kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты:«Таби?ат-тал бесігім»

Нажмите, чтобы узнать подробности

4-сыныпта «Таби?ат-тал бесігім » ашы? т?рбие са?аты ?ткізілді.Ма?сатым о?ушылар?а таби?атты ?астерлеу,жасыл даланы? к?ркемдігін са?тау?а,таби?ат?а жанашырлы?пен ?арау?а,о?ушыларды таби?атты ?ор?ау?а,с?йіспеншілікке т?рбиелеу.О?ушыны? ойын,тілін,шы?армашылы? ?абілетін дамыту.К?рнекіліктер таби?ат туралы с?здер,на?ыл с?здер, балалар шы?армалары.Кіріспе с?зде таби?ат туралы айтылды.О?ушылар?а таби?ат дегенде сендерді? ойларына не келеді?О?ушылар жазып шы?ады.Ж?мба? шешілді.Шы?армашылы? ж?мыс.Егер сен а?ын болса?,онда --,

Егер сен суретші болса?,онда -*,Одан кейін «Ма?алды жал?астыр» ойыны болды.Т?рбие са?атына барлы? о?ушылар ?атысып,?з белсенділіктерін к?рсетті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты:«Таби?ат-тал бесігім» »

Тәрбие сағаты: Табиғат – тал бесігім

Мақсаты:

1.Табиғатты қастерлеу,жасыл даланың көркемдігін сақтау,табиғатқа жанашырлықпен қарау,оқушыларды табиғатты қорғауға, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

2. Оқушының тілін,ойын,шығармашылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: табиғат туралы суреттер,нақыл сөздер,балалар шығармасы.

Сабақтын барысы.

Кіріспе сөз .

Мұғалім: Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп, өмір сүретін орта. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген. Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «әулие-бұлақ», «әулие-ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т.б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О,туған жер! Тамашасың, көркемсің.



Балалар, табиғат дегенде сендердің ойларыңа не келеді?



өсімдік адам

құстар ТАБИҒАТ аңдар

орман су жер



Табиғат- адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат-әлем денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.

Кең дала көремісің сонау жатқан

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау, айдын шалқар, көл,өзен,

Әке сол, анам еді мені туған.

Табиғаттың басты байлығы-жер. «Күте білсең, жер-жомарт» деген халық мақалы тектен-текке айтылмаған. Жер бетіндегі тіршілік атауы қоректік нәрді топырақтан алады.

Топырақтан өмір исі шығады

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесінен беретін.

Жақсылықта топырақтан шығады.



Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су. Су-адамзаттың тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Су –адам жүрегіне жыр,көңіліне нұр,сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,

Күміс су, қара жердің сәні емес пе?



Табиғат-ол өсімдік. Өсімдік-бұл жасыл желек,көк майса құрақ,қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде-сусын,ыстықта көлеңке сая,суықта пана, ауырғанда-дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі-гүл. Өсімдік таза ауа,еліміздің дәулеті - жасыл-желек орман.



Табиғат ол жануарлар әлемі. Жүгірген аң,ұшқан құс, ән мен сәннің иесі -бұлбұл,орман-тоғай емшілері - тоқылдақ болса, дала ажары - ақ бөкен.

Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,

Өзге аңға жануарды тең көрмедім.

Көздері мөлдіреген ақбөкенді,

Адамның баласынын кем көрмедім.

( Сәкен Сейфуллин)



Табиғат- адам баласының дүниеге келтірген аяулы-ана,бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі,құтты қонысы мен өніп-өсер мекені.

Табиғатты сүйіңдер

Сүю үшін біліңдер.

Қамқорлық жасау жолында

Жанды салып күйіңдер.

Апаттан оны сақтаңдар

Ебін тауып баптаңдар.



Балалар, енді сөзжұмбақ шешеміз, ол үшін мына жұмбақтардың жауабын табу керек.

Биікте ұшып жүреді,

Түлкі, қоян бүреді.

Қия таста ұясы,

Бұл құсты кім біледі?

(Бүркіт)



Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ.

(Қарға)



Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап.

(Балапан)

Тырнағы алмас күшті аң,

Аулар құспен тышқанды.

(Ителгі)



Айдын судың түлегі,

Шабақ іліп жүреді.

(Шағала)



Көкте ұшады тізіліп,

Біз қараймыз қызығып.

(Тырналар)



Көктемде ерте келетін,

Біз ұя жасап беретін

Ол қандай құс балалар?

(Қараторғай)



Б Ү Р К І Т

Қ А Р Ғ А

Б А Л А П А Н

И Т ЕЛ Г І

Ш А Ғ А Л А

Т Ы Р Н А Л А Р

Қ А Р А Т О Р Ғ А Й



Шығармашылық жұмыс:

· Егер сен ақын болсаң,онда ...

· Егер сен суретші болсаң ...

- Егер табиғатқа тіл бітсе ... деген тақырыптарға өз ойларыңызды ортаға салайық. Мен қазір алғашқы жағын бастаймын сендер жасғастырасыздар.

· Егер сен ақын болсаң,оңда ...

-Егер мен ақын болсам,табиғат,табиғат сұлулығын түсіне білуге,қорғай білуге үйрететін,табиғат ананы қорғауға шақыратын өлендер жазар едім.

· Егер сен суретші болсаң...

-Егер мен суретші болсам,жиі өртеніп,құрып бара жатқан орман даланы,ластанған ауа,бүлінген жеріміздің кескінін суреттер едім. Адамдарға ой салып табиғатты қорғауға шақырар едім.

Ал енді балалар, ''Мақалды жалғастыр...'' ойынын ойнайық.

1. Ер - елдің көркі, орман-тоғай ... /жердің көркі/.

2. Бір тал кессең, .../он тал ек/.

3. Дәрі .../шөптен шығады,/ дана көптен шығады.

4. Қорада малың болсын, көшеде .../талың болсын/.

5. Атаңнан мал қалғанша, ... /тал қалсын/.

6. Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер .../бұлақсыз болмас/.

7. Бұлақ көрсең .../көзін аш/.

8. Жылап жүріп арық қазсаң, .../күліп жүріп су ішерсің/.



Қорытынды

Ертеден қалған өсиет сөздерде «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр» деген сөздерде өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрапағыңа өлмейтін мұра қалдыр, сонда «сенің қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің – шырағың, ал жасыл орман – құнарың болмақ» деп өсиет қалдырған, дей отыра бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Т?рбие са?аты:«Таби?ат-тал бесігім»

Автор: Маликова Кугаршин Бексултановна

Дата: 08.04.2015

Номер свидетельства: 198879


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства