kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шаттық шеңбер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кез келген сабақтарда қолдануға болатын шаттық шеңберлер жинағы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шаттық шеңбер»

1 Шаттық шеңбері

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!


Қол алысып, қәне, біз,


Достасайық бәріміз.


Айтарым бар сендерге,


Тез тұрыңдар шеңберге.


Қандай жақсы бір тұру,


Достарменен бір жүру!


Қандай жақсы дос болу!


– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік! Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне


1


жақындатады) Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің

тұсына қояды) Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты) Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).





«Жүректен жүрекке» шеңбері

– «Өзін-өзі тану әлемінде» адамдар бір-біріне тек қана жақсы, жағымды, мейірімді сөздер айтады. Ендеше, «Жүректен жүрекке» деп аталатын шеңбер құрайық.


– Сендер адамдар шеңберге тұрғанды неліктен жақсы көреді деп ойлайсыңдар?


(Балалардың жауаптары.)


– Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.


Ұға білсең мені сен,


Бақытыммен бөлісем.


2

Жүрек сөзін жалғаймын,


Бәрін саған арнаймын!


– Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз. Сондықтан біздің шеңберіміз «Жүректен жүрекке» деп аталады.


Балалар, Махаббат періштесі беріп жіберген «Ризашылық әнін» айтып көрейік.

Ризамын бүгінге,Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге, Ризамын қазірге.

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!


– Біз бір-бірімізге, бүгінгі күнге, жақын туыстарымызға, мейірімді сөздерге, ойындарға, әндерге, жалпы әлемге рақмет айтамыз.


2 Шаттық шеңбері


– Балалар, сендермен кезекті сабағымызда кездескеніме өте қуаныштымын. «Өзін-өзі тану» сөзін естеріңде сақтағандарыңа өте қуаныштымын. «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды жалғастырып, біз адам, табиғат , өзіміз туралы өте қызықты мәліметтер аламыз.

Бір-бірімізге қарайық. Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын.


3

Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!


Армысың, Әлем!


Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)


Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)


Армысың, менің досым!


«Жүректен жүрекке» шеңбері

Саяхатымыздың соңында қол ұстасып, бір-бірімізге күлімдей қарап, өз қуанышымызды мынадай сөздермен білдірейік.


Мына сұлу әлемде,


Адам өмір сүреді.


Үлкен менен кішіге,


Күн сәулесін төгеді.


– Күнге қол бұлғайық! Әрбір адам күннің көзіне қарап қуанады. Ол бізді өзінің нұрымен жылытады, біздің тезірек өсуімізге көмектеседі.

– Рақмет, балалар! Сау болыңдар!




4

3 Шаттық шеңбері

– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін саяхатымызда «Өзін-Өзі тану» әлемінде Махаббат періштесі бізге есімдер туралы әңгімелейді.


Сендердің барлығыңның есімдерің өте әдемі. Қандай есімдер екенін көрейік. Ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық, есімдерімізді дауыстап айтайық.


Тез тұра ғой, өтінем,


Кім болады есімің?


(Балалар есімдерін айтады да, тәрбиеші барлық балалардың есімдерін қайталайды.)


– Балалар, бүгін шынымен де сендердің есімдеріңнен көңілді шеңбер құрдық.


«Жүректен - жүрекке» шеңбері


– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!


– Бәріміз қол ұстасып, шын жүректен былай деп айтайық.

Есімімді сүйемін!

5




Оны аялай білемін!

(Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.)


– Балалар, рақмет! Сау болыңдар!

4 Шаттық шеңбері


– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!


Қол алысып, қәне, біз,


Достасайық бәріміз.


Айтарым бар сендерге,


Тез тұрыңдар шеңберге.


Қандай жақсы бір тұру,


Достарменен бір жүру!


Қандай жақсы дос болу!



6


– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!


Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне


жақындатады)


Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің


тұсына қояды)


Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,


саусақтары күн сияқты)


Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).


«Жүректен жүрекке» шеңбері


– «Өзін-өзі тану әлемінде» адамдар бір-біріне тек қана жақсы, жағымды, мейірімді сөздер айтады. Ендеше, «Жүректен жүрекке» деп аталатын шеңбер құрайық.


– Сендер адамдар шеңберге тұрғанды неліктен жақсы көреді деп ойлайсыңдар?

7

– Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.


Ұға білсең мені сен,


Бақытыммен бөлісем.


Жүрек сөзін жалғаймын,


Бәрін саған арнаймын!


– Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз. Сондықтан біздің шеңберіміз «Жүректен жүрекке» деп аталады.


Балалар, Махаббат періштесі беріп жіберген «Ризашылық әнін» айтып көрейік.


Ризамын бүгінге,


Ризамын бүгінге,


Ризамын бүгінге,





8

Ризамын қазірге.


Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,


Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!


– Біз бір-бірімізге, бүгінгі күнге, жақын туыстарымызға, мейірімді сөздерге, ойындарға, әндерге, жалпы әлемге рақмет айтамыз.


5 Шаттық шеңбері

– Балалар, сендермен кезекті сабағымызда кездескеніме өте қуаныштымын. «Өзін-өзі тану» сөзін естеріңде сақтағандарыңа өте қуаныштымын. «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды жалғастырып, біз адам, табиғат , өзіміз туралы өте қызықты мәліметтер аламыз.


Бір-бірімізге қарайық. Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын.


Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!


Армысың, Әлем!


Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)


Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)


Армысың, менің досым!

9

«Жүректен жүрекке» шеңбері

Саяхатымыздың соңында қол ұстасып, бір-бірімізге күлімдей қарап, өз қуанышымызды мынадай сөздермен білдірейік.


Мына сұлу әлемде,


Адам өмір сүреді.


Үлкен менен кішіге,


Күн сәулесін төгеді.


– Күнге қол бұлғайық! Әрбір адам күннің көзіне қарап қуанады. Ол бізді өзінің нұрымен жылытады, біздің тезірек өсуімізге көмектеседі.


– Рақмет, балалар! Сау болыңдар!


Шаттық шеңбері

– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін саяхатымызда «Өзін-Өзі тану» әлемінде Махаббат періштесі бізге есімдер туралы әңгімелейді.


Сендердің барлығыңның есімдерің өте әдемі. Қандай есімдер екенін көрейік. Ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық, есімдерімізді дауыстап айтайық.


Тез тұра ғой, өтінем,


Кім болады есімің?

10

(Балалар есімдерін айтады да, тәрбиеші барлық балалардың есімдерін қайталайды.)


– Балалар, бүгін шынымен де сендердің есімдеріңнен көңілді шеңбер құрдық.


«Жүректен - жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!


– Бәріміз қол ұстасып, шын жүректен былай деп айтайық.

Есімімді сүйемін!


Оны аялай білемін!

(Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.)


– Балалар, рақмет! Сау болыңдар!


6 Шаттық шеңбері

– Балалар, мен сендерді – қыздар мен ұлдарды көргеніме өте қуаныштымын. Сендерді шын көңілмен шаттық шеңберіне шақырамын. Барлығымыз, қыздар мен ұлдар араласып тұрайық та, бір-бірімізбен амандасайық:


Жарқырап күнде ашылды,



Айналаға гүл шашылды

11

Қайырлы күн!


Біз нәзік қыздармыз!


Қайырлы күн!


Біз ержүрек ұлдармыз!


Тәрбиеші шеңбердің ішімен жүреді, бірде ұлға, бірде қызға кезек-кезек қарап айтады.


Қолдарын бір-біріне ұстатады.


Балалар бір-бірінің көздеріне қарайды да, күлімдейді.


7 Шаттық шеңбері


– Сәлеметсіңдер ме, қыздар мен ұлдар! Таңертеңнен бері мен қуаныш сезіміне бөленіп жүрмін, өйткені сендермен кездесуді асыға күттім. Ал сендер «Өзін-өзі тану» сабағына келе жатқанда қуандыңдар ма?


Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:


Кел, балалар, күлейік,


Күлкіменен түлейік.


Қабақ түйген не керек?

12

Көңілді боп жүрейік.


«Жүректен жүрекке» шеңбері


– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.


Кел, балалар, күлейік!


Күлкіменен түлейік!


Күлкі- көңіл ажары !


Күліп өмір сүрейік!


8 Шаттық шеңбері

– Қайырлы күн, қымбатты балалар! Бүгін мен сендерді ерекше көңіл-күймен қарсы алып тұрмын. Сендер үшін бір керемет әрі жақсы нәрсе жасағым келіп тұр.


Кәнеки, өзіміздің шаттық шеңберімізде тұрып, Махаббат періштесі сыйлаған «сиқырлы таяқшаны» бір-бірімізге бере отырып, жақсы сөздер мен игілікті тілектер айтайық. Осы таяқшаның көмегімен біз мейірімді сиқыршыға айналамыз. Балалар, мен өзімнің тілегімді бірінші айтайыншы:


Бақыт, шаттық тілеймін,


Ертемен барлық балаға.

13

− Ал енді мен Айдосқа «сиқырлы таяқшаны» берейін. Айдос, айта қойшы, сен достарыңа не тілегің келеді?


Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:


Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!


Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!


Мен бәріңе Мейірім тілеймін!


Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!


Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.


– Жарайсыңдар, балалар! Енді, достарың сендерге жақсы тілектер айтып жатқанда қандай күйде болғандарыңды айта қойыңдаршы?


(Балалардың жауаптары.)


− Рақмет! Біз сондай жақсы сөздер, жылы-жылы лебіздер естідік! Олардың бәрі орындалады, өйткені сендер доссыңдар және оның бәрін шын жүректен айттыңдар.






14

9 Шаттық шеңбері

– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қандай керемет таң! Бір-бірімізді көңілді әрі үлкен қуанышпен қарсы алу үшін мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Өйткені біздің шеңберімізге әрқашан да нағыз шынайы достар жиналады. Қол ұстасып, айтайық:


Ән салуға барамыз, (балалар шеңбер бойымен жүреді)


Досымызды табамыз. (жүріп келіп, тоқтайды)


Сәлемет пе! Міне, мен! (қолдарын екі жаққа сермейді)


Доспын енді сенімен. (бір-бірімен қол алысады)


«Жүректен-жүрекке» шеңбері


– Балалар, бір-бірімізге «Сау бол!» деп айтайық:


Кел балалар, күлейік!


Күлкіменен түлейік!


Қабақ түйген не керек?


Көңілді болып жүрейік.


Кел балалар, күлейік!

15

Күлкіменен түлейік!


Күлкі көңіл ашады,


Күліп өмір сүрейік!


– Рақмет, балалар! Сау болыңдар!


10 Шаттық шеңбері


– Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар! Мен сендерді тағатсыздана күттім және де кездескенім үшін сендермен қуанышымды бөліскім келеді:


Қайырымды жандар айнала,


Шеңберге келсін жайлана.


Жалықпастан қайта бiз,


Махаббат сөзін айтамыз.


Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда досымыз!


16


І Қимылды ойындар


Тақырыбы: Айдаһардың құйрығы

Мақсаты: Балалардың дене қимылдарын жетілдіре отырып бірлесе қимылдауға, ауызбіршілікке жетелеу.

Ойынға қатысушылар бірінің артынан бірі тізбектеле белдерінен ұстап тұрады. Ең бірінші тұрған адам –«айдаһардың басы». Ең соңғысы - «құйрығы» болады.

Ойын кезінде көңілді музыка қойылады. «Айдаһардың басы» ең күрделі жолдармен жүре отырып өз «құйрығын» ұстап алуға тырысады. Оның мақсаты – ұстап алу, «құйрықтың» мақсаты – ұстатпау, қайткенде де қашып құтылу. Егер «құйрық» ұсталып қалса, ол - «бас» болады. Ойын өз жалғасын табады.

ІІ Аз қимылды ойындар

Тақырыбы: Айна

Мақсаты: Баланың зейіні мен байқампаздығын әрі әр түрлі дене қимылдарын жетілдіру.

17

Әр бала – «айна» болады. Жүргізуші әр айнаға бір барып,

сол «айнаға» қарап, түрлі қимылдар жасайды. «Айна – бала» сол қимылдарды үлгіріп, әрі дәл қайталауы керек. Ең дұрыс «айна-бала» - жүргізуші болады. Ойын осылай қайталана береді.

ІІІ Логикалық ойындар

Тақырыбы: Балық, құс, аң

Мақсаты:

Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң»- деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып:

-Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.


18

Өзін-өзі тануға арналған ойындар


1 Тақырыбы: Жақсы сөз - жарым ырыс

Мақсаты: Баланың білетін бар жақсы сөздерін достарына айтқыздыра отырып, өзара сыйластыққа, достыққа жетелеу, әрі сөздік қорын молайту. Өзін-өзі тануға, өзінің тіл байлығын бағалауға үйрету. Баланың бойындағы ізгілікті ояту, түрткі болу.

Қатысушыларды шеңбер бойына отырғызамыз. Жүргізуші «жақсы сөздерді» айта отырып, қолындағы допты кез-келген балаға лақтыра салады. Допты алған бала дереу бір «жақсы сөзді» айтады да келесі балаға допты лақтырады. Жақсы сөздер тізбегі осылай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша айтылған сөздер қайталанбауы керек. Сөз таппай қалған, немесе қайталанған сөз айтқан қатысушы ойыннан шығады. Ойынның тағы бір ізгі шарты бар: ойыннан шығып


19

қалған баланы досы «жақсы сөз» сыйлап қайта кіргізе алады. Бірақ бір рет қана бұл мүмкіндікті пайдалана алады.


2 Тақырыбы: Мамандықтар таңдау

Мақсаты: Баланың мамандықтар туралы білімін кеңейте отырып, еңбек ету арқылы өз мақсатына жетуге болатындығын ұғындыру.

Ортаға әр түрлі мамандықтар аты жазылған қағаздар тасталынады. Әр бала бір-біреуден алады. Әркім өзіне тиесілі мамандық бойынша: шағын көрініс, тақпақ, қысқаша монолог, сипаттама т.б. жасап, мамандықты барынша дәріптейді, презентация жасайды. Ойын соңында «Ең жақсы презентация» марапатталады. Барлық қатысушыларды қамту мақсатында әр түрлі марапаттар ұйымдастыруға болады.



20

3 Тақырыбы: Мен кіммін?

Мақсаты: Баланың өз бойындағы қасиеттері мен қылықтарын таразылауға үйрету. Әрі ол арды жақсы, жаман деп жіктей білуге, ажыратуға үйрету. Әділ болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Әр бала параққа екі бейне салады. Біреуі: күліп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл бейненің жан-жағына тек қана өз бойындағы жақсы қасиеттерін жазады. Екінші сурет: қабағын түйіп, түнеріп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл суретке керісінше өз бойындағы өзіне ұнамайтын қылықтарын жазады. Ең соңында әр бала өз жұмысына өзі баға береді. «Шыншыл бала» атағы беріледі.


Мақал –мәтелдер

Адамгершілік


Адамгершілік болмай,

Әділдік болмас.

21

Адамның ұяты бетінде ,

Адамгершілігі ниетінде.


Жақсы ниет - жарым ырыс.


Асыңа тойғызбасаң да,

Ақ ниетіңе тойғыз.


Су бермегенге, сүт бер,

Ақ ниетіңді білсін.


Кең болсаң, кем болмайсың.


Қолы ашықтың, жолы ашық.

Игіліктің ерте, кеші жоқ.


Жүзігің алтын болғанша,

Жүзің жарқын болсын.

22

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің.


Иілген басты қылыш кеспес.


Кешірерсің кешерсің,

Жетілерсің жетерсің.


Алдыңа келсе атаңның құнын кешір.


Жүз сом ақшаң болғанша,

Жүз жолдасың болсын.


Жаман туғаның болғанша ,

Жақсы жолдасың болсын.




23

Досы көпті жау алдмайды,

Ақылы көпті дау алмайды



Жолдастың мыңын алма, бірін ал.


Дос бергенінің түсіне қарама.


Адам және оның қасиеттері туралы


Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.


Жақсы адам-елдің ырысы,

Жақсы жер-жанның тынысы.


Бір кісі мың кісіге олжа салар.


24

Адам аласы ішінде,

Мал аласы сыртында.


Ақ жүрген адам азбас.


Қошқар болар қозының

Маңдай жағы дөң келер,

Адам болар баланың

Етек-жеңі кең келер.


Адам жүрген жермен адам жүреді,

Біреу білмегенді, біреу біледі.


Аты-тоны бар кісіде,

Әзіретәлінің күші бар




25



кіріспе

«Өзін-өзі тану» пәні жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану – адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Ойшыл Сократ: «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» деген болатын, қазіргі біздің «Өзін-өзі тану» пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес. Бұл пән жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсысымыздың орнымыз ерекше.

Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты – адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-адамгершілік білім беру.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шаттық шеңбер

Автор: Ргебаева Жадыра Дидаровна

Дата: 03.11.2016

Номер свидетельства: 355132

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Шыршалы? к??ілді шатты? ше?бері"
    ["seo_title"] => string(39) "shyrshalyk-kon-ildi-shattyk-shien-bieri"
    ["file_id"] => string(6) "256863"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448216163"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "«Шатты? ше?бері» "
    ["seo_title"] => string(19) "shattyk-shien-bieri"
    ["file_id"] => string(6) "194225"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427737012"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Шаттық шеңбер" жинағы"
    ["seo_title"] => string(27) "shattyk_shien_bier_zhinag_y"
    ["file_id"] => string(6) "392210"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487173512"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Та?ырыбы: «Шатты? ше?бері»"
    ["seo_title"] => string(25) "takyrybyshattykshienbieri"
    ["file_id"] => string(6) "312403"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459339961"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Ше?бер мен шаршы "
    ["seo_title"] => string(23) "shien-bier-mien-sharshy"
    ["file_id"] => string(6) "159521"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421918108"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства