Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Тәрбие сағатының тақырыбы: «111 - ұлттық «сенім» телефоны».
Тәрбие сағатының мақсаты: 111 номерлі ұлттық «сенім» телефонын насихаттау.
Тәрбие сағат көрнекілігі: «Сенім» телефоны туралы суреттер.
Өткізу барысы
1. Кіріспе. «Сенім» телефоны туралы сюжеттік суреттер арқылы сынып сағатының тақырыбы мен мақсатын анықтау.
2.Негізгі бөлім. І. Оқушылардың тақырып бойынша түсініктерін анықтау мақсатында кластер ұйымдастыру.Ойларын тыңдау, ой қосу, пікір алмасу.
Пікірталас ұйымдастыру.
2. Ал, егерде қасыңда жан-сырыңды ұғатын жан досың болмаса, жақының болмаса- қандай күйде боламыз? Күйзеліске душар боламыз ба?
3.Күйзелісті болдырмау үшін не істеу қажет?
Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн.
Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз.
Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыка таңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз.
Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз.
Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, баурларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?
4. Бірақ осы тығырықтан шығатын жол бар! Көмекті қажет ететін балаларға үкімет тарапынан көмек көрсетіледі!
Кәмелет жасына келмегендердің құқығын қорғайтын «Баланың құқықтары туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» заңдар, «Неке және отбасы туралы» кодекс бар. Бала да, оған көрсетілген зорлық-зомбылық куәсі болған басқа біреу де кез келген құқық қорғау органдарымызға: полицияға (тел. 102), прокуратураға, балалардың құқығын қорғайтын уәкілетті өкіл Зағипа Балиеваға (тел. 111) звондай алады. Олар міндетті түрде шара қолдануы тиіс.
2004 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Балалар құқықтары жөніндегі конвенцияға қол қойды. 2006 жылдан бастап Қазақстанның білім және ғылым министрлігінде балалар құқығын қорғау комитеті жұмыс істейді.
Биылдан бастап Қазақстанның балалар омбудсмені - балалардың құқығын қорғайтын уәкілетті өкіл болып мәжіліс депутаты Зағипа Балиева белгіленді.
Сенім телефоны тур алы плакаттар мен жарнамалық суреттерді ұсыну.
2.
Биыл Дүниежүзілік балалар күні әлемнің барлық елдерінде ерекше атап өтіледі. Осы күні бүкіл дүние жүзіндегі балалар мен жасөспірімдер өздері, өз мүдделері мен қажеттіліктері туралы ашық айтады. Бұл күннің маңыздылығы қандай? Елімізде осы күнге орай қандай шаралар өтуде? ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жанынан ашылған Балалар мен жастарға арналған «111» ұлттық сенім телефонының басшысы Ысқақ Қашқынбайұлы осы және өзге де сұрақтарға жауап берді. «Елімізде осы күнге орай көптеген шаралар бастау алды. Қазіргі таңда бала құқықтары жөніндегі ЮНИСЕФ Балалар қоры мен халықаралық балалар қорының бастамасымен конференция ұйымдастырылуда. Бүгін Астана қаласының Оқушылар сарайында балалар мен жастардың шығармашылық фестивалі өтіп жатыр. Бұл шараларға жақын және алыс шет елдерден қонақтар, халықаралық сарапшылар келді. Осы шара аясында балалардың қатысуымен 13 тақырыптық диалог алаңдары құрылған болатын. Мысалы, «Бала және заң», «Бала және білім беру», «Бала және денсаулық сақтау».
20 - 24- қарашаға дейін еліміздің барлық өңірлерінде балалар арасында 111 ұлттық сенім телефоны насихатталады. Одан басқа, мектептерде сынып сағаттары, тренинг, ойындар өтіп жатыр.
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланған әдебиет: http://kaztrk.kz/news/portal/balalar-men-zhastarga-arnalgan-111-ulttyq-senim-telefony-turaly-bilesiz-be-105833
https://www.zharar.com/kz/tarbie/1479-bir_2050.html © www.ZHARAR.com
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт