- Өзіндік сана-сезім, ақыл-ой парасаттылыққа тәрбиелеу;
- Мәдениеттілікпен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың өту барысы:Ұйымдастыру кезеңі:
Слайд 1 Видео 1
Кіріспе:Бүгінгі ұрпақ -халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Бүгінгі кезекті отырысымызда қазіргі замандағы білім саласындағы реформалар төңірегінде ойлармызды ортаға саламыз
Слайд 2 Видео 2( білім)
Білім – экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан маңызды, білім болашаққа салынған сенімді инвестиция көзі. Кез-келген елдің қарқынды дамуы тек табиғи байлық көздерімен ғана емес, азаматтардың сауаттылығына да тікелей байланысты.Білім тек ғылымның іргетас ғана емес тасы өрге домалаған еңсесң биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры,ел дамуының алтын арқауы. . Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. Заманымызың заңғар жазушысы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» болмақ деген.
Қонақта үш ұрпақтың өкілдері.
1. Алғашқы сөз кезегін кезінде ұстаздық қызмет атқарған ардагер ұстаз қонақтарымызға береміз.
2.Тәуелсіздігімізді баянды ететін ғажайып күштердің бірі – тұғырлы – ойлы саясат, білім, ғылым және интеллектуалдық әлеует. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап жүргізіп келе жатқан дана саясатының негізі – мемлекеттің білім беру әлеуетін арттыру, ең бастысы қазақстандықтардың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға басты назар аударды. Президенттің көрегенділігі – қазақстандықтардың білімді болуы біздің еліміз Корея, АҚШ, Қытай, Ресей, Сингапур сынды алпауытты елдермен бәсекеге түсе алатындай іргесі тең елге айналуының кепілдігі екендігін алғашқы кезеңнен - ақ байқағандығында.
Батыстағы білім беру жүйесінің барысы туралы бізге кеңінен «Нұр Отан «партиясының мүшелері әрі ата-ана - екінші ұрпақ өкілдері айтып береді.
3. Тәуелсіздік біздің ұлттық мақтанышымыз. Тәуелсіздік жылдарында орын алған дағдарысты жағдайға қарамастан Ел Президенті білім мен ғылым салаларын дамытуға үлкен назар аударды.Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне назар аударды.Экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға барынша қолдау көрсетті.
Оқушыларымыз осы кезеңдегі білім беру саласындағы реформалар туралы айтып береді
Тәуелсіз Қазақстандағы білім.
Оқушылар:
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтайық.
- Қандайлық жақсы және кәсіби болсадағы бір де бір мұғалім, егер оқушының өзі білімге ұмтылмаса, егер өзі кәсіби, жоғары білікті маман болғысы келмесе, оны ештеңе үйрете алмайды. Бізде үлкен өршілдік болуы тиіс. Сендер өз мамандықтарыңда үздік болуды тілеп, бәсекелестікке әзір болуға тиіссіңдер. Бұл тұрақты түрде жаңа білімді игеру, өзіңмен жұмыс жүргізу қажеттігін білдіреді. Тек осылай ғана табысты адам бола аласың!
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды.