Просмотр содержимого документа
«Іс шара "Ойнайы? та, ойланайы?!" »
Интеллектуалдық
ойын
Ойнайық та, ойланайық!
Мақсаты:
Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете білуге үйрету.
топтарды
таныстыру
“Ұшқыр ой”
“Жыл он екі ай”
“Кім тапқыр?”
“Тіл өнер” сайысы
“Бояуға кім шебер?”
Географиялық карта
“Ойлан тап”
“Құпия сандық”
“Сын сағаты”
Қорытынды
«Сұңқар» тобына:
Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі.(түбір)
Жалқы есімдер қалай жазылады?Неге?(бас әріппен)
Сын есімнің сұрақтары.(қандай? қай?)
«Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді?(нешінші?)
Әдемісөзіне жуық мәндес сөзді ата.(сұлу, көркем)
Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?(сұрақ белгісі)
«Тұлпар» тобына:
Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?
(2: жуан, жіңішке)
Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады?(етістік)
Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?(жұрнақ)
Батырсөзіне жуық мәндес сөзді ата.
(ер, қаһарман)
Жалпы есімдер қалай жазылады?(кіші әріппен)
Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?(нүкте)
«Болашақ» тобына:
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
(3: қатаң, ұяң, үнді)
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады?
(жалғау)
Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс.
( у )
Зат есім дегеніміз не?
(заттың атын білдіреді)
Сан есімнің сұрақтары.
(қанша? неше? нешінші?)
Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата.
(биік)
“ Жыл он екі ай”
3
1
2
6
5
4
7
8
9
10
12
11
Кім тапқыр?
БОЛАШАҚ
ҚАЗАҚСТАН
БАСТАУЫШ
Тіл өнер
1.Жұт . . . . . . . . ағайынды.
( жеті- семь- seven)
2. Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
( қалам- ручка-pen)
3. Екі қолға . . . . . күрек.
( бір- один-one)
4. Отыз тістен шыққан сөз- неше рулы елге жайылады?
( отыз- тридцат-soty)
5. . . . . . . . . теңгең болғанша,
. . . . . . . досың болсын
( жүз-сто- one handred)
6. Айдағаны . . . . . . ешкі ысқырығы жер жарар
(бес-пять- five)
7. Алты қырлы, алты сырлы.
( Қарындаш- карандаш- pensl)
8. Ел құлағы нешеу?
( елу- пятьдесят- fivty)
9. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама.
( кітап- книга-book)
10. Білекті . . . . . . .. жығар,
Білімді мыңды жығар.
(бір-один-one)
Бояуға кім шебер?
Географиялық карта
1.Әлемнің жеті кереметін ата.
2. Қазақстандағы ежелгі мәдениет ескерткіштерін ата.
3. Көкжиек тұстарын немен анықтаймыз?
4. Карта дегеніміз не?
5. Көкжиек дегеніміз не?
6. Картада жазықтар қандай түспен белгіленеді?
7. Жер бетінің ең биік жерлерін не деп атаймыз?
8. Тау жыныстарының бұзылуына нелер әсер етеді?
9.Түсті металға нелер жатады?
Ойлан тап!
Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Сонда олар неше адам?
Бір бала бар. Оның аты Айдын. Айдынның бір әпкесі бар. Әпкесінің бір інісі бар. Айдынның әпкесінің інісінің аты кім болуы мүмкін?
Қоян, түлкі, аю үшеуіне үш түстегі жалауша жасалып берілді. Олар –қызыл, сары және көк түсті. Қоянның жалаушасы қызыл емес, түлкінікі қызыл да, көк те емес. Сонда кімде қандай түсті жалауша бар?
Құпия сандық
Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп.
(аяз)
Жолбарыстан аумайды, Тышқандарды аулайды .
Әттең, даусым, тілім жоқ, Құшағымда білім көп.
Қалқиып екі құлағы, Елеңдеп, қорқып тұрады .
Жұқа тақтай бөлшегі, Ұзындықтың өлшемі.
Жеп көріп ем өзім мен, Жас шығарды көзімнен.
Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық.
Бірін-бірі қоштаған, Бір үйден көрдім, Қырық екі дос-жаран.
Бұлаңдаған құйрығы, Бір алдарлық қулығы.
Сын сағаты
Сен өте асығыссың,
себебі сабаққа үлге-руің қажет.
Көшеде бала жетек-теп келе жатқан қа-рияны қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққаннан жылап жіберді. Сен не істейсің?
Сабақта 2 алып қалдыңдар. Оған ұстазың да, анаң да қатты ренжіді. Сол ренішті қалай өтер едіңдер?
Мектепке жаңа доп алып келдің. Ойнап жүріп досың добыңды жарып қойды. Не істейсіңдер? Үйлеріңе не айтасыңдар?
Қорытындылау
Жеңімпазды құттықтау
1. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?
2. 120 минут неше сағатқа тең?
3. 2 жылда неше ай бар?
4. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?
5. Бір жұмыртқа 5 минут піседі. Бес жұмыртқа неше минутта піседі.
6. Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?
7. Жамбыл Жабаев қанша жыл өмір сүрген?
8. Жұмбақты шеш:
Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.Жапырақтың бір жағы ақ
Бір жағы қара
9. 5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болған. Қазір Ержан неше жаста?
Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?(барлық айда)
120 минут неше сағатқа тең? (2 сағат)
2 жылда неше ай бар? (24 ай)
Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады? (2 сағаттан)
Бір жұмыртқа 5 минут піседі. Бес жұмыртқа неше минутта піседі.
Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?
Жамбыл Жабаев қанша жыл өмір сүрген? (100 жыл – 1 ғасыр)
Жұмбақты шеш:
Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ
Бір жағы қара (жыл, ай, күн мен түн)
5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болған. Қазір Ержан неше жаста? (8 жаста)