Кожакенова Акжаркын Калымовна Учитель казахского языка, Мамлютская школа- гимназия№1, Северо - Казахстанской области, стаж 16 лет, вторая категория, внеклассная работа по казахскому языку по теме: Жігіт с?лтаны в работе представлены игры и конкурсы они направлены на развития позновательной деятельности учащихся
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: оқушылардың білімін жетілдіру,қабілеттерін дамыту, ата- салтымызды ұлттық дәстүрімізбен оқушыларды таныстырып, осы бағытқа тәрбиелеу.
Жігіттер ұраны:
«Жігітке жеті өнер де аз»
«Өнерлі жігіт өрге озар»
«Ер жігіт елінің ұлы,намысының құлы»
Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді
Құрманқазы күйі ойнап тұрады
Жүргізуші ( Алена)
Құрметті қонақтар, балалар, мұғалімдер!
Бүгінгі біздің мектепте өтіп жатқан қазақ тілі апталығын жалғастыра отырып, «Жігіт сұлтаны» сайысын сіздердің алдарыңызға ұсынып отырмыз. Бұл апталықта біздің сайысымызда наурыз мерекесіне арналып отыр. Сондықтан – наурыз мерекесі құтты болсын,- деп баршаларыңызға бақыт, денсаулық , ашық аспан тілейміз..
Қазақтың салты бойынша біздің сайысымызды, тойымызды әнмен бастайық.
Ән орындалады
Жүргізуші ( Алена)
Енді, құрметті оқушылар , қонақтар сіздерді бүгінгі сайыстың сайыскерлерімен, әділ- қазылар алқасымен таныстыратын кез келді.
Сайысқа қатысатын 6 жігітті ортаға шақырып таныстырып кету .
Жүргізуші (Алена)
Олар бізге өздерінің күшін, өнерін, жылдамдығын, білімін көрсетеді.
Оны бағалау үшін, әділ- қазылар алқасын ортаға шақырамыз.
Әділ- қазылар мүшелері:
Кожекова М.С.
Қорғанбаева Г.М.
Жүргізуші(Алена)
Жігіт болсаң болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол,
Досыңа майыспа,
Дұшпанға қайыспа
Қасиетің ерлік болсын
Жортқанда жолың болсын!
Ойындарың сәтті болсын , жігіттер!
Сайысымыз бізге енді өздерін таныстырады.
( жігіттердің фотолары слайд түрінде көрсетіледі)
Жүргізуші (Алена)
Қазір біздің әділ-қазыларымыз өз бағасын берсін.
Сайысымыз «Кім күшті»
Бұл ойынның ережесін айта кетейін, бізде бір жеңімпаз болады жеңген жігітке 10 ұпай беріледі.
Сайысымыз қазақшаңыз қалай?
Ережесін айта кететін болсақ кім қазақша ай атауларын ретімен ретімен жауап береді 1-10 ұпай беріледі.
Ендігі сөз әділ- қазыларға беріледі.
Сайысымыз «кім шапшаң»
Ережесі мынадай: мына шар ішіндегі сұрақтарға дұрыс және толық жауап беру.
Сайысымыз
Қазақ халқының салт-дәстүр,
той-томалақтарын атап шық, біреуін түсіндір.
Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, беташар, көкпар, той бастар.
6 – Сайысымыз «мен өнерлі жігітпін»
Жүргізуші(Алена)
Бүгінгі жігіттеріміздің сайыста көрсеткенөнерлерін көрдіңіздер.
Бірі- бірінен сымбатты, күшті, тапқыр, білімді жігіттерімізді іштей әр қайсыңыз баға берген боларсыздар.
Енді сөз кезегі әділ- қазыларға берейік.
Әділ- қазылар қорытынды айтады.
Жүргізуші (Алена)
Осымен біздің сайысымыз аяқталды. Зейін қойып тамашалағандарыңызға рақмет.
Сыныптың жігіт сұлтаны. Қорғап келген намысын, Өнерге қарсы аттанған ........ мен боламын.