келе жатып бірнеше сұрақтар қою. Тазалықты басты мәселе етіп , ауылды көркейтуге, өркендетуге өз үлесімізді қосайық.

"Кім, шапшаң?"ойынын ойнату. Есепті тез орындаған оқушы тал егеді.

5. Бағалау: Жақсы қатысқандарды мақтау. Бағалау.

6. Үйге тапсырма : 6 есеп.



















































Сабақтың тақырыбы: Қанат туралы хиқая. Ф. Оңғарсынова Сабақтың мақсаты:1. Біілімділігі: өлеңді түсініп оқуға, негізгі идеяны табуға, ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, оның адам өміріндегі орны ерекше екендігін түсіндіру. Өз ойларын еркін айта білуге үйрету. 2. Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын, шығармашылық ойын, танымдық қабілетін дамыту. 3. Тәрбиелігі: аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Ананы құрметтей білуге, адамкершілікке тәрбиелеу. Құстырға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, интерактивті тақтадағы тапсырмалар, өлеңдер. Сабақтың түрі: жарыс сабақ. Сабақтың әдісі: Ж. Қараевтің деңгейлеп оқыту технологиясы,сұрақ –жауап әдісі. Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, дүниетану. Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру: 1. Сабақтың ерекшелігін айту. Көктем мезгілінде қандай еңбек басталатынын айту. Жарыс сабақ. 2. Бағалаудың өзгешелігін айту.

2.Үй тапсырмасын сұрау:

1. Мәтінді дауыс ырғағына келтіріп, жатқа айту

2. Екінші абзацты дауыс ырғағына келтіріп оқыту.

3. Жазып келген шығармасын оқыту

Бекіту: Б.Бұлқышев кім туралы жазған?

Ананың тілін, ананың махаббатын, ананың тілегін неге теңеген?

Ананың қымбат екенін неге теңейсіңдер?

Сіздердің ең жақын адамдарыңыз кім?

Оқушылар барлығыңның оқып келгендерің көрініп-ақ тұр.Өйткені "ана" есімін аузына алмайтын адам жоққа тән. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналарымызға баси иіп, тағзым етейік.

Жан-жануарлардың да, құрт-құмырсқалардың да анасы бар дегенге сенесіңдер ме?

Жұмбақ шешу

Желбіреп желегі

Көк аспанды кезеді.

Шаршаса жерді құшады

Қаласа аспанға ұшады. (Құс)

Құс туралы қай пәннен оқып, терең білім алып жатырмыз? Дүниетану пәнінен.(интерактив тақта) Ненің суретін көріп отырсыңдар?

Құстың басы, кеудесі. Қанаты бар ма? Жоқ. Ұша алама? Жоқ.

3. Жаңа сабақ

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Фариза Оңғарсынова апамыздың жазған өлеңі "Қанат туралы хиқая"

Тақтаға жазу. Тақырыптың мақсатымен таныстыру.

Біз бүгін Ф. Оңғарсынова апамызбен танысамыз. Өлеңнің мәнін, мағынасын түсініп, мәнерлеп оқуға үйренеміз.

а﴿ Ф. Оңғарсынованың өмірбаянымен таныстыру.

б﴿ 1,2 томдық кітабымен таныситыру

в﴿ Ф. Оңғарсынованың Сиета апайға жазған қолтаңбасын оқып беру.

г) 2012 жылы 23-қазанда теледидардан таңшолпан бағдарламасына келіп, жүргізушілердің сұрағына жауап бергенін айту.

д﴿ Лирика түсіндіру

Өлеңді мәнерлеп оқып беру

Мазмұнына тоқталу

Оқушыларға іштей оқыту ﴾түртпе жұмысы﴿

Бір шумақтан дауыстап оқыту. Сұрақ жауап әдісі.

1.Өлең жайында не жазылған?

2.Ақын балапан қанатының сынғанын көріп, қандай ойға қалды?

3.Ана туралы мына мақал-мәтелдердің екінші жолын тауып жазу.

а﴿ Ана сүтін ақтамағанды,

..................................................

ә) Әкеге қарап ұл өсер,

.................................................

Сергірту сәті

Оң қанатым- әкешім, Аман болсын- әкешім ,

Сол қанатым -анашым. Аман болсын- анашым.

Бірі түссе қатерғе, Маған өмір сыйлаған,

Мәңгі ұша алмай қаласың. Көпқой менің алғысым.

Дәптермен жұмыс. Сөздікті көшіру. Хиқая-сюжетке құрылған оқиға желісі. Әдебиет жанрының бір түрі. Шығармашылық жұмыс. 1-топ. Ата –анаңа қандай тілек тілегің келеді, соны дәптерге жазу. 2-топ. Ата-ананы құрметтеуге байланысты мақал-мәтелдер жазу. 3-топ. Анаға байланысты бір-екі шумақ өлең жазу.

Анам ғой ол өзімнің, Анам үшін күнде де Айжан айтты анама

Ақыл, жігер, қуатым. Отынға ағаш жарамын. Өзімнің бар керегім.

Алдында ылғи көзімнің, Су құямын гүлге де, Іс тіккенде инесін

Күлім қағып тұрады. Дүкенге де барамын. Мен сабақтап беремін.

Жазып болған оқушылар оқиды. Топтық бағалау.

5.Қорытындылау.

Бүгін не түсіндік? ( оқушылар түсінгендерін айтады.)

Олай болса, құстың да қанаты сынбасын, сендердің де қанаттарың сынбасын деп тілеймін. Анамыз мәңгі жасасын.

6. Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттау. Ойтолғау жазып келу.

7.Бағалау: Үш топтың бағаларын санау. 1,2,3 орындарға мақтау қағазын беру.







Тәрбие сағаты.

Сабақтың тақырыбы: Бесікке салу.

Сабақтың мақсаты: Халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу, оқушылардың өз халқына , ұлтына , туған жеріне , ұлттық әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бесік, ұлттық киімдер, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар.

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар сіздерді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтай отырып, бүгінгі тәрбие сағатымыз ашық деп жариялаймыз.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, жыл өткен сайын жаңарып келе жатқанын көрсететін салт –дәстүріміздің бір айғағы мына наурыз мерекесі.

1-оқушы: Егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру үшін халқымыздың қаһармандық тарихын ғасырдан –ғасырға жалағасып жинақталғанұлттық мұрасын ,озық мәдениетін , ұлттық мінез-құлқымен , әдет ғұрпын білуіміз керек.

2-оқушы: Ассалаумағалейкум халқым менің,

Ардақта дәстүріңді ,салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбектің жемісін бәрі көрсін.

3-қушы: Біздер бұрын көрмеген

Салт –дәстүрің өлмеген.

Үйренеміз дәріптеп

Заманымда өрлеген.

4-оқушы: Егемен болмай ел болмас,

Етек жеңі кең болмас.

Терезесі кең болмас,

Енді қазақ кем болдлмас.

Мұғалім: Салт- дәстүрге тоқталар болсақ, шілдехана тойы, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, тілашар тойы,сүндетке отырғызу,сырға салу, қыз ұзату, келін түсіру, т. б.( қысқаша түсіндіріп кету)

Ондай болса тақтадағы нақыл сөздерді оқыңдар. Қазақ халқы "Бесіксіз үйде , береке жоқ" деп бекер айтпаған.Ондай болса салт –дәстүріміздің бірі "Бесікке салу "дәстүріне тоқталайық .Өмірге келер сәбиді асыға күткен , бала өмірдің гүлі, жалғасы.

Қазақ ақын қызы Фариза Оңғарсынова апамыз осы дәстүрді өзінің " Бабам қазақ" өлеңінде былай суреттейді.

Бабам қазақ қаншама бала сүйген,

Мұрагерім болсын деп, мақсат қылып ,

Ұл дауысы шыққанда қараша үйден ,

Атан сойып , той қылған, ат шаптырып.

5-оқушы: Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы .

6-оқушы: Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық , кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан.

7-оқушы:Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуіде бесікті ардақтаудан шыққан.

Мұғалім: Бесікті көрсетіп , бесік ағаштан , талдан , қайыңнан, қарағайдан иіп жасалады. Міне мыналар бесік жабдықтары.

1. Бесік көрпе.

2.жөргек.

3. қолбау

4 .құс жастық

5.құстөсек

6.тізе бау

7.тізе жастықшасы

8.түбек

9.шүмек.

Енді бесік құрлысы: 1. Алдыңғы бас (бөген)

2.Артқы бас ( бөген )

3.Белағаш ( арқалық арыс

4.Жақтау

5.Жорға табан

6.Сабау

7.Тақтай

8.Шабақ

9.Түбек, шүмек

Сол кезде сүйінші сұрап бір бала келеді. Әжесіне келінінің босанғанын сүйінші сұрап айтады.

Сүйінші сұрау, салт-дәстүрдің бірі , бұған көңілінен шыққан нәрсесін береді. (кеңінен түсіндіру)

Кішкене бала көтерген келін келеді, сәлем етіп келіп әжесіне немересін

береді. Әже немересін тұзға, суға салады. Бесікке саларда, бесікті аластау, үстіне жетім киім жабу, ат қылып міну, тыштырма жасау деген ырымдарын айтып түсіндіреді, көрсетеді. Ырымын жасап әжеге орамал, көйлек береді. Келген қонақтарға жыртыс береді. Оқушылар әжеге бірнеше сұрақтар қояды. Әжеден бата сұрау.

Хор: Сәби болғым келеді.

Қорытынды:






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Бесікке салу

Автор: Кыстаубаева Айтолган Джалгасбаевна

Дата: 21.04.2015

Номер свидетельства: 204086

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "«Бесікке  салу» "
    ["seo_title"] => string(14) "biesikkie-salu"
    ["file_id"] => string(6) "177726"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424702089"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "«?аза?ты? салт-д?ст?рі,  Бесікке салу»"
    ["seo_title"] => string(38) "k-azak-tyn-salt-d-sturi-biesikkie-salu"
    ["file_id"] => string(6) "287565"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454503130"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Та?ырыбы:?аза?ты? бесікке салу д?ст?рі. "
    ["seo_title"] => string(43) "tak-yryby-k-azak-tyn-biesikkie-salu-d-sturi"
    ["file_id"] => string(6) "153259"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420987741"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "презентация бесікке салу ?аза? тілі"
    ["seo_title"] => string(42) "priezientatsiia-biesikkie-salu-k-azak-tili"
    ["file_id"] => string(6) "296967"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1456127188"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Қазақ халқының салт – дәстүрлері Бесікке салу"
    ["seo_title"] => string(44) "kazak_khalkynyn_salt_d_sturleri_besikke_salu"
    ["file_id"] => string(6) "479735"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1538730575"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства