Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың –
деп келесі 2 кезеңге көшеміз.
2 кезең: «Құлатпай алып өт» сайысы
Шарты: Ата - аналар қолдарын айқастырып, баласын отырғызып, кедергілер арасымен жүгіріп өтеді. Бірінші келген топ жеңімпаз.
Жүргізуші:
«Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің» – деп сайысымыздың 3 кезеңіне көшейік.
3 кезең: «Мергендер» сайысы
Шарты: Допты екі аяқтың арасына қысып, түсірмей кедергілер арасымен өтеді, ілініп тұрған шарды жарып қайта келеді.
Толағай:
Сайысымыздың 4 кезеңі «Кім жүйрік» 4 кезең: «Кім жүйрік» сайысы
Шарты: Қаптың ішіне кіріп қос аяқпен секіреміз. Ойынның шартын бұзбаймыз, бірінші келген топ жеңімпаз
Жүргізуші:
5 кезең: «Жұмыртқаны түсірме»сайысы
Шарты: Кедергілер арасымен қасықтағы жұмыртқаны түсірмей өтіп, қайта келеді. Бірінші келген топ жеңімпаз.
Толағай:
Спорт десе таза біздің арымыз Жалындайды жанымыз
Олай болса 6 кезең «Картоп егіп кел де, жинап ал». 6 кезең: «Картоп егіп кел де, жинап ал» Шарты: Ойыншылардың алдында 5 - кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 5 картоп болады. Белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді, 4 - ойыншы жинайды.
Ойын осылай жалғасады. Бірінші жинап келген топ жеңімпаз.
Жүргізуші:
Сайысымыздың 7 кезеңінеде жеттік.
7 кезең: «Ептілік сайысы»
Шарты: Бұл сайыс «Боулинг» - ойынына ұқсас. Ойыншылардың қолына кішкен доп беріледі. Әр топқа кегілейден перамида құрап жасақталады. Әр командаға берілген доппен, топ мүшелері кезекпен лақтырып, перамиданы құлатулары керек. Қай топ перамиданы көп құлатса, сол топ жеңімпаз болып есептеледі.
Толағай:
8 кезең: Енді соңғы сайыс «Допты түсірме» сайысына кезек берейік.
Шарты: Әкесі мен анасы маңдайларына допты қысып, түсірмей кедергі арасымен жүріп өтеді. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Сайыс осымен тәмам. Төреші әділ - қазыларымыз ұпай сандарын есептеп, қай сынып оқушылары, топ жарып жеңіске жететіндігін хабарлағанша, барлық қатысушылардың орындауында «Флешмоб» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден - Жеңімпазды анықтау Жеңімпаз болу шарты сол - Еңбектену, жалықпау Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады Жеңілгендер ренжімей Тараса бізге жарады – демекші
Ендеше, осы денсаулықты зор байлық деп білетін белсенді де білгір, денсаулығы мықты спорт десе ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін бүлдіршіндеріміздің жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшейік.
(Марапаттау рәсімі)
Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік!