Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.Наурыздың 22-де күн мен түн теңеледі,қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады.Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі.
Кел,балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық.
1-жүргізуші: Наурыз мейрамы шығыс халқының көне күн тізбегінде жыл басы деп саналады.«Нау» –жаңа , «рыз» – күн деген сөздерден алынып,жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды білдіреді.
2-жүргізуші: Бұл күн –күн мен түннің теңелетін,жан –жануар төлдейтін,адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн.Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жырсышы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын ағайын!
1. Наурыз- күні жаңарудың,өсудің, түлеудің басы.
2. Наурыз күні имандылық мереке.Алдыңа келген атаңның құны болса да кеш.
3. Наурыз көктем мерекесі,еңбек тойы,ырыс, мошылық бастауы
4. Наурыз мерекесі мейірімділік,қайырымдылық мейрамы.
(әр қанатты сөзге оқушы өз ойын нақтылай жеткізілуге ұмтылды)
Оқушыларды екі топқа бөлу (сайыс ұйымдастыру)
«Наурыз» тобы «Көктем» тобы
1. Мәнерлеп оқу сайысы.
2. Сыр сандық.
3. Мақал – мәтелді аяқта.
4. Жұмбақ шешу.
5.Үй тапсырмасы
1 - жүргізуші: Құрметті қауым көптен асыға күткен Наурыз мерекесіне арналған байқауды бастаймыз. Байқауымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға төрелік ететін әділқазылар алқасын тағайындап алайық.
2 -жүргізуші: Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық,
Мерекесі халықтың, Наурыз тойын бастайық.
Наурыз тойға арналған, Сайысты біз бастайық.
Ортаға сайыскер топтарды шақырамыз. «Наурыз» тобы, «Көктем » тобы І кезең : «Мәнерлеп оқу сайысы» Наурыз туралы тақпақтар.
1 – жүргізуші: ІІ кезең : /Сыр сандық /
«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» демекші, сайысымыздың келесі кезеңінде қатысушы топтардың салт - дәстүрге байланысты білімін сынайық. /Сыр сандық /
1. Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай мейрамдарды білесің?(Ораза айт, Рамазан айт, Наурыз)
2. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің?(көже, қазы - қарта, жал - жая, қымыз, ет, қуырдақ айран, бауырсақ, құрт, ірімшік)
3. Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар. (Сырға, жүзік, моншақ, білезік т. б)
4. Ұлттық ойындардың түрлерін атаңдар. (Ақсүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, қыз қуу, бәйге т. б)
2-жүргізуші: ІІІ кезең : Енді біз сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды біз бастаймыз, топтар жалғастырып аяқтайды.
(Мақалдардың бірінші бөлігін екі бастаушы кезек айтып, жалғасына жауап күтіп тұрады
1. Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)
2. Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)
3. Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)
4. Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)
5. Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген)