Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие "Таза ауа" »
№9 орта мектебінің 5 «А» сыныбы оқушыларымен ұйымдастырылған саяхат
ұйымдастырған
Сынып жетекшісі Хожабаева Т.А
Серуенге алып шығудағы мақсат: - өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге; - ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруге; - достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға; - туған жердің табиғатының және экологиялық маңызына мән беруге; - азаматтық - елжандылық сананы қалыптастыруға; - ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр, және т.б. ұғымдарды меңгеруге қалыптастыру.
Жыл бойы оқудан шаршаған балалардың таза ауаға серуенге шығып дем алуы қандай ғажап! Табиғат аясында серуендеу немесе тынығу адамға тың ойлар сыйлайды.
Таза ауада дем алып отырып оқушылармен әңгімелесу, пікір - талас өткізу өте пайдалы .Олар сабақта отырғандай емес, қысылып -қымтырылмай өз ойын ашық айтады.еркін болады. Мұғалім алдын- ала жоспар құрып алса,таза ауада серуендеу қызықты өтеді.
Серуенге шығуға құрылған жоспар:
1.«Денсаулық – зор байлық», «Таза ауада серуендеу қандай ғажап».»Табиғатты қорғау - Жер ананы қорғау» тақырыптарына ойларын айту.
3. «Табиғатты аяла» тақырыбына қысқаша көрініс қою. Сұрақ-жауап
4. Таза ауада тамақтану.
5. Жасыл алқапта доп ойнау, жұмбақтар жасыру.Ән айту. Би билеу. «Айгөйлек», «Ақсүйек»сияқты түрлі ойындар ұйымдастыру.
6. Ну орманда,ақ қайыңмен бірге сыныптас достармен суретке түсу.
Мұғалім: Балалар, табиғат аясына қош. келдіңіздер ! Таза ауада жақсы дем алу үшін көңіл күйлеріңіз жоғары болсын.Көңіл-күйлеріңіздің жақсы болуы өздеріңіздің қолдарыңызда.Арамызда достық,әдептілік, татулық секілді жақсы қасиеттер болса, саяхатымыз сәтті өтеді, серуеніміз қызықты болады.Өздеріңіз білетін ән-жырларыңызды айтып, жұмбақтарыңызды жасырып,табиғат және таза ауа,олардың пайдасы туралы ойларыңызды ортаға салып айта отырыңыздар.
Балалар кезекпен өз ойларын айтып шықты:
МҰХАММЕД:Денсаулық зор байлық Денім сау болсын деген адам таза ауада көп жүру керек .Жасыл жапырақтар мен гүлдер көп жерлерде ауа таза болады.
ДИАС:Ағаш жапырақтарының адам ағзасына қосар үлесі мол. Олай дейтін себебіміз, жапырақтың жасыл түсі адамға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Бұл аз десеңіз, жасыл түсті жапырақ адамның шаршағанын сап тыяды екен.
Жапырақтан көз алмау – адам Жасыл жапырақ - адамды жасартады,
көңілін көтереді. дейді қытайлық ғалымдар.
АРАЙ:Мына, біз келген жер өте тамаша екен.Жоғарысы тау және төмені орман екен. Ауасы таза.Бізді осындай жерге серуенге алып келген мұғалімге және өзінің уақытын бөліп машинамен алып келген сыныптасым Айымның әкесіне көптен –көп рахмет айтамын.
Мұғалім: Балалар, саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Енді табиғаттың тоғыз емшісімен таныс болайық. Арай(жүргізуші): Шат көңіл адамдар, Ақ көңіл адамдар! Денсаулық - зор байлық, Жан саулық – мол байлық. Амандық үшін де Адамдық ісіңде Қолданып ел сынар, Табиғи емші бар.
Алла: Егер денім сау болсын десең... Егер көңілім жай болсын десең... Табиғатқа табын адам! Күн: Нұр сәуле шуақты, Беретін қуатты Ұлы емші анамыз Күннен күш аламыз Жылытып, қыздырып, Нұрына жүздіріп, Күн ана шуағы Сырқатты қуады. Ауа: Болмасын ауа ешкімнің арман - мұңы, Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы. Ойлашы, кімге керек боламыз біз, Жұтудан таза ауаны қалған күні. Су: Сусын да, әрі дем Су емші бәрінен. Суынан берді жер, жуынсаң сергітер, Су - өмір жүрегі, денсаулық тірегі.
Дильназ: Бойды тік ұстау. Тік ұстап денеңді сапқа тұр сен енді, Жанға сеп шынығу, жаттығу, тынығу. Сымбатты болу да өзіңнің қолында. АлмасДене жаттығулары Спорттық ойын да күш берер бойыңа, Спортта ем болар, жаттықсаң ем қонар. Асемгүл: Ашығу. Ас же, сіміріп, асқазан сіңіріп Жақсартып қаныңды, жақсартар жаныңды. Асқазан жұмысын аяла бұл үшін. Ас ішсең аптықпа, кейде көн аштыққа. Талға да бір сәтті, тазала құрсақты. Ас ішсең толасың, аман - сау боласың. Диас: Жеміс пен көкөніс, Нан, сүт, ет берер күш. Витамин тағам - нәр, Оны жұрт бағалар.. Ас - адамның арқауы, аспен күш артады. Тағам іші жағымды, тазартар жаныңды. Дертіңді қуады денеңнің қуаты. Нұржас: Еңбекпен шынықтың, сен енді тынықтың Серги біл, құр жатпа, сейілде гүл бақта. Ұйқыны қоя тұр, көр кинотеатр, Жаназық әманда күш берер адамға. Тангелды: Ой салып ақылға, оң істі мақұлда. Табиғат сайлаған емдерді мақұлда. Талпынсаң құрыспай емдерді пайдалан. Ие боп атаққа, жетесің мақсатқа. Фаррух:Табиғат егіз адаммен, Ұқсастық табам мен. Мәңгілік болсын егіздер, ЖЕР АНА, КӨЛ, ТЕҢІЗДЕР! КӨРІНІС көрсету.(сұрақ-жауап) Айым: Бүгін табиғат туралы көп айтылды. Ал, қазір мен тілші болып, бірнеше адамнан сұхбат алайын. 1 с. Сен өзің табиғатты қорғауға қандай үлес қостың? 2 с. Денің сау болу үшін не істеу керек? 3 с. Жиналған балаларға, жас табиғат қорғаушыларға не тілер едіңіз? Ислам: Мен түсіндім: еліміздің әр азаматы «Мен табиғаттың бір бөлшегімін» деп сезінсе, қоршаған ортаға жақсылықпен қараса, тіпті бүгінгі серуенге келген балалар өздеріне кішкентай түсінік алып, табиғатқа қамқор болуын түсінсе, ол да өз үлесін қосқаны болып саналады. АРАЙ(жүргізуші):Табиғатпен үндесе өмір сүрейік! АЛЛА(күн сәулесі): Әрқашан күн сөнбесін! Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!
Мұғалім:Табиғат адамға баға жетпес байлық, сондықтан табиғат - Ананы қорғап, аялауымыз қажет. Табиғатты қорғау - Жер ананы қорғау, Табиғатты қорғау - өзіңді қорғау екенін естеріңізден шығармаңыздар!