kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жасай бер – Қазақ елі» мерекелік ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий для провидения утреника в детском саду.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жасай бер – Қазақ елі» мерекелік ертеңгілігі»


























Тәрбиеші: Сакенова Айдана Еркебулановна












«Жасай бер – Қазақ елі» мерекелік ертеңгілігі

Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Залдың іші мерекеге лайық безендірілген.

Жүрг:  Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!

Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар залға қолдарына көк туларын желбіретіп кіреді.

Жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.

Жүрг:  Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып,білімдеріңді сынағым келіп тұр.

0.Бүгін бізде қандай мереке?

1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев)

2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

3.Біз қандай елде тұрамыз?

4.Тәуелсіздік күн қай күн?

5.ҚР Рәміздерің атаңдар?

6.Тәуелсіздікке неше жыл?
Жүрг: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік жылы лебіздерді қабыл алыңыздар:

***************

Мерекеде шығады
Бүкіл халық біліп қой 
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік ұлы той
*************
Отан деген – Атамекен
Отан деген – туған жер
Отан – ана
Отан – үлкен 
Қазақстан – туған ел!
**************
Таң арайлап атады
Күн күлімдеп шығады
Шаша берсін шапағын 
Тәуелсіздік шуағы

********
Он алтыншы желтоқсан 
Тәуелсіздік алған күн 
Мерекеде ел тосқан
Атаменнен барғанмын
**************
Отанды жас көріміз 
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені онда бәрімізде
Туып, өмір сүреміз

************

Бақыт құсы қондығой 
Менің туған еліме 
Тілімізбен дініміз
Қайта келді еліме

*************

Зеңгір аспан, көгілдір

Алтын күні төрінде

 Тамылжытып, төгіп нұр

Шаттық сыйлар көңілге

********

Елтаңбасы елімнің

 Неткен әйбат, әдемі

 Тұнығындай көңілді, -

 Ортада – аспан әлемі.

Жүрг: шетсіз шексіз қиырсыз ұлы дала

Шуақ болып шашылмай жылына ма

Сүй отанды шынымен сүйіп өт

Гүл боп қадал ойына, қырына да

Залға әуенімен әндетіп, Алдар көсе келеді.

Көрініс: «Алдар көсе  мен Шығайбай»

Үстел басында Шығыбай мен оның әйелі отырады. Атпен музыка әуенімен шауып залға Алдар көсе келеді.

Алдар:  Мен Алдармын, Алдармын

               Бәріңді мен алдаймын

   Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар. Мен осы жақтан көңілді өлеңдерді естіп, тойға келдім,құттықтайын деп. Мерекелерің құтты болсын! Ойбой, мына тұрған Шығыбай байдың киіз үйі ғой. Ішінен піскен еттің иісі шығып тұр. Ол да Тәуелсіздік мерекені тойлап жатқанғой.Қазір балалар, мен олардың үйіне барып, оларды алдап кетейін, сендер айтып қоймаңдар.

Алдар көсе есікті қағып, байдың үйіне кіреді: Ассалаумағалейкұм,баеке!

Шығыбай:  Уағалейкум-ассалам! Біздің жақта не істеп жүрсің?

Алдар:Мен Тәуелсіз мерекені тойлағалы отыр едім-ат пісіріп дегендей бірақ қарасам менің қойларым жоғалып кетіпті, соңы іздеп жүрмін.

Бай: Сенде қой бар ма еді өзі?

Алдар: Иә, бір атар қойым бар еді, соны іздеп шаршадым. Сіздің үйіңізде 1 түн қонсам қалай көресіңдер? Мүмкің мерекені бірге тойлармыз.!

Бай: Қонсаң, қон. Тойласақ тойлайық. Әй кемпір, қонаққа төсек сал. Ертең өте тамаша күн болмақ.

Жүрг:Түнде бай мен әйелі ұйықтап жатқанда,Алдар көсе тұрып, қазандағы мерекеге арналған еттерін жеп, жемегенін қойнына тығып алып, кетеді,орнына балта тастап кетеді. Таңертең бай мен кемпір тұрады.

Бай:  Әй, кемпір әлгі Алдар көсе кеткен ғой. Қане, анау қазаннан етті шығар жеп алайық, мерекені тойлап тастайық. Қарным ашып кеттіғөй– деп, ішін сипалап отырады.

Жүрг:Кемпірі қазанды ашса, ішінде балта жатыр екен, ойбайлап:

Кемпір:Алдады, алдады ғой бізді Алдар көсе! – деп айғалайды.Енді тәулсіздік мерекесің қалай тойлаймыз.

Бай: Тез жүр, қуып жетейік, алыс кеткен жоқ шығар – деп, екеуі шығып кетеді.

Алдар көсе оралып келеді: Балалар, Шығайбай кетті ме? Ойын ойнамай, ән салмай, өсер бала бола ма? Демекші,келесі кезекті ойынға берейік.

1ойын «Көтермек»

2ойын «Асық жинау»

3ойын «Орамалды бер»

Жүрг: Еліміз егемендік алып, міне сендер таза ана тілінде сөйлей бастадыңдар. Тіліміз бен дініміз қайта оралды. Еліміздің нағыз ұлт-жанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары сендерсіңдер. Болашақтарың жарқын болатынына сенімім мол.

Би: Қазақ биі

Жүрг:  Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер. Оларыңа ризамын. Білімді азаматтар болып өсетіндеріңе сенімдімін.

Жүргізуші: Тәуелсіздік – 11 әріп құралған
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман
Талай дара, даналардың көз жасы
Қаныменен атты таң боп бізге алдан
Он бір әріп не мағына береді
Ал талдайын, жеткінше қызыл тіл
Ортаға ақ қағазға әріптер жазылған 11 бала шығады
1 бала: Т – білдіреді теңдікті
2 бала: Ә – әдептілік елдікті
3 бала: У – уайымсыз уақытты
4 бала: Е – егемен елдікті
5 бала: Л – дейді лағып, лепірді
6 бала: С – сенімділік секілді ең
7 бала: І – ілтипат пен ізет қой
8 бала: З – зиялылық тілек қой
9 бала: Д – шақырады достыққа
10 бала: І – ілкімді боп сақтыққа
11 бала: К – дейді күн боп көктегі
Көз алартпа көршілерге, қол сұқп

Ән: « Алға Қазақстан!»

Жүрг: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсындеп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді «президент ән» әнімен аяқтағым келіп отыр.


Көңілді музыка әуенімен барлығы жалпы суретке түседі.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Жасай бер – Қазақ елі» мерекелік ертеңгілігі

Автор: Сакенова Айдана Еркебулановна

Дата: 13.04.2017

Номер свидетельства: 408999

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Жасай бер- Қазақ елі!""
    ["seo_title"] => string(23) "zhasai_bier_k_azak_ieli"
    ["file_id"] => string(6) "364735"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1480609263"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "ВКО район Алтай г.Серебрянск"
    ["seo_title"] => string(29) "vko_raion_altai_g_serebriansk"
    ["file_id"] => string(6) "507632"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1555609329"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Ертеңгілік тәүелсіздік күніне арналган"
    ["seo_title"] => string(45) "iertien_ghilik_t_uielsizdik_kuninie_arnalghan"
    ["file_id"] => string(6) "383852"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485366470"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "«Жасай бер,Т?уелсіз ?аза?стан!»"
    ["seo_title"] => string(27) "zhasaibiertuielsizkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "290458"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454953428"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Елімнің бақытын тербеткен, Тәуелсіздік !"
    ["seo_title"] => string(39) "elimnin_bakytyn_terbetken_t_uelsizdik_2"
    ["file_id"] => string(6) "622992"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1673595303"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства