Просмотр содержимого документа
«Инновационный модель профессиональной деятельности школьного библиотекаря »
«Октябрь мектеп – балабақша кешені» КММ
«Мектеп кітапханашысының кәсіптік
қызметіндегі инновациялық моделі»
2014-2015 оқу жылы
Мектептің әдістемелік тақырыбы:
Оқу – тәрбие үрдісін жаңа технологиялар негізінде жетілдіру және шығармашыл тұлға қалыптастыру
Мектептің тәрбиелік тақырыбы:
Жеке тұлға бағытталған рухани адамгершілікті, мәдениетті жоғары тұлға тәрбиелеу.
Кітапхананың тақырыбы:
Адамгершілігі, рухани дамуы, мәдениеті жоғары және заман талабына сай жеке тұлға тәрбиелеу
Мақсаты:
Білім беру процесі субъектілерінде білім сапасын арттыру
Міндеттері: 1. Оқырман мәдениетін қалыптастыру 2.Оқырман қажеттілігін анықтау 3.Ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету
Жұмыс бағыттары: Оқырман мәдениетін қалыптастыру
Кітапхана- библиографиялық сауаттылықты қалыптастыру
Оқырман қажеттілігін анықтау
Ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету
Еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріндегі түбірлі өзгерістер кітапханалар алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды. Қазіргі заманғы кітапханалардың дамуы көптеген құрамдас бөліктерден құралады – қаржыландыру деңгейінен, техникалық қамсыздануынан, ұжымның шығармашылық және кәсіби құрамынан. Кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бойынша шаралардың жаңа түрлерін іздестіру қажеттігін жақсы түсінеді. Шынайы кітапханаға айналу мен желінің виртуалды ресурстарына айналу таңдауы тұрған жағдайда кітапхана бұрынғы мызғымас принциптерін қайта қарастыра отырып өзгеруі қажет. Жаңа ақпараттық ортаның технологиялық реалийлері кітапхана жұмысының түбегейлі өзгерісіне алып келеді.
Жетістікке жетуіне әсер ететін факторлар:
Білім берудің жіктелуі және даралануы;
Білім берудің үйлесімділігі, топтамалы болуы, жүйелілігі;
Білім беру әдістері мен түрлерінің реттілігі, жүйелілігі және варияциялы болуы;
Қойылатын талаптың бірыңғай болуы, білім берудегі сабақтастық;
Білім берудің кітапханадағы жұмыс тәжірибесімен байланысы;
Кітапханашылардың оқуға деген когнитивті дайындығы;
Оқу барысында кітапханашылардың саналы, белсенді, шығармашылық ынтамен қарауы;
Үнемі оқу үрдісін түзету.
Мектеп кітапханасының кәсіптік қызметіндегі инновациялық моделі
«Көшбасшы» жетекшілік клубы
«Дарын» шығармашылық клубы
«Шеберлікке жету»
кітапханалық сынып
Мектеп кітапхансының кәсіптік қызметіндегі инновациялық моделі
Ауылдықдеңгей
Аудандықдеңгей
Ғылыми-зерттеу қызметі
Әдістемелік қызметті автоматтандыру
Әлеуметтік технологиялар ды қолдану
Кәсіби-дамыған ортаны қалыптастыру
Кітапханасының кәсіптік қызметіндегі инновациялық моделі, бұл модел 4 бағытқа негізделеді:
Ғылыми-зерттеу қызметі
Әдістемелік қызметті автоматтандыру
Кәсіби дамушы ортаны қалыптастыру
Әлеуметтік технологияларды қолдану
Берілген модел мекен-жайлық бағыты білім берудің екі деңгейін қарастырады: аудандық деңгей және ауылдық деңгей. Базистік блок әрбір деңгейде мамандандырылған кәсіби оқу бірлестіктерінің қызметі үшін қолайлы жағдай жасайды: “Шеберлікке жету” кітапханалық сынып, “Дарын” шығармашылық клубы, “Көшбасшы” жетекшілер клубы.
1. Ғылыми-зерттеу қызметі
1.1. Әлемдік қауымдастық жинақтаған, кітапханашыларға үздіксіз білім беру бойынша кәсіби маңызы бар жетістіктерді тереңдете зерттеу және қолдану 1.2. Кітапханада мониторинг жүргізу
1.3. Кәсіби білім алуда жүрдек-сауалнама, сауалнама жүргізу.
1.4. Оқу үрдісінің әдісіне инновациялық компоненттерді енгізу мақсатында әдістемелік жобаларды, бағдарламаларды, үлгілерді және т.б. жасау.
2. Әдістемелік қызметті автоматтандыру
2.1. Кітапханада іскер электронды досьені жетілдіру: кітапханалардың жан-жақты мінезедемесі
2.2. Жаңа идеялардың, бағдарламалардың және жобалардың автоматтандырылған банкін құру және қолдану: аймақтық, аудандық, облыстық
2.3. “Кітапханалық істегі жаңартпалар” Марк – SQL
2.4. Интернет желісмен жұмыс ,Web-бет әзірлеу және құру
3. Кәсіби дамушы ортаның қалыптасуы
3.1.Профильді әдебиеттің жалғасушы басылымдарымен дәстүрлі және электронды түрде қамтамасыз ету
3.2. Қосымша кітапханалық білім берудің қазіргі заманғы бағдарламаларын алу (барлық кезең)
3.3.Білім беру сипатты кітапханалық өнім жасау және басып шығару: кітапхана жұмысына көмекші құралдар, ақпараттық-талдау материалдары, сценарий материадарының жинағы (барлық кезең)
3.4.Отандық және шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу арқылы инновациялық- әдістемелік бөлімнің қорын әдістемелік мазмұнды жаңа
4. Әлеуметтік технологияларды қолдану
4.1.Паблик рилейшнз (PR) (барлық кезең) “Кәсіпкер” мамандарға үздіксіз кітапханалық білім беру Орталығының әдістемелік қызметі туралы ақпаратты БАҚ арқылы тарату
4.2.Әлеуметтік серіктестік (барлық кезең) Оқу мекемелерімен, мәдениет мекемелерімен және басқа да құрылымдармен серіктестік және келісімдік қарым- қатынас орнату.
Аудандық деңгей
Ғылыми-зерттеу қызметі
Әдістемелік қызметті автоматтандыру
Кәсіби-дамыған ортаны қалыптастыру
Әлеуметтік технологияларды қолдану
Бағдарламаны жүзеге асыру құрылымы
Бағдарламаның әрбір деңгейі орындалу мерзімі мен орындаушыларға байланысты және қойылған мақсаттарға жетуге, бағдарламалық міндеттерді шешуге бағытталған жүйелі шараларды әзірлеп, жасайды.
Кәсіби бірлестіктердің қызметі
«Шеберлікке жету” кітапханалық сынып
“Дарын” шығармашылық клубы
“Көшбасшы” жетекшілік клубы
“Жетістікке жету” кітапханалық сынып
Мақсаты: Кітапханашыларды кәсіби қызмет түрлерін орындауға қажетті бастапқы және қосымша білім мен біліктілікке үйрету.
Міндеттері: Халыққа кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруда теориялық білім мен тәжірибелік біліктілікке қол жеткізу. Негізгі кітапханалық технологиялық үрдістерді игеру Кітапханашылардың өздігінен білім алуы мен өзін жетілдіруін ынталандыру. Білім берудің түрлері мен әдістері: Лекциялар (лекция-сұхбаттар), практикалық тапсырмалар, іскер ойындар, «Шебер- клас» (шығармашылық зертхана), тестілеу. Сабақ беру қортындысы бойынша тест-сынақ алынады.
Тыңдаушылардың кітапхана функциялары мен міндеттерін айқын түсінуі, кітапханалардың түрлі бағыттағы жұмысымен танысуы білім беру қортындысына айналуы керек.
«Дарын» шығармашылық клубы
Қызметінің өзектілігі: жаңа батыл ойларды алға тартып, оларды жарыққа шығара алатын белсенді шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға арналған. Мақсаты: Кітапхана қызметкерің шығармашылық әлеуетін кітапхана ісін қайта құрудың маңызды бөлшегі ретінде дамыту
Міндеттері: Жаңашыл – кітапханалар базасының негізінде кітапханалық инновациялық тәжірибені трансляциялау үшін өндірістік-тәжірбиелік оқу шеберханаларын, зертханаларды, шебер-кластарын құру.
“Көшбасшы” жетекшілер клубы
Қандай да болмасын кітапхана жұмысының жетістігі көбінесе менеджменттің әсерлі болуына байланысты.
Мақсаты: Кітапханада жетекшінің әлеуетін көтеріп, олардың басқармашылық құзіретін өсіру және шығармашылық сапасын дамыту. Міндеттері: Кітапхана ісінің қазіргі заманғы түрлері мен жетекшілік жасау әдістерін зерттеу Жетекшінің көшбасшылық сапасын
Бағдарламаны жүзеге асырудағы күтілетін нәтиже:
кітапхана қызметкерлерінің зияткерлік және кәсіби деңгейін жетілдіру
Компьютерлік технологияларды кітапхана тәжірибесінде оқуға тарту және кітаптың әсерлі жарнамасын жасау мақсатында қолдануды жеделдету.
Кітапханалық инноватиканы қазіргі кітапханалық ортаға жедел тарату
Кітапханалық мамандық беделінің өсуі кітапхана ұйымдастырушы-әдістемелік орталық ретіндегі маңызының және қоғамдық мәртебесінің жоғарылауы