Поурочный план по казахскому языку в русской школе для 11 -го класса. По этому поурочному планированию был проведен открытый урок для учителей области. Были даны хорошие отзывы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Білімділік: Оқушыларға Алматы қаласының тарихы жайында түсінік беру, қала тарихы туралы әңгімелей алуға үйрену.
Дамытушылық: Оқушылардың танымын, ойын, тілін дамыту. Өз пікірлерін ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса білуге дағдыландыру. Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелілік: Өз елін, жерін сүйетін, өз елінің қалаларының өркендеуіне үлес қосатын азамат болуларына ықпал ету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі:жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, пікір алмасу, талдау.
б) психологиялық тренинг «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі .... » (Слайд №1)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Жер жаннатты-Жетісу» мәтіні бойынша түсініктерін сұрау.
III. Жаңа сабаққа даярлау:
-Сендер Қазақстанның қандай әдемі қалаларын білесіңдер?
-Алматы қаласында болып көрдіңдер ме?
1)Жаңа тақырып: (Сдайд №№2,3)
-Берілген суреттерден қай қаланы көріп тұрмыз?
-Алматы қаласының қай жерлерін тамашалап отырмыз?
-Алматы қандай қала?
-Алматыда қандай ірі мәдени орталықтар бар?
-Алматы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
-Сонымен, кім айтады, біздің бүгінгі тақырыбымыз не болмақ?
2) Сөздікпен жұмыс: (Слайд №9)
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру
ә) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату
жоба – проект жер сілкіну – землетрясение
төзімді – крепкий көз тартарлық - привлекает
3)Мәтінмен жұмыс: (Слайд №№10-16)
-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу
-мәтінді аударту
Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан.
Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.
Алматы қаласы (бұрынғы кездері Верный, Алмалы және Алма-Ата деп аталған) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Алматыда бір миллионнан аса халық тұрады.
Алматы қаласы 7 ауданнан тұрады:
• Алмалы ауданы;
• Алатау ауданы;
• Әуезов ауданы;
• Бостандық ауданы;
• Жетiсу ауданы;
• Медеу ауданы;
• Түрксiб ауданы.
Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді.
Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріне алмасып отырады.
Қаланың 8 мың гектардан астам жерін бау-бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.
Алматыда 42 конфессияны құрайтын барлығы 275 діни бірлестіктер мен топтар қызмет етеді.
Алматы каласының құрылысы арнайы жоба бойынша салынған. 1930 – 1935 жылдары темірбетоннан, күйген кірпіштен тұрғызылған, жер сілкінісіне төзімді материалдан салынған.
Қаладағы Республикалық алаң, Ұлттық кітапхана, «Қазақстан», «Анкара», «Достық» қонақ үйлері көз тартарлық. Алматы қаласы 1929-1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болған.
4) Тапсырмалармен жұмыс
1-тапсырма. (Слайд№17)
Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ деңгей.
Мәтінге ат қойдырту.
Мәтінге бірнеше сұрақтар дайындату.
ІІ деңгей.
Мәтіндегі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдыру.
Мәтін бойынша жоспар құрып, мәтінді өз сөздерімен әңгімелеу.
І деңгей.
«Алматы — әсем қала» тақырыбы бойынша өз пікірлерін білдіру.
2-тапсырма. (Слайд№18)
Мәтіндегі қарамен берілген сөздер қай септікте тұрғанын анықтаңдар.
3-тапсырма. Семантикалық карта арқылы етістіктерді анықтаңдар.(Слайд №19)
Етістік
Дара
Күрделі
Болымды
Болымсыз
Негізгі
Туынды
орналасқан
алып жатыр
аталған
тұрады
өзгермейді
қызмет етеді
салынған
алмасып отырады
4-тапсырма. Жұптық жұмыс
Үлестірмелі қағазшаға жазылған тапсырмалар таратылып беріледі.
№1
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан.
Алматы каласының құрылысы арнайы жоба бойынша салынған.
№2.
Мәтінді аударыңдар.
Алматы бізге тәп-тәтті алмаларымен белгілі. Алматыда ірі орталықтар бар, экспонаттар көп. Алматы өте әдемі, сұлу, көркем. Қала көшелері түзу, кең, жарық. Саябақтар мен демалыс үйлері бар. Жазы ыстық емес, қысы жылы.
№3
Мәтін бойынша диалог құрыңдар
Алматы - өте әдемі қала. Ол Алатаудың етегінде орналасқан. Алматыда әлемге әйгілі «Медеу» мұзайдыны бар. Онда түрлі спорт ойындары өтеді. Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар, театрлар, цирк, музейлер орналасқан.
№4
Өлеңді мәнерлеп оқыңдар, сын есімдерді тауып, астын сызыңдар.
Алматым менің
Алматының бағы қандай?
Алмасының дәмі балдай.
Аспанынан арайлы,
Алтын сәуле тарайды. (Н. Әлімқұлов)
№5
Сөйлемдерді дұрыс құрыңдар.
1. Өте, әдемі, қала, Алматы.
2. етегінде, Алатаудың, орналасқан.
3. «Медеу» мұзайдыны, бар, Алматыда.
4. Алматыда, бар, цирк.
№6
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.
Алматы ......(қаласының, өлкесінің) оңтүстік жағынды Алатау бар. Алатаудың ... (жағасында, етегінде) «Медеу» мұзайдыны бар. Алматыда ... (көп, аз) адам тұрады.
№7
Диалогты аяқтаңдар.
- Сен Алматы қаласына бардың ба?
- Иә, демалыс кезінде апаммен қыдырып бардым.
- Алматы қаласының қандай көрнекті жерлерін көрдің?
- Көктөбеге бардым. Көктөбедегі әйгілі мұнараны көрдім.
- .....
- .....
ІҮ.Сабақты бекіту:
-Бүгін сабақта не істедік?
-Қандай жаңа сөздер үйрендік?
-Қандай мәтін оқыдық?
-Мәтінде не туралы айтылған?
-Кімнің Алматыда тұрғысы келеді? Не үшін?
Ой толғау. (Слайд№22)
«Алматы қаласы» тақырыбына 5 жолды өлең құрастыру.
1. Тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
2. Тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есім)
3. Тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)