үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын
өтеуге, еліміздің жақсы азаматы болып өсуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.
Барысы:
Психологиялық дайындық
Отбасы туралы пікірлері
« Сандық» стратегиясы туралы тапсырма
Отбасы дәстүрлері
«Менің туыстарым»
2. Отбасы туралы пікірлері:
8-қыркүйек - халықаралық отбасы күні. Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай:
Отбасы – отанымыздың ошағы.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай
көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған – туысқандарына
деген сүйіспеншіліктен басталады. "Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның
береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда
соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасында бір-біріне
туыстық жақындығы бар адамдар тұрады. Отбасы мүшелері: атасы, әжесі, әкесі, анасы
және балалары. Олар бір-бірімен тату тұрады, бір-біріне көмектеседі. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.
4. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата анасына)
5. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
7. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
Мұғалім: - Енді мына әңгімеге құлақ салайық: « Саябақта баласы мен әкесі серуендеп жүреді. Әкесі баласынан: - Балам, мынау ненің даусы? - деп сұрайды. - Ол құстың даусы, - деп жауап береді. Сәлден кейін әкесі тағы сұрайды. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі сұрағын тағы
да қайталағанда, баласы: - Ол - құс, құс! Өзім шаршап келе жатырғанда, неге сұрай бересің - деп баласы ренжіпті.
Сонда әкесі: - Балам, кішкене кезіңде жұмыстан шаршап келгенде сенің «Анау не? Мынау не? » деп
күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа сен ренжімесін деп үнемі жауап беретінмін» Мұғалім: 1. Әке баласына неге ренжіді? 2. Сен әкеңе не деп жауап берер едің? 3. Әкемді ренжітіп алған жоқпын ба деген ой мазалайды ма? Сонда отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі - әке. «Әке - асқар тау»
дейді халқымыз. Әке туралы мақал - мәтелдер айту. Енді зейінімізді бері аударып, мына бір әңгімеге назар аударайық: Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті: «- Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің
бәріңді тоғыз ай бойы абақтыға жауып қойса, одан соң аузыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа
таңып қойса, сол адамға не істер едің?» Болжау: Өз ойларын айтады. Талқылау жұмысы жүргізіледі. Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім. Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атар едім. Үшінші баласы: Оның мұрнын бұзар едім. Ал кенже баласы: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам,
ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жаратушы, жарық
дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, жарық дүние сыйладыңыз. Таза жатсын
деп ағаш бесікке бөледіңіз. Бұл жұмбақтың шешуі - ана.
4. « Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық
1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын, Ақылшың болса, апайың жақын. Алдыңа
тартқан, адал асын, Қимас жақын қарындасың.)
5. Не қымбат? ( Алтын ұяң Отан қымбат. Құт – береке атаң қымбат. Аймалайтын анаң
қымбат. Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)
5. Менің отбасымның дәстүрлері / оқушылардың пікірлері/
Балалар, естеріңе сақтаңдар!
Жұрттың бәрімен, әсіресе қартаң адамдармен қай жерде, қай уақытта болсын амандасып жүр. Денсаулығым жақсы болсын, десең, өзгелердің де саушылығын сұрап амандас.
Өзіңді, айнала қоршаған табиғатты сүй.
Өз бойыңдағы сараңдықты, жалқаулықты, тоқмейілдікті, екіжүзділікті, менмендіктіқой.Адамға сен, адамды сүй. Олар туралы өзің әділетсіз сөз айтпа.
Қарапайым бол!
Арақ ішпе, темекі тартпа.
Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланбаңыз.
Егер сіз дұрыс жасамасаңыз, кемшілігіңізді тез түзетуге тырысыңыз.
Қуанышты күндеріңізді жиі еске түсіріңіз.
Өзге адамдардың ой-пікірі мен талап-тілегіне түсіністікпен қараңыз.
Қорытынды. Жанұяның қуанышы - бала. Ал жанұяның бәйтерегі - ата, әже, әке, ана. Бала - одан тәлім - тәрбие, өнеге алушы ұрпақ.
«Жүректен жүрекке» шеңбері. Шеңберге тұрып, өз отбасыларының жақсы қасиеттері жайлы айтып, шеңбер ішімен жүрейік. Осындай айтылған жақсы тілектер сендердің отбасыларыңа дарысын. Отбасыларының шамшырағы болып жана беріңдер.