kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Поурочное планирование по казахской литературе в 5-классе

Нажмите, чтобы узнать подробности

оооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооо ооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооо оооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооо ооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооо ооооооооооооооооо

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Поурочное планирование по казахской литературе в 5-классе »

Сабақтың тақырыбы: Жарты жылдық бақылау.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Қазақ ауыз әдебиеті турлерін, Тұрмыс-салт жырлардан алған білімдерін тексеру.

Ә)дамытушылық: Іздену арқылы оқушылардың ойлану қабілеттерін дамыту.

Б)тәрбиелік: Қазақтың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау әдісі, ойлану

Сабақтың көрнекілігі: тест сауалдары.

Жұмыс формалары: топтық

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі: сынып оқушыларын тексеріп.Өзара ұйымдастырып алу.

2.Үй тапсырмасы: тексеру,бағалау.

3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Тест сауалдары оқушыларға тарату сыныптан тыныштық талап ету.

Жарты жылдық материялдан алған білімдерін тексеру, әр оқушыны біліміне назар аудару.

Сабақты қорытындылау: Тұрмыс-салт жырларға нелер жатады? Наурыз мейрамы туралы не айтасың? Қай мезгілде тойланады? Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні неде? Отан,Өнер туралы мақалдар айтып беріңдер. Жаңылтпашпен мақал-мәтелдердің айырмашылығы? Өзара салыстырыңдар.Ертегілердің тәрбиелік мәні неде?

Үй тапсырмасы: Қайталау.

Бағалау: оқушылардың жұмыстарын.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.



Сабақтың тақырыбы: Қазақтың аңыз-әңгімелері.

Сабақтың мақсаты: А)білімділік: Аңыз-әңгімелер туралы оқушыларға түсініктеме беру.Білімдерін толықтыру арқылы шығармашылық қасиеттерін дамытып, әңгімелердің тақырыптары туралы түсінік беру.

Ә)дамытушылық: Оқу арқылы тез ойлану, тез жауап беру қабілетін дамыту.

Б)тәрбиелік: Адамгершілік, имангершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа

Сабақтың әдісі мен тәсілдері: Әңгімелеу, баяндау.сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе.

Жұмыс формалары:топтық

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты тексеріп тыныштық талап ету.

2.Үй тапсырмасы: тексеру,бағалау.

3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Аңыз әңгімелер –бұл қазақ халқының ауыз әдебиетінің бір түрі. Аңыз өмірде болған адамның іс-әрекетіне байланысты туған. Кейде аңызда өмірде болмаған адамның іс-әрекетіне байланысты. Қиял –ғажайып оқиғалар араласып келеді.

Сөздік. Өмірде болған адам-человек который жил

Іс-әрекет-действие

Байланысты туған-рождаются в связи

Кейде-иногда

Бұл жағынан-с этой стороны

Ертегіге ұқсайды-похоже на сказку

Айырмасы-разница

Сұрақтар.

1.Аңыздар қалай туады.

2.Аңыздар ертегіге ұқсай ма?

3.Аңыздың ертегіден айырмасы қандай?

Тапсырмалар.

1.Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыстап айтыңдар.

2.диалог.

3.Мына сөздерді пайдаланып ,сөйлем құраңдар.

4.Сөздер мен сөз тіркестерін, қазақ тіліне аударыңдар.

5.Мәтіннен «айырмашылық» сөзінің антонимін табыңдар.

6.Өздерін білетін аңыздар туралы айтып беріңдер.

Қожанасырдың тойға баруы.

Түсіндірмелі сөздік.

Елемеу-көзге ілмеу, керек қылмау.

Сұрақтар.

1.Қожанасыр қайда барды?

2.Той иесі не себептен Қожанасырға назар аудармады?

3.Қожанасыр не істеді?

4. Той иесі Қожаға не деді?

5.Қожанасыр не деп жауап берді?

Сабақты қорытындылау: Қожанасыр кімдерді жақтады? Қандай адам болған?

Үй тапсырмасы: Қожанасырдың тойға бару. Әңгімені оқып, талдаңдар.

Бағалау: оқушылар білімін.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.











Сабақтың тақырыбы: «Түлкі мен ешкі » ертегісі.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ертегілерінің бірі «түлкі мен ешкі» ертегісі туралы түсінік беру.

Ә)дамытушылық: Ертегі тыңдау арқылы оқушылардың шығармашылық,ойлау қабілеттерін дамыту.

Б)тәрбиелік: Ертегідегі кейіпкерлер мінезі туралы түсінік бере отырып,төрт-түлікті аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіріп,баяндау,әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Түлкі мен ешкі суреті, сөздіктер

Жұмыс түрлері:топтық,жұптық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: сынып оқушыларын тексеру,түгендеу

2.Үй тапсырмасы: тексеру,бағалау

3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Жаңа сөздер:

Абайсызда-внезапно

Терең апаңға-в глубокую яму

Түсіп кетті-упал

Неге тұрсың-почему стоишь

Жаным жай тауып тұр-душа ликует

Салқын-прохладно

Шөлдедім-сильно хотел пить

Тұп-тұнық су-прозрачная вода «чистая вода»

Секіріп үстіне мінеді-вскакивает,прыгает на него

Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртып,мағынасын ашу.

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетеді.Апаннан шыға алмайды. Бір кезде су іздеп жүрген ешкі түлкіні көріп:

-Ей, түлкі батыр неге тұрсың?-депті

-Ой не қыласың,жаным жай тауып тұр.Қырда әлі шөлдеп,ыстықтадым.Ал апанның іші салқын.Түбінде тұп-тұнық суы бар екен –депті.

Ешкі: «мен де салқындаймын, әрі су ішейін» деп ойлап,апанға секіріп түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мінеді.Одан мүйізіне шығады. Одан ырғып далаға шығады,жөніне кетіпті.

«Өтірікке алдаңба, басың бәлеге душар болар» деген осыдан шығады.

Бұл ертегі кім туралы айтылған?

Қандай кейіпкерлер бар? Ешкі кімнің сөзіне алданып қалады:

Не себептен?

Оқушылар білімін тексеру,сұрақтар қою арқылы ойларын жинақтау.

Тапсырмалар:

1.Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыстап айтыңдар.

2.Мәтінді дұрыстап түсініп оқыңдар.

3.Орыс халқында осы ертегіге ұқсас ертегі бар ма?

4.Мәтіннен нақыл сөздерді тауып,көшіріп жаз.

5.Қазақ тіліне аударыңдар.

6.Ертегі кейіпкерлері кімдер?

7.Кейіпкерлерге сипаттама беріңдер.

8.Түлкінің ешкіні алдаған жерін тауып оқыңдар.

9.Бұл ертегі ертегінің қай түріне жатады?

10.Жоспарға сүйене отырып,ертегінің мазмұнын өз сөздеріңмен айтыңдар.

1.Түлкінің апанға түсіп кетуі.

2.Ешкінің апандағы түлкіні көруі

3.Түлкінің өтірік айтуы.

4.Ешкінің алданып қалуы.

Оқушылар сіздер қандай мақал-мәтелдер білесіздер?

Жолдас болсаң қуға,

Басыңды салар дауға.

12.жұмбақты шешіңдер?

Бұлаңдаған құйрығы.

Бір алдарлық қулығы.

Сабақты қорытындылау: Түлкі апанға не себептен түсті? Түлкінің мінезі қандай? Ешкіге сипаттама бер? Кластер әдісін қолдану.

Үй тапсырмасы: Түлкі мен ешкі ертегісін оқып,мазмұнын айту,мақал-мәтелдер жаттап келу.Тақырыбы: Қулық туралы. Түлкі мінезін өмірде бар адамдармен салыстырып,сипаттама беріңдер.

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды .

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.






















Сабақтың тақырыбы: «Қаңбақ шал» ертегісі.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Ертегідегі кейіпкерлер мінезі туралы сипаттама бере отырып, тәрбиелік мәнін ашу,өмірде бар адамдар мінезімен салыстырып, оқушылар білімін дамыту.

Ә)дамытушылық: Оқу арқылы оқушылардың сана-сезімдік,шапшаңдық ,шығармашылық,тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Б)тәрбиелік: Қазақ халқының ертетегілерге деген тәрбиелік сезімдерін күшейту.Адамгершілк,имангершілк қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа

Сабақтың әдіс-тәсілдері:мәнерлеп оқып, әңгімелеп айту

Сабақтың көрнекілігі: Қаңбақ шалдың суреттері. Сөздіктер.

Жұмыс түрлері:топтық

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі: сынып оқушыларын түгендеп,тексеру.

2.Үй тапсырмасы:тексеру,бағалау

3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Жаңа сабақ: «Қаңбақ шал» ертегісі.

Қазақ халқының ертегілерінің көп нұсқалы түрі бар.Солардың бірі Қаңбақ шал ертегісіндегі Шалдың бейнесі суреттеледі. Ертегілер ерте заманда дүниеге келіп,әр оқушы назарын өз әңгімесімен назар аудартады.Ертеде әжелеріміз ертегі айтар кезде былай бастайтын еді:

Бар екенде,жоқ екен,

Ертек-ертек ерте екен.

Ешкілері бөрте екен,

Құйрықтары ұзын екен,

Бұрын-бұрын да ,баяғы заманда бір Қаңбақ шал болыпты....-деп.

Қаңбақ шал дейтініміз өзі кішкентай ған,жел болса ұшып кетуге дайын.Өзі кедей,күнде тіршілк қамын табу үшін балық аулайды екен.Бірақ балықтарын қу түлкі жеп кетеді. Бір күні шал жүктерін арқалап, жолға шығады. Шал шаршағасын алған тағымдарын жерді қазып, сол жерге көміп кетеді.Женілденген шал ұшуға даяр. Жүріп келе жатып бір дәуға кез болады. Дәу шалға айтады: Кел күш сынасайық?-депті.

Шал өзінің қулығымен дәуді жеңіп шығады.

Кластер әдісін құрастыру.

Сөздік:

Балық аулап күн көріпті-кормил себя ловлей рыб

Жел соқса-когда дует ветер

Домалайды-катился

Көшеді-на другое место

Айран-кефир

Дәу-великан

Күш сынасайық-померяемся силой

Сасады-растеряется

Сұрақтар.

1.Қаңбақ шал қалай күн көрген?

2.Ол не себепті қаңбақ шал деп аталған?

3.Қаңбақ шал неліктен көшеді?

4.Қаңбақ шал заттарын қайда көмеді?
5.Қаңбақ шалға не кездеседі?

Тапсырмалар:

Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыстап айтып үйреніңдер.

2.Ертегінің 1-ші бөлімін түсініп оқыңдар.

3.Сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңдар.

4.Ертегі қалай басталады?

5.Мына сөйлемдерді аяқтаңдар.

6.Қаңбақ шал туралы қандай пікір қалыптасқан?

Сабақты қорытындылау: Қанбақ шалдың қулығы туралы не айтасыңдар? Ол кімді алдап соқты? Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді? Ертегілер адам баласын ойландырып, фантазияға құрылған.

Үй тапсырмасы: Қаңбақ шалдың оқиғалары туралы айтып беріңдер.

Бағалау: оқушының білімін.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.



































Сабақтың тақырыбы: Бақылау тест

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: 3-ші тоқсанда өтілген материалдардан алған білімдерін тесеру, тест тапсырмаларын беру.

Ә)дамытушылық: Тест жұмыстары арқылы оқушылардың тез ойлау,шапшаңдылық қасиеттерін дамыту.

Б)тәрбиелік: Имангершілік,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:ойлану,жауап беру.

Сабақтың көрнекілігі : тест сауалдары

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Сынып оқушыларын тексеріп, сыныптан тыныштық талап етіп, оқушыларды өзара ұйымдастырып алу.

2.Үй тапсырмасы: тексеру,бағалау.

3.Сабақтың мақсаты мен міндеті: таныстыру.

Сынып оқушыларына бақылау тест сұрақтары таратылып,оқушылар өз білімдерін тексереді.

Сабақты қорытындылау: Қазақтың ақын-жазушылары кімдер? Олардың шығармалары қандай,тақырыптары мен идеясы? Ы.Алтынсариннің өмір баяны қандай? Абайдың өлеңдерінің тәрбиелік мәні неде жатыр,қара сөздері мен өлеңдері туралы түсінік беру.

Үй тапсырмасы: Ақын-жазушылардың өмірбаянның қайталау.

Бағалау: Бақылау тестен алған білімдерін.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.










Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатов.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармалары туралы түсінік беру.Өлеңдері мен шығармаларының мағынасын ашу.

Ә)дамытушылық: Әңгімелері мен шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың ойлау,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Б)тәрбиелік: оқушыларды оқу,білімге шақыру.Адамгершілк қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі:ақынның суреті мен ұлағатты сөздер

Жұмыс формалары: топтық

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:сыныпты тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру,бағалау.

3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Міржақып Дулатов –қазақ халқының бостандығы үшін күрескен ақын. Ақын өлеңдерінде халықты білімге, оқуға, тендік үшін күрескен ақын,.Міржақыптың «Оян,қазақ!» деген жинағы бар. Сендерге «Шешеннің балаларын сүюі» деген өлеңін ұсынып отырмыз.

Шешенің балаларын сүюі.

Кім сендерді баларды сүйетұғын,

Қуанышына қуанып,қайғыңа күйетұғын,

Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді,балалар,тербететін.

Еркелетіп,ойнатып,сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Сөздік.

Қуаныш-радость

Дамылсыз-без отдыха

Тербету-укачывать

Еркелету-ласкать

Сергу-освежить,отдохнуть

Қамқор ана- заботливая мать

Көз жасы-слезы

Сұрақтар.

1.Ақын өлеңді кімге арнаған?

2.Баласының қуанышына қуанып, қайғысына күйінетін кім?

3.Ана қай кезде көз жасын көлдетеді?

Сол сәттен бастап оқушыларға көздерін жұмғызып ,кәне бір сәт анамызды еске түсірейік. Ойландыру.арқылы салыстыру.

Тапсырмалар.

1.Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтып үйреніңдер.

2.Өлеңді түсініп мәнерлеп оқыңдар.

3. «Қуаныш,қуанып» сөздерінің ортақ бөлігін оқыңдар.

4.Қайтеді? деген сұраққа жауап беретін сөздерді мәтіннен тауып жазыңдар.

5.Мәтіннен «Мама» деген сөздердің синонимін табыңдар.

6.Мақалды түсініп оқыңдар.

Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада. Қорытынды пікір жасаңдар.

7.Жаңылтпашты жаңылмай оқыңдар.

1.Топ бала,топ бала,

ойнап жүр ,топтала.

Зымырап допты ала,

Қуады көп бала.

2.Бала-шаға алашаға отырды,

алашаға бала-шаға отырды.

Сабақты қорытындылау: Міржақып Дулатовтың өлеңдерінің тәрбиелік мәні қандай? Тақырыбы қандай?Кластер құру.

Үй тапсырмасы: Өмірі мен шығармашылығын оқу.Жаңылтпаштарды жаттау.

Бағалау:сынып оқушыларын.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.











Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Ақынның өмірі мен шығармасы туралы оқушыларға түсініктеме беру.Өлеңдерін оқытып идеясы мен сюжеті туралы түсіндіру.Басты тақырыбы қандай?

Ә)дамытушылық: Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып,сөздік қорларын байыту.

Б)тәрбиелік: Адамгершілік,имангершілік қасиеттерге.

Сабақтың түрі:жаңа

Сабақтың әдісі мен тәсілдері: мәнерлеп оқу,түсіндіру,баяндау

Сабақтың көрнекіліг:ақынның суреті

Жұмыс формалары: топтық

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:сыныпты түгендеп,тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеріп оқушыларды бағалау.

3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Мағжан Жұмабаев –қазақ әдебиетінің аса талантты,қиялы ұшқыр ақын. Ақын халқына, Отанына арнап өлеңдер жазған. Оның өлеңдері екпінді, қуатты болып келеді.

Балаларға арнап «бесік жыры», «туған жер», «Бала мен құс» және т.б. өлеңдер жазды.

Мен жастарға сенемін.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанаты,

Мен жастарға сенемін!


Көздерінде от ойнар,

Сөздеріңде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.


Жас қыранда балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан,

Мен жастарға сенемін.

Сөздік:

Айбатты-грозный (как лев)

Қайратты-энергичный (сильный)

Көздерінде от ойнар-на глазах пылающий огонь

Жаннан қымбат оларға ар-честь для них дороже жизни

Мен жастарға сенемін-я верю молодым

Сұрақтар:

1.Өлеңнің кейіпкерлері кімдер?

2.Ақын жастарды нелерге теңеген?

3.Ақын жастарды қандай көңіл-күймен жырлаған?

4.Ақын жырлаған жастар қандай екен?

5.Ақын неліктен жастарға сенеді?

Тапсырмалар:

1.Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыстап айтып үйреніңдер.

2.Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыңдар.

3.Өлеңдегі теңеулерді дәптерлеріңе теріп жазыңдар.

4. «Қандай» деген сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдар.

5.Арлы бала деген қандай бала?

6.Өз достары ішінен кімдерді айтар едіңдер?

Сабақты қорытындылау: Мағжан жұмабаевтың өлеңдер не туралы жазылған? Тақырыбы қандай: Кімдерге арнап жазған:Жастарды неге үлгі тұтады? Қандай алға мақсат қойған?

Үй тапсырмасы: оқып келу,қосымша мәліметтер жинау.

Бағалау: сынып оқушыларын.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.

















Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Бауыржан Момышұлының жасаған ерліктері туралы оқушыларға түсініктеме беріп,ол кісінің әңгімелерін оқытып, оқу-ң білімдік деңгейлерін жоғары бағалату.

Ә)дамытушылық: Қазақша оқу арқылы тілдік қасиетін,шығармашылық қасиеттерін дамыту.

Б)тәрбиелік: Отанды,атамекенді,туған жерін,елін сүюге тәрбие беру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау,әңгімелеп беру.

Сабақтың түрі: әңгіме

Сабақтың көрнекіліг: суреттер мен кітапшалар.

Жұмыс формалары: топтық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:сыныпты түгендеу,тексеру.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Бауыржан Момышұлы кім болған? Ол кісінің қандай еңбектері мен ерліктері туралы не білесіңдер: Оқушыларға сұрақ қою арқылы өзара ұйымдастырып,білімдерін тексеру.

Кластер толтырту.

Байыржан момышұлы- Ұлы Оттан соғысына қатысып,Отанымызды жаудан қорғаған халық батыры. Соғыста Генерал Панфиловтың полкында дивизия командирі болған.

Жазушы соғыста елін қорғаған жауынгерлердің ерлігі мен достығын жазған. «Офицердің күнделігі» атты жинағы бар.

«Ұшқан ұя» бұл романы Бауыржанның отбасы жәнебалалық шағы туралы болмақ.

Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

Сөздік:

әділ-справедливый

құрт-құмырсқа-черви и муравьи

бақа-шаян-лягушка и скорпион

тілін біліпті-знал язык

жылан-змея

тілек-желание

қарлығаш-ласточка

Сұрақтар:

1.Сүлеймен деген кім ?

2.Сүлейменнің патшалығында не болды?

3.Жаудың беті қалай қайтады?

4.Сүлеймен патша жыланға не дейді?

5.Патша қандай жарлық берді?

6.Хабаршылардың жолын не күтеді?

7.Қарлығаш қандай әрекет істейді?

8.Қарлығаш патшаға не дейді?

9.Қарлығаштың сөзі жылаңға қалай әсер етеді?

10.Ашулы жылан қайтеді?

Тапсырмалар:

1.Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтып үйреніңдер.

2.Ертегіні түсініп,рөлге бөліп оқыңдар.

3.Мәтінге сүйеніп,Сүлемен патшаға мінездеме беріңдер.

4.Ертегінің кейіпкерлерін атаңдар.

5.Қарлығаш қандай құс? Ол туралы не айтасыңдар?

6.Қарлығаш адамдарға неліктен араша түсті деп ойлайсыңдар?

7.Ертегіні тағы қалай айтуға болады?

8.Суреті көріп,тағы қандай сурет салар едің?

9.Сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аудар.

10.Бұл әңгіме ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?

11.Ертегіге жоспар құраңдар.

12.Жоспарға сүйене отырып,әңгімелеп беріңдер.

Сабақты қорытындылау: Қарлығаштың құйрығы неліктен айыр? Қарлығаш қандай құс? Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер.

Үй тапсырмасы: оқып келу.

Бағалау: сынып оқушыларын.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.













Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев.

Сабақтың мақсаты: А)білімділік: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармасы туралы түсінік беру. Өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашу.

Ә)дамытушылық: оқи отырып оқушылардың ойлау,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Б)тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбие беру.

Сабақтың түрі:жаңа

Сабақтың әдісі мен тәсілдері: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:ақын портреті.

Жұмыс формалары:топтық.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі сыныпты түгендеп,назарын жаңа сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру және бағалау.

3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Мұқағали Мақатаев –қазақтың талантты ақыны.,балаларға арнап өлең-тақпақтар жазды. Ақын өлеңдерінде балалық шақтың қызығын жырлайды. «Мектебіме», «Аққала-Ақ бала», «Бақытты шақ», өлеңдері бар.

Үш бақытым.

Ең бірінші бақытым-Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса,мен бармын,қор болмаймын.

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің,


Ал екінші бақытым-тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім,

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.


Бақытым бар үшінші-Отан деген,

Кім мықты?-десе біреу,-Отан -дер ем.

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Сөздік.

Бақытым-счастье мое

Ойымның алтын кені-драгоценные мысли

Тілім менің-мой язык

Тас жүрек-бессердечный человек

Тілімдеу-резать

Қасиетті-блогородный

Сұрақтар:

1.Ақын өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталған?

2.Ақын үшін бақыт не екен?

3. «Тас жүректі тіліммен тілімдедім» деген жолды қалай түсінесің?

Тапсырмалар:

1.Өлеңді жаттаңдар.

2.Халық,тіл,ел туралы білетін мақал-мәтелдерді еске түсіріңдер.

3. «Менің Отаным –Қазақстан» деген тақырыпта шағын әңгіме құрастырып,дәптерлеріңе жазыңдар.

4.Өлеңді оқығанда тыныс белгілеріне мән беріңдер.

5.Мақалды түсініп оқыңдар.

1.Отан-от басынан басталады.

2.Туған жердің жері де көрікті,

Елі де сүйікті.

Сабақты қорытындылау: Мұқағали өлеңдерінің тәрбиелік мәні неде? Тақырыбы қандай? Идеясы қандай?

Үй тапсырмасы: Өмірі мен шығармашылығын оқу. Өлеңді жаттап,мақал-мәтелдер жазып келу.

Бағалау: сабаққа белсене ат салысқан оқушыларды.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.


















Сабақтың тақырыбы: Шығарма. «Бала бақыты»

Сабақтың мақсаты: А) білімділік: Бала бақыты ол не? Әр оқушы өз ойын ортаға салу керек.

Ә)дамытушылық: Шығарма жазу арқылы оқушылардың тез ойлау,шығармашылық қабілеттірін,сөздік қорларын дамыту.

Б)тәрбиелік: Ата-ананы сыйлауға әрқашан отбасы мүшелеріне қамқор болуға жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығарма

Сабақтың көрнекілігі: Құрастырылған жоспарға сүйене отырып жазу.

Сабақтың әдісі:ойланып,толғанып шығарма жазу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі сынып оқушыларын түгендеп тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру және оқушыларды бағалау.

3. Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Сабақты қорытындылау: Бала бақыты ол не болуы мүмкін? Сен өз бақытын туралы не айтасың? «Бақыт» -дегеніміз не?

Бағалау: жазылған шығарманы .

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.






















Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергенов.

Сабақтың мақсаты: А)білімділік:Ақынның шығармалары мен өлеңдерін оқыту арқылы тақырыптарын ашу.Идеясы мен сюжеті туралы түсінік беру.

Ә) дамытушылық: Оқу арқылы оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамыту.

Б)тәрбиелік: Оқушыларды өзара тату болуға,табиғатты аялауға, адамгершілік қасиеттерге тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа

Сабақтың әдісі мен тәсілдері:әңгімелеу,түсіндіру,мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі:Жыл мезгілері әсіресе Көктем мезгілінің сурет.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: сынып оқушыларын тексеріп сыныпты ұйымдастырып алу.

2.Үй тапсырмасын тексеру оқушылар білімін бағалау.

3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Төлеген Айбергенов- (1937-1967) жылы туған.Қазақтың көрнекті ақыны. Ақынның қазақ поэзиясына қосқан үлесі мол. «Көктем», «Жел», «Орман іші», және тағы өлеңдері бар.

Көктем дегенде ойларына оқушылар не келеді: Көктемде ауа-райы қандай болады? Көктем мезгілі саған несімен ұнайды? Оқушылар ойын ортаға жинақтау.

Ендеше біз бүгінгі сабақта Төлеген Айбергеновтың «Көктем әуендері» атты өлеңімен тансамыз.

Кластер әдісін құрастыру «Көктем» сөзіне.

Көктем әуендері.

Төбеде найзағай жарылып,

Аспанға салды кеп сойқанды.

Қыстағы қаймағы алынып,

Өзеннің күбісі шайқалды.

Шағала шаттана ән салып,

Кенет кеп үдетті қиқуды.

Кеудесін көтерді тау да асқар.

Бүршігі үлбіреп гүл тұрды.

Сөздік.

Найзағай-молния

Салды кеп сойқанды-скандалить

Күбі-узкий сосуд,кадка

Шағала-чайка

Кенет-вдруг,внезапно

Сұрақтар.

1.Өлеңді қай жыл мезгілі суреттелген деп ойлайсыңдар?

2.Аспанда сойқан салған не?

3.Ақын «Өзеннің қыстағы қаймағы» деп нені айтып тұр?

4.Көктемнің келуі шағала, тауға, қалай әсер етеді?

Тапсырмалар.

1.Өлеңді жаттап алыңдар.

2.Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болатының әңгімелеп беріңдер.

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта біз қай ақынның өмірінен қандай деректер алдық? Ол кісінің еңбектер қандай? Сен қалай ойлайсың ол кісі қай мезгілді ерекше суреттеген?

Үй тапсырмасы: Өлеңді жаттап ал. Көктем мезгілі суретін,салып шағын ЭССЕ жаз.

Бағалау: сабаққа ат салысқан оқушыны.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.








.














Сабақтың тақырыбы: Бақылау тест.

Сабақтың мақсаты: А)білімділік: Алдыңғы сабақта өтілген материалдардан алған білімдерін тексеру.

Ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау,тез жауап беру қабілеттерін дамыту.Ойландыру арқылы сана-сезімдерін дамыту.

Б)тәрбиелік:Имангершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тест

Сабақтың әдісі мен тәсілдері: Сұрақтарға жауап беру,ойлану әдісі.

Сабақтың көрнекіліг:тест сауалдары.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: сынып оқушыларын тексеріп сыныпты ұйымдастырып алу.

2.Үй тапсырмасын тексеру оқушылар білімін бағалау.

3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Сабақты қорытындылау: Қосымша сұрақтар қою. Ы.Алтынсарин мен Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерінің ұқсастығы бар? Мысалы: «Жаз» өлеңдерін салыстырып,Винн диаграмма әдісін құру.

Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні неде? Ертегілердің пайдасы қандай?

Үй тапсырмасы: өтілген материалды қайталау.

Бағалау: оқушылар бімін.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.


















Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев.

Сабақтың мақсаты: А)білімділік:Бердібек соқпақбаевтың өмірі мен шығармаларынан деректер мен мағұлматтар беру.

Ә) дамытушылық: шығармаларын оқу арқылы оқушылардың ойларын дамыту.Сөздік қорларын молайту.

Б)тәрбиелік: Отанға ,атамекенге,Елге,Жерге деген сүйіспеншілік қасиеттерге тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа

Сабақтың әдісі мен тәсілдері:баяндау,әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті мен кітаптары.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: сынып оқушыларын тексеріп сыныпты ұйымдастырып алу.

2.Үй тапсырмасын тексеру оқушылар білімін бағалау.

3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Бердібек Соқпақбаев- (1924-1992 ж) белгілі балалар жазушысы. Оның балаларға арналған қызықты шығармалары көп. Балалық шағында басынан өткерген оқиғалар. «Балалық шаққа саяхат» деген кітабында суреттелген.

Сендерге жазушының «Менің атым-Қожа» повесінен үзінді ұсынып отырмыз. Осы повесть өздерің білетін «менің атым-Қожа» кинофильмі (1967 ж.) түсірілген.

Қожа есімді жас баланың оқиғалары суреттелген.

Сөздік.

Тәмпіш-курносый

Шашы қайратты-волосы жесткие

Орта бойлы-среднего роста

Оятты-разбудил

Атып тұру-соскочить

Шамам болмап еді-не было сил

Масқара-позор,срам

Жаным қалар еді-здесь, спасло бы меня

Жаным мұрымның ұшына келді-душа ушла в пятки

әлсіреп-обессилев

Сұрақтар.

1.Қожа дегн кім?

2.Оны ұйқысынан кім оятты?

3.Қожа сабақта неліктен састы?

4.Сабақта Қожаның арманы не болды?

5.Қожаны ұяттан құтқарған не?

Тапсырмалар.

1.Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтып үйреніңдер?

2.Әңгімені түсініп оқыңдар?

3.Қожаның бейнесін суреттеп айтыңдар?

4.А.Михайлованың сабақ сұрау тәсілін мәтіннен тауып оқыңдар?

5.Қожанның оқиғалары сендердің өмірлерінде кездесті ме?

6. «Менің атым-Қожа» кинофильмді көрдіңдер ме?
7.Әңгімеге жоспар құрыңдар?

8.Жоспарға сүйеніп, әңгіменің мазмұнын айтыңдар.

Сабақты қорытындылау: Сендерге Қожаның істеген қылықтары ұнады ма? Қожаға ұқсағыларын келе ме? Қожанның рөлінде ойнаған кісіні сендер білесіңдер ме? Қожа қала баласы ма? әлде ауыл баласының қылықтарын жасаған ба?

Сендер Қожа секілді болғыларын келе ме? Өз ойларын ортаға салу.

Үй тапсырмасы: Қожа рөліндегі ойнаған кісі туралы мәлімет жинау. Оқып мазмұның айтып беріңдер.

Бағалау: сабаққа белсене ат салысқан оқушыны.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Поурочное планирование по казахской литературе в 5-классе

Автор: Хасенова Мадина Бельгибаевна

Дата: 01.12.2014

Номер свидетельства: 137738

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "М?ХТАР ?УЕЗОВ "?ЖЕМНІ? ??ГІМЕСІ" "
    ["seo_title"] => string(30) "m-khtar-uiezov-zhiemni-gimiesi"
    ["file_id"] => string(6) "101990"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1402472491"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(201) "Поурочное планирование по русскому языку по теме "Виды сложносочиненных предложений. Знаки препинания в ССП" "
    ["seo_title"] => string(120) "pourochnoie-planirovaniie-po-russkomu-iazyku-po-tiemie-vidy-slozhnosochiniennykh-priedlozhienii-znaki-priepinaniia-v-ssp"
    ["file_id"] => string(6) "202257"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429201294"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "аналитическая справка "
    ["seo_title"] => string(24) "analitichieskaia-spravka"
    ["file_id"] => string(6) "130471"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1415901664"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) ""Алпамыс батыр" жырының құрылысы."
    ["seo_title"] => string(33) "alpamys_batyr_zhyrynyn_k_u_rylysy"
    ["file_id"] => string(6) "386925"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486035246"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Образования деепричастий "
    ["seo_title"] => string(28) "obrazovaniia-dieieprichastii"
    ["file_id"] => string(6) "185744"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426237067"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства