kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Спорт-сенің серігің

Нажмите, чтобы узнать подробности

Спорт-сенің серігің ойындары арқылы балалардың спортқа  қызығушылығын арттыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Спорт-сенің серігің»

Тақырыбы: «Спорт-сенің серігің»

Күні: 06.06.2024ж

Сыныбы: 4 «А,Б, В,Г,Д»

Спорттық сайыстың мақсаты:

а) Спорт – сенің серігің ойындары арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру

ә) ойын барысында балалардың ынтымақтастығын арттыра отырып, адамгершілікке, адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

б) ойынға қатысушылардың өзін - өзі анықтау, тұлғаның мүмкіндіктерімен қабілеттерін дамыту арқылы шапшаңдық, ептілік дағдыларын қалыптастыру.

Керекті құрал - жабдықтар: қасық, доп, тунель, картоп, себет, түрлі суреттер, арқан, шеңбер.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Сіздерді Спорт – сенің серігің! атты спорттық шарамызға шақырамыз. Еңкейген кәріден бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғамда, мектепте жағдай жасап, денсаулықты сақтауға атсалысуымыз қажет. Ол үшін күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауды, жүгіруді әдетке айналдыруымыз керек. Сонда ғана егеменді еліміздің мықты азаматы болып өсеміз. Жарысты бастамас бұрын дене қыздыру жаттығуларын орындап алайық.

Жүргізуші: Бүгінгі өткелі тұрған «Спорт - сенің серігің!»атты спорттық - эстафеталық сайысқа қош келдіңіздер! Ендеше спорттық ойын - сауығымызды бастайық. Бүгінгі сайысқа 4 сыныптың оқушылары қатысып отыр.

«Спорт – сенің серігің» спорттық сайысының бағдарламасы:

1. «Боулинг»

2. «Сақинамен кедергілерден өт»

3. «Иә және ЖОҚ»

4. «Соқыр теке»

Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Сайысымызды бастаймыз.

«Қыран»тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Жаттығудан ешқашанда қашпаймыз!

«Тұлпар»тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Спортпен достасамыз,

Жалқаулықпен қоштасамыз!

І кезең: «Боулинг»

Шарты: Қатар-қатар тізіліп тұрған боулинг таяқшаларын құлату. Кім көбірек құлатады, сол топ жеңіске жетеді.

1. Допты алып қолға,

Дәл түсірген торға. (Баскетболшы)

2. Қырық екі шақырым қашықтан

Жүгіріп өтіп машыққан. (Марафоншы)

3. Шеберлік көрсетіп жүргендер,

Ағаш атқа мінгендер. (Гимнасшы)

4. Жеңiл шарды домалақ.

Ұрсаң

Ұшып жоғары,

Жерге түсер домалап. (Доп)

5. Қайқы тұмсық қостабан,

Қос таяқпен ұштаған.

Итерсең алға заулайды,

Шойын жолдан аумайды.

Табанға қанжар байладым,

Бетiнде айна ойнадым. (Коньки)

ІІ кезең: «Сақинамен кедергілерден өту.»

Шарты: Бір-бір ойыншыдан сақинаны киіп кедергілерден өтіп шығады. Кейін ол балаға екінші бала қосылып екеуі бірге өтеді. Солай барлық топтың қатысушылары бірге өтіп шығады. Құламай, кедергіден қатесіз өткен топ жеңіске жетеді.

IІІ кезең: «ИӘ және ЖОҚ»

Шарты: Барлық топ мүшелері қатар-қатар тізіліп тұрады. Қатысушылардың алдында «ИӘ және Жоқ» деген сөз жазылып тұрады. Нұсқаушы бір сөзі айтады сол зат тұрған жаққа қарай секіріп орын ауыстырады. Ойында сөзден жаңылмай дәл секірген қатысушы ұтады.

ІV кезең: «Соқыр теке»

Шарты: Бұл ойында қатысушылардың көздерін орамалмен байлап қояды. Олар мәреге дейін сол жабулы көзбен мәреге келу керек. Ең бірінші келген топтың қатысушылары жеңімпаз атанады.

Жүргізуші:- Рахмет, ойыншылар. Барлық жарыс шарттарын орындадық. Екі топтың ойыншылары да өз күштерін аянбай сайыстың жақсы өтуіне атсалысты. Ойын болғасын біреуі жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен командаларды құттықтап, барлық қатысушыларға тәтті балмұздақтар таратылды.



№ 5 мектеп-лицей






Тақырыбы: «Спорт- сенің серігің»





Өткізген: 4а сынып- Атраубаева Б.К

4Б сынып- Берентаева Э.Қ

4В сынып- Суйналина Г.Ж

4Г сынып- Кужаниязова А.Ж

4Д сынып- Сағындықова А.Т








2023-2024 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Спорт-сенің серігің

Автор: Атраубаева Б.К, Берентаева Э.Қ, Суйналина Г.Ж, Кужаниязова А.Ж, Сағындықова А.Т

Дата: 10.06.2024

Номер свидетельства: 652532


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства