Алғабас ОЖББ мектебі
Утеков А.Ш
9 сынып жетекшісі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәмәздері
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерін оқып, үйрену,
рәміздердің әрбір белгісін түсіндіру, мағынасын ашу, суреттей білуге үйрету.
Балалардың өз Отанына деген сенімдері мен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Өткізу әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ассоциациялау
Көрнекі құралдар: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздері, презентация слайттары.
Сабақ барысы:
Мұғалім сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар Бүгінгі өткелі отырған «Биік, сенің мәртебең, рәміздерім!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, Қазақстан Республикасының әнұранынан бастайық.
Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
- Балалар, өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалған екен?жылдар сөйлейді айдары Слайдттар.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті сайланды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекет болып жарияланды.
1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жариялады.
1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойды.
1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
1994 жылы 30 маусымда тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері Талғат Мусабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды.1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбайұлының
150 жасқа толған мерейтойы дүниежүзілік көлемде аталып өтілді.
1995 жылдың 28 қаңтарында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды.
1996 жылы 30 тамызда жаңа «Қазақстан Конституциясына» 1 жыл толды. Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.
1997 жылы 10 қазан Астана Ақмола болып жарияланды.1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.
2000 жыл «Мәдениетті қолдау» жылы болды.
2001 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.
2002 жыл «Денсаулық» жылы болып жарияланды.
2003 жыл «Ресейдің Қазақстандағы жылы» болып жарияланды.2003-2005 жыл «Ауыл жылдары» болып жарияланды 2006 жылы «Қазақстанда Пушкин, Ресейде Абай жылы» болып жарияланды.
2008 жылы «Украинадағы Қазақстан жылы» болып жарияланды.2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті.
2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті.
2011 жылы 30.01 – 05.02“Азида – 2011” өтті.
2011 жылы 3 сәуір Президент сайлауы өтті.
2011 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы тойланды.
2012 жылы 15 қаңтарда депуттар сайлауы өтті.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қорғауға, қадірлеуге, сүюге тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан – жерім, Отан – суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді, - демекші, еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болуы үшін біз туған жерімізді, туған елімізді, оның символдарын құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
Ән «Алға, қазақ жігіттері».
- Ендеше Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, егемендігін көрсететін ерекше құнды белгілер.
- Көгілдір аспан түстес – туымыз бар, айбынды – елтаңбамыз және мағыналы - әнұранымыз бар.
- Еліміздің туы мен елтаңбасы 1992 жылы 4-маусымда, ал әнұран 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған жарлық бойынша мемлекеттік рәміздер болып бекітілді.
Ту туралы баяндайды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті.
Тудың көгілдір түсі ашық аспанды еске түсіреді.Ашық аспан бейбітшіліктің,аманшылықтың, белгісі болған.
Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі-байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туындағы дала қыраны-ның бейнесі –қазақстандықтардың еркіндігінің,тәуелсіздігінің, бос-
тандығының, жомарттығы мен қырағылығының нышаны.
Өрнек-белгілі дәуірдің өзіне тән қолтаңбасы,ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші.
Ту 1992 жылы бекітілді. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.
Ол 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
«Біздің ту» Жибек
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашан да,
Биікке іліп қояды.
Жанатындай өзі отта,
Жалын шарпып бетіңді.
Туымыз да қазақша
Сөйлеп тұрған секілді.
Туымызға жас тұнған,
Бір қарамай өтпейміз,
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз
Елтаңба туралы баяндайды.
Елтаңбаның негізгі арқауы болып тұрған-шаңырақ.
Шаңырақ-киіз үйдің күмбезі.Ол күн бейнесін, уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елесте-теді.Елтаңбадағы тұлпар бейнесі-дала Пырағы, оның ғажайып шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздік-ке,бостандыққа жетелейді.
Елтаңбаның маңдайшасына бебұрышты жұлдыз –таңмен бірге туатын Шолпан жұлды-зының белгісі. Халқымыздың
“Бағымыз ашылып, жұлдызы
мыз жарқырай берсін”деген асыл арманынан туған.
Елтаңбаның төменгі бөлі-гінде-ел аты “Қазақстан” деген жазу бар. Қазақстан Елтаңбасы 1992 жылы қабылданды. Авторы: Жандарбек Мәлібекұлы,
Шот-Аман Уәлиханов.
Жандарбек Мәлібекұлы 1924 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген.
Шот-Аман Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген. Бұлар атақты сәлетшілер.
«Елтаңба»
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй,
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі,
Мұнда да бар ерлігім,
мұндада бар жер күші.
Әнұран туралы баяндайды.
Әнұранның сөзің жазған Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқов.
Ән: «Елтаңбасы елімнің».