Просмотр содержимого документа
«"Менің Отаным Қазақстан" тәрбие сағаты»
1 қыркүйек Білім күні
Білім сабағының тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»
Білім күнінің мақсаты: «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде білім беру процесіне Мәңгілік Ел құндылықтарын әңгімелеу.
Білім күнінің идеологиялық және тәрбиелік мақсаты: қоғамда қазақстан дық патриотизмидеясын дамыту, Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтарды – тәуелсіздік, бейбітшілік пен келісімді нығайту. Еліміздің мемлекеттік нышандарына, дәстүрлеріне, тарихына, Қазақстан Республикасының Конституциясына деген мақтаныш сезімді ояту және оларға құрметпен қарау.
Білім күнінің оқытушылық және дамытушылық мақсаты: балалардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету.Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы түсінік беру, Қазақстан халқы бірлігін нығайтудағы олардың маңызын ашу.
Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаев – суреті Астана, Алматы қалаларының суреті, ел рәміздері, карта, тақырыптық фотосуреттер, нақыл сөздер, кітапшалар, шарлар, гүлдер.
Білім күнін өткізуге негіздеме:
Мемлекет басшысынң бес институтционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары;
«Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы;
Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 қаулысы);
Сабақтың өткізілетін кезеңдері: ( тақырыптық бөлімдері) 1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың алғы сөзі.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары.
3. Еңбексүйгіштік, адалдық пен білімділік – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары.
4. Қазақстан Республикасы картасындағы менің туған жерім.
5. Елімнің астанасы – Астана.
6. Туған жерімнің табиғаты.
7. Қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті.
8. Ғарышты игеру.
9. Салт-дәстүрлер.
10. Қазақ хандығына – 550 жыл.
11. Қазақ халқының ағартушылары.
12. Қазақстан Республикасының мейрамдары.
Өткізілу барысы
І Кіріспе.
Мұғалім: - Армысыздар, құрметті оқушылар! Бүгінгі «Менің Отаным - Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
2015 жылғы 1 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың атынан сыйлық – «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын тапсыру рәсімі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың алғы сөзі.
Қадірлі халқым!
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
«Нұлы жол – болашаққа бастар жол»;
«Қазақстандық ұлттық рухтың басты көзі – ортақ рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі халық бірлігі»;
«... біз үшін қазақстандықтарды рухани тұрғыдан күштірек, біртұтас және тағатты ету маңызды»;
«Ассамблея тарихы – біздің тұрақтылығымыздың тарихы»
Егемендігімен тәуелсіздігі жас мемлекетіміздің жаңа Конституциясын қабылдау оңай болған жоқ. Қазақстан үшін өндірістік қатынастардың жиынтығы болып табылатын экономикалық базисте, қатынастардың құқықтық негіздерін қайтадан қалыптастыру қажет болды. Сөйтіп Қазақстанда 1993 жылғы 28 қаңтарда құқықтық базаның іргетасы болып табылатын тұңғыш конституция қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
2015 жылғы атаулы даталардың бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл. Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Назарбаев «Конституция-бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы,әнұраны,елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заның, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті.
1 - оқушы
Көз қуанып күн сайын көркеміне,
Көңіліміз сенеді ертеңіне
Қазақстан – алып ел, төрі Астана,
Таңым ғана лайық ел төріне
2 - оқушы
Отаным - Қазақстан туған жерім,
Мұнаймен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз елбасына үлкен сенім
3 - оқушы
Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпен
4 - оқушы:
Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады
5 - оқушы:
Көк аспанда нұрлы күн
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға
6 - оқушы:
Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай!
7 - оқушы
Бұлт баспасын күнімді
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды -
Қасиетті борышым
Мұғалім:Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың алғы сөзі.
Қымбатты халқым!
Бақыт бағалай білгеннің ғана басында тұрады. Ең асыл қазынамыз – бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай білсек, барлық асулардан асамыз.
Мен халқымды Ассамблеяның алтын шаңырағын асқақтата түсуге үндеймін. Бірлік қағидасы – әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналсын! Жүрегімізде Ұлы Отан – Мәңгілік Елге деген махаббат оты маздасын! Баянды болашаққа бірге қадам басайық! Ырысымыз тасып, айбынымыз аса берсін! Алға, Қазақстан!
Сурет, фотосуреттермен жұмыс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары.
Еңбексүйгіштік, адалдық пен білімділік – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары.
Қазақстан Республикасы картасындағы менің туған жерім.
Елімнің астанасы – Астана.
Туған жерімнің табиғаты.
Қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті.
Ғарышты игеру.
Салт-дәстүрлер.
Қазақ хандығына – 550 жыл.
Қазақ халқының ағартушылары.
Қазақстан Республикасының мейрамдары.
Бейнетаспаны көрсету. Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы