kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел -Қазақстан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел- Қазақстан

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген іс-шара

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел -Қазақстан»

Бекітемін

Шона Смаханұлы атындағы

негізгі мектебінің директоры

_______ Б.С. Рақымбердиева

«__»________ 2016 ж


Іс-шараның тақырыбы: «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел- Қазақстан» 
Іс-шараның мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу. Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздерінің суреті, нақыл сөздер.

1-жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Мына біздер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақтарымыз. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп іс-шарамызды бастаймыз. Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, 
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. 
Енді ағайын, көгінде қалықтасын, 
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

2-жүргізуші: Армысыздар құрметті бүгінгі қасиеттіде қадірлі мерекенің қонақтары! Аса құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! 
Атыңнан айналайын егемен ел, 
Тәуелсіз күнің туды киелі жер. 
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік, 
Ғасырдың тойы болшы келе берер! –дегендей бүгін тойлап отырған «Тәуелсіздік» бізге оңайлықпен келген жоқ. Талай бабаның ғасырлар бойы аңсаған арманы, ұзақ уақытты қамтитын тарихтан тұратын төл мереке! Бұл ұлы тарих! 
Тарих –сырт көзге оп-оңай сияқты көрінгенмен, терең қатпарлы, күрделі ғылым. Содан болар, тарихтың айналасында айтыс-тартыс, пікір-талас үнемі болып турады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, тарихымыздың көлеңкелі беттері ашылып, өз тарихымыздағы шындықтарға көзіміз жетіп отыр. 
Тәуелсіз еліміздің тірегі білімді ұрпақ дейтін болсақ, солардың бірі өздеріңіз. 
1-жүргізуші: Тәуелсіз мемлекетіміздің 25 жыл толуына орай өткен тарихымызға көз жеткізейік. 

1-жүргізуші: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік әнді қабыл алыңыздар

2-жүргізуші: Еліміз егемендік алып, міне сендер таза ана тілінде сөйлей бастадыңдар. Тіліміз бен дініміз қайта оралды. Еліміздің нағыз ұлт-жанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары сендерсіңдер. Болашақтарың жарқын болатынына сенімім мол.

Өткен тарихымыздан аздаған түсінік.

Еділ: 15 ғ . қуатты қазақ хандығы құрдық, алайда тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады.

 Слайд «Қазақ хандығы»

 1-жүргізуші: 
Қазақ дейтін бастау үшін бар көшті, 
Елі үшін жорық жасап жанкешті. 
Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай, 
Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті. 
Бекнұр: Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты. XVIII ғасыр басында дүрліккен ел «Ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. 
Даулет: XVII -XIX ғасыр басында халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан ғайыр даламыз басынан қара тұман серпілмеді

 2-жүргізуші: 
Неше заман, неше ғасыр санашы, 
Теңдік іздеп бабамыздың бабасы 
Тақымынан түспей қойған найзасы, 
Ауызынан түспей қойған тобасы. 
Слайд «Ұлт –азаттық көтерілістер» 
Ән: орындайтындар: 
Балнұр: Біздің 1917 жылғы бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізге өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1923-1933ж. болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта халықтың 2,2 миллион опат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінгі атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 578 мың адам. 
Асел: Отыз жеті!Есік бұзар кез кірді, 
«Халық жауы» естімедік өзге үнді. 
Бірінен соң бірі атылған боздақтар, 
Тәуелсіздік күнді аңсаумен көз жұмды 1936-1938 ж. репрессия оқиғасы.Талай зиялының көзін жойған, ұлтшыл атандырып айдар таққан нәубет кезеңді де қазақтар басынан өткерген. Қанша ұлт зиялысы жапа шекті. Мысалы М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, І.Жансүгіров және т.б. . 
Асем: Ұрпақ үшін белшесінен қан кешкен, 
Отан үшін талай ерлер мерт еткен. 
Болмасыншы,болмасыншы қан соғыс, 
Соғыс десе жүрегіміз селт еткен. 
1941-1945 ж. аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизімнен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Осы жылдарда ең көп қырылған қазақ еді. 
Ерасыл:1954-56ж. қазақ жеріне өзге ұлттар топырлатты. 

Естияр: 1970-1980 ж. тілі мен салт-дәстүрін айырылып, рухани азғындау күшейді.

1-жүргізуші: Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира 
Құрбаны болған жаланың 
Бастаушы: Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, 
Бұғаудағы боздақтары кете барды 
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып 
Слайд «Желтоқсанда» 
 Әбдірахман: 1986 ж. қазақтың рухын таза құрпақшы болды. 1986ж. 
16-желтоқсанда Алматыда Қазақстан Комунистік Партиясы Орталық Пленумы болды. Пленумында Республика басшысы Д.А.Қоневты орнынан алып, республикаға мүлде белгісіз біреу Г.Колбинді отырғызды. Жанартаудай бұғып жатқан ұлттың ыза-кегі сыртына бұрқ етіп, қазақ жастарының көтерілісі басталды. Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев, Л.Асанова, тәуелсіздік жолында мерт болды.

Нұрсейіл: Қазір төрткүл дүние Астанаға көз тігіп отыр. 2010 жылы 1-2 желтоқсан Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылып қалатын болды. Дәл осы күні тәуелсіздік сарайында 56 елдің басын қосқан ЕҚЫҰ саммитінің өткізілуі шын мәнінде теңдесі жоқ тарихи оқиға. Қазіргі Қазақстанның стратегиялық дамуына қажетті - бірлік, ұлт татулығы, тыныштық. «Бірлік бар жерде - тірлік бар» деп халық тегін айтпаған. «Бөлінгенді бөрі жейді» дегенді де естен шығармайық. Тәуелсіздігіміздің баянды болуы достықты дұрыс айқындалған бағыт бағдарда. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым, тек қазақтарға ғана емес, қазақ жерін мекендеген, оған кіндік қаны тамып, бірге қайнап бітіскен, туған топырағым деп егілген басқа ұлттар мен ұлыстардың да ортақ игілігі. Ендігі бар тілегіміз бен мақсатымыз Тәуелсіздігіміз болғай! 1-жүргізуші: Әлдилеп дала сырын, сан ғасырың, Толқыған ұлы өзендер арнасынан. Осынау қалың елім, жұртым деген, Тілегі қабыл болсын Елбасының! Аяулым: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9-шы орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, Олар: Ресей, Қытай, -Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт, өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана.

2-жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші ел орында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 
Қалса да қайда жерің, қайда көлің, 
Қасқайып хақ жолынан таймап едің! 
Айрылып күндіз күлкі, түнде ұйқыдан, 
Күткенің осы еді ғой, қайран елім! 

Оқушыларымыздың «Тәуелсіздік» туралы өлеңдеріне құлақ түрейік. 
Слайд. «Тәуелсіз Қазақстан» 
1-жүргізуші: Еліміз егемендік алып, міне сендер таза ана тілінде сөйлей бастадыңдар. Тіліміз бен дініміз қайта оралды. Еліміздің нағыз ұлт-жанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары сендерсіңдер. Болашақтарың жарқын болатынына сенімім мол.

2-жүргізуші: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсындеп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел- Қазақстан»  әнімен аяқтағым келіп отыр.

Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын Жақсылық Әбдірахман



































Еділ: 15 ғ . қуатты қазақ хандығы құрдық, алайда тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады. 

Бекнұр: Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты. XVIII ғасыр басында дүрліккен ел «Ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. 

Даулет: XVII -XIX ғасыр басында халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан ғайыр даламыз басынан қара тұман серпілмеді. 

Балнұр: Біздің 1917 жылғы бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізге өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1923-1933ж. болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта халықтың 2,2 миллион опат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінгі атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 578 мың адам. 

Асел: Отыз жеті!Есік бұзар кез кірді, 
«Халық жауы» естімедік өзге үнді. 
Бірінен соң бірі атылған боздақтар, 
Тәуелсіздік күнді аңсаумен көз жұмды 1936-1938 ж. репрессия оқиғасы.Талай зиялының көзін жойған, ұлтшыл атандырып айдар таққан нәубет кезеңді де қазақтар басынан өткерген. Қанша ұлт зиялысы жапа шекті. Мысалы М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, І.Жансүгіров және т.б. . 

Асем: Ұрпақ үшін белшесінен қан кешкен, 
Отан үшін талай ерлер мерт еткен. 
Болмасыншы,болмасыншы қан соғыс, 
Соғыс десе жүрегіміз селт еткен. 
1941-1945 ж. аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизімнен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Осы жылдарда ең көп қырылған қазақ еді. 

Асабай:1954-56ж. қазақ жеріне өзге ұлттар топырлатты. 


Естияр: 1970-1980 ж. тілі мен салт-дәстүрін айырылып, рухани азғындау күшейді. 


Әбдірахман: 1986 ж. қазақтың рухын таза құрпақшы болды. 1986ж. 
16-желтоқсанда Алматыда Қазақстан Комунистік Партиясы Орталық Пленумы болды. Пленумында Республика басшысы Д.А.Қоневты орнынан алып, республикаға мүлде белгісіз біреу Г.Колбинді отырғызды. Жанартаудай бұғып жатқан ұлттың ыза-кегі сыртына бұрқ етіп, қазақ жастарының көтерілісі басталды. Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев, Л.Асанова, тәуелсіздік жолында мерт болды. 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел -Қазақстан

Автор: Жолтаева Айсулу Туленбековна

Дата: 25.12.2016

Номер свидетельства: 373355

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Тәуелсіз Қазақстан - ғасырлар тоғысында"
    ["seo_title"] => string(42) "t_uielsiz_k_azak_stan_g_asyrlar_tog_ysynda"
    ["file_id"] => string(6) "388852"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486450446"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) ""Тәуелсіз Қазақстан - ғасырлар тоғысында""
    ["seo_title"] => string(44) "t_uielsiz_k_azak_stan_g_asyrlar_tog_ysynda_1"
    ["file_id"] => string(6) "425249"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1502453884"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "«Жасай бер,Т?уелсіз ?аза?стан!»"
    ["seo_title"] => string(27) "zhasaibiertuielsizkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "290458"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454953428"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "«?ркенде, ?рлей бер Т?уелсіз ?аза?стан»"
    ["seo_title"] => string(36) "orkiendieorlieibiertuielsizkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "330468"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464266975"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Тәуелсіз Қазақстан"
    ["seo_title"] => string(20) "t_uelsiz_kazakstan_1"
    ["file_id"] => string(6) "494878"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547238380"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства