kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты "Адам - өз өмірінің суретшісі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, сүйіспеншілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрлерін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуы керектігі туралы білімдерін қалыптастыру; адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным-белсенділігін арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Адам - өз өмірінің суретшісі"»

Н.С.Манаев атындағы жалпы орта мектебі















2013-2014 оқу жылы


Тақырыбы: «Адам - өз өмірінің суретшісі»



Сабақтың мақсаты: 1)оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, сүйіспеншілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрлерін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуы керектігі туралы білімдерін қалыптастыру; адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу.
2)Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным-белсенділігін арттыру;

3) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Адамгершілік дегенді қалай түсенесіз?

3. Адамгершілік деген не?

4. Адамгершіліктің бастауы неде?

5. Ұлы Абай адамгершілік туралы не айтқан?

6. Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?

7. Адамның асыл қасиеттері деген не?

8. Адамның бойындағы жағымсыз қасиеттер.

9. Адамгершілік туралы мақал – мәтел айту.

Психологиялық тренинг өткізу. «Мен қандай адаммын?»

Әдісі: сұрақ-жауап, пікір алмасу, топтық жұмыс.


Сабақтың көрнекілігі: компьютер, мультимедиа, слайдтар, нақыл сөздер, суреттер.


Мұғалімнің кіріспе сөзі:

1. Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам -өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік -адамның рухани арқауы.

Адамгершілік деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не?- деген сұрақтар төңірігінде ой өрбітеміз.

Рух деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі.

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ пен қара, күн мен түн, ыстық пен суық, жақсы мен жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.

Адамның ішінде болмайды аласы, Оларды бұзатын нәпсінің таласы. Шәкәрім.

Рухтың мекені-адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат ,ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты-асыл нұр.



Күн адамның рухы болса, күн сәулесі –ақыл. Себебі ақыл-рухтың құрамдас бөлігі.

Рухани бай адам-ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттер мен бірге аяушылық сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік т.б. көптеген сапалар кездеседі.

2.Адамгершілік дегенді қалай түсенесіз?

Адамның адамшылдығы - оның жоғарғы қасиеті. Оның негізгі белгілеріңнің бірі – өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар – намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу.

«Өзің үшін еңбек қылсаң,- дейді Абай,- өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың»деген сөзі бар. Ақылды, мейірімді адам әр уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам – ардақты адам.

 Адамгершілік, мейірімділікті дегеніміз ар, намыс, адалдық, достық, жақсылық жасау деп ойлаймын. Кейбір адамдар ауыр қылмыс жасап алады да, кінә менде емес,заманда,бәріне заман кінәлі дейді. Заманына қарай адам болмай, адам қай кезде де адам деген атқа лайық болу керек.Сондықтан да мен бұл өмірде адамгершіліктің, мейірімділікті барлық қасиеттерін бойына дарытқан адамдар көп болса екен деп армандаймын.

Адамгершілік деген асыл сөз. Адамның игі іс- әрекеті,еңбек,татулық осының бәрі адамгершілікке жатады.Ар ұят жоқ жерде қылмыста,алдау, арбау ,тонауда болады.


3.Адамгершілік деген не?

«Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін » деген екен ұлы шығыс ғалымы Әл- Фараби. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамгершілік – адамның асыл қасиеті.

«Жаман мінез – құлық – рухани кесел»

4. Адамгершіліктің бастауы неде?

Адам тумасынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бплп кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.



5. Ұлы Абай адамгершілік туралы не айтқан?












Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек» деп үйретеді. «Әуелі - надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық. Надандық – білім, ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік - хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық – бәрі осыдан келіп шығады».

6. Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?

Кешірімді болу, кек сақтану, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік. Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық.

Ізеттілік-айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

Әділ болу –адамшылықтың асыл белгісі.Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәстүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

Рұқсат сұрау- адамдар қарым – қатынасындағы ішкі мәдениетті айнақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және қол сұқпау. Әр адам бір – бірінің құрметтей білуді үйренгендері жөн. Имандылық-әр адам ұлттына, нәсіліне,намысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

Сабырлылық- адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Қайырымдылық-айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.


7. Адамның асыл қасиеттері деген не?

Адамның асыл қасиеттерінің бірі – әділдік, турашылдық, шыншылдық. Әділдік шын мәнісінде адамның іс – әрекетінің нормасы болу керек. Бұл – өмірдің қажеттілігі.




















8. Адамның бойындағы жағымсыз қасиеттер.














Адамда асыл қасиеттермен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Олар – жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық, мақтаншақтық, қулық, ашу, ызақорлық.


9. Адамгершілік туралы мақал – мәтел айту.


1. Ашу-дұшпан,ақыл-дос,ақылына ақыл қос.

2. Әдепті бала- арлы бала,әдепсіз бала-сорлы бала.

3. Адалдық жүрген жерде,адамдық жүреді

4. Асылдың бірі- Адамгершілік

5. Ала жіпті аттамағанның абыройы биік

6. Адалдық ардың ісі

7. Ақылдың алдыменен жүр,ақымақтың артыменен жүр.

8. Өтірік айтып жағынғанша, шынынды айтып жалын.

9. Ауыз ашса сыр көрінеді,есік ашса төр көрінеді.

10.Ақылы жоқ басқа,адырайған көз бітеді, дуасы жоқ ауызға,судыраған сөз бітеді.



10. Психологиялық тренинг өткізу. «Мен қандай адаммын?»




1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.

Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса - «1».



2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.

Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса - «2».



3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?



Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса - «2».

4. Көлденең шапалақтаңыз.



Егер сол қолыңыз үстіде болса - «1», егер оң қолыңыз болса, онда «2».

Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаймыз.


Қорытынды: 

Бүгінгі «Адам – өз өмірінің суретшісі» тақырыбында өткен тәрбие сағатымызды аяқтай келе барлықтарыңыздың бойында адамгершілік қасиеті болып, әрқашан өмірде сыйластықпен өтуге тілектеспін. Адамгершілік деген сөздің әрбір әрпінде өзіндік мағына бар сияқты Егер оны талдап көрсек адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер күн сәулесіндей шуағын төккелі тұрған сендердің бойларыңа да осы қасиеттердің болуын тілер едім.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Тәрбие сағаты "Адам - өз өмірінің суретшісі"

Автор: Ниязова Надежда Сабировна

Дата: 11.10.2016

Номер свидетельства: 348298

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Елін с?йген -Елбасы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(32) "ielinsuighienielbasytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "290462"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454953621"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""К?ш басында - Кеме?гер!" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(42) "kosh-basynda-kiemien-ghier-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "207819"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430658344"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Ашы? т?рбие са?аты! "
    ["seo_title"] => string(23) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-1"
    ["file_id"] => string(6) "204499"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429683088"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "" 1- желто?сан т???ыш Президент к?ні" т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(46) "1zhieltoksantungyshpriezidientkunitrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "291134"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455085284"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Т?рбие са?аты:«Таби?ат-тал бесігім» "
    ["seo_title"] => string(38) "t-rbiie-sag-aty-tabig-at-tal-biesighim"
    ["file_id"] => string(6) "198879"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428484350"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства