Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың көрнекті ақын, жазушысы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу және шығармасындағы негізгі ойды таба білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге, шығармашылық жұмыста шапшаңдық танытуға, өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, таным белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Әңгіме арқылы жамандықтан аулақ жақсылыққа жақын болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Типі: Сын тұрғысынан ойлау, дамыту технологиясы, ассоциация әдісі.
Әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, бес жолды өлең құрастыру,Венн диаграммасы, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті, мәтінге байланысты плакатқа салынған сюжетті сурет, сабаққа қатысты сызба нұсқалар
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, қазақ тілі.
І. Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
4. Ой қозғау.
- Мәтінмен жұмыс;
- Сөздікпен жұмыс; /түртіп алу жүйесі INSERT/;
- Оқулықпен жұмыс;
- Дәптермен жұмыс.
5. Ой толғаныс.
- Венн диаграммасы;
- Бес жолды өлең жазу:
6.Сабақты қорытындылау.
7. Үй тапсырмасы.
8. Оқушыларды бағалау.
Сабақтың барысы.
1.Психологиялық дайындық.
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. Оқушыларға 6 жолды тақпақ айтқызу.
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай сұрақ болса да.
Таппай оны қоймайық
Алға қарай самғайық,
Екілікті алмайық.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- Әңгімеге байланысты суреттер салып келу мен мақал-мәтелдер жинастыру.
- Б.Сокпақбаев кім, оның қандай әңгімесін оқыдық?
- Қарт Мәуленге неге риза болып, не үшін рахмет айтты?
3. Ой ашар.
Жаңа сабақ топтық талдау арқылы меңгеріледі.
4.Топтастыру стратегиясы.
– Балалар, Ы.Алтынсарин кім және ол қай жерде, қай жылы дүниеге келген.?
– Қандай шығармалары мен өлеңдерін білесіңдер?
– Қандай оқулық жазды?
Ақын
1841-1889 ж.ж.................жазушы
Ұстаз.................... Кел, балалар, оқылық!
Қостанай облысында................«Қазақ хрестоматиясы»
дүниеге келген.................оқулығын жазды.
«Өнер, білім бар жұрттар»
- Олай болса, оқулықтың 161 – бетін ашыңдар, Ы.Алтынсариннің «Баланың айласы» атты әңгімесін өтеміз.
5. Ой қозғау.
Мәтінді оқымас бұрын, оқушылардың жалпы «айла» туралы ойларын біліп алу қажет.
- Айла деген сөзді қалай түсінесіңдер?
А) Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұнымен оқушыларды плакаттағы суреттер арқылы таныстыру.
Ә) Сөздікпен жұмыс. Түртіп алу жүйесі.
Төре (төрелік) – шешім/ барлық мәселені шешетін ақсақал немесе ақылды ер-азаматты айтамыз. /әкім/
Әйдік – үлкен
Ғалым – білімді, жаңалық ашқан адам.
Б) Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқыту.
В) Дәптермен жұмыс.
3 қатар жоспар бойынша дәптерге мәтінді көшіріп, өздерінің түсінгендерін баяндайды.
1 – қатар. Ғалым мен жыланның түйеге жолығуы
2 – қатар. Жеміс ағашына жолығуы
3 – қатар. Итке жолығуы.
6. Ой толғаныс.
- Венн диаграммасы
арқылы көрсету. Осы төмендегі диаграмма арқылы оқушылар мінездеме береді.
Ортақ қасиет
- Бес жолды өлең жазу стратегиясы
1. Кім?
2. Қандай?
3. Не істеді?
4. Кім үшін?
5. Жалпы ойды түйіндейді.
6. Сабақты қорытындылау.
- Оқушыларға үлестірмелі парақшалар таратып беру.
- Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорытындылау.
7. Үйге тапсырма беру.
Әңгімені оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу, өзіңе ұнаған көріністің суретін салу.
8. Оқушыларды біліміне қарай бағалау.