kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ара жор?а" ?ылыми ж?мыс.

Нажмите, чтобы узнать подробности

"?ара жор?а" биін бір мезгілде 13288 адам билеуіні? н?тижесіде Гинестер кітабына жазылып отыр.С?йтіп, ?лтты? ж?регіне жа?ын, ойна?ы таби?ат пен етене ?сем ?уен ?зіні? ?міршендігін к?рсетті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ара жор?а" ?ылыми ж?мыс.»

  1. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАРЫ

1.1.ҚАЗАҚ БИI

Қазақ би өнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. Бүгiнде бишiлер де, би ансамбльдерi де, би студиялары да жоқ емес баршылық. Бiрақ, кәсiби жеке бишiлерiмiз саусақпен санарлықтай. Менi көптен берi осы мәселе ойландырады. Бiздiң би әлi әлемге таныла қойған жоқ. Солай бола тұрса да қазақ биi ұлттық дәстүр, салтты танытатын ең бiр өнердiң тиiмдiсi. Ол халықтың табиғатында, болмыс, тiрлiгiнде әуелден бар. Қанымызға сiңiп қалған дүние. Сондықтан да болар би халықтың жүрек қалауы. Ол онымен бiрге жасап келедi. Әрине, тоқырау кезеңдерiнде .мәдениеттiң басқа салалары сияқты ұлттық дәстүрлi би өнерi де қиындықты бастан кешкенi белгiлi.

Бiр кездерi көптеген әлем халықтарының билерiн меңгерген «Салтанат», »Гүлдер», «Айгүл» сынды елiмiзге және одан да тысқары елдерге кеңiнен танымал ән-би ансамблдерiнiң беделi бәсеңсiп, көрермендермен жүздесуi саябырлап кеткенi ешкiмге жасырын емес. Оның үстiне, әсiресе, ежелгi қазақ биiне ерекше мән беру назардан тыс қалды. Халқымыздың тек өзiне ғана тән қазақ биi - әлем билерiнiң iшiндегi ең жасы десек те болады. Ол өзiнiң шарықтау шегiне әлi жете қойған жоқ. Бiрақ оның белгiлi бiр бөлiгi классикалық деңгейге көтерiлдi. Мәселен, халық биi «Қамажай», «Маусымжан», «Қаражорға», «Келiншек», «Айжан қыз» тәрiздi ұлтымыздың болмысын танытатын билер бiздiң мақтанышымыз емес пе. Бұл жайдан-жай көңiл жұбату үшiн айтылған жалған мақтан деуден аулақпын. Бiз тiлге тиек етiп отырған қазақ би өнерi бiрнеше дәуiрдi бастан кештi. Халқымыздың бұл өнерiнiң болашағы бүгiнде осы сала өнерпаздарын қатты толғандырып отыр десем қателесе қоймаспын. Оларды ойландырып, алаңдатып отырғанда ұлттық биiмiздiң философияға бай мағынасы, әсерлi де тартымды көрiнiстерi болса керек. Жалпы бiздiң елдiң би өнерiнiң мүмкiндiгi мен өрiсi өте зор әрi биiк. Демек жоғары дәрежеде өркен жаюына керемет қуатты күш бар.

Сайып келгенде, қазақ биi оның арқауы халықтың жан дүниесi, оның таным түсiнiгi, табиғатпен байланысы, оның философиясы. Мiне, осының бәрi кез келген бидiң құрылымынан, болмысынан айшықты көрiнiс тауып жататынына өз басым күмәнiм жоқ. Әрине, бұны былайғы қарапайым жұрт аңғара бермейдi. Қай өнер саласы болсын, оның бiз бiлмейтiн жақтары, өзiндiк сырлары, әдiс-тәсiлдерi болатынын ешкiм жоққа шығармайды. Билер де жақсылыққа, iзгiлiкке, әсемдiкке құрылатынын бiлемiз. Олар адамның бойындағы асыл қасиеттердi мадақтаудан тұрады десем қателесе қоймаспын.

Ендi бiр сәт қазақ биiнiң жүрiп өткен жолына үңiлсек оның аумалы-төкпелi, өрлеу мен тоқырау кезеңдерi аз болмапты. Бiрақ Шара сынды саңлақтың арқасында бiздiң биiмiз әлемдiк сахнаға азды-көптi шыққанын әсте жоққа шығаруға болмас. Осы дара тұлғаның еңбегiнiң нәтижесiнде қазақ биiнiң әр өрнегi халыққа жеттi. Ол өзiнiң түсiнiктi де тартымды, әсерлi де мәнерлi билерiмен сол өзi өмiр сүрген заманның талабын орындады, жүгiн көтердi. Сөйтiп, Шара апамыз қазақ би өнерiнiң қайталанбас жарық жұлдызына айналды десем менiмен бәрi келiсер.

4

Әрине, Шара Жиенқұлова, Дәурен Әбiров, Зауыр Райбаев, Болат Аюханов, Гүлжан Талпақова сынды бишiлер қалыптастырған салт та, дәстүр де қазақ биiнiң өзiне тән ерекшелiктердi бойына сақтаған әрi оны басқа елдердiң билерiмен салыстыруға әсте келмейдi. Қай жағынан алсаңыз да оның ұлттық иiрiмдерi, билеу мәнерi дараланып тұрады.

Себебi, бiздiң табиғатымыз даламен, еркiндiкпен, кеңдiкпен тiкелей байланысты. Қазақ оның төсiнде өскен төл баласы. Бұл қасиет оның өнерiне де тән құбылыс әрi заңдылық. Сондықтан да би өнерiнiң негiзi, қалыптасуы, тууы мiне осыдан бастау алып жатады. Бұған «Қазақ биi», «Айжан қыз», «Қаражорға», «Былқылдақ» сияқты ондаған ұлттық билерiмiз куә. Бұлардың денi классикалық өнер туындыларына, бишiлерiмiз үшiн би үлгiлерiне баяғыда-ақ айналып кеткен. Олар халық өмiрiн би тiлiмен баяндайды, соны мың бұралған әсем қимылдармен көрерменге жеткiзедi. Қазақ биiнiң түп төркiнiнде халықтың рухани таным түсiнiгiнiң жиынтық көрiнiсi жатқандай көрiнедi маған. Бiздiң ұлттық мәдениетiмiз оның iшiнде өзiмiз тiлге тиек етiп отырған би де елiмiздiң қоғамдық өмiрiнде орын алған өтпелi кезең кезiнде басқа өнер түрлерi тәрiздi бiраз қиыңдықтарды бастан кешiргенi рас. Бiрақ ол ертеден келе жатқан желiсiн үзiп алған жоқ, классикалық негiзiнен адасып, оны жоғалтқан жоқ. Өйткенi оның тамыры тереңде, халықтың санасында жатыр. «Қазақ биi кеңес дәуiрiнiң алғашқы жылдарында пайда болды», - деген жаңсақ пiкiрмен өз басым келiспеймiн. Сонда мыңдаған жылдық тарихы бар елде «би өнерi болмады» дегенге кiм сенедi. Әрине, кеңестiк дәуiрдiң кейбiр қоғамдық ағымының кесiрiнен қағажу көрiп, классикалық деңгейге көтерiле алмай қалды. Жаңа замандық әуеннiң көлеңкесiнде қалып қойды.

Шара апамыз көздiң қарашығындай сақтап, талмай, қажымай тiрнектеп жинаған iнжу-маржан дүниелерiн қайта жаңғыртып, тәуелсiз елдiң игiлiгiне айналдыру бүгiнгi бишiлерге парыз, әрi аманат.«Қазақ биiн классикалық деңгейге көтере алмадық» деп бiр кездерi өкiнгендерге ендi сол мақсатты жүзеге асырудың сәтi туды. Бiздi ендi ешкiм қолымыздан қақпайды. Әлемге қазақ биiн танытатын зор мүмкiндiктерге жол ашылды. Бұған дәлел АҚШ, Қытай, Жапония, Франция, Түркия елдерiнiң сахналарында өнер көрсетiп, ұлттық биiмiздiң айшықты өрнегiмен таңқалдырып жүрген таланттар. Шетелдiк көрермендер «мынау нағыз классикалық би ғой» деп тамсанғандарын бишiлерiмiз мақтаныш етiп айтып жүргендерiнiң талай рет куәсi болдық. Жателдiктердiң де көңiлiн аулап, сезiмiн баурап алған ең алдымен би өнерiмiздiң әрi мен нәрi, мағынасы мен мазмұны болса керек.

Қазақ билерi - көбiне-көп нақты белгiлi бiр тұрмыс - тiршiлiкке құрылады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады. Ол елдiң сән - салтанатын, жастардың махаббатын, ерлiгiн, елдiгiн, қайғы - мұңын, әл-қуатын дәлме-дәл сан мыңдаған қимылмен, қозғалыспен баяндап тұратын болғандықтан бишi сахнада оны бар шеберлiгiмен, бар жан тәнiмен жеткiзуге тырысатыны хақ. Хореографиялық бiлiм алған кәсiпқой бишi де бидi қойған кәсiпқой балетмейстер де жаңа дүниенiң сапасына бiрдей жауапты. Бишi «бидi әйтеуiр билеп шықсам болды» деп ойламай, бидiң көрiнiстiк әсерiнен гөрi оның iшкi айтайын деген табиғи сұлулығына көбiрек мән

5


берiп, халықтың назарын соған аударуға ден қойса, онда ол бишiнiң биi көңiлден

шықты деген сөз. Әр бидiң де адам сияқты өзiндiк ерекшелiгi, мiнез-құлқы бар екенiн бишi әсте естен шығармауы керек.

Мен бидi өнерiмiздiң бөлiнбес бiр бөлшегi деп қараймын. Ол сiз бен бiздiң бар өмiрiмiздiң қозғалыстарымен өрiлген көркем өрнегi, оның маңызы мен мазмұны сияқты болып көрiнедi. Сол себептен де ұлттық би қазынамыздың ортаймауын оның жаңа билермен толыға, байи түсуiн ойлайтын жанашыр жандар қанша ма? Олардың алғы шебiнде Шұғыла Сапарғалиқызы, Ақмарал Қайназарова сынды би өнерiнiң фонатиктерi тұр. Әрине, биде тiл жоқ, онда тек әдемi қимыл ғана бар.

Жалпы өнердiң бұл саласынан бiздiң сауатымыз шамалы. Көбiне-көп атүстi пiкiр айтып, бидiң тұла бойындағы көз iлеспес алуан түрлi бейнелi қимылдар қандай жайды меңзейдi, ненi айтқысы келедi. Бiрақ көрермен оған назар аударып, мән берiп жатпайды. Оған әйтеуiр ұнаса болды. Бұл жерде барлық көрермен осындай деуден аулақпыз, Көкiрек көзi көреген өнердiң жақсысын «жақсы», жаманын «жаман» деп айтатындар да бар. Өйткенi бiр бидi екi адам екi түрлi түсiнуi мүмкiн. Мәселен, қос бiлектiң ширатыла өрiлген қимылына, үзiлiп кеткелi тұрған белдiң нәзiк қозғалысына ғана сүйсiнiп, одан әрiге өресi жетпей жатқан жандарды да кiнәлауға болмайды. Зер салып, зерделеп қарасаңыз, кез келген би адамның жан дүниесiнiң сезiмi мен сыры iспеттi.

Осы жерде Шара апамыздың би туралы айтқан бiр әңгiмесiн еске алудың ретi келiп тұр. «Әлi есiмде, - деп бастап едi сөзiн көзiнiң тiрiсiнде бiр кездескенiмде, - театрда «Айман-Шолпан» пьесасын қоюға дайындық жүрiп жатқан шақ болатын. Бiрiншi күнi музыкасын тыңдап әзiрленiп жатқанбыз. Мұхаң, Мұхтар Әуезов менi оңаша шақырып алды да: - Шара, - дедi, - мынау қазақ халқы дарынды халық, өнерпаз халық, ән деген, күй деген мұра қалған. Ал бұл қазақ халқынан қалған биден саған мұра жоқтың қасы. Сен осы бидi қолыңа ал. Менiң байқауымша сенен бiр нәрсе шығатын түрi бар. Ал қай өнердi алсақ та, опера болсын, мына музыка театры болсын, оның бәрi бисiз болмайды. Осы «Айман-Шолпаннан» баста. Қандай би бар?..

- Мұха-ау, қандай би? Менiң билеп жүрген билерiм әр түрлi. Бұған қандай би лайықты екенiн өзiңiз айтыңыз. -Сен мынадан баста. Қазақтың мидай даласы... Көкпарды көрдiң бе? Бәйгенi көрдiң бе? Қаражорғаны көрдiң бе? - Е... көрдiм... - Мына аттың жорғасы, жәй жүрiсi, сылбыр жүрiсi, шабыс жүрiсi, осының бәрi би емес пе, би. Күйдi тыңдап көрдiң бе? Күй, қол өнерi, ағаш үйдiң өзi, ою, кiлем тоқу, өрмек тоқу, ши орау, осының бәрi қимыл, осының бәрiн ойлап, музыкасын тауып, күйiн тауып сәйкестiрсең би болып шығады. Ендi «Айман-Шолпанда» сен мына «Қоян биiнен» баста,-деп өтiнiш айтты. Сонымен екi қызбен қоян болып билеп, кейiнiрек «Қаражорғаны» билеп, би өнерiн бастадым, - деген едi сонда. Ұлттық би өнерiмiзге қамқоршы болған заңғар жазушының сол бiр көреген қасиетiнiң өмiршеңдiгiне бүгiнде көзiмiз жеткендей. Мұхаң айтқандардың бәрi қазақ биiнiң табиғатында бар десек ешкiм бiзбен дауласа қоймас. Ұлы тұлғалар негiзiн қалап кеткен ұлттық дәстүрлi би мектебiмiз де бар, тек оны өз халқымыздың дүние танымына сәйкес

6

туындылармен, ұлттық бояумен өрнектей бiлсек болғаны. Сонда ғана «осы қазақта би

болмаған», «би деп жүргендерi түсiнiксiз бiрдеңе» деген ұлттың намысына тиетiн қаңқу сөз тиылады.

Айтар ойға айқындама

Мұхтар Әуезов:

Бiздiң қазақ халқы дарынды, өнерпаз халық, ән, күй деген мұрамызда шек жоқ. Ал бұл қазақ халқынан қалған биден мұра өте аз. Жаңа ұрпақ осы бидi қолға алғаны жөн. Менiң байқауымша осы өнерге талпынып жүрген Шара сияқты жастар бар көрiнедi. Одан бiр нәрсе шығатын түрi бар. Ал қай өнердi алсақ та, опера болсын, музыка театры болсын, оның бәрi бисiз болмайды.

Қазақтың мидай даласы... Көкпарды көз алдыңызға елестетiп көрiңiз. Бәйгенi көрдiңiз бе? Жорғаның жүрiсiн көрдiң бе? Мiне, осының бәрi қимыл-қозғалыс. Аттың желiсi, жәй жүрiсi, сылбыр жүрiсi, шабыс жүрiсi осының бәрi би емес пе, би. Қазақтың күйiн тыңдап көрiңiз, қандай әуен иiрiмдерi, ырғақтар жатыр. Қол өнерi, ағаш үйдiң өзi, ою, кiлем тоқу, өрмек тоқу, ши орау, осының бәрi қимыл, осының бәрiн ойлап музыкасын тауып, күйiн тауып сәйкестiрсең би болып шығады.

Қазақстанның халық әртiсi

Гүлжан Талпақова:

Қазiр ұлттық бидi билейтiн бишiлер аз. Бұл - бiр. Екiншiден бұрын бишiлердi отыз сегiз жаста, ер адамдарды отыз тоғыз жаста зейнеткерлiкке шығаратын. Қазiр елу сегiз-алпыстар шамасында шығаратын болыпты. Бұл - мүлде дұрыс емес. Үшiншiден, бiздегi жақсы бишiлердiң барлығы шет мемлекеттерге кетiп жатыр. Кетпес үшiн талантты бишiлердi мемлекет барлық жағынан қамтамасыз етiп отыруы керек. Мәселен, жақсы бишiнiң жалақысы да жақсы болғаны дұрыс. Бiр қуанарлығы, талантты жастар көп шығып жатыр. Оның сексен пайызы қазақ балалары. Бiр ғана хореографиялық училищенiң өзiнде Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен келген балалар оқиды. Ендеше, теледидардан танымайтын әншiлердiң клиптерiн көрсете бергенше, сол балалардың өнерiн халыққа жеткiзбей ме!

Бишi

Шұғыла САПАРҒАЛИҚЫЗЫ:

– Елге келгендегi мақсатым – Астана мен Алматыда би мектептерiн ашу болатын. Өзiм үйренген би өнерiнiң құпия сырларын кейiнгi балаларға үйрету. Қазақ би өнерiн жоғары дәрежеге көтеруге ат салыссам деген арман бар көкiрегiмде. Көп адамдар қазақта би болмаған деген сөздердi шығарып алған. Қазақта би болмаған деген сөздi айту – бiз үшiн үлкен ұят iс. Өзiмiздегi бар нәрсенi қалай жоққа шығарамыз. Қайта жоғалтқанымызды тауып, жарыққа шығаруымыз керек емес пе? Би – қазақтың өзiмен бiрге өнiп-өскен, әлмисақтан келе жатқан өнер. Ол аспаннан салбырап түсе салған нәрсе емес. Қазақтың өзiнiң тұрмыс-тiршiлiгiнен туған өнер. Ән - музыка да солай ғой. Өмiрден алған әсерiңiзден, қуанышыңыздан, қайғы - күйiнiшiңiзден ән немесе

7

саз тумай ма? Композиторлар көңiлiнiң әуенiн - сазбен, ал ақын-жазушылар сөзбен бiлдiредi. Би де сол сияқты. Бiрақ мұндағы iшкi сезiмдердi бейнелеу құралы – қимыл-қозғалыс. Әрине, ойды тiлмен емес, қимылмен жеткiзу қиын нәрсе.

1.2. Қара жорға» биінің шығу тарихы

Өнер зерттеушілері бүгінде ұлттық мақтанышымызға айналып отырған «Қара жорға» («Буын биі») биінің тарихы XII ғасырдан әріден келетінін айтады. Негізінде «Қара жорға» күйдің аты еді. Бұл туралы ел ішінде аңыз-әңгіме бар.

…Ерте заманда өмір сүрген бір байдың тайпалған қара жорғасы болыпты. Әлгі жорға бәйгеден бәйге, жүлдеден жүлде қоймайды екен. Бір күні байдың қызы ұзатылып, әкесінен қалың малының өтеуіне қара жорғаны сұрайды. Бай жалғызының бетін қайтара алмай, тілегін орындайды. Қызын ұзатар алдында: «Жат жұртқа әкетіп барасың ғой, бір көріп қалайын. Қара жорғаны бір тайпалтып – жорғалатшы», деп өтініш жасайды. Қыз қара жорғаны ноқталы ұзын арқанмен қоя береді. Жануар үйреншікті жорғасына сала жөнелгенде, ноқтаға байланған ұзын арқан толқынданып атпен бірге жорғалап бара жатқандай болады. Әдемі көрініске куәгер болған бір күйші «Қара жорға» атты күй шығарыпты-мыс», -дейді аңыз әңгімеде. Жылдар өте келе күй ұлттық биге ұласты. Ал біздің дәуір биді әнге айналдырды. Бастапқыда күйдің әсерлі шыққандығы соншалықты, оны естіген адам қимылсыз қала алмаған. Көпшіліктің делебесін қоздырып, бірден үйіріп әкететін бұл бидің қазақтың немесе туысқан ұлттардың басқа билеріне ұқсамайтын өзіндік дара қасиеті – биді билеген кезде адамның барлық буындары дерлік қозғалысқа түседі.

«Қара жорға» биін бір мезгілде 13288 адам билеуінің нәтижесінде Гиннестер кітабы-на жазылып отыр. Сөйтіп, ұлттың жүрегіне жақын, ойнақы, табиғатпен етене әсем әуен өзінің өміршеңдігін көрсетті. Әр халықтың мәдениет бәсекелестігі белең алған қазіргі кезеңнің өзінде 1,5 миллиардтан астам халқы бар Қытайдың өзін таңдай қақтырып, ұлттық би деңгейіне көтерілді. Биді билеген адамның бүкіл сүйегі қимылдайтынын, денені шынықтыруда таптырмайтын тәсіл екендігін    түсінген олардың биге деген қызығушылығы арта түсуде. Қазір Алтай мен Шыңжан мектептерінде сабақ басталмас бұрын оқушылар «Қара жорға» биін билейді.

8

Бұл биді Қазақстанға 1995 жылы бүгінде 73 жасқа келген Арыстан қажы Шәдетұлы алып келген болатын. Кезінде тағдырдың жазуымен Қытай асып кеткен Зуқа қажының ұрпағы, ұлтжанды атамыз қазір Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Райымбек ауылының құрметті азаматы. Алтай асып Қытайға барған, Түркияға жетіп, әлемнің 56 елінде «Қара жорға» биін билеп, талайларды таңдай қақтырған, қазақты мойындатқан атамыз бұл биді әкесінен үйреніпті. Міне, бүгінде жетпістен асқан шағында да билеп жүр. Қарт адамға тән буын ауруы немесе ревматизм дегенді білмейді. Оған негізінен буын-буынды жаппай қозғайтын, жүйке жүйесін тыныштандыратын «Қара жорға» биі себеп болса керек.

Дәл қазіргі кезеңде қазақтың «Қара жорға» биіне деген елдің ықыласы ерекше. Өткен жылы      «Айқын» газетінің ақпан айындағы сандарының бірінде жарияланған журналист Ж.Дуанабайдың «Бүкіл қазақ «Қара жорға» билесін» атты мақаласы ел ішінде үлкен серпіліс туғызды. Еліміздің көптеген қалаларында кәрі-жасы бар жүздеген халық бір мезгілде «Қара жорға» биін билеп, ел рухын бір көтеріп тастады. Содан бері, міне, жалпы білім беретін орта мектептер мен балабақшаларда «Қара жорға биін» билеу қалыпты дәстүрге айналып келеді. Біздің аталмыш тақырыпта ғылыми жұмысымызға осы бір жағдайлар түрткі болған еді.

«Қара жорға» биінің басқа билерден айырмашылығы. Ертеректе халық күйі «Кеңестің» әуенімен «Киіз басу» биін ырғала билеу үйреншікті жайт болатын. Мектеп оқушыларының мың бұралып «Қамажайды» билеуі міндетті секілді көрінетін. «Әнші балапан» өрендерінің көпшілігі үндіше киініп, үнді биін билейді. Негізінде қазақ биінің әрбір қимылында тұтас ұлттық бейне қалыптастырудың нәзік жолы жатыр. Үнді биінің ең кемі 72 қимылын меңгерген биші өзінің сол халықтың ұлттық дәстүрін бойына сіңіргенін байқамай да қалады екен. Грузин халқының «Лезгинка» биінде санаулы ғана қимылдар екі-үш рет қайталанады. «Қара жорға» буын биінде адам өз икеміне қарай барлық буындарды қозғау арқылы әр түрлі қимылдарды көрсете алады. Адам денесінде сүйектердің қозғалысын бір-бірімен байланыстыратын 230 буын бар. Би билегенде осы буындардың барлығы бірдей қозғалысқа түседі. Буын биінің қозғалыстарында арнайы ат жоқ. Адам өз икеміне қарай барлық буындарын қатты бүгу арқылы түрлі қимыл жасауы қажет. Ең бастысы,

9



белгілі бір ырғақты қайталамайды, қолымен ауаға ою-өрнек салғандай билейді.

Бишілер арнайы орын талғамайды, үлкен-кіші, кәрі-жас араласа билейді, қимылдар кез келген жерде орындала береді.

Би ырғағының адам денсаулығына пайдасы. Би кезінде қолдың шынтақ буынын бүге ұстау, тізе буынын, аяқты бүгу арқылы қозғалысқа келтіру жұмыс істеу қабілетін арттырып, бұлшық еттерді қатайтады. Иық буынын алға-артқа еңкейтіп, шалқайту арқылы теңіз толқыны тәрізді қимыл жасау омыртқа жотасының буындарына оң әсерін тигізеді. Би кезінде жоғары-төмен, алға-артқа қозғалу жауырын қақпақтарының жұмысын реттейді. Әдетте буындардың сырқырауы буын қозғалысының аздығынан болады. Буын арасындағы сұйықтың сарысуға айналуынан сақтайды. Тұздың жиналуына жол бермей, бұлшық еттерді қатайтады. Омыртқа буындарының ауыруынан сақтап, жүрек соғысын реттейді, қан айналымының жақсаруына да пайдасы зор. Кәсіби бишілердің пікіріне қарағанда, «Қара жорға» биінің денсаулыққа тигізер әсері де мол көрінеді. Яғни, ол бидің әрбір қимылы-дене шынықтыру жаттығуы іспетті. Оны билеген балалар өздерін сергек сезініп, сабаққа деген ынтасы да артады екен. Бір қызығы, бұл әуенге қытайлықтар қызығушылық танытып, зерттеп көріпті. Сөйтіп, бидің денсаулыққа пайдасы барын байқайды. Бұл

10

биді билеген адамның бүкіл сүйегі қимылдайды, яғни денені шынықтыру үшін таптырмайтын тәсіл. Жанға жағымды, тәнге пайдалы. Қазір Алтай мен Шыңжан мектептерінде сабақ осы «Қара жорғамен» басталатын болған.

Ендеше балалар, сендер де ұлттық биіміз-«Қара жорғаны» үйреніп алып, әрдайым билеп жүргендерің абзал. Осы биді билеу арқылы сендердің буындарыңа қан жүгіріп, денелерің шынығады. Өйткені, «Қара жорға»-би ғана емес, нағыз спорт түрі. Біз «Қара жорға» буын биі – қазақтың мақтанышы» тақырыбындағы осы ғылыми жұмысты жазу барысында, бидің өзіндік ұлттық ерекшеліктерінің, өзге ұлт билерінен артықшылықтарын ашып көрсетуге тырыстық.

«Қара жорға» биі осы аттас күй негізінде өмірге келіп, уақыт өте келе әнге айналғаны белгілі. «Қара жорға» мәтіні түпнұсқасының авторы Ержанат Байқабайұлы екендігі белгілі. Десек те, қазір аталмыш би мен әнді орындауға деген мектеп оқушыларының құлшынысы өте жоғары екендігі белгілі. Бірақ ән мәтіні мектеп жасындағы (әсіресе бастауыш сынып оқушыларының) балалардың айтуына, түсінігіне сай емес. Сондықтан біз осынау ғылыми жұмысты жазу ба­рысында балаларға арналған ән мәтінін өмірге әкелуді құп көрдік. Еңбегіміз еш кеткен жоқ. Мектеп оқушыларына арнап жазылған алты шумақтық мәтіні көпшіліктің қолдауына ие болуда. Алдағы уақытта жаңа ән мәтінін мектеп әкімшілігінің қарауына ұсынып, кезекті байқаулардың бірінде қорғап шығу да ойымызда бар.

2.ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛДАУЫ.



2.1.

Қара жорға - қазақ ұлттық би түрі.

Қара жорға – біртұтас желіге құрылған, бірнеше бөлімнен тұратын, берік композициялы, нағыз буын биі. Қара жорға – қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ бұл биді шаруадан қолы босаған кездерінде тамашалайтын болған. Ол үшін бір қарулы мығым жігітті ортаға қара жорға ретінде шығарып, атқа ұқсатып төрт аяқтатып тұрғызып қоятын. Сонан кейін биді жақсы билей алатын бір бозбаланы ортаға шығарып, қол соғатын. Домбырашы дәстүрлі “Қара жорға” би әуенін тарта бастағанда биші атқа, яки қара жорғаға билей жүріп

11

жақындап, алдымен аттың кекілін, құлағын, жалын сипап барып ноқта, сонан соң жүген са­лу рәсімін жасайды. Бұдан кейін арқасын, сауырын сипап жүріп, атты зерттеуге кіріседі. Мұ­ның бәрі би арқылы орындалады. Ышпек, тоқым-ер са­лып, құйысқандауға келгенде ат үркіп, теппек болып мінез көр­сетеді. Ат ерт­теліп болғаннан кейін, биші жігіт атты айнала көпшіліктің алдында буын биінің небір нәзік қимылдарын жасап, өнерін көрсетуге барын салады.

Осыдан кейін бидің ең шарықтау шегіне, әсем де, қызғылықты сатысына куә боласыз. Бишіміз ерттеулі аттың төрт аяғын тағалау жосынын жасап, неше түрлі қимыл-әрекетке толы би ырғағына басады да, “Қара жорғасына” қарғып мініп, атүсті қозғалысының ең күрделі де әсем қимылын көрсете бастайды. Аттың қолтығына аяқтарын өткізіп алып, шалқайып, еңкейіп, оңға-солға аунай аттың бауырына түсе билеп, жұртты қыран-топан күлкі қызығына батырады. Егер қонақтар арасында жас би­шілер болса, олар да биге қосы­лып, ойын көрігін қыздыра түседі.

Қара жорға биі сонымен бірге малшы қазақ жаз жайлауға шығып, қымыз бен бағлан етіне тойынған шағында кәдімгі ат үстінде билейтін, бүгінгі акробаттарша өнер сайысына тү­сетін ойын-тамашаның гүліне айналатын.

Қара жорға биінің шығу тарихы тым ерте заманға мең­зейді. Ежелгі Ғұн, Үйсін, Қаң­лы, Найман-Керей хандықтары тұсында атты әскерлер ұзақ жорықтарда жүргенде үзіліс­терде алқа-қотан тұра қалып, жаппай би билейтіні, ол бидің “Жылқы биі” (“Ма у) деп аталатыны жөнінде ертедегі қытай жазбаларында сақтал­ған.

Қара жорға биін тек қа­зақтар ғана билемейді. Оны өз әуендерімен, өз аспаптарында моңғол малшылары да билейді. Қазақтың “Қара жорғасына” ұқсайтын қимыл-қозғалыстары да бар. Тұтастай алғанда, “Қара жорға” биі – қазақтар мен моңғолдарға ортақ өнер деп қараудан қашқақтаудың еш жөні жоқ.

Қара жорға биін Қазақстанға алғаш әкеліп таныстырған Арыстан ақсақал былай деп еді: Қара жорға – ұлтымыздың таза болмысын бейне­лейтін төл өнеріміз. Оны балет, не болмаса Еуропаның басқа билерімен салыстыруға, немесе оларға еліктеуге әсте болмайды. Ол секіріп, шоршып жү­ріп секеңдеп билейтін жеңіл, дарақы би емес. Аты айтып тұрғандай, қазақтың қоңыр табиғатына бейім өз өмірінің айнасы, сондықтан да келсін-келмесін бұзып билеу­шілерге еш келіспеймін. Тіпті бұзғысы келіп бара жатса Қара жор­ғада

12

несі бар? Басқа би жасап, секіріп ырши берсін. Ал және де айтарым, оны ән тү­рінде емес, би түрінде қабылдауымыз керек. Қара жорға биі халықтың қара жорғаға арнап шығарған күйі негізінде қалыптасқан”.

Белгілі суретші Әубәкір Исмаилов «қазақ биінің жәдігерлік табиғатын» жасағанда жаугерлік, аңшылық, бүркіт-қоян секілді бейнелік және ортеке, бақсы сынды өзге халықтардың рухына орай қойылған басқа да билері болғаны жайында жазған. Қазақтардың тұратын аймағына байланысты би стильдері де қалыптасыпты. Мысалы, қарағандылық, жетісулық, батысқазақстандық және шыңжаң-ұйғырлары мен монғол билері.

Суретші қоюшы-режиссер, «Дауылпаз», «Отыз би», «Қылыш би», «Қара жорға», «Құсбегі» секілді тұрмыстық билерді қоюшы-балетмейстер ретінде де өзінің аса шебер дарын иесі екенін дәлелдеді. Исмаиловтың өзі де осы билерді шебер орындайтын буыны жоқ биші болған. Ол ұршықша үйіріліп билеген кезде, тамашалап тұрғандар оның темпераментіне қайран қалатын. Қазақ биін қайнар көзінен жақсы білетін ол, халық биіне арнап тұтастай костюмдер галереясын жасап шыққан. Ол эскиздер белгілі қазақ хореографы, Қазақстанның еңбегі сіңген артисі Д. Әбіровтің «Қазақтың халық биі» атты кітабында жарияланды.

Исмаиловқа бүгінгі «Қара жорға» биінің өмірге қайта келуіне үлес қосқаны үшін алғыс білдіруіміз керек. Оның бұл би қимылдары жайындағы алғашқы эскиздері осы күнге дейін сақталған. Онда бүгінгі «Қара жорғаның» барлық бояулары мен қимылдары дәл беріледі. «Бұл биде жаугерлік пен сайқымазақтық, жұмсақ тербеліс пен жылдамдық көрініс тапқан», дейді суретшінің өзі.
«Қара жорғаның» алғашқы эскиздерін Әубәкір Исмаилов Петропавл қаласындағы Қазкоммуна көркемөнерпаздар интернатының жетекшісі Ақтай Мамановтан алып жасайды. Бидің кейбір жекелеген элементтерін халықтық орындаушы Дүйсенбектің қимылынан алады.Сол 1928 жылы Әубәкір Исмаилов өзінің досы суретші Шегебековпен бірге, «Қара жорға» биін Петропавлдың мәдениет сарайында орындайды. Өзінің жазбаларында ол Бижыбай Ысқақ пен Доскей Әлімбек секілді буыны жоқ асқан бишілердің өнері жайында да тамсана жазады.
Исмаилов «Қара жорғаның» бірнеше түрі барын айтқан. «Қос жорға», «Еркек жорға» секілді түрлері шығыс аймақтарда биленіпті. Ал бұл биді Каспий аймағындағылар «Шайтанкөк» деп атаса керек.

13


«Қара жорға» шілдеханаларда билейтін би дегенді ашқан да осы – Исмаилов. Бұл шынында да, үлкен жаңалық еді. Көшпелілер баланы қырқынан шығарған кезде осы биді билеп, жас сәбиді көшіп-қонып жүретін халықтың тұрмысымен таныстырады екен. «Бидің жігерлі қимылдары балаға өмірде тек алға ұмтылатын бағытты нұсқап, оның бесіктегі сәбиге берер тәрбиелік, жігерлілік қасиетіне халық аса мән беретін болған» дейді суретші. «Тек алға!» - көшпелілер биінің арқауы осыған құрылған.
Суретші «Құсбегі», қыздар биі - «Айжан қыз», «Насыбайшы» билерінің алғашқы эскиздерін жасады.

Өнерлі де, ізденімпаз халықпыз. Оған ешкімнің дауы жоқ. Жақсыны көрсек үйреніп, жаманды көрсек жиренуді ұрпағымызға уағыздап келеміз. Әйтсе де соңғы жылдар үрдісінде жастарымыздың жартылай-жалаңаш шетел билеріне үйірсектегені де жасырын емес. Осы кезде ұмытылып барып, қайта жанған «Қара жорға» биі ұл-қыздарымызды өзінің әсем қозғалысымен, өзгеше өрнегімен бірден баурап алып, өмірімізге дендеп енді. Қазір бұл бисіз ешбір шара, той-томалақ өтпейді десек асыра айтақандық емес.

Ал күні бүгінге дейін маңғол-қытай “еншілеп алған” биіміз ұлтымызға тән өнер екенін осы күні тағы да бір дәлелдеді.

Бүгінде өшкеніміз жанып, өлгеніміз қайта тірілген заман болды. Кешегі кеңес дәуірінің кезінде барымыздан көз алдымызда айырылып, асылдарымызды жоғалттық. Қаншама байлығымызды «берсең қолыңнан, бермесең, жолыңнан» деген заманды ата-бабаларымыз бастан өткерді. Халқымыздың даналығын, тектілігін хан талапай етіп ойрандады. Соның кесірінен халқымыздың біршамасы бас сауғалап, көршілес елдер арқылы шетке кетті.

Өз жерімізде өзіміз асылдарымызды атай алмай, еңбектерін оқытпай, білмей (Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, т.б.) талай жәдігерімізді ұмыт қалдырдық. Тілден ақсап, домбыра ұстағанды ар санаған кездер де өтті бір уақыттарда. Тік сөйлеп, өтірік айтпайтын халықты бас амандығы үшін өтірік айтуға, екі жүзділікке үйретті ].

Халқымыз тұрмыс-салтындағы дәстүрлерімізді ұмыттырып, ұлттық ойындарымызға тиым салды. Осының бәрі халықтың рухани байлығына нұқсан келтірді.
Әйтеуір жаңа заман жарқырап, Тәуелсіздік туымен бірге елге жаңа леп келді. Алғашында қуануға да қорқа қарап сақ жүрсек те, келе-келе түзеліп келе жатқан көш керуеннің оң аяқ алысына, халықтың көзі ашылып, жастардың беті имандылыққа бұрып, елдің еңсесі көтерілді. Елбасының саясатымен дағдарыстан да өттік. Бүгінгі біздің Қазақ елін, оның алғашқы президенті Н.Ә.Назарбаевты әлем таныды. Осының әсері ме, халық желпінді, көк туымыз шет елдерде талай мәрте самғады. Алда да талай қуаныштар күтеміз. Осындай сәт туғанда өлгеніміз қайта тірілді демей не дейміз.

14
Тек, біз сол өзіміздікін тани алмай қалып жүрген кезіміз де бар. Осындай қуанышты

күндерді өзімізге қайта келген өнердің ішіндегі бірегейі, би өнерінің түп-тамыры «Қара жорға» биі.

Тарихта ондаған ғасыр бойы Еуразия даласының шығысы мен батысына дейінгі ұлан-ғайыр кең даланы атының тұяғымен дүбірлетіп, домбыра мен қобыз үндерімен күмбірлеткені белгілі. Көшпенділер тарихының арбасын алға сүйреушілер, шығыс пен батыстың, оңтүстік пен терістіктің мәдениет алмасуының дәнекері болғандар. Арғы тарихта мәдениет көшпенділердің көш жолымен, жорық жолымен таралды. Ат та, ат әбзелі де, арба да, қола да, ауы бітеу шалбар да, ұзын қоныш өкшелі етік те, алғашқы ән, күй, би, аңыз әдебиет те, тотем де, тағы осы сияқты сансыз мәдениет үлгілері көшпенділердің көші мен жойқын жорығы арқасында жан-жаққа тарап отырады.
Олардың өріс-қоныстарында мәдениет іздерінің жіпұштары қалып отырады. Солардың бірі әрі бірегейі көшпелілердің биі болатын.
Би – адамзат мәдениетіндегі әрі қарапайым, әрі сырлы құбылыс. Оның тамыры терең, мазмұны тұңғиық, оған әр халықтың наным-сенімі, арман-тілегі, эстетикасы, мінез-құлқы, болмыс-бітімі, жан сезімі сияқтылар сіңірілген.
Әр ұлттардың ән, күй, билерін қалай парқын ажыратып, тани алуға болады? Әрбір ұлттың түрлі-түрлі биі болғанымен, оның ең басты арқауы бір, яғни бір түп ағаштың тамыры мен бұтағы жан-жаққа шашырай біткенімен, алайда діңі бір, жапырағы ұқсас болады ғой.
Өнер де солай. Қазақ биінің де, корей биінің де, ұйғыр биінің де, тибет биінің де тарихи қалыптасқан үлгісі, арқауы бар, сол арқылы танымы зерек халық өзінің табиғатын, мінез-құлқын таниды.

Өткен өмір тарихын сөзбен емес, ән-жырмен өрнектеп кеткен халқымызды «Қаратаудың басынан көш келеді» деген жыр шумақтары бар. Қазіргі Қазақ елінде оңтүстіктегі Қаратаудың қойнауында да неше түрлі сыр шежіре тұнып тұр. Көшпенділер мұндай бірнеше тауларды өріс-қоныс еткен. Біз сөз еткелі отырған Қаратау қазіргі Қытайдың орта жазығынан батыс өңірге немесе Тәңіртау алабына енетін, қазақтың ата-бабалары тарихта мекен еткен жаз жайлау, қыс қыстауында Тарым мен Тәңіртаудың шығысындағы, арғы тарихта сақтар, нүзлер (нүкіс), үйсіндер, ғұндар бірінен соң бірі көшіп-қонып мекендеген байырғы көшпенділер мекені – Қаратау.

Осы байырғы көшпенділер қонысынан өткен ғасырдың 70-жылдары Қытай мамандары көптеген петроглифті байқап зерттей бастады. Қытайдың көптеген ғалымдарын өзіне баурағаны осы петроглифтер ішінде ерекше әсем де жанды бейнеленген топтың би көріністері болды.

Қаратау петроглифтерін суретті тасқа егеп-қашап салу тәсіліне қарай ғалымдар 3 топқа бөлген.Ал бұл билерге қазақтың көзімен қарағанда, олардың қазіргі қазақтың
«қара жорға» биінің арғы төркіні көрген жерден тануға

15

болады.(сурет−4,cурет−5,сурет−6,сурет-7,сурет-8,).Ондағы суреттердегі бидің Тарым айналасындағы ұйғырлардың да, Қиыр Шығыстағы Корейлердің де, орта жазықтағы байырғы қытайлардың да билеріне ұқсамайтындығы бірден аңғарылады.Аяқ- қол, денеқимылдарының барығы түгелдей «қара жорға» биімен бірдей.
Соның ең көнесі жанго заманынан хан династиясы дәуіріне (б.з.б. 475 ж. -б.з. 220 ж.) дейінгі сақтардың, үйсіндердің немесе ғұндардың туындылары деп тұжырымдайды. Ал
Қаратау петроглифтеріндегі топтың би көріністерінің салыну уақытын бағалауда, оның егеп салынуына ғана негізделінбеген, сонымен бірге суретте бейнеленген түрлі мәдениет үлгілеріне де ден қойылған. Бұндағы ең басты дерек – би билеген адамдардың басындағы шошақ бас киімі мен оның төбесіне тағылған үкі. Кезінде хан династиясы және одан бұрынғы дәуірде ғұндардың басында тағатын үкілер болған .

Бұлардан басқа Тарымның шығысындағы байырғы сақ молаларында да бас киімімге

құс қауырсынын қадаған адам сүйектері табылған.


Бұндай үкі тағу казірге дейін біздің халқымызда көбірек қолданылады. Ұлттық киімге,(баскиім)киімге,бесікке,тақияға,т.б.
Бұл суреттегі билер қай жағынан қараса да киім кию, аяқ, қол, дене қимылдары бәрі де, Қазақтың «Қара жорға» биін екені даусыз. «Қара жорға» биі тұтас қазақ биінің арғы жүлдесі, алтын арқауы деуімізге әбден негіз бар. Ол адамзат биінің ішіндегі де

16

ең ерте дамытылған би үлгілерінің бірі деп сеніммен айтуға болады.












































16


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"?ара жор?а" ?ылыми ж?мыс.

Автор: Джолдыбаева Дания Айм?хан?ызы

Дата: 14.09.2016

Номер свидетельства: 343704

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "ашы? саба?. "Асхана" "
    ["seo_title"] => string(19) "ashyk-sabak-askhana"
    ["file_id"] => string(6) "178604"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424860039"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства