Қазақ халқы қандай қиыншылық заманда да ұлын ұлықты, қызын қылықты етіп тәрбиелей білген. Ата-бабамыз ұрпағына тамаша дәстүр, ұлағатты ұлы сөздер айтып, олардың адами қасиеттеріне әсер ететін даналық қағидалар қалдырған. Мақсаты: 1.Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, кішпейілдікке, қарапайымдылыққа, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу. 2.Адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. 3. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар. Өту барысы. І. Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбын хабарлау. -Балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» деп аталады. Өздерің білесіңдер біз тәуелсіз еліміздің көк байрағының астында ата-бабаларымыздың асқақ арманын арқалап, өмір сүріп жатырмыз. Осынау кең байтақ Қазақстан деген елде ұятты ұл, қылықты қыздар, әке мен ана жолына адал қызмет етіп жатыр. Ал енді сабағымызды бастайық. Сабағымызды Абай атамыздың « Сегіз аяқ » өлеңімен бастасақ.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты»
ҰЛ ҰЯТЫМЕН, ҚЫЗ ҚЫЛЫҒЫМЕН АРДАҚТЫ
Қазақ халқы қандай қиыншылық заманда да ұлын ұлықты, қызын қылықты етіп тәрбиелей білген. Ата-бабамыз ұрпағына тамаша дәстүр, ұлағатты ұлы сөздер айтып, олардың адами қасиеттеріне әсер ететін даналық қағидалар қалдырған. Мақсаты: 1.Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, кішпейілдікке, қарапайымдылыққа, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу. 2.Адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. 3. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар. Өту барысы. І. Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбын хабарлау. -Балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» деп аталады. Өздерің білесіңдер біз тәуелсіз еліміздің көк байрағының астында ата-бабаларымыздың асқақ арманын арқалап, өмір сүріп жатырмыз. Осынау кең байтақ Қазақстан деген елде ұятты ұл, қылықты қыздар, әке мен ана жолына адал қызмет етіп жатыр. Ал енді сабағымызды бастайық. Сабағымызды Абай атамыздың « Сегіз аяқ » өлеңімен бастасақ.
ІІ. – Иә, балалар! Адал ұл, ару қыз болу үшін ақылдылықты, әдептілікті үлкендерден үйренуіміз керек. Оны бізге ақ жаулықты аналарымыз ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болу керек. Ендеше осы жайында ой толғасақ. Бұл сараптауды «Тақырып ашу» стратегиясы деп атаймыз. Осы стратегия бойынша кімнің қандай ойы бар? 1-оқушы. Адамгершілік, әдептілік деген ар-ұяттың белгісі, адамның қасиеттерінің көрінісі. 2-оқушы. Әр адам өзінің ішкі дүниесінің таза, пәк болуын, ниетінің адал болуын қадағаласа, істеген ісі де соған сай инабатты, әдепті, жүрегі мейірімге толы болмақ. ІІІ. Сонымен балалар! Ұл ұятты, қыз қылықты болу үшін, сендердің ойларыңша, қандай ұсыныс айтар едіңдер? 3-оқушы.Апай, ол үшін «Ер жетер ұл ережесі, бой жетер қыз ережесі» атты тәртіп ережелері болса деп ойлаймын. 4-оқушы.Досым, сенің бұл ұсынысың дұрыс. Бірақ осы ережелерді біздің ата-бабаларымыз адамзат тарихыныңалғашқы кезінде-ақ қалыптастырып кеткен жоқ па? Әуелі Мұқағали атамыз: Бабаларым, рахмет сендерге Бабаларым болмасын деп көп кеуде Қобызыңмен қосып, ән мен тіл бердің Мен өмірге мылқау болып енгенде Бабаларым, рахмет сендерге. Осы шумақтың өзінен-ақ қаншама сыр ұққандай боласың. ІV. – Мінеки балалар! Сендер қандай дұрыс ойлар айтып жатырсыңдар. Сонда сендерше, ата-бабаларымыз бізге қандай ереже қағидалар айтып кетті деп ойлайсыңдар? Ол үшін енді «Ой шақыру» стратегиясына көшейік. Кім не айтады екен? 5-оқушы.Мысалы, мақал-мәтелдерді алайықшы. Олардың әр біреуіндегі ой бір романға бергісіз. Ата-бабаларымыз тоқсан ауыз сөзден тобықтай түйін жасап, ой толғаған. Атап айтатынболсақ: Балапан ұяда не көрсе , ұшқанда соны іледі. (Оқушылар кезекпен мақал-мәтелдерді атап өтеді) .
Қыз бала туралы мақал-мәтелдер.
1.Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
2.Ауру – астан, дау – қарындастан.
3.Бір қыз күйеугешықса, мың қыз түс көреді.
4.Жақсы қыз – жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.
5.Жыршы қызға – сыршы күйеу.
6.Қыз назы қырық кісіні мас қылады.
7.Қыздың қабағында құт бар.
8.Қыздың қабағы күлімдесе, құт келеді.
9.Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді.
10.Қызда қырық көліктік бақыт бар.
11.Қызға қырық үйден тыйым.
12.Қыз бала кісінің кісісі.
13.Қыздың жолы жіңішке.
14.Қыз – қонақ.
15.Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді.
16.Қызды ауылдың қызығы көп.
17.Қызды қымтап ұстаған ұялмайды.
18.Қыз бен жылқы жаудікі.
19.Ауылдан қыз кетсе, қызық та кетеді.
20.Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
21.Қасынан қыз өтсе, сексендегі шал басын көтерер.
22.Қайтып келген қыз жаман,
Қайта шапқан жау жаман.
23.Қыз ат байлатар.
24.Қыз ұшқан құс.
25.Қыз бала өкпешіл болса,
Қалың малы көп болар.
26.Қызға берген көрінбес.
27.Қыздың көзі қызылда.
28.Қызды уыл өсекшіл.
29.Шыққан қыз шиден ары.
30.Төркіндесе қыз төзбейді.
31.Тойған қыз төркінін танымас.
32.Қыз бала үйге жаққан бояу.
33.Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.
34.Қыздың ұяты шешеге.
35.Қызды асырап білмеген күң етер,
Жібекті түте алмаған жүн етер.
36.Қызың өссе, қылықтымен ауыл бол.
37.Қыз қылығымен.
38.Шешесіне қарап қызын ал,
Аяғына қарап асын іш.
39.Қызы бардың назы бар.
V. Дұрыс айтасыңдар балалар. Біздің халқымызда айрықша орын алатын мақал-мәтелдер адамның бүкіл тыныс-тіршілігінен, әдет-ғұрпынан, түсінік болмысынан туындаған байлаулы ой түйіндері. Ендеше мақал-мәтелдерден алған рухани азығымыз ұлға ұятты, қызға қылықты бол деп жол көрсетіп тұрғандай екен. Жарайды. Тағы кім не айтар екен? 6-оқушы. Апай, сан ғасырлар бойы халқымыздың санасына сіңіп, екшеліп жеткен бай дәстүрлерінің бірі – ырым-ғұрыптары. Жақсылық нышандарға жоралғы, жамандыққа тыйым айтылатын тыйымсөздерде бізге ой салатын қаншама астар жатыр. Мысалы: А. Байтұрсынов атамыз : «Ырым етсең – адал ет, жамандықтан аман ет» деп тегін айтпаған. Енді осыған байланысты көрініс көрейік. (Көрініс «Өшпес із»).
VI. Өте жақсы балалар. Тағы қандай тыйым сөздер білесіңдер? (оқушылар тыйым сөздерге мысал келтіреді).
1.Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір тіршілік көзі саналған.
2. Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе. Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар.
3. Қазақ түнде мал, адам санамайды. Себебі басың кемиді деп есептеген.
4.Үйге қарай, үйді айналып жүгірме.
5.Күлді, тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады.
6. Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама.Тек қаралы адамдар ғана осылай отырады.
7.Итті теппе, итке су шашпа, ит жеті қазынаның бірі.
8. Нанды шашпа, баспа; нан- өмір нәрі.
9. Түнде өзенге суға түспе, су алуға барма.
10.Туысыңа ит, пышақ сыйлама, себебі араз болып қалуың мүмкін.
11.Таңертең міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып шық. Себебі « таңғы тамақ тәңірден »деген сөз бар.
12. Нанды бір қолыңмен үзбе, нан уағын тастама . Себебі нанды бір қолымен үзу киелі асты қорлаумен бірдей. Нан уағын тастама « обал» болады, « жеп қойсаң, бай боласың » деп тәрбиелеген.
Адамның іс-әрекетіне байланысты тыйымдар.
Адамға қарап керілмейді, әдепсіздік болып саналады.
Тырнақ тістесе, ырыс-несібе кетеді.
Жатқан кісінің үстінен аттамайды.
Жақты таянбайды. Қайғы-қасіреттен, әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп таянады.
Бетті басуға болмайды. Қайғыдан қажыған адам ғанабетін басады.
Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауырған кісі тартады.
Жуған қолды сілкісе ырыс-несібе кетеді.
2.Киімге қатысты тыйымдар.
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді.
Тозбаған киімді тастауға болмайды.
Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан улы жәндіктер болса, ұшып түседі.
Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Жаман ырым.
Киімнің жағасын басуға болмайды.
Бас киімді теріс киюге, лақтыруға болмайды. Бас киімді әрқашанда таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.
Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі болып саналады.
3.Қоршаған ортаға байланысты тыйымдар.
Көкті жұлса көктей соласың.
Суға түкірмейді.
Құстардың ұясын бұзуға болмайды. Қарғаса, үй-ішіңе кесапаты тиеді.
Құмырсқаның илеуін бұзба.
VIІ. Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар. Халқымызда біз үйренетін тамаша салттар, дәстүрлер, ырымдар көп екен. Тағы қосымша айтарларың бар ма? 7-оқушы. – Апай, ырымдармен қатар бата, тілектер, ұлттық ойындар сияқты неше түрлі қазыналарымыз бар екенін біз әдебиет пәні арқылы көп білеміз. Олардан нәр аламыз, үйренеміз.
8-оқушы. – Туған соң адам боп, білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең , жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты,ардақ тұтып үлкенді,
Ата-жолын жалғапты.
9- оқушы.- Біздер бұрын көрмеген, салт-дәстүрім өлмеген.
Үйренеміз дәріптеп, заманымда өрлеген.
10- оқушы. Егемен болмай – ел болмас, етек жеңі кең болмас.
Терезесі тең болмас,енді қазақ кем болмас.
11-оқушы.- Ашық болсын күніміз, ашылады нұрымыз.
Бай тұлғалы өңірде, айтылады жырымыз.
12- оқушы. –Ата-жұрт боп өскенді, қайта жалғап өшкенді.
(Қазақтың тәрбиелік мәні бар қандай салт- дәстүрлері бар екен , тоқталып өтсек.)
Сүйінші ! Қуанышты хабар жеткізуші адам « Сүйінші, сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі қалағаныңды ал,- дейді.Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың ,ризашылықтың белгісі. Шашу! Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындармен әйелдер шашу шашады.
Қонақасы! Халқымыздың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайындағы ерекше қымбат дәстүрі – қонақжайлылық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып қонақасы беру – жомарттықтың, елдіктің белгісі.
Сыбаға!Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын –жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады.
Кекіл! Жас балалардың шашын тегістеп ұстарамен алып тастайды да бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Кекіл балаларға жарасымды ажар береді.
Тұлым қою!Кішкентай кезінде баланың шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны тұлым деп атайды.Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады.
Ерулік! Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.
Сыралғы! Олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан саятшыдан кездескенде сұралатын жол. Мәрт аңшылар мұндайда сыралғы сұрағанның сөзін жерге тастамайды.
Енші! Балалары ержетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады.Бұны енші деп атайды.Ал қызға берілетін дүние мүлік « жасау» деп аталады.
Сәлем беру! Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына әдейі іздеп келіп сәлем беру- қалыптасқан дәстүріміз.
Ән :« Қазақтың дәстүрлері»
Қазақ халқының ұлттық ойындары сан алуан.Қазақ ойындарының бірсыпырасы балалар мен жасөспірімдерге арналған. Бұлар «Ақсүйек», «Соқыр теке», «Алтыбақан», «Әткеншек», «Саққұлақ», «Белбеу тастау», «Әйгөлек» тағы басқалар. Бұл ойындардың көбі түнде, ауыл шетінде ойналады.Жиналған балалармен жасөспірімдер осы ойындарды бірінен соң бірін ойнап жүріп малға қараған.
-Қазақ халқының ертеден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі «тоғызқұмалақ». Мұны шахмат сияқты екі адам ойнайды. Бұдан басқа дойбы мен асық ойындарының түрлері бар.
-Қазақ ойындарының көп түрі спорттық шынығу сипатындағы ойындар. «Палуан күрес», «Садақ ату» ,«Арқан тарту», «Секіру» ,«Ақпа таяқ», «Жаяу бәйге»сияқты ойындардан басқа көпшілігі ат үстіндегі ойындар: «Бәйге шабу», «Көкпар», «Қыз қуу», «Жорға салу» ,«Сайыс», және т.б. Мысалы: тоғыз жасар бала мен Төле бидің кездесуінен көрініс көрсетейік. (Көрініс «Бата беру»). VIII. Өте жақсы балалар. Енді біз тәрбие сағатымыздың келесі «Топтастыру» стратегиясына өтеміз. Сендер бағанадан ұятты ұл, қылықты қыз болудың ереже-қағидаларының барлығы ата-баба өнегесінде, солардың рухында екеніне тамаша сипаттама бердіңдер. Енді осы ережелердің қорытындысы ретінде мына стратегияны қалай жазар едіңдер?Осы стратегия бойынша оқушыларға осы тақырыпта ұятты ұл, қылықты қыз қандай болу керек екендігін өз ойларымен білдіру тапсырылған. Енді оқушыларды тыңдасақ.
IX. – Мінеки балалар! Сендер бүгінгі сабағымызға тамаша дайындықпен, үлкен ізденіспен келіпсіңдер. Адам өмірге келгеннен кейін өз өмірін мәнді, мағыналы етіп өткізуі керек. Ендеше, осы өмірдің мәні де, мағынасы да біздің қолымызда. Сонымен балалар, бағанадан бері айтқан ойларымыздың «тобықтай түйінін» айтар болсақ, ұятты ұл, қылықты қыз болу үшін, ата-бабамыз айтып кеткен өсиетін, нақыл сөздерін, мақал-мәтелдерін, тыйым сөздерін, ұлттық дәстүрлерін жүрегімізбен қабылдап, ынтымағы бұзылмайтын қазақ елінің қорғаны болайық
Мемлекеттік білім беру мекемесі Абай Құнанбаев атындағы №5 орта мектеп
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты»
( 16.05.13 ж , 9 « Ә» сыныбында өткізілген )
Сынып жетекші : Махамбетиярова Ж.Ж.
Байқоңыр
Әдептілік ережесі ( қыздар үшін)
Қыз қылығымен сүйкімді.
Қызға қатты күлудің қажеті жоқ.
Әдепсіз қыз шеше атына кір келтіреді.
Есті қыз етегін қымтап ұстайды.
Қыз бала сабырлы,әдепті болу керек.
Қыз баланың көп сөйлеп сүйреңдемегені жақсы.
Ұлдарға кеңес.
Үлкенге инабатты, кішіге қамқор бол.
Жалған сөйлеме, өтірік, өсектен аулақ бол.
Пайдасыз іске уақытыңды кетірме.
Қыздарға көмектесе біл.
Жаман сөздерді айтпа.
Қызға қырық үйден тыйым болған:
Жарыса сөйлеуге.
Жалғыз қыдыруға.
Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге.
Орынсыз ұрынуға.
Басқаларға қол тигізуге.
Өтірік, өсекке.
Суық жүріс, сумаң қылыққа.
Кісіге қарап керіліп, есінеуге.
Талтайып отыруға.
Шалқайып жатуға.
Тамақты озбырлана асауға.
Ұрлық қарлыққа.
Ашық-шашық жүруге.
Бұраңдап қылымсуға.
Қызыл іңірде жатуға.
Түске дейін ұйықтауға.
Кісі алдында киім ауыстыруға.
Салт-дәстүрден аттауға.
Елді ғайбаттауға.
Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға.
Ішімдік пен шегімдікке.
Ұрыс-керіске.
Беттен алып, бет жыртысуға.
Түнде суға жалғыз баруға.
Қараулыққа, ысырапқа.
Рахымсыздық пен қатігездікке.
Жат жыныстылармен араласып жатуға.
Күйеуге қашып тиюге.
Әдепсіз сөзге.
Тарс-тұрс етуге.
Адам мен жануарларды тебуге.
Кісіні қорлап, жәбірлеуге.
Тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға.
Айғай сүреңге.
Шектен тыс сыланып жасануға.
Қызғаншақтық пен күншілдікке.
Менмендік пен өзімшілдікке.
Алдап- арбауға.
Көрсеқызарлыққа.
Нәпсі құмарлыққа.
Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін, жаза қадам баспауы үшін мынадай он түрлі талап қойған:
ӘДЕПТІ
АР-ОЖДАНЫ ПӘК
КЕҢПЕЙІЛ, КЕШІРІМДІ БОЛУ
МЕЙІР-ШАПАҒАТТЫ БОЛУ
АҚЫЛ-ПАРАСАТТЫ БОЛУ
САБЫРЛЫ-САЛМАҚТЫ БОЛУ
АДАЛ,АҚЖАРҚЫН БОЛУ
МАҚСАТ-МҰРАТТЫ БОЛУ
ӨЖЕТ,БАТЫЛ БОЛУ
ҰЯТ-НАМЫСТЫБОЛУ
Ақ жолға бастайтын жеті жетекші бар, осыны бойына сіңіре білген, қалыптастыра білген адам – тәрбиелі адам.
Адамның басшысы – АҚЫЛЫ,
Жетекшісі – ТАЛАП,
Жолаушысы- ОЙ,
Жолдасы – КӘСІП,
Қорғаны – САБЫР,
Қорғаушысы – МІНЕЗ,
Сынаушысы – ХАЛЫҚ.
Қыз қылығымен, ұл ұятымен ардақты.
«Қыз қылығымен, ұл ұятымен ардақты.» - деп ертеде ата- әжелеріміз тегін айтпаған. Ертеде қазақ халқы ұлдарын ұятты, қыздарын қылықты етіп өсіріп, арлы, намысшыл, әдепті, болуды үйретіп, санасына сіңірген. Кезінде қариялар «ұят кімде болса, иман сонда», - деген.Бұл сөздің түбірі ұят өзі иманның бір мүшесі дегенді білдіреді. Адамның бойында бұл айтылғандардың барлығы да болуы керек.Сол себептен шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен, ес білгелі әке-шешемізден, ата- әжелерімізден үйренгеніміз арлы, ұятты, қылықты болу. Ұятты ұл өзіне әке, атасын үлгі тұтып еліне қадірлі азамат болуға міндетті. Қылықты, сүйкімді, арлы қыздар ананың, әженің тәрбиесіне дақ түсірмей, әдепті әрі ұқыпты болуы керек деп ойлаймын.
Негізінен адам баласы өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар , түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді. Кісіге екі дүниеде пайдасы бар нәрсе – ізгі іс , екіншісі – ұят, үшіншісі – әділдік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады. Сондықтан да адамдар алдымен өзін – өзі үйретіп, сонан кейін ғана басқалардан да үйрене алады.
Қыз қылығымен, ұл ұятымен ардақты.
Қазақ қызы – сұлу арулар. Менің ойымша, қазақ қызы ар ұятын
сақтай білетін, аз сөйлеп, көп тыңдайтын, бойына барлық асыл қасиеттерді жинап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін , ибалы қыздар қазақ қызы атына лайық. Қазақтың ару қыздары мен сұлтан жігіттері « қазақ » деген атқа лайықты болуы керек. Біріншіден жүрегінде иманы болғаны абзал. Байсалды, қарапайым, кішіпейіл, тәрбиелі, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету, өзінің қазақ екенін мақтан тұту, шынайылылық, еңбекқорлық, мейірімділік, осы қасиеттердің барлығы сегіз қырлы, бір сырлы қазақ жігіттері мен ақылына көркі сай қазақ аруларының бойынан табылуы керек деп ойлаймын.