3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
«Адал Ұрпақ » ұйымының жетекшісі Б.Орунбасарова тақырып жөнінде қысқаша тарихи түсінік берді. “Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде,"corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, олжалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, парағасатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыстілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен бітеқайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саясиқайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық тәртіптік, әкімшілік жауапкершіліктіреттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар
Адамгершілік,әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .
1.Адамгершілік болмай, Әділдік болмас.
2.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3.Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
4.Адалдық — ардың ісі.
5.ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7.Ақихат сөзде алалық жоқ.
8.Әділ айтқан жеңер.
9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.
Қорытынды: Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар .