kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздік-халық мұраты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Классный час посвящен  дню независимости Казахстана с использованием викторин? стихов и песен.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік-халық мұраты»

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»














(тәрбие сағаты)






Тәрбиеші: Арынова Г.М.















2020-2021 оқу жылы

Тақырыбы:Тәуелсіздік – халық мұраты

Мақсаты: Оқушылардың өз Отаны Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, ел тарихындағы оқиғалардың маңыздылығын ажырата білуге баулу, еліміз Тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру. Сондай - ақ Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу, ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. Елге, жерге, тілге деген патриоттық сезімдерін ояту, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді де саналы, жігерлі жастардың керек екенін түсіндіру.

Өткізілген уақыты: 15.12.2020ж.


Өткізілген жері: 31кабинет


Түрі:тәрбие сағат


Қатысқан балалар: 8-9 сынып


1 - жүргізуші: Армысыздар, ардақты да аяулы, құрметті де қадірменді қонақтар, ұстаздар, тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – халық мұраты»
атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

2 - жүргізуші:
Бақыт, тірлік - күн талабы,
Тоқтамайды шаттық әні
Мәңгі бақи шырқалады
Тәуелсіз Қазақстанымның әнұраны. (ән ұран орындалады), бәріміз тұрамыз
Қазақ дейтін, бастау үшін бар көшті,
Елі үшін жорық жасап қан кешті.
Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай
Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті.

1 - жүргізуші: «Тәуелсіз Қазақстан өсіп - өне бер» баяндамасын оқуға 10 сынып оқушыларына сөз кезегі беріледі.
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған мерекесі құтты болсын! Еліміздік егемендік алуы, мемлекеттің тәуелсіздігі халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні, 1991 жылдың 16 желтоқсанда жер жаһанға жария етілді. Ол бүгінде Қазақстан мемлекеті дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Жалпы атамекеніміздің жер көлемі 2717 мың шаршы шақырымды құрайды. Осынау кең - байтақ қасиетті топырақта өніп - өсіп өркен жайған халқымыздың бүгінгі таңдағы саны 17 миллионнан асып отыр. Кең байтақ Отанымыздың жүрегі - Астана қаласы. 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мейрамы. Бұл күн қазақ халқы үшін теңдесі жоқ қасиетті де қастерлі мереке, қазақ елінің шежіресінде алтын әріппен жазылған күн. Міне, бүгінде азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы - тұғырлы тәуелсіздігімізге 16 - желтоқсанда, тура 22 - жыл толып отыр, 22 - жыл ішіндегі табыстарымыз ұшан теңіз. Бүгінгі Қазақстанымыз - қашанда мақтанышымыз. Өзіміз ғана емес, елімізде тұратын 130 - ұлт өкілдері де республикамызды айрықша мақтан етеді, Ұлан - байтақ жеріміз - ұлттар достығының ынтымақ пен бірліктің бесігі, бақытты ордасы.
Құрметті жиылған қауым! Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен, Елтаңбамызбен, теңгемізбен мақтана аламыз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев батылдық пен тапқырлық танытып, елімізді ауыртпалықтан алып шығатын жолды дәл көрсете білді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 - 2003 жылдан бастап Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы еліміздің болашағы жайында нақты да сенімді жоспарларын жасап, қалай еңбек етіп, табыстарға қалай қол жеткізу керектігін жыл сайын көрсетіп отырды. Жолдауларда елімізді толғандыратын мәселердің барлығы қамтылатын. Шындығы керек осы жыл сайынғы Жолдаулар халықтың келер күнге деген сенімін арттырып, жүректеріне жігер отын құйды. Тәуелсіз Қазақстанның әр жеткен жетістігі Президент еңбегімен тікелей байланысты. Енді, міне Парижде өткен «ЕХРО - 2017» халықаралық көрмесін өткізетін мемлекет ретінде таңдалды. Осы халықаралық ұйымға мүше 161 мемлекеттің 103 - і Астананың кандидатурасын қолдап дауыс берді. Мұның өзі тікелей Елбасы еңбегінің арқасы екендігіне ешкімнің күмәні жоқ. ЕХРО көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасын әлемнің 117 мемлекеті мойындап отыр. Бұл егеменді, тәуелсіз елдің нәтижесі.

2 - жүргізуші: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Ең алғаш қазақ жастары қарсы шықты. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззәт Асанова, Сәбира Мұхаметжановалар тәуелсіздік жолында күресті. Бірақ өздері бұл күнді көре алмады. Тарих парақтарында есімдері мәңгілікке қалды. Мәңгілік егемендікті алып келді.

1 - жүргізуші:
Атыңнан айналайын Егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерекең құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Тәуелсіздік мерекесіне арналған ән «Байрағым биік тұр».

2 - жүргізуші:
Тәуелсіз ел тарихы - Отанымыздың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай - тарих. Елім, Отаным, жерім деген қасиетті үғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз шаңырағынан басталады. Біздің тәуелсіздігіміз бізге қымбат

1 - жүргізуші: Неге дейсіз ғой?
2 - жүргізуші: Ол бізге қымбат, ата - бабаның рухын көтергені үшін.
1 - жүргізуші: Неге дейсіз ғой?
2 - жүргізуші: Ол бізге қымбат, сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін,
1 - жүргізуші: Неге дейсіз ғой?
2 - жүргізуші: Ол бізге қымбат, ата тарихымыздың, ана тілімізді, дінімізді, қаз - қаз тұрғызып «ҚАЗАҚ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін.

1 - жүргізуші:

Тәуелсіздік!
Тәуелсіздік - жыр – әнім
Ел іргесі берік болсын ұраным,
Тәуелсіздік өзіңді еркін сезіну
Салт - дәстүрі қолдан түспес ұраным.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған ән «Жаса Қазақстан».

2 - жүргізуші: Қазақтың майталман ақыны Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» атты өлеңі оқылады.

Мен қазақпын Республика! Ерікті ел Қазақстан
Келді алыстан көп күткен жаз алыстан
Келді алыстан аңсатып, армандатып
Торды бұзған менде бір мәз арыстан.

Желде еркін, түздей кең, таңдай азат,
Мен қазақпын дегенде қандай ғажап!
Мақтан етсін халықтар халықтығын!
Жетер сан жыл шеккені малдай азап!

«Қазақпын» деп досқа айтам ұғысатын,
Мақтан етсін атақты туыс атын
«Қазақпын» деп жауға айтамын қасақана,
Біліп қойсын болса ойы жұғысатын



Талдау:Оқушылар белсенді қатысты, мұқият тындады. Сұрақтарға дұрыс жауап берді.

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»











Салауатты өмір салты 




(әңгіме)






Тәрбиеші: Арынова Г.М.


















2020-2021 оқу жылы


Тақырыбы: Салауатты өмір салты.


Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе  отырып, оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу. 
2. Қоғамдағы зиянды заттардың адам организмін  тоздырып, уландыратынын түсіндіре отырып, оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. 


Өткізілген уақыты: 20.01.2021ж.


Өткізілген жері: 31 кабинет


Түрі: әңгіме


Қатысқан балалар: 8-9 сынып


































Барысы:

Салауаттылық өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізуіміз қажет. 
І. Денсаулықтың негізі-дұрыс тамақтану. 
1. Қолыңды сабындап жу. 
2. Қисаймай, түзу отыр. 
3. Қасықты оң қолыңмен ұста. 
4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап,газет оқыма. 
5. Шамадан тыс тойып ішпе. 
6. Нанды үзіп же. 
7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу. 



Денсаулыққа кері әсерлер. 
Теледидар. 
Бала зорлық зомбылықты көре берсе, өмірге суық, қатыгез ешқандай қызығушылығы жоқ адам 
Компьютер. 
Компьютерлік ойындар қояншық ауруына әкеліп соғады, фантастиканы шын қабылдап, шындық пен жалғанның арасын өшіріп алады. 
Осыдан балада тез ашулану, тамаққа тәбетінің кемуі, 
оқу ниетінің төмендеуі, еріншектік, жалқаулықтың артуы, бағынбаушылық қасиеттері пайда болады 
• Салауатты өмірді таңдау дегеніміз – шылым шекпеу, арақ ішпеу, есірткі қолданбау, спортпен айналысып, шынығу. Қазіргі кезде жастардың көбі жаман жолға түсуде. 
Темекінің Темекінің зияны ұшан теңіз, темекінің құрамында улы зат никотин бар. Темекі шегетін адамның тек қана ағзасы ғана емес, жүйке жүйесі де ауруға шалдығады. Адамның терісі өзгеріп, бозғыл тартып, денсаулығы күрт төмендей бастайды. Біз салауатты өмір сатын таңдаймыз.Себебі жастайынан шылым тартып, арақ ішіп, есірткі қолдансақ, өсе келе ешбір білім ала алмаймыз. Сондықтан қазірден бастап, денсаулығымды мықтап ұстап, ауырмай, жаман әдеттерден аулақ 
жүру керек. 
• Сондықтан қазірден бастап, денсаулығымды мықтап ұстап, ауырмай, жаман әдеттерден аулақ жүру керек. 

Талдау: әңгіме өте қызықты өтті. Оқушылар әңгімеге белсенді қатысты. Сұрақтарға дұрыс толық жауап берді.





Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»













(кеңес)









Тәрбиеші: Арынова Г.М.









2020-2021 оқу жылы


Тақырыбы: «Бөлме тазалығы»


Мақсаты: Оқушылардың тазалық, саулық туралы ұғымдарын кеңейту,

тазалықтың пайдасын ұқтыру.Салауатты өмір салтына сай

оқушыларды болашақтың тірегі болатын, дені сау азамат етіп

тәрбиелеу. Жиналыққа, ұқыптылыққа баулу.

Өткізілген уақыты: 24,10.2020ж.


Өткізілген жері: 41 бөлме


Түрі: кеңес


Қатысқан балалар: футбол бөлімі.









Талдау: Оқушылар тазалық, саулық туралы ұғымдарын түсінді, тазалықтың пайдасын ұқты. Жыналыққа, ұқыптылыққа үйреттім. Қыз балалар да өз жақтарынан қызығушылық танытты.


















Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасының спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты








Діни экстремизм дегеніміз не?



(ақпарат)





Тәрбиеші:Арынова Г.М.





















2020-2021 оқу жылы


Тақырыбы: Діни экстремизм дегеніміз не?

Мақсаты: 
Оқушыларға қазіргі кездегі діни ахуалдың қалыптасуы және дін мен салт-дәстүрдің ара қатынасы, жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы туралы түсіндіру;  оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілкке,тілі мен 
дінін, салт-дәстүрін құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 

Өткізілген уақыты:24.04.2021ж.


Өткізлген орны: 31 кабинет


Түрі: ақпарат

Катысқан оқушылар: 8-9 сынып




Қазақстан Республикасы алғаш Тәуелсіздіктің тұғырына қол жеткізген жылдары жұртшылықтың ой-санасында әлеуметтік-экономикалық мәселелер бірінші кезекке шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалған-ды. Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әр түрлі діни экстремистік идеялар толтыруға тырысып бақты. Сондай-ақ, еліміздегі діни-сенім бостандығы туралы заңның әлсіздігін пайдаланған шетелдік миссионерлер тамырларын жайып үлгерді. Экстремистік топтардың жансақ идеологиялары - ұлтаралық араздық пен алауыздыққа негізделген. Діни экстремизм өте ауыр әлеуметтік-құқықтық және психологиялық мәселе бола отырып, көпаспектілі де болып табылады. Демек, діни алауыздық, жеккөрушілік және дінді саясаттандыру секілді қисынсыз көзқарастары мен әрекеттері арқылы пайда болатын қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыс болып табылады.

Осы орайда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Экстремизм Қазақстанда кең ауқымда пайда бола қоймаған құбылыс, алайда конфессионалдық тұрақсыздықтың бізде де бой көтеруінің белгілі бір қаупі бар. Әрине, егер осы қауіпті өз уақытында сезініп алдын алмасақ»,-деген көзқарасын профессор Н.М. Әбдіров: «Экстремизмге қарсылықты іске асыруда кешенді және жүйелі жол қажет. Сонда реттеуші ғана емес тиым салушы да шаралар қарастырылатын еді»,-деп нақтылайды.

Десек те, қазіргі таңда дінтану, саясаттану және теология саласында білікті мамандар – діни ұйымдардың оңды-солына баға бере алатын қабілетке ие болды.

Ендеше, дін мен эксртемизм ұғымдарының тілдік және терминологиялық тұрғыда сараптама:

 «Дін дегеніміз» – Жаратушы тарапынан Пайғамбарлары арқылы жеткізілген, өзіндік тарихи жолдарымен қалыптасқан, өзіндік жүйесімен әлемдік ортаға, қоғамға, мемлекетке қауіпті салдары болмайтын негіздер жиынтығы.

Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады.

«Экстремизм» сөзінің ең жақын синонимі «радикализм». Бұл сөз де жанама түрде мейлі дінде, мінез-құлықта, пікірде болсын, қалыпты, дұрыс деп қабылданған деңгейден ауытқу. Экстремизм жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс-әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдарды білдіреді. Саяси ортада пайда болган Экстремизм - саяси Экстремизм, ал діни ортада пайда болган Экстремизм - діни Экстремизм деп аталады. XXI ғасырдың соңғы жылдарында діни жағдайлармен байланысқан Экстремизм қанатын кең жайып келеді. Алайда бұл Экстремизмнің пайда болу сахнасы саяси орта болғандықтан, шын мәнінде діни Экстремизм бола алмайды. Экстремизмнің пайда болуы. Экстремизмнің бірінші белгісі адамның надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен ақиқи жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Олар, жөн білетін, дұрыс багыт көрсете алатын адамдардың ешқайсысын мойындамайды. Өзіне сын көзімен қарау деген түсінік олар үшін жат. Олардың түсінігінде тек олар ғана тура, басқаның барлығы да адасушылар. Сондықтан да олар басқаларды әділетсіз, эрі қатігез деп айыптауды өзіне міндет санайды, өздерін кіршіксіз, таза Пайғамбардың орнында көреді. Сондықтан, аяғы әртүрлі қақтығыстарға алып баратын жалған пікірлер таратып, мәжбүрлеу арқылы осы пікірлерді мойындайтын, шариғатқа, заңға қайшы келетін қадамдар жасайды. Экстремистердің пайда болуының екінші себебі, олардың ешбір қажеті болмаса да әр істе шектен тыс шығып кетуге бейім тұруы. Басқаларды да осыған итермелейді. Нәтижесінде адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеуметтік толқулардың тууына себеп болады [2].

Ал «терроризм» ұғымына қатысты көптеген анықтамалар мен түсіндірмелер болғандықтан, жұртшылыққа ортақ анықтама беру қиынға соғады. Алайда, оның «зорлық‑зомбылық», «қорқыныш пен үрей туғызушылық» және «кінәсіз адамдарға кесір тигізу» сынды басты белгілерін айқындай кетуге болады. Бұған негіздесек, терроризм «үкімет немесе қоғамды белгілі бір саяси талаптарды қабылдауға мәжбүрлеу мақсатында жүйелі түрде жасалатын қоқан‑лоққы мен зорлық‑зомбылық» дегенге саяды [3].

Ал «Діни экстремизм» дегеніміз - жаппай санада «экстремизм», «діни экстремизм» және «терроризм» ұғымдары агрессиялықтың, жеккөрушіліктің, қатігездік пен алауыздық ұғымдарын тасымалдаушы синонимдер болып табылады.

Ендеше, дін мен діни экстремизм ұғымдарының ара-жігін ажыратып алғаннан кейін қазіргі таңда өзекті тақырыпқа айналған Ислам діні мен Ислам атын жамылған экстремистік бағыттағы ағымдар жөнінде тоқталғанымыз жөн. Ислам діні – ғылым мен білімге, толеранттылыққа шақырады. Ал Ислам атын жамылған экстермистік топтар бұқара жұртышылықтың татулығын мен ауызбіршілігін бұзатын, ұлтаралық араздық пен алауыздықты туғызатын жансақ пікірлі саяси-топтар. Деректердегі 16 экстремистік ұйым: Хизбут-Тахрир, ал-Каида, Таблиғ жамағаты сынды топтарды жатқызуға болады. Жоғарыда аталған топтардың барлығына ҚР сот шешімі бойынша заңмен тыйым салынған. Дегенмен, уахапшылдық, салафизм бағытындағы ағымдарға заңмен тыйым салынбаған. Алайда, ғылыми зерттеу-сараптамалық жұмыстар қорытындысы бойынша «Салафизм және уахапшылдық» бағытының қоғам ауызбіршілігіне едәуір кері әсерін тигізіп жатқаны да мәлім. Осы орайда Өскемен газетінде «Діни экстремизм – ғасыр індеті» атты мақалада: «Облысымызда діни ағымдардың өкілдері салафиттер мен вахабистер жоқ емес. Оларды өзіміз де көшеден көріп қалып жүрміз. Бірақ осы ағымдарды ауыздықтап, бетін кері қайтарып жіберетіндей біздің заңның күші жоқ»,-деген [4]. Демек, мұнымен ҚР-ғы мұсылмандарына Ислам дінінің қайнарларымен оқу-ағарту іс-шараларын өткізіп, дәстүрлі Исламды насихаттау. Қазақстан мұсылмандары Исламның тағат-құлшылығында Әбу Ханифа мәзһабын, ал сенім тұрғысында Матуриди мектебін ұстанады. Бұл бағыт Сүннет жұрты және жамағатының анағұрлым толерантты, қанағатшыл, жергілікті әдет-ғұрып, салт-сана заңдары мен дәстүрлі нормаларымен санасатын жол.

Елбасы Н.Назарбаев: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сунниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтаған абзал», - деген еді.

Сондай-ақ, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Е.Малғажыұлы: «Біздің бағытымыз айқын. Ол біздің ата-бабаларымыздың ғасырлардан бері жүрген жолы – дәстүрімізбен, салт-санамызбен біте қайнасып кеткен дәстүрлі Әбу Ханифа мазһабы мен Матуруди ақидасын берік ұстану және оны насихаттау. Барша мұсылмандармен қоян қолтық араласып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып ел игілігіне, халықтың қамына қызмет ететін, азғындық пен арсыздықты жоятын имандылық салтанат құратын қоғам қалыптастыру»,- деген болатын.

  Сөзімізді қорыта келгенде ҚР аймағында лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының басты мақсаты терроризмнің алдын алу. Сондай-ақ, қазақтың салт санасымен санасқан дәстүрлі Ислам дінін насихаттап, құлшылық пен ғибадат мәселесінде Ханафи мәзһабын, сенімде – әл-Матуруди сүннет жұрты және жамағаты мектебін ұстанатын халықпыз. Орта Азияда туған сүннет салтының Имамы Әбу Мансур әл-Матуруди негізін қалаған сенім мектебі еліміз ерте заманнан кең тарап етене араласып кеткен сүннет салтының ақида мектебін бекем ұстануымыз қажет.


Қорытынды сөз: Бүгінгі тәрбиелік шараның негізгі мақсаты иманды қоғамның ибалы адамдарын тәрбиелеу болатын. Иман-сенім,наным деген мағынаны біліреді.Иман-Исламның тірегі.Сондықтан ең бірінші иманымыз һәм берік болуы керек. «Ұлттың өзін-өзі сақтайтын бірнеше факторлары бар. Олар – тілі,діні, тарихы,атамекені,дәстүрі. Соның ішінде айрықшасы: тілі мен діні. Кез-келген халықты құрту үшін оның дінін құртса, ол халықтың тұтастығы кетеді. Дініне мықты болған халықтың санасы сергек, 
іргесі тұтас болады.»

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәуелсіздік-халық мұраты

Автор: Арынова Гульнара Маданиетовна

Дата: 22.06.2021

Номер свидетельства: 583927

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "«Т?уелсіздікті? жа?а белестері» "
    ["seo_title"] => string(35) "t-uielsizdiktin-zhan-a-bieliestieri"
    ["file_id"] => string(6) "195987"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427988686"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства