Жасай бер Тәуелсіз Мемлекет.
Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз Мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқбасамыз.Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету – оған қолжеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көпбұралаң жолдардан өтуге тура келеді.Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңгеа аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көзалдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілі кнарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуімізкерек. Біріміз – бәрімізүшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз.Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның бет алысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету!
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі қабылданды. Осы жылдан кейін Қазақстанды егеменді Республика деп атаған.25 қазанда Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің мемлекетіміздің құрметі және мақтанышы. Осы күнді «Республика күні» деп атаған. Үшінші қадам Қазақстанның жолында елбасының сайлауы болды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш елбасы болып сайланды. Бұл күн елдің тарихында ең басты оқиғаның бірі. Елбасы-халықтың сайланып қойылатын басшысы, ең жоғары лаузым иесі. Елбасының құқықтары мен міндеттері өте көп. Парламенттің келісімі мен Үкіметі басшысы Премьер-министрді тағайындайды.Біздің елбасымыздың арқасында біздің елімізде бейбітшілік, бірлік және амандық бар. 16 желтоқсан да 1991 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қабылданды. Ата заңы жарияланды. Бұл-еліміздің тәуелсіз дербес мемлекет екендігін дүние жүзіне әйгілі, аса қасиетті құжаты. Осы күннен бастап еліміз ешкімге жалтақтамай, өз бетінше өмір сүріп келеді. 16 желтоқсан «Қазақстан тарихына Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл мемлекеттік және халықаралық мейрам. Себебі Қазақстан-көп ұлтты мемлекет. Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.