Просмотр содержимого документа
«"Жеке т?л?аны ?алыптастыру" ма?ала »
Жеке тұлғаны қалыптастыру
Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Оқушы білімінің негізі бастауыш сыныпта қалыптасты. Бала білімініңдамуына ұзтазбен бірге ата-ананың да жауапкершілігі мол. «Білім көзі – кітапта» демекші, бастауыштағы түрлі пәндер оқушының ой-өрісін дамытады. Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылдың 29-қаңтардағы халыққа Жолдауында «Елді жаңғарту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен қазақстандықтардың біліміне байланысты.2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс» деп көрсетті.
Сондықтан бастауыш сынып мұғалімнің басты міндетті – баланы сауатты оқуға, жазуға, қабілетін ашуға іскерлікпен дамыта оқыту болып табылады. Білім мазмұнындағы басты бағыт – жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалынады.Дамыта оқыту барысында жеке тұлғаны қалыптастыруда ана тілі, математика,қазақ тілі, дүниетану
Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалынды. Дамыта оқыту барысында жеке тұлғаны қалыптастыруда ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану пйндері баланың жан – жақты білім алуына арқау бола алады. «Ана тілі» оқулығында қазақ халқы ақын – жазушыларының, ғұлама ғалымдарының қара сөздері, өлеңдері, мәтін, аңыз, әр түрлі қызықты әңгімелері берілген. Тіл – ұлттың жаны, келешегі. Өз ана тілінде таза сөйлеу, оны қастерлеу – оқушы міндеті. Дүниетану пәні айналадағы дүниені танып білу, қоршаған ортаны түсіну, адам болмысы оны қоршаған табиғатпен тығыз байланыста және үздіксіз қатынаста болатыны көрсетілген. Дамыта оқытудағы басты мәселе – оқушының шығармашылығын байыту, оны зерттей білуге назар аударту. Математика пәні оқушының ой – өрісін кеңейтіп, тез есептеуге, жылдам ойлауға және логикалық қабілеттерін арттыра отырып, жалпы экономика саласына да бағыт береді.
Математика пәнінде оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, ой – өрістерін кеңейту мақсатында оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты әзіл есептер, жұмбақтарбере отырып, білімдерін тексеруден бастаймын. Математика сабағында оқушыларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа баулу мақсатында «Бәйге», «Кім жылдам?» ойындарын қолданамын.
Ана тілі сабағанда Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңіне келейік. Алдымен мынадай сұрақтар қоя отырып, сабақты бастаймын:
Ы. Алтынсарин кім?
Оның қандай өлең, мысал, әңгімелерін білесің?
Табиғатты қалай аялаймыз?
Аялау деген не? «Өзен» сөзі арқылы тақырыпты ашамын. Су жәніндегі сұрақ оқушылардың сөздік қорын молайтады. Өлеңді мәнерлеп оқып, оқулықпен жұмыс жүргізіледі.
Сұрақ – жауап әдісі:
Судың қандай пайдасы бар?
Жалпы өсімдіктер мен жануарлардың өсіп тіршілік етуіндегі маңызды рөлді не атқарады?
Судың адам өміріндегі пайдасы қандай?
Дәптерге өзен суретін салдырамын. Өлең мәнерлеп тізбектей оқытылады. Сөздік дұрыс, қатесіз, анық оқылуына көңіл бөлемін. Сабақ оқушыны табиғатты қорғауға деген әдепті көзқарастың қалыптасып дамуына септігін тигізеді. Су – тіршілік көзі, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Ұлы жазушы М. Әуезов «Халықты халықпен, адамды адамммен теңестіретін білім» деп айтқандай, елімізді өркениетке бастайтын жол бастауы – білім.
Тәуелсіз еліміздің керегесі кең, шаңырағы биік болып дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінің тізіміне қосылуы үшін білім мен ғылымды дамытуда, сапалы білім мен саналы тәрбие беретін ұстаз деп білемін.