kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Нургали - открытый урок

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка. Зоология - открытый урок. Абдиреев Нругали

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Нургали - открытый урок»

Қызылорда облысының Білім басқармасы. И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі. « Зоология негіздері » пәні бойынша ашық сабақ жоспары.







Оқу тобы : В - 24 Оқытушы : Абдиреев Н. Б

Қызылорда 2014ж



Ашық сабақтың жоспары.


Сабақтың тақырыбы: Кеміргіштер отрядына сипаттама.

Сабақтың мақсаты :

а) Білімділік ---- Республикадағы кеміргіштер отряды түрлерінің таралуы, көбею

процесі, қоректену ортасы, егін шаруашылығы мен орман алқаптарына

тигізетін зиянды жолдары, зиянкес түрлерінің көбейіп кетуіне жол

бермеуге және бағалы терілі түрлерінің санын сақтау жолдары

туралы білім беру.

б) Тәрбиелілік ---- Оқушыларды табиғат ортасындағы пайдалы жануалрарды қорғай білуді,

табиғи ресурстарды сақтау және экология проблемалары туралы тәрбиелік

мағлұматтар беру.

в) Дамытушылық ---- Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттыра

отырып танымдық, шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін, ой –

өрісін дамыту өз беттерінше жұмыс жүргізуге және ой қорытуға

дағдыландыру.


















Сабақтың түрі : ---- Іздену – зеттеу сабағы.

Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі : Баяндау, ой қорыту, ізденіс, ойын әдістері.

Пәнаралық байланыс: Гидробиология, Ихтиология, Зоотехния, Медицина, Әлем тарихы,

География.

Қолданылатын жаңа

технология : Интерактивті оқыту әдісі.

Көрнекілігі : ТМД елдерінің биологиялық картасы, кеміргіштер муляждары,

үлестірмелі материалдар (атлас), интерактивті тақта

(техникалық құрал), кітап көрмесі, ылғалды препораттар,

Флипчарттар және слайдтар.































  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа түгел қатысуын, дәрісхана тазалығын , сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.


  1. Жаңа сабақты хабарлау және мақсатына тоқталып өту.

Тақырыбы: Кеміргіштер отрядына сипаттама

Жоспары:

  1. Тиінтектестер тұқымдасы. ----------------------------------------- Абдулла Кенжеболат

Ұшарлар тұқымдасы.

  1. Құндыздар тұқымдасы. ----------------------------------------- Әбдуәлі Бауыржан

  2. Аламандар тұқымдасы . ----------------------------------------- Әмзебеков Нұржан

  3. Момақан тышқан немесе бұраубастар тұқымдасы.

Құмтышқандар тұқымдасы. ----------------------------------------- Әбәлдә Дәулет

  1. Көртышқандар тұқымдасы.

Қаптесертектестер тұқымдасы ----------------------------------------- Байқазақ Дастан

  1. Қарақастар тұқымдасы.

Жалмандар немесе селевиниялар

тұқымдасы. ----------------------------------------- Бақытжанов Бағлан

  1. Тышқандар тұқымдасы.

Қосаяқтар тұқымдасы. ----------------------------------------- Жайық Ерхан

  1. Жайралар тұқымдасы.

Теңіз доңыздары. ----------------------------------------- Шарапханова Шынарай

  1. Саз құндыздары тұқымдасы. ---------------------------------------- Сиязбек Фаризат








  1. Кіріспе. Оқытушы сөзі.

«Кеміргіштер отрядына сипаттама» тақырыбына тиінтектестер, ұшарлар, құндыздар, аламандар, момақан тышқандар немесе бұраубастар, құмтышқандар, көртышқандар, қаптесертектестер, қарақастар, жалмандар немесе селевиниялар, тышқандар, қосаяқтар, жайралар, теңіз доңыздары және саз құндыздары тұқымдастарына сипаттама беріледі.

Осы негізгі бөлімдер «Кеміргіштер отрядына сипаттама» тақырыбын толық дәлелдеп корсетеді.

  1. Оқушылардың тақырып бойынша ізденістері.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тақырыпты зерттей отырып, өзіндік жұмыс жүргізуге дағдыланады.

  1. Жаңа сабақты қорытындылау , бекіту.

  1. Тест жұмысы.

  2. Диктант жұмысы.

  3. «Кім көп біледі» атты интелектуал ойыны.

  4. «Кім мерген» атты ойын әдістері арқылы жургізіледі.

  1. Тақырыпты қорытындылау.

Кеміргіштер отряды Антарктидадан басқа материктерде мекендейтін 35 тұқымдасқа бірігетін 2000 – дай түр жатады. Дене тұрқы 5 см (тышқандар) 130см-ге (капибара) жетеді. Май және иіс бездері бар. Саусақтарында тырнақтары болады. Шошақ тістері жоқ, күрек тістері өте күшті жетілген. Қорегі – өсімдіктектес азықтар.

Республикада кәдімгі тиінді, құндызды, саз құндызын және шаруашылықтар және фермаларда өсіріледі. Отрядтың кейбір тұқымдастарына қарсы дератизация және дустация жұмыстары жүргізіледі.

Табиғи ортада 35 тұқымдасқа бірігетін 2000-дай түрдің математикалық тепе-теңдігі сақталынуы тиіс.

  1. Оқушыларды бағалау процесі.

  2. Үйге тапсырма.


  1. Зоологиялық кестелермен жұмыс.

  2. Зоологиялық зерттеуді жалғастыру.

  3. Шығармашылық тапсырма. (Гидробиологиялық және ихтиологиялық жаттығулар құру).



Оқушылар ізденістері.

Оқу тобындағы 1 оқушы жоспардағы көрсетілген негізгі тұқымдастарға қысқаша тоқталып, түсіндіріп өтеді. Оқытушы міндетті түрде пысықтайды.


1-ші оқушы. Зерттеу жұмысы. Тиінтектестер тұқымдасына сипаттама. ----- Абдулла Кенжеболат

Оқушы тұқымдасқа жататын түрлердің қоректену ортасын, көбею жүйесін, қыстау процесі туралы толықтырып, дәлелдемелер береді.

Тұқымдас Австралия мен Антарктидадан басқа материктерде таралған, 288 түрді біріктіреді.

Дене тұрқы 6 см – ден (тышқантәрізді тиін) 60 см-ге (суыр) жетеді.

2-ші оқушы. Зерттеу жұмысы. Ұшарлар және құндыз тұқымдастары. ------- Абдуәлі Бауыржан

Ұшарлар тұқымдасы Азия, Европа мен Солтүстік Американың қоңыржай және тропикалық ормандарында мекендейтін 33 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 7-58 см.

Құндыздар тұқымдасына орман өзендері мен көлдері жағалауында мекендейтін 2 түр жатады.

Дене тұрқы 130 см-ге жетеді.

3 – ші оқушы. Зерттеу жұмысы. Аламандар тұқымдасы. ---------- Әмзебеков Нұржан.

Аламандар тұқымдасы Антарктида мен Австралиядан басқа жер жүзінде тараған 575 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 5см –ден (ергежейлі атжалман), және 36см-ге жететін (ондатр) жатады. Аламандар тұқымдастармағы құрылықта, топырақ арасында және жартылай суда тіршілік ететін 380 түрді біріктіреді. Қазақстанда 6 түрі мекендейді.















4 – ші оқушы. Зерттеу жұмысы. Бұраубастар және құмтышқандар тұқымдасы. ---------- Әбілдә Дәулет

Бұраубастар тұқымдасы 2 түрді біріктіреді. Бұраубас тышқан Алтайдың далалы, орманды далалы және тау шалғындарын мекендейді. Дене тұрқы 3-4см.

Құмтышқандары тұқымдасы шөл – шөлейтті аймақтарға беиімделген 69 түрді біріктіреді.

Ергежейлі құмтышқан Африка мен ОңтүстікАмериканың құмды жазықтарында мекендейді.

Өкілдері : ергежейлі құмтышқан, мысыр, кіші, жыңғыл, қызылқұйрық және үлкен құмтышқандары жатады.

5-ші оқушы. Зерттеу жұмысы. Көртышқандар және қаптесертектестер тұқымдасы. –Байқазақ Дастан

Көртышқандар тұқымдасы Солтүстік Африка мен Азияның далалы, шөлейтті шөлді аудандарын мекендейтін 4 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 25 см-дей. Қазақстанда алып көртышқан мекендейді. Бұл кеміргіш Республиканың Қызыл кітабына (2010ж) тіркелген. Қаптесертектестер тұқымдасы 400-ге жуық түрді біріктіреді. Оңтүстік - шығыс Азияда көптеген түрлері мекендейді. Дене тұрқы 5см – ден 50см-ге жетеді.

Өкілдері: орман, дала, сарытамақ, кішкентай қаптесер. Кішкентей қаптесер слмағы 6 гр. Сұр, Түркістан және қара егеуқұйрықтар.

6-шы оқушы. Зерттеу жұмысы. Қарақастар, жалмандар немесе селевиниялар тұқымдасы. ---Бақытжанов Бағлан

Қарақастар тұқымдасы Африка, Европа мен Азияның аралас және жалпақ жапырақты ормандарын мекендейтін 11 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 8-19см. Өкілдері: қарақас, жаңғақ, бау, Африка және орман қарақастары жатады. Жалмандар және селевиниялар тұқымдасына бір түр – жалман жатады. Орталық және Шығыс Қазақстанның сазды, қиыршық тасты және сортаңды шөлдерін мекендейді. Дене тұрқы 9 см – дей. Қазақстанның қызыл кітабына (2010ж) тіркелген.

















7-ші оқушы. Зерттеу жұмысы. Тышқандар және қосаяқтылар тұқымдастары. -----Жайық Ерхан

Тышқандар тұқымдасы Европа, Азия және Солтүстік Американың қоңыржай аймақтарында мекендейтін 16 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 5-10 см. Кейдір түрлері 3-4м-ге секіруге қабілетті, бұталар мен жақыс өрмелеуге, жақсы жүзуге биімделген.

Өкілдері: Дала, Алтай, сұр, Тянь-Шань, орман тышқандары кездеседі.

Қосаяқтылар тұқымдасы. Солтүстік Африка, Оңтүстік Европа және Орталық Азияның далалы, шөлді биотоптарында тараған 30-31 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 4-26см.

Түрлері: бессаусақты кіші, кіші, үлкен, секіргіш, Сверцов, Бобринский, тікқұлақ, майқұйрық, Житков, тоқылдағыш, жүнбалақ қосаяқтары жатады.

8-ші оқушы. Зерттеу жұмысы. Жайралар және теңіз доңыздары тұқымдастары. -----Шарапханова Шынарай

Жайралар тұқымдасы Африкада, Жерорта теңізі елдерінде және Оңтүстік Азияда тараған 13 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 38-90 см. Өкілдері : Африка, Гималай және Ява жайралары. Қазақстандағы Үнді немесе аққұйрық жайрасы Республиканыі қызыл кітабына (2010ж) тіркелген. Текіз доңыздары Оңтүстік Америкада тараған 15 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 22-75 см. Өкілдері: теңіз тоңызы, кіші доңыз және Патогон марасы.

9-шы оқушы. Зерттеу жұмысы. Саз құндыздары тұқымдасы. ------- Сиязбек Фаризат

Саз құндыздары Оңтүстік Америкада тараған бір түр. Кавказ сырты мен Орта Азия су қоймаларында жерсіндірілген. Дене тұрқы 60см-ге жетеді. Қазақстанда фермаларда өсіріледі.
















«Кеміргіштер отряды» на сипаттама тақырыбына арналған тест жұмысы.

1.Топырақта мекендеушілер қалай аталады?

А) Гидробионттар.

Б) Биогеоценоз.

В) Суккуленттер.

Г) Эдафобионттар

Д) Зооценоз.

2.Қоршаған орта жағдайын бақылау, байқау, бағалау мен болжаудың

комплексті жүйесін қалай атайды?

А) Биологиялық картографиялау

Б) Демпингті жүргізу

В) Кадостр процесі

Г) Мониторинг жүргізу

Д) Климатологиялық кесте.

3.Псаммофилдер дегеніміз қандай организмдер?

А) Тасты табанда мекендеуші.

Б) Құмды табанда мекендеуші

В) Батпақты табанда мекендеуші

Г) Сулы ортада мекендеуші.

Д) Топырақты табанда мекендеуші.

4.Кеміргіштер отрядында қанша тұқымдас және қанша түр бар?

А) 30 тұқымдас 1400 түр.

Б) 38 тұқымдас 2500 түр.

В) 35 тұқымдас 2000 түр.

Г) 27 тұқымдас 1200 түр.

Д) 33 тұқымдас 1600 түр

5.Кеміргіштер отрядының дене тұрқы.

А) 20см-ден 160см-ге дейін.

Б) 2см-ден 90см-ге дейін.

В) 30см-ден 200см-ге дейін

Г) 40см-ден 250см-ге дейін

Д) 5см-ден 130см-ге дейін


6.Тиінтектестер тұқымдасы қанша түрді біріктіреді?

А) 288 түр.

Б) 254 түр.

В) 265 түр.

Г) 275 түр.

Д) 298 түр

7.Суырдың қандай түрі Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген?

А) Қызыл суыр.

Б) Сұр суыр.

В) Көк суыр.

Г) Боз суыр немесе дала суыры.

Д) Реликті саршұнақ

8.Ұшарлар тұқымдасының дене тұрқы қандай және ұшу

қашықтығы қанша метрге жетеді?

А) Дене тұрқы 12-40см, ұшу қашықтығы 80 метр.

Б) Дене тұрқы 7-58см, ұшу қашықтығы 60 метр.

В) Дене тұрқы 6-35 см, ұшу қашықтығы 95 метр.

Г) Дене тұрқы 25-75 см, ұшу қашықтығы 45 метр.

Д) Дене тұрқы 15-68 см, ұшу қашықтығы 52 метр.

9.Құндыздар тұқымдасына қанша түр жатады және дене тұрқы қандай?

А) 4 түр және дене тұрқы 140 см.

Б) 5 түр және дене тұрқы 135 см.

В) 3 түр және дене тұрқы 120 см.

Г) 2 түр және дене тұрқы 130 см.

Д) 6 түр және дене тұрқы 115 см.

10.Аламандар тұқымдасының дене тұрқы.

А) 8 см – ден – 45 см.

Б) 5 см – ден (ергежейлі, атжалман) 36 см (ондатр).

В) 14 см – ден – 54 см.

Г) 17 см – ден – 59 см.

Д) 3 см – ден – 36 см.

11.Аламандар тұқымдастармағында қанша түрді біріктірсе, республикада қанша түрі таралған?

А) Тұқымдастармағ. 420 түр, республикада 10 түр.

Б) Тұқымдастармағ. 445 түр, республикада 15 түр.

В) Тұқымдастармағ. 380 түр, республикада 6 түр.

Г) Тұқымдастармағ. 365 түр, республикада 5 түр.

Д) Тұқымдстармағ. 337 түр, республикада 3 түр.

12.Аламандар тұқымдасы қанша түрді біріктіреді?

А) 635 түрді.

Б) 515 түрді.

В) 495 түрді.

Г) 575 түрді.

Д) 540 түрді.

13.Қазақстанның қызыл кітабына (2010ж) тіркелген алақоржын.

А) Соқыртышқандар.

Б) Ергежейлі құмтышқан.

В) Дала алақоржыны.

Г) Кәдімгі тоқалтіс

Д) Сары алақоржын

14.Құмтышқандар тұқымдасы қанша түрді біріктіреді?

А) 52 түрді.

Б) 69 түрді.

В) 59 түрді.

Г) 65 түрді.

Д) 75 түрді.

15.Қаптесертектестер тұқымдасының дене тұрқы.

А) 10 см - ден - 50 см

Б) 15 см - ден - 54 см

В) 3 см - ден - 24 см

Г) 5 см - ден - 50 см

Д) 7 см - ден - 52 см

16.Респуликада егеуқұйрықтардың қандай түрлері таралған?

А) Сарытамақ, дала, орман қаптесерлері.

Б) Түркістан, сұр, қара егеуқұйрық

В) Тайга, қоңыр, көк егеуқұйрық

Г) Тау, теңіз, сары егеуқұйрық

Д) Көк, сары, қара егеуқұйрық


17.Қарақастар тұқымдасының түрлері және дене тұрқы.

А) Тұқымдас. 16 түрі, дене тұрқы 11-23 см.

Б) Тұқымдас. 19 түрі, дене тұрқы 14-26 см.

В) Тұқымдас. 13 түрі, дене тұрқы 10-21 см.

Г) Тұқымдас. 11 түрі, дене тұрқы 8-19 см.

Д) Тұқымдас. 9 түрі, дене тұрқы 6-15 см.

18.Тышқандар тұқымдасының түрлері және дене тұрқы.

А) 16 түрі, дене тұрқы 9-15 см.

Б) 22 түрі, дене тұрқы 11-18 см.

В) 15 түрі, дене тұрқы 7-12 см.

Г) 8 түрі, дене тұрқы 3-6 см.

Д) 16 түрі, дене тұрқы 5-10 см.

19.Қосаяқтар тұқымдасының түрлері және дене тұрқы.

А) 31 түрі, дене тұрқы 4-26 см. *

Б) 36 түрі, дене тұрқы 10-32 см.

В) 27 түрі, дене тұрқы 8-29 см.

Г) 39 түрі, дене тұрқы 13-35 см.

Д) 23 түрі, дене тұрқы 3-17 см.

20.Жайралар тұқымдасының түрлері және дене тұрқы.

А) 11 түрі, дене тұрқы 31 - 80 см

Б) 9 түрі, дене тұрқы 26 - 71 см.

В) 13 түрі, дене тұрқы 38 – 90 см.

Г) 18 түрі, дене тұрқы 23 – 67 см.

Д) 15 түрі, дене тұрқы 35 - 74 см.

21.Теңіз доңыздары тұқымдасының түрлері және дене тұрқы.

А) 17 түрі, дене тұрқы 25 - 72 см.

Б) 20 түрі, дене тұрқы 18 – 67 см.

В) 11 түрі, дене тұрқы 15 – 65 см.

Г) 15 түрі, дене тұрқы 22 – 75 см.

Д) 8 түрі, дене тұрқы 13 – 59 см.

22.Шиншиллалар тұқымдасының түрлері және дене тұрқы.

А) 9 түрді, дене тұрқы 19 – 61 см.

Б) 6 түрі, дене тұрқы 22 – 66 см.

В) 12 түрі, дене тұрқы 25 – 57 см.

Г) 4 түрі, дене тұрқы 27 - 53 см.

Д) 7 түрі, дене тұрқы 20 – 55 см.



















Жаңа сабақты пысықтауға арналған ойындар.

Шарты: Бүгінгі сабаққа қатысты зоологиялық сөдерді теріп жазу.

Диктант жұмысы.

Капибара, палеоцен, олигоцен, қызыл суыр, ұшар, құнай, ондатр, лемминг, биотоп, редукция, Патогон марасы, шиншилла, кәдімгі тиін, борша тышқан, тараққұйрық, ұзынқұйрық сарышұнақ, реликті сарышұнақ, сұр суыр, өзен құндызы, Канада құндызы, аламан, сұр атжалман, жоңғар атжалманы, Раборовский атжалманы, Эверсман атжалманы, дала атжалманы, бұраубас, ергежейлі құмтышқан, Мысыр құмтышқаны, жыңғыл құмтышқаны, қызылқұйрық құмтышқан, алып көртышқан, дала қаптесері, орман қаптесері, сұр егеуқұйрық, Түркістан егеуқұйрығы, қара егеуқұйрық, жаңғақ қарақасы, Бау қарақасы, Африка қарақасы, жалман.



















« Кім көп біледі ? »

Мына зоологиялық және ғылыми термин сөздерге анықтама бер...

  1. Ергежейлі ақтісті жертесер -- гимнура. ------------- 618 бет.

  2. Жертесер тәрізді кірпі ------------- 618-619 бет.

  3. Алтай көртышқаны ------------- 619 бет.

  4. Пиреней жұпары ------------- 620 бет.

  5. Кәдімгі тенрек ------------- 620 бет.

  6. Кәдімнгі алтын түсті көртышқаны ------------- 621 бет.

  7. Ергежейлі ақтісті жертесер ------------- 621 бет.

  8. Су жертесері ------------- 622 бет.

  9. Қысқақұлақ секіргіш ------------ 623 бет.

  10. Ұзынқұйрық крилан ------------ 624 бет.

  11. Үлкен жарқанат ------------ 625 бет.

  12. Десмод вампирі ------------ 625 бет.

  13. Үлкен түтікмұрын жарқанат ------------ 626 бет.

  14. Жасыл мартышка ------------ 623 бет.

  15. Адам тәрәзді маймылдар

тұқымдасы - горилла ----------- 633 бет.



















«Кім мерген?»

Бұқаралық ақпараттық интеллектуальдық ойыны.



  1. Насекомқоректілер отрядының тұқымдасы және түрлері.

Жауап – 7 тұқымдас 370 – ке жуық түр.

  1. Жұнқанаттылар отрядының тұқымдасы және түрлері.

Жауап – 1 тұқымдас, 2 түр.

  1. Қолқанаттылар отрядының отрядтармағы, тұқымдасы және түрлері.

Жауап – 2 отрядтармағы, 17 тұқымдас, 1000 жуық түр

  1. Приматтар отрядының отрядтармағы, тұқымдасы және түрлері.

Жауап – 2 отрядтармағы, 11 тұқымдас, 192 түр.

  1. Мүкітістілер отрядының тұқымдасы және түрлері.

Жауап – 3 тұқымдас, 30-ға жуық түр.

  1. Ящерлер отрядының тұқымдасы және түрлері.

Жауап – 1 тұқымдас, 7 түр.

  1. Қоянтәрізділер отрядының тұқымдасы және түрлері.

Жауап – 2 тұқымдас, 60 түр.

  1. Киттәрізділер отрядының отрядтармағы, тұқымдасы және түрлері.

Жауап - 2 отрядтармағы, 8 тұқымдас, 83 түр.

  1. Тісті киттер отрядтармағындағы тұқымдасы және түрлері.

Жауап – 5 тұқымдас, 73 түр.

  1. Мұртты киттер отрядтармағындағы тұқымдас және түрлері.

Жауап – 3 тұқымдас, 10 түр.

  1. Жыртқыштар отрядының тұқымдасы және түрлері.

Жауап – 7 тұқымдас, 240- тан аса түр.

  1. Ескекаяқтылар отрядының тұқымдасы және түрлері.

Жауап – 3 тұқымдас, 30 түр.

  1. Еттұмсықтытар отрядының тұқымдасы және түрлері.

Жауап – 1 тұқымдас, 2 түр.

  1. Жұптұяқтылар отрядының отрядтармағы, тұқымдасы және түрлері.

Жауап – 2 отряд тармағы, 8 тұқымдас, 200 түр.

  1. Тақтұяқтылар отрядының тұқымдасы және түрлері.

Жауап – 3 тұқымдас, 16 түр.













































Пысықтау бөлімі.

Венн диаграммасына сараптама.

1. Отрядқа 35 тұқымдасқа бірігетін – 1700-2000 түр.

2. Дене тұрқы 5 см (тышқан) 130 см (копибара) болады.

3. Май және иіс бездері бар.

4. Күрек тістері күшті

жетілген.

5. Қарны көпкамералы,

соқыр ішегі ұзын,

«ашыту ыдысының»

Қызметін атқарады.

6. Қолсайсыз кезеңде

кейбір түрі уақытша

ұйқыға кетеді.

7. Екі немесе үш айда

жыныстық жағынан

жетіледі.





Приматтар отряды Ортақ белгілер Кеміргіштер отряды

1. Отрядта 2 отрядтармағының 11 тұқымдасына

жататын 192 түрді біріктіреді.

2. Дене тұрқы 8,5-12 см – ден 180 см-ге

(горилла) жетеді.

3. Қоректенуі – өсімдікқоректі және

Қорек талғамайтындар.

4. Тіршілігінің басым бөлігі ағашта

өтеді.

5. Топ құрады, күндіз және түнде

белсенді.

6. Сүтқоректілер



1. Бас сүек, омыртқа жотасының болуы.

2. Күрделі сезім мүшелерінің дамуы.

3. Ұрпағына қамқорлығы

4. Топ немесе колония типті тіршілік етуі.

5. Өсімдік жеміс – жидек және насекоммен қоректенуі.

6. Құрғақшылық, суық кезеңдерде уақытша ұйқыға кетуі.





































Үйге тапсырма.



  1. Зоологиялық кестелермен жұмыс.

  2. Тақырып бойынша зоологиялық зерттеуді жалғастыру.

  3. Шығармашылық тапсырма. (Гидробиологиялық және ихтиологиялық жаттығулар құру.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Нургали - открытый урок

Автор: Абдиреев Нургали

Дата: 29.05.2017

Номер свидетельства: 419167

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Абдиреев Нургали - открытый урок"
    ["seo_title"] => string(33) "abdirieiev_nurghali_otkrytyi_urok"
    ["file_id"] => string(6) "419260"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1496058388"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства