kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алғашқы ұстаз, дана бабам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алғашқы ұстаз, дана бабам»

ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ «273 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ







ТАНЫМДЫҚ КЕШ

ТАҚЫРЫБЫ: «АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗ, ДАНА БАБАМ»

(мерзімі 28.10.2016 жылы 5 «Б» сынып)







Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: М.И. МАМЫРОВА





БАЙҚОҢЫР

2016ж





Бекітемін» Мерзімі 27.10. 2016ж.

___________ Сыныбы 5 «Б»

Мұғалімі - М.И. Мамырова



«Алғашқы ұстаз, дана бабам» танымдық кеш


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғашқы ұстаз, дана бабам»
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, өнегелі сөздері
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру.
Қымбатты оқушылар, бүгінгі «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам» атты танымдық кешке қош келдіңіздер. Бүгін оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз.
І. Қызығушылықты ояту .

Сабаққа психологиялық дайындық.
Сабақтың мақсатын айту.

Ыбырай Алтынсарин – дала жұлдызы 
Ыбырай Алтынсарин – көрнекті ағартушы ғалым, жаңашыл педагог, ақын-жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, қазақ балалар әдебиетінің атасы



Шаттық шеңбер

Оқушылардың ойын жинақтау мақсатында алдымен

 Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер? деген сұраққа жауап алынады

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған.

Ы.Алтынсарин туралы деректі фильм. 


Топтық жұмыс- Ы.Алтынсарин туралы деректер

1-топ: Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин.
Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап
өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы.



2-топ: Ы. Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді.
Ы. Алтынсариннің оқып, білім алуына жағдай жасап, ақыл - кеңес беріп отырған атасы Балқожа би еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш - қуат, ынта - жігер беріп отырады. 3-топ.1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Қазақстан мектептерінің жұмысы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік қызметпен айналысуынан бастап ерекше жанданды.
4-топ.1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті.
Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын.


Сандар сыр шертеді

1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Затабол ауданында туған.
1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс — қазақ мектебіне барған.
1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітірген.
1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.
1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады. 1864 жылы Торғайдағы мектепті ашады.
1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барады.
1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.

1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.
1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.
1889 жылы Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.

Жыр шашу

1 -оқушы

Сауатты болса екен деп қазақ халқын,
Білімге бастап беріп, жолды салды.
Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,
Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.

2 -оқушы

Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен де
«Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай.

3 -оқушы

Жалғассын бүгінгі күн дәстүр - салтың,
Күндей күліп өмірің болсын жарқын.
Бас иіп ұлы Ыбырай рухына,
Көтерейік бірігіп атақ - даңқын!



4 -оқушы

Жас ұрпақ білім алды әр салада,
Алғырлар өнер десе жан сала ма.
«Өнер - білім бар, жұрттар» деген сөзі,
Мәңгілік із қалдырды әр санаға.

Мұғалім: Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.Енді сіздердің назарларыңызға алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы
Ы. Алтынсариннің бірнеше әңгімелеріне дайындалған көріністерін ұсынып, бұл әңгімелердің тәрбиелік мәнін терең мағынада түсінуге шақырамыз.
Топтық жұмыс.

1-топ. «Әке мен бала» әңгімесі бойынша мультфильм туралы мазмұндау.


2-топ «Атымтай Жомарт» әңгімесі бойынша көрініс.

Атымтай Жомарт
(Жомарт жұмыс жасап жүреді, үстінде жаман киім)
1 кісі: - Жомарт, құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа - тамақ, жалаңашқа - киім, үйсіздерге - үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не?
2 кісі: - Бір мезгіл таза киім киіп, дәулетті адамша жүресіз. Бір мезгіл ескі - құсқы киім киіп жүресіз. Бұны қалай түсінеміз?
Жомарт:- Төрт түрлі себеп бар. Әуелгі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді, сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем – кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын.
Екінші: Бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұным кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер үлгі алсын деймін. Үшіншісі: Күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір - екі пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Төртінші: Құдай тағаламның берген дәулетін өзімсініп тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп - жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын.
1-кісі: - Ия, Атымтай Жомарт, енді бәрі де түсінікті. Еңбекпен келген ас тәтті. 2 -кісі: - Бейнетсіз рахат жоқ. Ал еңбектің түбі рахат.


Мұғалім- Осы әңгімеден не түйдік?

- Атымтай Жомарт кедей бола тұрып, кейін өзінің еңбегі арқылы
байыған адам.Бұл әңгіме оқушыларды еңбекқорлыққа, айналасындағы адамдарға қайырымды болуға, көмектесуге үйретеді.


3-топ.Ы.Алтынсариннің кез келген әңгімесі бойынша сурет салу.

4- топ. «Мейірімді бала» әңгімесі бойынша көрініс.


Мейірімді бала.
Патша: - Біздің Қытай халқында мынадай заң бар. Егер кімде - кім біреуді алдаса қолы кесіледі. Осы заңды білесің бе?
Төре: - Білем. Патша: - Білсең, өзің істеген күнәңді мойныңмен көтересің. Сондықтан сен өз еліңдегі адамды алдағаның үшін қолың кесіледі. Уәзірлер дайынсыңдар ма?
Уәзір: - Дайынбыз.
Патша: - Жазаны бастауға рұқсат.
Қыз бала: - Тоқтатыңыздаршы, құдай үшін тоқтай тұрыңыздаршы.
Патша: -(тоқтат деген ишара беріп) Бұл кімнің қызы?
Төре: - Менің қызым.
Қыз бала: - Тақсыр патша, менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айырылуы керек болады. Мінекей, тақсыр, әкемнің қолы.
Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы.
Патша: - Қызым сенің қолыңды кескеннен не пайда? Кінәлі сен емес қой.
Қыз бала: - Уа, әміршім! Мен осы төренің қызымын. Мына қолды осы төренікі деп есептеңіз. Өйткені, мұнымен бала-шағасын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз тақсыр! Осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.
Патша: -(Төреге) Мына қызыңның ақылдылығы мен мейірімділігінің арқасында сенің қолыңды кеспеуге бұйырамын.
Төре: Басын иіп, рахмет айтады.

Мұғалім- Осы әңгімеден не түйдік?

«А, құдайым бала бер, бала берсең сана бер, санасыз бала бергенше, артынан бәрін - бәрін ала бер»- деп Ыбырай Алтынсарин өзінің мақал - мәтелдер жинағында келтіргендей, кішкентай қыз ақылдылығы мен тапқырлығының арқасында әкесін жазадан аман алып қалды. Бұл әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин балаларды ата - анасын сыйлауға, қадірлеуге, батылдыққа, ақылдылыққа үйретеді.

Қорытынды:

Біз, бүгінгі шарада ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Алғашқы ұстаз, дана бабам

Автор: МАМЫРОВА МИРАМКУЛЬ ИБРАЕВНА

Дата: 15.11.2016

Номер свидетельства: 359054

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ра?мет са?ан, ?ліппе "
    ["seo_title"] => string(22) "rak-miet-sag-an-lippie"
    ["file_id"] => string(6) "172657"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423844454"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "?бу С?рсенбаев. С?улелі ж?лдыз іздеген адам."
    ["seo_title"] => string(49) "bu-s-rsienbaiev-s-ulieli-zhu-ldyz-izdieghien-adam"
    ["file_id"] => string(6) "325749"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463036768"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(15) "Тілашар "
    ["seo_title"] => string(8) "tilashar"
    ["file_id"] => string(6) "130581"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1415945629"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""?ош бол, ??тты ?ліппем!" атты ерте?гілік."
    ["seo_title"] => string(36) "koshbolkuttylippiemattyiertienghilik"
    ["file_id"] => string(6) "263287"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449507802"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "произведение Сайын Муратбекова "Жусан иісі" (обсуждение книг)"
    ["seo_title"] => string(60) "proizviedieniiesaiynmuratbiekovazhusaniisiobsuzhdieniieknigh"
    ["file_id"] => string(6) "307638"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458390919"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства