«Кеміргіштер отрядына сипаттама» тақырыбына тиінтектестер, ұшарлар, құндыздар, аламандар, момақан тышқандар немесе бұраубастар, құмтышқандар, көртышқандар, қаптесертектестер, қарақастар, жалмандар немесе селевиниялар, тышқандар, қосаяқтар, жайралар, теңіз доңыздары және саз құндыздары тұқымдастарына сипаттама беріледі.
Осы негізгі бөлімдер «Кеміргіштер отрядына сипаттама» тақырыбын толық дәлелдеп корсетеді.
Оқушылардың тақырып бойынша ізденістері.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар тақырыпты зерттей отырып, өзіндік жұмыс жүргізуге дағдыланады.
Жаңа сабақты қорытындылау , бекіту.
Тест жұмысы.
Диктант жұмысы.
«Кім көп біледі» атты интелектуал ойыны.
«Кім мерген» атты ойын әдістері арқылы жургізіледі.
Тақырыпты қорытындылау.
Кеміргіштер отряды Антарктидадан басқа материктерде мекендейтін 35 тұқымдасқа бірігетін 2000 – дай түр жатады. Дене тұрқы 5 см (тышқандар) 130см-ге (капибара) жетеді. Май және иісбездері бар. Саусақтарында тырнақтары болады. Шошақ тістері жоқ, күрек тістері өте күшті жетілген. Қорегі – өсімдіктектес азықтар.
Республикада кәдімгі тиінді, құндызды, саз құндызын және шаруашылықтар және фермаларда өсіріледі. Отрядтың кейбір тұқымдастарына қарсы дератизация және дустация жұмыстары жүргізіледі.
Табиғи ортада 35 тұқымдасқа бірігетін 2000-дай түрдің математикалық тепе-теңдігі сақталынуы тиіс.
Оқушыларды бағалау процесі.
Үйге тапсырма.
Зоологиялық кестелермен жұмыс.
Зоологиялық зерттеуді жалғастыру.
Шығармашылық тапсырма. (Гидробиологиялық және ихтиологиялық жаттығулар құру).
Оқушылар ізденістері.
Оқу тобындағы 1 оқушы жоспардағы көрсетілген негізгі тұқымдастарға қысқаша тоқталып, түсіндіріп өтеді. Оқытушы міндетті түрде пысықтайды.
1-ші оқушы. Зерттеу жұмысы.Тиінтектестер тұқымдасына сипаттама. ----- Абдулла Кенжеболат
Оқушы тұқымдасқа жататын түрлердіңқоректену ортасын, көбею жүйесін, қыстау процесі туралы толықтырып, дәлелдемелер береді.
Тұқымдас Австралия мен Антарктидадан басқа материктерде таралған, 288 түрді біріктіреді.
Дене тұрқы 6 см – ден (тышқантәрізді тиін) 60 см-ге (суыр) жетеді.
2-ші оқушы. Зерттеу жұмысы.Ұшарлар және құндыз тұқымдастары. ------- Абдуәлі Бауыржан
Ұшарлар тұқымдасы Азия, Европа мен Солтүстік Американыңқоңыржай және тропикалық ормандарында мекендейтін 33 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 7-58 см.
Құндыздар тұқымдасына орман өзендері мен көлдері жағалауында мекендейтін 2 түр жатады.
Аламандар тұқымдасы Антарктида мен Австралиядан басқа жер жүзінде тараған 575 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 5см –ден (ергежейлі атжалман), және 36см-ге жететін (ондатр) жатады. Аламандар тұқымдастармағы құрылықта, топырақ арасында және жартылай суда тіршілік ететін 380 түрді біріктіреді. Қазақстанда 6 түрі мекендейді.
4 – ші оқушы. Зерттеу жұмысы. Бұраубастар және құмтышқандар тұқымдасы. ---------- Әбілдә Дәулет
Бұраубастар тұқымдасы 2 түрді біріктіреді. Бұраубас тышқан Алтайдың далалы, орманды далалы және тау шалғындарын мекендейді. Дене тұрқы 3-4см.
Құмтышқандары тұқымдасы шөл – шөлейтті аймақтарға беиімделген 69 түрді біріктіреді.
Ергежейлі құмтышқан Африка мен ОңтүстікАмериканыңқұмды жазықтарында мекендейді.
Өкілдері : ергежейлі құмтышқан, мысыр, кіші, жыңғыл, қызылқұйрық және үлкен құмтышқандары жатады.
5-ші оқушы. Зерттеу жұмысы. Көртышқандар және қаптесертектестер тұқымдасы. –Байқазақ Дастан
Көртышқандар тұқымдасы Солтүстік Африка мен Азияның далалы, шөлейтті шөлді аудандарын мекендейтін 4 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 25 см-дей. Қазақстанда алып көртышқан мекендейді. Бұл кеміргіш РеспубликаныңҚызыл кітабына (2010ж) тіркелген. Қаптесертектестер тұқымдасы 400-ге жуық түрді біріктіреді. Оңтүстік - шығыс Азияда көптеген түрлері мекендейді. Дене тұрқы 5см – ден 50см-ге жетеді.
Өкілдері: орман, дала, сарытамақ, кішкентай қаптесер. Кішкентей қаптесер слмағы 6 гр. Сұр, Түркістан және қара егеуқұйрықтар.
6-шы оқушы. Зерттеу жұмысы. Қарақастар, жалмандар немесе селевиниялар тұқымдасы. ---Бақытжанов Бағлан
Қарақастар тұқымдасы Африка, Европа мен Азияның аралас және жалпақ жапырақты ормандарын мекендейтін 11 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 8-19см. Өкілдері: қарақас, жаңғақ, бау, Африка және орман қарақастары жатады. Жалмандар және селевиниялар тұқымдасына бір түр – жалман жатады. Орталық және Шығыс Қазақстанның сазды, қиыршық тасты және сортаңды шөлдерін мекендейді. Дене тұрқы 9 см – дей. Қазақстанныңқызыл кітабына (2010ж) тіркелген.
7-ші оқушы. Зерттеу жұмысы. Тышқандар және қосаяқтылар тұқымдастары. -----Жайық Ерхан
Тышқандар тұқымдасы Европа, Азия және Солтүстік Американыңқоңыржай аймақтарында мекендейтін 16 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 5-10 см. Кейдір түрлері 3-4м-ге секіруге қабілетті, бұталар мен жақыс өрмелеуге, жақсы жүзуге биімделген.
Өкілдері: Дала, Алтай, сұр, Тянь-Шань, орман тышқандары кездеседі.
Қосаяқтылар тұқымдасы. Солтүстік Африка, Оңтүстік Европа және Орталық Азияның далалы, шөлді биотоптарында тараған 30-31 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 4-26см.
Түрлері: бессаусақты кіші, кіші, үлкен, секіргіш, Сверцов, Бобринский, тікқұлақ, майқұйрық, Житков, тоқылдағыш, жүнбалаққосаяқтары жатады.
8-ші оқушы. Зерттеу жұмысы. Жайралар және теңіз доңыздары тұқымдастары. -----Шарапханова Шынарай
Жайралар тұқымдасы Африкада, Жерорта теңізі елдерінде және Оңтүстік Азияда тараған 13 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 38-90 см. Өкілдері : Африка, Гималай және Ява жайралары. Қазақстандағы Үнді немесе аққұйрық жайрасы Республиканыі қызыл кітабына (2010ж) тіркелген. Текіз доңыздары Оңтүстік Америкада тараған 15 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 22-75 см. Өкілдері: теңіз тоңызы, кіші доңыз және Патогон марасы.
9-шы оқушы. Зерттеу жұмысы. Саз құндыздары тұқымдасы. ------- Сиязбек Фаризат
Саз құндыздары Оңтүстік Америкада тараған бір түр. Кавказ сырты мен Орта Азия су қоймаларында жерсіндірілген. Дене тұрқы 60см-ге жетеді. Қазақстанда фермаларда өсіріледі