А?паратты? коммуникативтік технологияларын о?у іс - ?рекетінде ?олдану
А?паратты? коммуникативтік технологияларын о?у іс - ?рекетінде ?олдану
Болаша?та елімізді? б?гінгідей н?рлы болуына апаратын жол тек білімде ?ана. ?ркениетті елдер ?атарында ?зіндік орын алуда оны? білім ж?йесіні? де?гейіне, даму ба?ытына байланысты.Елбасы Н.?.Назарбаевты? жолдауында айтыл?андай: бізді? ?о?амымыз дамуды? жа?а кезе?і-а?паратты? кезе?ге толы?тай к?шіп келеді, б?л кезе?, компьютерлік техника мен о?ан байланысты барлы? а?паратты? коммуникациялы? технологиялар педагог ?ызметіні? барлы? саласына кірігіп,оны? таби?и ортасына айналып отыр. ?азіргі кезде білім ке?істігін заман?а сай а?паратты? технологияларсыз елестету м?мкін емес.Жа?а а?паратты? коммуникациялы? технологияны пайдалану; білім мазм?ныны? заман талабына сай болуына, балаларды? болаша?та ?ажетті білімді, толы?ымен алуына ?здігімен ме?геруіне, ?зін-?зі ба?алай алуына, ?з к?шіне сенімділікті? болуына ба?ыттайды» -делінген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«А?паратты? коммуникативтік технологияларын о?у іс - ?рекетінде ?олдану»
Қазақстан Респулбикасының білім және ғылым министрлігі
Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылы
МКҚК«Бәйтерек» балабақшасы
Педагогикалық оқуға
Баяндама
ТАҚЫРЫБЫ:
«Ақпараттық – комуникативтік технологиялары арқылы бала қабілеттерін дамыту»
Дайындаған: Тәрбиеші Амреева Г.И.
2015-2016 оқу жылы
Ақпараттық – комуникативтік технологиялары арқылы бала қабілеттерін дамыту.
Болашақта еліміздің бүгінгідей нұрлы болуына апаратын жол тек білімде ғана. Өркениетті елдер қатарында өзіндік орын алуда оның білім жүйесінің деңгейіне , даму бағытына байланысты.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында айтылғандай: біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі-ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді, бұл кезең, компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагог қызметінің барлық саласына кірігіп,оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі кезде білім кеңістігін заманға сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес.Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану; білім мазмұнының заман талабына сай болуына, балалардың болашақта қажетті білімді, толығымен алуына өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды» -делінген.
Осыған сүйене отырып, алға қойған мақсатым: Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, балалардың тілін дамытуға негіз боларлық тиімді технологияларды іздестіру және жетілдіру. «Бұл технологияның қандай тиімді жолдары бар және оны оқу іс –әрекетінде қалай тиімді қолданамыз?»деген сұрақ туындауы да мумкін.
Оқытудың бұл түрінде балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар, слайд шоу, видео, электронды ойындар, электронды көрнекіліктер, электронды ойыншықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.
Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады.Өйткені , балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге , ойыншықтарға ,әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық құрал электронды оқулықтар бала үшінде, тәрбиеші үшінде күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсат баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімнің сапалы болуына жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту процесінде кеңінен пайдаланады. Түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда. Баланың жас ерекшелігіне және пайдаланатын компьютерлік бағдарламаларға сай интерактивті тақта ойындағы баланың бағдарлаушы (әңгімелеуші), жаттықтырушы, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін. Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға арналған пайдаланатын компьютерлік құралдар бар: олар қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау, т.б. Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы (түс, графика, дыбыс, замануи видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады. Мультимедиалық бағдарламаларға еңгізілген ойын компоненттері үйренушінің таңымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді. Оқытуда пайдаланатын интерактивті құралдар: тақта, компьютерлер балаларды диагностикалауда жақсы көмекші болып келеді:
Зейінің дамытуда
Есте сақтау қабілетін дамытуда
Ойлау қабілетін дамытуда
Тілін
Жеке тұлғасың дамытуда
Оқу іс - әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда
Осы технология бойынша жұмыс барысындағы өз тәжірибемді баяндаймын.Оқу іс –әрекет барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айтсақ, сын тұрғысынан ойлау, ойын, дамыта оқыту технологияларының элементтерін т.б. Мен үшін әрбір оқу іс – әрекетінде жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір оқу іс – әрекетінде озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін.
Ойын бала үшін – нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса,балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Сондықтан әр оқу іс – әрекетінде әр түрлі дидактикалық ойындар ойнаудың маңызы зор. Жоғарыда айтылғандардың нәтижесін шығара келе, айта кетейік: оқу іс - әрекеті алдын-ала дайындалған болу керек, сонда ғана материалдар жылдам түсіндіріледі. Интерактивтік тақтада бір уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т.б. соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана оқу іс -әрекеті қойылған мақсатына жетеді; Оқу іс – әрекет барысында пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер балалардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс,білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.
Бала қабілеттерін дамытуға арналған ойын түрлерін ұсынамын.
Зейін – бұл қабылдаудың әлдебір нысанға талғамды бағыттылығы. Оған көлем, тұрақтылық, назар салу, басқаға аударушылық және бөлушілік сияқты бірқатар қасиеттер тән. Зейінсіз есте сақтау, ойлау мүмкін емес.
Есте сақтау - Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл – ой әзірлігін бағалаудағы маңызды белгілердің бірі оның есте сақтау қабілетін дамыту болып табылады. Сондықтан балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға көп көңіл бөлу керек.
Кеңістік-уақыттық түсініктер сәбидің қоршаған ортада дұрыс бағыт – бағдарға ие болуы үшін қажетті жағдай, сол себепті де олар баланың қоршаған ортамен қарым –қатынасында үлкен рөл ойнайды.
Ойлау - Мектеп жасына дейінгі балаларға көрнекі – бейнелі ойлау түрі тән, бұл кезде олар тікелей затқа емес, сол заттың бейнесі туралы түсінікке сүйене отырып, ойлау әрекеттерін жасайды.
Мектеп жасына дейінгі білім берудің маңызды тұстарының нрафикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Бұл міндетті шешуде бір ғана процесс пен қимылдарпды ойланбастан қайталай беру емес, саналы және мақсатты түрдегі іс – қимылдарға мән беру керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік – танымдық іс – әрекет пен қоршаған болмыстың заттары мен құбылыстарына қызығушылықтың белсенді дамуы жүріп жатыр. Сондықтан баланы қоршаған ортамен таныстыру дүниенің біртұтас бейнесін қалыптастыруға ғана емес, сондай – ақ адам дүниенің бір бөлігі екенін ұғындыру.
Пішін мен көлем, цифрлар мен сандар туралы қарапайым математикалық түсініктердің қалыптасуы сәбидің мектепке дейінгі білім алудың барлық кезеңдерінде толыққанды дамуының маңызды шарты болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды сауат ашу негіздеріне оқыту барысында тіл, оның дыбыстық жағын оқып – үйрену мақсат болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен тіл дамыту жұмыстары мынандай бағыттарда жүргізіледі: сөздік қорын байыту, тілдің грамматикалық құрылысы мен оның орамдылығын қалыптастыру, тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу, тілін дамыту мен қатар ойлау және ойша елестету дағдылары дамиды.
Қорыта келгенде, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
“Оқыту тәрбиелеу технологиясы ” журналы
«Білім кілті» журналы
2. «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова «Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі»
3. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.