Тренинг мақсаты: Жеткіншектердің есірткі мәселесі бойынша ақпараттылық деңгейін жоғарлату, психикалық белсенді заттарды қолдануға қарсы дағдыларын дамыту.
Тренинг міндеттері:
Жасөспірімдердің мәселе бойынша ақпараттану деңгейін анықтау;
Оқушылардың нашақорлыққа қатынасын өзгерту;
Психологиялық тәуелділік, есірткіні тұтыну себептері мен зардаптары жөнінде нақты ақпарат беру;
Таңдау жасау кезінде жасөспірімдерде жауапты шешімдер қабылдау қабілетін қалыптастыру;
Жеткіншектердің материалды игеру деңгейін тексеру және алған білімдерін өмірде қолдана білуіне ынталандыру.
(Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады.Бір-біріне тілек айтады.)
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.
Топтық тренингте жұмыс ережесін қабылдау
1.Біртұтас жұмыс кеңістігін қалыптастыру.
Слайдтан ережелер ұсынылады. Тренингтің барлық қатысушылары кезекпен ережелерді оқып, берілген ережені қабылдауға келіседі немесе келіспейтіндігін айтады.
1.бір-біріңді сыйлау;
2.белсенді болу;
3.шынайы болу ережесі;
4.жауапкершілік;
5.тыңдап ал, содан кейін айт;
6.ойыңды айтарда қол көтеру;
Тренердің міндеті – «бестікте» жағымды және шығармашылық ахуалды тудыратын негізгі ережелердің болуын қадағалау.
ІІІ.Негізгі бөлім.
1.Ақпараттану деңгейін бағалау. Мәселенің өзектілігі
(Видео көрсетіледі)
Жүргізуші топқа төмендегі сұрақтарға жауап беруін сұрайды:
1. Біздің қоғамда есірткілерді қолдану және тарату мәселесі бар ма?
2. Сіз және сіздің таныстарыңыз бұл мәселеге жолықтыңыз ба?
3. Бұл құбылыс жеткіншектер үшін қаншалықты қауіпті және бұл мәселе жақын арада шешілмесе, онда біздің қоғамға жалпы қалай әсер етеді?
Қорытынды: Бұл мәселе жеткіншекке тікелей және жалпы адамдарға өзекті болып табылады. " Есірткі - жас өмірді улаушы " 1 - оқушы: Қазіргі нашаның көп тарағаны - героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сол ләзатты өмір бойы іздеумен болады.Нашақор деген тамырға енгізеді. 2 - оқушы: Сана - сезімі уланған адамның мінез - құлқы да өзгереді. Мысалы, кейбір ата - аналар менің балам момынтұғын, алдамайтын, қарсы шықпайтын, ал қазір күрт өзгеріп кетті,өтірік айтады, төбелесуге дайын тұрады деп жатады. Осыдан ақ баланың есірткімен айналысып жүргендігі аңғарылады.
3 - оқушы: Адамның өзінен - өзі бұзылып кетпейтіні түсінікті ғой. Біреуге - біреу ықпал етеді. Нашаның басты таралатын жері - клубтар. 4 - оқушы: Наркологиялық орталықтың статистикасы бойынша 1 нашақор жылына 13 - 15 адамды өзіне тартады. 5 - оқушы: Жыл сайын 17 - ге толмаған мыңдаған жасөспірім нашақорлық салдарынан өмірмен қоштасып, ата- ана мен туыстарын аңыратып кетеді. 6 - оқушы: 1991 жылмен салыстырғанда нашақорлық саны биыл 10 есеге көбейіпті. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 13 -15 жас аралығындағы жасөспірімдер айықпас удың тұтқынына айналуда. 7 - оқушы: Баспасөз мәслихатында жас ұрпақты бұдан қалай арашалаймыз деген сұраққа қоғам болып күресу керек деген. Сондықтан да болар Елбасы Н. Назарбаев өзінің
Қазақстан халқына есірткі зардабы туралы талай айтқан болатын. 8 - оқушы: Есірткіні алғаш қолданар алдында ойлан! Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа. Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, онда тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіттесе де, қарсылық таныт!
1 топ – Сенің өмірің (слайд арқылы көрсету)
2 топ – Сенің ортаң (көрініс көрсетіледі оқушыларға ой тасталады.)
Оқушылардың ойы:
1.Есірткіні алғаш қолданар алдында ойлан! Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа. Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, онда тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіттесе де, қарсылық таныт!
2.Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар. Саралап алсақ , осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсер тигізуде.
3.Мен өзім жасөспіріммін, жасым 14-те. Мен қарапайым негізгі мектепте оқимын. Әр түрлі үйірмелерге, секцияларға қатысамын. Бос уақытымда музыка тыңдаймын, сурет саламын, романдар, поэмалар оқимын және Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқығанды ұнатамын, достарыммен кездесемін. Маған өзімнің және жақындарымның өмірі қымбат, сондықтан мен бар күш-жігеріммен есірткіге қарсы күресетін боламын. Себебі, достарымды, жақындарымды және құрдастарымды дені сау және бақытты болғанын қалаймын.
4.Олар соңында өздерінің денсаулығынан, отбасынан және достарынан, оқуынан, үйінен, тіпті өмірінен де айырылады. Сондықтан әр жасөспірімге «Есірткі – құрдымға апаратын жол» екенін есіңнен шығармағаның абзал, дегім келеді.
3-топ Есірткіге жол жоқ! ( Постер қорғау)
Қатысушылардың міндеті берілген бекітілім бойынша өз көзқарасын тақтаға ілу:
Қатысушылар берілген бекітілімге өз көзқарасын ілгеннен кейін, неге олай ойлайтындығын түсіндіреді.
Топ: хормен Ұланымыз туған еліміздің
Нашақорлық жойылсын!-өктем үнім
Салауатты өмірдің әнін тыңдап,
Арманымыз ұшып жүр көкте бүгін.
Көрермен қатысушылар өз ойларын айтады. Осы тапсырма барысында қатысушылардың қандай сезімдерде болғандары туралы талқылау қажет.
Талқылау
1.Не сездіңіздер?
2.Елестете алдыңыздар ма?
ІV.Қорытынды бөлік.
Кері байланыc Көңіл-күй жаңалықтарын сезіну.
Қатысушылар шеңбер бойымен өткен тренинг бойынша өз ойымен, сезімімен бөліседі.
«Тілектер» жаттығуы
Стекирлер беріледі соған тілектер жазылады.
Тренингке қатысушылар бір-біріне өз тілектерін жазу ұсынылады. Осы өмірде неге қол жеткізуге, қандай өмір жолын таңдауға тілер еді. Әр қатысушы бетке өз тілектерін жазады, Содан кейін әрбіреуі өз тілегін оқиды.«Достық ағашы»Жағымды сезім орнату.
Салауатты өмір салтын қолдайық! Әдеттен жаман әманда аулақ болайық! Өз өмірің өз қолыңда, ей, жастар, Су ішпеген гүлдей болып қалмайық- тренингке келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
Қармақшы аудандық білім беру мекемесі
«№273 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме
«Берік отбасы есірткіден алыс» ұранымен халықаралық нашақорлыққа күрес күні фестивалі аясында өткізілген «Сенің өмірің.Сенің ортаң.Есірткіге –жол жоқ!» тренингі
Тренинг мақсаты: Жеткіншектердің есірткі мәселесі бойынша ақпараттылық деңгейін жоғарлату, психикалық белсенді заттарды қолдануға қарсы дағдыларын дамыту.
Тренинг міндеттері:
Жасөспірімдердің мәселе бойынша ақпараттану деңгейін анықтау;
Оқушылардың нашақорлыққа қатынасын өзгерту;
Психологиялық тәуелділік, есірткіні тұтыну себептері мен зардаптары жөнінде нақты ақпарат беру;
Таңдау жасау кезінде жасөспірімдерде жауапты шешімдер қабылдау қабілетін қалыптастыру;
Жеткіншектердің материалды игеру деңгейін тексеру және алған білімдерін өмірде қолдана білуіне ынталандыру.