kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Педагогикалық техника – педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

      “Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында” жаңа қоғам мұғалімін  “Рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылыс, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман” деп сипаттайды. Бұл маман дайындау үлгісінде оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың маңызын көрсетеді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Педагогикалық техника – педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі.»

Түркістан қаласы

Некрасов атындағы

9 мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі :Ж.А.Орынбаева


Педагогикалық техника – педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі

Мұғалім-зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.(К.Д. Ушинский)

Қазір педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар  пайда болуы мен білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде. Оқытудың жаңа технологияларын әр оқытушы өз тәжірибесінде пайдалануда. Қазір педагогикалық технология ұғымы іс-тәжірибеде жиірек қолданылып, қолданысқа енуде.

Ең алдымен «педагогикалық технология» терминінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр екенін аңғаруымыз керек. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «жаңа педагогикалық технологиялар» ұғымдарының түп төркінін ұғына білуіміз керек.

«Техника» терминінің екі  мағынасы бар екені айқын:

- біріншісі - өндіріс құралдарының  жиынтығы;

- екіншісі – бір істі  орындағанда қолданылатын тәсілдер  жинағы.

«Технология» термині  түсіндірмелік сөздікте «қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы», сондықтан «технология» термині сол тәсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді.

Педагогикалық технологиялар  оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Жаңа оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырып, басты идеяны және нәтиже тиімділігін негізін құрап, жеке тұлғаның жетелеуіне, жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы.

Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімге заман талабына сай білім мен ізденіс қажет екені айқын көзделіп отыр.

“Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында” жаңа қоғам мұғалімін  “Рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылыс, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман” деп сипаттайды. Бұл маман дайындау үлгісінде оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың маңызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесіне, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі.

Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.

Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз.

Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

Мұғалім педагогикалық процестің субьектісі ретінде өз жұмысын оқушылармен ынтымақтастыққа , іскерлік қарым-қатынас және оқушылар арасында тәрбиелік ықпалға негізделген ұжымшылдық қатынас қалыптастыруға бағыттауы керек.

Жаңашылдық творчестволық қуат шексіз, әрі үздіксіз қозғалыста дами-ды. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы,  өзара  дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні зорболып табылады. Педа-гогикалық білім беруде оқыту мен тәрбиелеу технологиясына руханилық қосылмаса, онда күйреуге ұшырайды. Педагогикалық еңбек адамның мәдениетті жасау мен дамытуда өз үлесін қосуына тікелей байланысты болады.Білім беруде педагогикалық ағымды ұйымдастыратын мұғалім тұлғасының сипаты :

1.Өзінің пәнін терең білу

2. Пән әдістемесін білу

3. Баланың жас ерекшелік психологиясын білу

4. Озат тәжірибені талдап, жетістіктерін үйрену

5. Ұйымдастырушылық қабілет

6. . Жағымды мінез – құлық

7. Қарым – қатынасқа шебер

8. Әділетті

Білім жүйесі, ұрпақ тәрбиесі-баршаның ісі, әркімнің төл міндеті.Бұл талап-міндет бұрында де қымбат болған, бүгін де аса маңызды. Мұғалім жауапты тұлға болып есептеледі.. Тарих тағылымы, ұлт өнегесі осы. Осы тұста еске алар жайт: ұлттық рухтың мықты ақыл-парасаттың биік, тәлім-тәрбиенің терең, сана-сезімнің мөлдір болғаны абзал-ақ. Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау- мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта не жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп,өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім кәсіби дамиды: ол жаңашыл, оқушыларға тәрбие мен білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.

Қорытындылай келе,қазіргі заман мұғалімнің жаңа проблемаларды жүйелі түрде оқуын және зерттеуін талап етеді. Сондықтан, әрбір педагогтың оқу, білім беру, тәрбие және ұжымды басқару теорияларымен, педагогтардың ізденістерімен үнемі танысып, керектерімен қаруланып отыруы қажет. Мұғалім әр оқушы, өсіп келе жатқан ұрпақ алдында, қоғам мен мемлекет алдында үлкен жауапкершілік жүктелген әрекет иесі. Болашақтың қандай болатындығы – бүгінгі педагогтардың әрекетінің нәтижесі. Ешқандай да басқа мамандық иесінен тап осындай Отан, мемлекет, халық тағдырының жауапкершілігін арқалаған мамандық иесі жоқ шығар деген ойдамын.




Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Инфоурок сайты

2. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Рахметолла М.Қ.

3. Педагогикалық шеберлік пәні кешені Сұлтанова Ғ.Т.



 

 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Педагогикалық техника – педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі.

Автор: Орынбаева Жанил Анишовна

Дата: 30.08.2017

Номер свидетельства: 426817

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Педагогикалық техника – педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі"
    ["seo_title"] => string(77) "piedaghoghikalyk_tiekhnika_piedaghoghikalyk_shiebierliktin_k_u_ramdas_bolighi"
    ["file_id"] => string(6) "366079"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480952285"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(167) "А?ПАРАТТЫ? – КОММУНИКАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП О?УШЫЛАРДЫ? БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ "
    ["seo_title"] => string(95) "ak-parattyk-kommunikatsiialyk-tiekhnologiialardy-paidalanyp-ok-ushylardyn-bilim-sapasyn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "136720"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1417174778"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(200) "Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру"
    ["seo_title"] => string(105) "khimiia-sabak-tarynda-ok-ushylardyn-tanymdyk-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyrug-a-bag-yttalg-an-tiekhnologhiialar"
    ["file_id"] => string(6) "157606"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421607841"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства