Тәрбие сағатының тақырыбы: Мамандық таңдау – жүрек қалауы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Мамандық таңдау – жүрек қалауы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру;
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағатының тақырыбы: Мамандық таңдау – жүрек қалауы»
Тәрбие сағатының тақырыбы: Мамандық таңдау – жүрек қалауы Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру;
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру. Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.
1. «Білім - бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ - әлдекімнің азығы»
2. «Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан...» Абай Құнанбаев.
3. «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, біздің болашағымыз да жастар...» Н.Ә.Назарбаев.
Жоспары:
І Кіріспе «Мамандық – өмір бастауы»
- Сұрақ-жауап
ІІ. Негізгі бөлім:
1)Топтық жұмыс. «Мен мамандық әлеміндемін»
2) Шығармашылық тапсырма «Мамандықтар аукционы»
3) Н.Ә.Назарбаев оқушыларды мамандықты бірақ рет таңдауға шақырады (бейнематериал)
4) Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді
5)“Мамандық таңдау-жүрек қалауы” Ата-анамыз не дейді
6) «Мен таңдаған мамандық»
ІІІ Қорытынды
Барысы:
І Кіріспе «Мамандық – өмір бастауы»
1. «Шаттық шеңбері»
- Ортаға шақыру.
- Ізгі тілек айтқызу.
2. Топқа бөлу (мамандық суреттері арқылы)
1-топ: «Мұғалім»
2-топ: «Ақ халатты абзал жандар»
3-топ: «Журналист»
3. «Миға шабуыл»
Атақты ғұлама Әл – Фараби
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз деген
Қазірәр топ ұйымдасқан түрде мамандық туралы өз ойларын ортаға салады.
Профессия — латын сөзінен шыққан, “professio”, -анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
- Мамандығымыз- біздің болашағымыз ;
-адамның болашаққа апаратын жолы;
-адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
-мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
-оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
-ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
-мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
-келешекке қойған жоспары айқын , мамандығын ойдағыдай меңгерген адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Сондай- ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Топтық жұмыс «Ой қозғау»
Әр топ өздеріне берілген мамандық иелері туралы ой қозғайды
Алдарыңдағы мамандық туралы не білесіңдер?
Олардың бүгінгі таңда тиімді жақтары қандай?
Бұл мамандық иесі болып жүрген осы мектеп түлектерінен кімдерді білесіңдер?
(мектеп түлектерінің бейнематериалдары)
2. «Ойлан, жұптас, талқыла» Мен мамандық әлеміндемін
Әр топқа мамандық туралы тақырып беріп қорғату.
(Дайындық кезінде мектепте ұйымдастырылған кәсіптік бағдар беру жұмысын көрсету)
1-топ: «Мамандық және мамандық таңдауға әсер ететін факторлар»
Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс әрекетінің түрі. Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді? - ата - ананың ақылы - достарыңның ақылы - қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі - дарының, мүмкіндігің, қабілетің - жақын аймақтағы оқу орнының болуы - жалақысының көп болуы 2-топ:«Мамандықтар классификациясы» Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді: • адам – техника, • адам – адам, • адам – белгі жүйесі, • адам – табиғат, • адам – көркем образ. Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады. Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады. Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары. Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог. Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер. 3-топ: «Т кестесі» «Мамандық алу міндет пе?» Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде 1. Мамандық бір - ақ рет біржола таңдалады 2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты 3. Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады 4. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады 5. Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек 6. Ақша болса, мамандық қажет емес 7. Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды 8. Мамандық таңдау – күн көріс қамы 3. Н.Ә.Назарбаев оқушыларды мамандықты бірақ рет таңдауға шақырады (бейнематериал)
4. Шығармашылық жұмыс
«Мамандықтар аукционы» жүргізетін: Қабдолда Ғабит Әр топ таңдап алынған мамандықтары бойынша шығармашылық жұмыс көрсету.
4) Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді
А) Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді
Талай адам қара жерді жастанған.
Биыл Тәуелсіздікке -25 жыл
Ел президентінің ұстанып отырған стратегиясының арқасында еліміз бейбіт өмір сүруде.
Біз еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы адамдарды үрейден арылттық. Осының бәрі “Қазақстандық демократияның” басты жетістігі.
Н. Ә. Назарбаев
«Керек кезде туған кемел тұлға» атты Маралтай Ыбыраевтың эссесінен үзінді
Баурап алған ұлы дала аспанын,
Ынтымақ пен Бірлік дейтін асқақ үн.
Қазақ жері –отандастар ошағы,
Биік мүдде біріктірген бастарын.
Берекелі, мерекелі ел іші
Мұның бәрі төккен тердің жемісі.
Ұлт, ұлысы ымыраға тоқтаған,
Бұл-дағы бір Елбасының жеңісі.
Сонымен қатар ел тыныштығын сақтауға өз үлесін қосып жүрген мамандық иелері: әскери адамдар.
Қазіргі заманда денсаулығы мықты, білімді кез-келген азамат еліміздегі түрлі дәрежедегі әскери оқу орындарында тегін оқи алады.
Астанада: Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебі
Алматыда: Құрылық әскерлері әскери институты, Радиотехника мен байланыс әскери-инженерлік институты
Ақтөбе қаласында: Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштерінің әскери институты
Щучье қаласында Шоқан Уалиханов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадет корпусы
Талдықорған қаласында «Арыстан » мамандандырылған әскери лицейі
Мектеп түлектеріне арнап жасалған буклеттермен жұмыс
Ә) Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар.
Оның негізгі түрлері: 1. Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицейлер, кәсіптік мектептер. Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды. 2. Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады. 3. Жоғары кәсіптік білім: ЖОО - ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады. Презентация көрсету
5)“Мамандық таңдау-жүрек қалауы” Ата-анамыз не дейді
7) Өз болашағың өзіңнің қолыңда! Ендеше өз болашағыңды анықтауда мына ережелер назарыңда болсын:
• Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне назар аударып қана қоймай, мүмкіндігінше қалаған мамандығың жөнінде көбірек білуге тырыс.
• Өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істегеуді игергенің аса пайдалы.
• Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген ойдан аулақ бол!
• Сен үшін өзіңнің қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалы екенін есіңде ұста!
• “Жақсы адам”- бұл мамандық емес. Егер саған бір адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деген қорытынды жасауға болмайды.
• Заман ағымына қарай кейбір мамандықтар ескіріп, оның орнын басқа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан қосалқы таңдаған мамандығың болуы шарт
• Мүмкіндігіңше өзіңнің таңдаған мамандығыңның өз денсаулығыңа сай келетін- келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның дұрыс!
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет,сондықтан біздің болашағымыз да жастар”,- деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан сендер сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек!Ендеше мамандықты дұрыс таңдай алатын мектеп түлегінің моделі қандай болу керек деп ойлайсыңдар?
Европалық стандартқа сай ЮНЕСКО бойынша мектеп түлегінің бойында мына қасиеттер болу керек:
ӨЗІНЕ СЕНІМІН АРТТЫРУ
ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРА БІЛУ
ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ БОЛУ
ӨЗІН- ӨЗІ ОҚЫТУҒА БЕЙІМДІ
ҰЖЫМҒА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУШЫ
ПІКІРТАЛАСТА ӨЗ ОЙЫН ҚОРҒАЙ АЛАТЫН
ТӘЖРИБЕДЕН ӨЗІНЕ ПАЙДАЛЫСЫН АЛА АЛАТЫН
АХУАЛЫН ШЕШЕ АЛАТЫН
ӨЗ БЕТІМЕН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙ АЛАТЫН ТҰЛҒА БОЛУ ШАРТ
7)Рефлекция : «Жүректен жүрекке»
Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!
Жеміс ағашы
Мамандық таңдаудың 7 қадамы Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін. Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін. Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін, Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін. Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін, Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық.