A) О?ушыларды? жаратылыс п?ндері бойынша т?сініктерін толы?тырып, логикалы? ойлау ?абілеттерін, шы?армашылы? ойлау шеберліктерін ?алыптастыру;
?) О?ушыларды? білімін саралау, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыра отырып, с?йлеу, ойлау ?абілеттерін одан ?рі дамыту, “ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар” озып шы?ып, же?імпаз ата?ын алатын о?ушыны аны?тау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жеті т?рлі ?ылым біл!»
Тлеубай Бақыт Мұқымжанқызы Математика және физика пәні мұғалімі ШҚО,
Абай ауданы,
Архат ауылы, “С.Бекбосынов атындағы орта мектебі” КММ
Білімділік сайысының тақырыбы: Жеті түрлі ғылым біл!
Мақсаты: A) Оқушылардың жаратылыс пәндері бойынша түсініктерін толықтырып, логикалық ойлау қабілеттерін, шығармашылық ойлау шеберліктерін қалыптастыру;
Ә) Оқушылардың білімін саралау, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” озып шығып, жеңімпаз атағын алатын оқушыны анықтау.
Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең.
1 кезең. Тақтада 1,2,3,4,5,6 ұяшықтары беріледі. Оқушылар өздері таңдаған ұяшықтағы 5 сұраққа жауап береді. Ұпай саны-10.
2 кезең. Тақтада 5 түрлі тақырыптағы тапсырмалар берілген.Дұрыс жауап берген оқушы ұпай санына ие болады.
3 кезең. Жаратылыс пәндері бойынша грек және латын сөздерінің аудармасын табу керек.
Ұпай саны-10.
4 кезең. Жағдаят Ұтымды жауапқа Ұпай саны-20
5 кезең. Берілген сөздерді дұрыс анықтап, артық сөзді табу керек.
Ұпай саны-20.
Әр кезең тапсырмаларының арасында Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туған күніне сәйкес қызықты мәліметтерге тоқталып отырады.
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының тұңғыш академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын 1919жылы студент шағында бастап, 1924 жылы аяқтады1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.
1947 жылы Англияға сапар жасаған кеңес парламентарийінің ішіндегі қазақ ғалымына Ұлыбританияның экс премьер-министрі У.Черчилль қалжыңдап «Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» деп сұрапты. Сонда академик Қ.Сәтбаев «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік» деп жауап беріпті. Аспан денесіне, яғни ғаламшарға есімі берілген ғұлама – Қаныш Сәтбаев Сәтбаевтың құрметіне Жоңғар (Жетісу) Алатауы жотасындағы мұздық пен шың, Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі аталған. Есімі Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институтына, бір қала мен еліміздің ең ірі техникалық оқу орны Қазақ ұлттық техникалық университетіне берілген. 4 мәрте Ленин, 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Қазақстанның қала, ауылдарында Сәтбаев есімімен аталатын жүздеген көше, 40-тан астам мектеп және көптеген ғалымның ескерткіштері бар. Оның есімі Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институтына, бір қала мен ғаламшарға, еліміздің ең ірі техникалық оқу орны Қазақ ұлттық техникалық университетіне берілген.
І кезең сұрақтары:
Не барлық тілде сөйлейді? (Жаңғырық)
Ашық ыдыстағы су неге азаяды ?
(Буланады)
Қандай ыдыстарға су құйылмайды?
(Су толы ыдысқа)
Жерден көтеру оңай, бірақ лақтыру қиын. Ол не? (Мамық)
А.Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші. (Тауық)
Әлем мойындаған қазақ ғалым математигі «мыңжылдық проблемалары» қатарына енген ең күрделі жеті математикалық есептің бірін шешті. Ол кім?(Мұхтарбай Өтелбаев – физика-математика ғылымының докторы (1978), профессор (1982), Қазақстан ҰҒА-ның академигі (2003). )
Ыдысқа екі өзара араласпайтын сұйықтықтар: керасин мен су. Ыдыста осы сұйықтар қалай орналасады? (Өздерінің тығыздықтарына байланысты орналасады)
Жұмбақты шешіп, жауабын физика тілінде түсіндір
1)Алаңқайда тайдың ізі,
Маңайында құстың ізі. Ай, жұлдыз (Табиғи жарық)
2)Көк лағым көген сүйреді. Ұршық (Шеңбер бойымен қозғалыс)
3)Отқа жанбас, суға батпас. Мұз (Заттың қатты күйі)
Үйретер талай тәлім, талай есеп ...» (Шәкәрім Құдайбердіұлы -әрі ақын, әрі прозаик,әрі шебер аудармашы, философ, тарихшы, терең ойшыл тұлға)
Логикалық тапсырма
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды.Олардың қаншасы қалды?
(Түйеқұстар ұшпайды).
Бесінші этажға көтерілу үшін, 80 баспалдақтан өту керек. Алтыншы этажға көтерілу үшін неше баспалдақтан өту керек? (100)
Батагөй қарт кім?
...Абылайым бүгінгі сен емес пе,
Қазағым өзге ұлтпен тең емес пе?
Халқыңа тәуелсіздік нұрын шашатың,
Тар асу, тайғанақ жол, кер белесте.
Ақ киізге көтеріп, хан сайласқан,
Қарт атаң тоқсан бірде мен емес пе?!
Халыққа береке бірлік беріп, ел тізгінін ұстап, еркіндікке жеткізген Нұрсұлтанның атақ даңқы, абыройы зорайып,тарихтың бетіне басылатын болсын! Аллаһу акбар!