kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жан азы?» танымды? ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Внеклассное мероприятие на казахском языке для учащихся 8-х классов национальной школы. Цель проведения мероприятия: углубить знания по предмету, развивать уважение к родному языку, традициям своего народа, выявление талантливых учеников, развитие выразительного чтения стихотворений, уважения друг к другу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жан азы?» танымды? ойын »

«Жан азық» танымдық ойын

Ойынның мақсаты: мектеп оқушыларының ана тіліне деген құрметін арттыру,атадан балаға мирас болып келе жатқан жәдігер мұраларды таныту,оқушылар арасындағы талантты балаларды анықтап,олардың шығармашылығын насихаттау.

Ойынның жүргізілу барысы:

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін. (М.Жұмабаев)

Армысыңдар,қымбатт оқушылар және ұстаздар,тілдің жанашырлары!

Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен,Ана тілім!!

деп бүгінгі«Жан азық» ителлектуалды ойынын бастауға рұқсат етіңізер!

Бүгінгі ойымызды сарапқа салу үшін сарапшыларымызбен танысып алалық.

Тіл атамыздың ақылынан ,анамыздың сүтінен жаралған.Біздің тіліміз өшпек емес өйткені,ол-қазақ тілі,қазақтың тілі,қазақтың ар-ожданы,қавзақтың бет-пердесі мен бейнесі деп халық жазушысы Шерхан Мұртаза атамыз бекерге айтпаған болар.

Бүгінгі танымдық ойынның шартымен таныстырып өтейін.

  1. «Жыр терме» жырдан үзінді оқылады,мағынасын ашу.

  2. «Жаңғырық»экраннан қазақ халқының бір ардақты азаматының портреті көрсетіледі.Команда мүшелері портрет жөнінде толық мәлімет беру керек.

  3. «Сүбе»берілген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашып бір сөйлем құрастыру.

  4. «Жәдігер»экранда берілген қазақ киносының үзіндісін көре отырып,киноның аты мен режисерлары,басты кейіпкерлері туралы мәлімет беру.

  5. «Қазақтың саз аспабы»туралы мәліметтер,атауын,неден жасағанын анықтау.

  6. «Жорға» берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беру.

Балалар құтты болсын тілің бүгін,

Ашатын жан сарайын білімдінің.

Кешегі анаң айтқан бабаң айтқан

Тіліне зер салыңдар бұрынғының.

М.Әуезов «Жыраулардың сөзі мақсатсыз айтылмайды.Не айтса да,көптің мұңы,көптің жайы туралы айтылады»деген екен.

1 кезеңіміз яғни «Жыр терме»кезегіне береміз.

«Артымда қыруар елім бар, өлсе де денем ,мен өлмеймін»деп қазақ әдебиетінің драматург,ақын,сазгер,психолог Ж.Аймауытов айтқан екен.

2 кезең «Жаңғырық» кезегіне береміз

Қазақстанның құрметті азаматын анықтау және қысқаша өміріне шолу жасау.

Сұлтанмахмұт ана тілін қастерлеуге баса көңіл бөлген.

Сүйемін туған тілді-ана тілім,

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Сол тілімнен шешем мен әлдилеген,

Еркелеткен, «құлыным», «жаным»деген.

Сол тіліменен бірінші білгізілген,

«Ана»деген сүйгендік сөз әніменен деген өлең жолдары дәл бүгін де өзектілігі кемімеген ой десе де болғандай.

3 кезең «Сүбе» яғни тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашып,мәнді-мағыналы 1 сөйлем құрау,1 минут уақыт берілді.

4 кезең «Жәдігер» бұл кезеңде экранда берілген қазақ киносының үзіндісін көре отырып атауын,рижесерін,басты кейіпкерлерін анықтау.

5 кезең «Қазақтың саз аспаптары» Ертеде ақын жыршыларымыз өздерінің ішкі сезім-толғаныстарын қазақ халқының саз аспаптарымен жеткізе білген.Ол саз аспаптар бүгінгі күні де өз орнын табуда.

6 кезең «Жорға» мұнда әр топ 1 минут арасын да берілген сұрақтарға жауап берсе,әр жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін! Деп Мағжан атамыз айтып өтсе бізде бүгінгі еліміздің жастары,ертеңгі күннің болашағы деп білеміз.

Сөзді әділқазылар алқасы яғни сарапшыларымызға береміз.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Ойын 7-9 сынып оқушыларынан құрылған мектеп командасы арасында жүргізілді.Ойынғамектеп командалары шақырылды.Ойын соңында ең көп ұпайға ие болған команда жеңімпаз атанды,бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
«Жан азы?» танымды? ойын

Автор: Нурова Айгул Лесовна

Дата: 02.06.2015

Номер свидетельства: 217023

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "танымды? ойын "Ж?зден ж?йрік,мы?нан т?лпар" "
    ["seo_title"] => string(46) "tanymdyk-oiyn-zhuzdien-zhuirik-myn-nan-tu-lpar"
    ["file_id"] => string(6) "242666"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1445518019"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "«Білгірлер отауы» (тарихи-танымды? ойын) "
    ["seo_title"] => string(39) "bilghirlier-otauy-tarikhi-tanymdyk-oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "160420"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422036083"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "?лсіз-буын                  (Тарихи-танымды? ойын) "
    ["seo_title"] => string(31) "lsiz-buyn-tarikhi-tanymdyk-oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "185213"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426159805"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "«Тілдер к?ні» апталы?ына арнал?ан  «Ана тілі  білімні? кілті»  танымды? ойын сайысы "
    ["seo_title"] => string(79) "tildier-kuni-aptalyg-yna-arnalg-an-ana-tili-bilimnin-kilti-tanymdyk-oiyn-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "126033"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1415108832"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "«Ана тілі  білімні? кілті»  танымды? ойын сайысы "
    ["seo_title"] => string(44) "ana-tili-bilimnin-kilti-tanymdyk-oiyn-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "126039"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1415109415"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства