Просмотр содержимого документа
«Салауатты өмір салтын қалыптастыру шарасы»
Дидактикалық ойындар мен тапсырмалар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ой – өрісін дамыту
Логикалық ой-өріс - талқылау мен талдау арқылы іске асады.
Мектепалды тәрбиеленушінің оқу тәрбиесінде дамытушы ойындардың, тапсырмалардың атқаратын рөлі өте маңызды. Олар балалардың қызығушылығын арттырып,жағымды эмоцияға бөлейді. Қызықты тапсырмаларды шешу барысында жауабын табу - ойлау қабілетінің белсенділігінсіз іске асу мүмкін емес. Логикалық ойын және тапсырмалардың беделділігі - балалардың ой – өрісінің дамуы және жан – жақты болуымен түсіндіріледі. Ойын жаттығуларына математикалық тапсырмаларды кірістіру арқылы, балалар өз бетінше сураққа жауап іздеп табу дағдысына ие болады.Осындай жаттығулар шешу әдісі – өз ойын еркін әрі толық жеткізе білуге, берілген тапсырмаға шығармашылық тұрғыдан қарауға үйретеді.
Логикалық тапсырмалар мынадай боуы мүмкін:
Егер қаз бір аяғымен тұрса салмағы 4 кг болады, ал екі аяғымен тұрса қанша кг басады? (4 кг басады)
Екі адам шахматты 2 сағат ойнаса, бір адам неше сағат ойнайды? (2 сағат ойнайды)
Жұмбақтар
Әрбір жұмбақ - логикалық тапсырма. Оны шешу - баланың күрделі ойлануына мідеттейді. Балаға жұмбақтың дұрыс шешімін тауып қана қоймай, сол шешімнің дұрыстығын дәлелдей білуді де үйрету керек.
Мысал: Үш төбе, үш бұрыш, үш қабырға
Міне келдім мен мұнда
(үшбұрыш)
Балаларға «Бұл жұмбақ не туралы? Сен қалай ойлайсың? Мына үшбұрыштарға мұқият қарашы (үстелде үш үшбұрыш бар: үлкен қызыл, көк орташа және кішкентай). Қызыл үшбұрыш жұмбақтың шешімі болуы мүмкін. Неге? Ал көк ше? Қай үшбұрыш жайында бұл жұмбақ?»
Қорытынды: Шешуі кез – келген үшбұрыш болуы мүмкін. Ол оның көлеміне немесе түсіне байланысты емес. Барлығының үш қабырғасы, үш төбесі,үш бұрышы болады.
Мысал: Сопақ та емес, шеңберде емес,
Үшбұрышқа дос емес.
Тіктөртбұрыштың ағасы,
Боламын мен -
(шаршы)
Бұл жұмбақтың мәтінінде шаршының белгілері аталмаған. Қойылатын сұрақ: «Қандай геометриялық пішіндерді білесің? Бұл пішіндердің ішінде қайсысы туралы айтылуы мүмкін? Сопақ пішін жауап болуы мүмкін бе? Неге? Шеңбер ше? Ал, үшбұрыш ше?» Балалар үлкендердің көмегімен жұмбақтың шешімі шеңбер де сопақ та және басқа пішіндер де емес, шаршы екенін табады.
Сонымен қатар балалардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына бірден – бір септігін тигізетін тапсырмалар ұсынғым келеді.
6 таяқшадан үй құрастыр, сосын оның 2 таяқшасын алып, жалауша шығатындай етіп орналастыр.
Мына сызулардың арасынан 5 үшбұрыш және 1 төртбұрышты тап.
Қай пішін артық?
Сұрақ белгісінің орнына қажетті пішінді орналастыр.
Белгілі психолог Л.С. Выготский: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау – оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» - деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйымдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.
“Ертегі кейіпкерлерімен бірге «Ауырмайық» еліне саяхат” атты шара мктепалды даярлық сыныбына арналып ұйымдастырылған.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, тек қана біздің білм беріп, үйретуімізге ғана байланысты емес. Ол үйдегі және қоғамдағы өмірдің мәдениеттілігінің кепілі. Балалар үйренген әдіс – тәсілдерін шынайы өмірде қолдана білуі керек.Әсіресе өз денсаулығына, оған деген жауапкершілікке, салауатты өмір салты туралы білімін кеңейтуге және жеке бас гигиенасын сақтауға үлкен мән берілуі керек.
Ұйымдастырылған іс – әрекет балаларды бірлікке, мейірімділікке, көңілді болуға баулиды. Сонымен қатар спортқа деген қызығушылығын арттырады. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге поездбен «Мықты денсаулық» бағытымен саяхатқа аттанады. «Спортышы», «Әнші», «Шешіп көр» станцияларына тоқтай отырып, түрлі тапсырмалар орындап, «Қоянның жатығулары» сергіту сәтіне қатысады. Сонымен қатар «Сиқырлы қап» ойынын ойнайды, өлең айтып, би билейді. Жеке бас гигиенасы туралы жұмбақтар шешеді. А, В, С, Д, Е дәрумендерімен кездесіп, олардың пайдасын біліп, жеміс кәуәбін жасап қонақжайлылық көрсетеді.
Ұйымдастырылған оқу – тәрбие шарасының сценариі
«Ертегі кейіпкерлерімен бірге «Ауырмайық» еліне саяхат»
Мақсаты: Балалардың ой – өрісін дамыту. Салауатты өмір салты туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: Салауатты өмір салты жайында білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөздік қорын сонымен қатар, белсенділігін дамту.
Тәрбиелік: Жеке басының гигиенасын сақтауға, және денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбелеу.
Көркемдеу: Түрлі түсті шарлар, станциялар атаулары, сиқырлы ағаш, денсаулыққа қатысты мақалдар, орындықтағы вагондар саны.
Сәлемдесу: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар мен балалар! Хош келдіңіздер, сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.
Жүргізуші: «Сәлем» деуге асықпыз,
Денсаулык біз тіліейміз!
Тілейміз біз тағы да,
Осы отырған бәріне
Бақыт пен қуаныш!
Айболит: Біз сіздерге қуаныштымыз,
Сіздерге де, бізге де
Жарқын күлкі, нұрлы жүз
Бәріне жетер білеміз.
Денсаулықты сақтаңыз,
Әр уақытта, қашанда.
Ерік, жігер, батылдық,
Болу керек баршада!
Жүргізуші: Бірінші бекет – Спортшы
(Поезд – порвозик әуені ойналады)
Балалар пойызға отырып кетеді
Жүргізуші: «Спортшы» бекеті. Аялду уақыты 5 мин.
(фонограммадан В каждом маленьком ребенке... әуені ойналады) Балаларға жұлдызқұрт келеді.
Жұлдызқұрт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бойымызды жазайық, қане, жаттығу жасайық!
Жүргізуші: Құрметті жолаушылар! Спортшы бекетінің көңілді жұлдызқұрты сіздермен бірге «Қоян жаттығуын» жасағысы келеді. Орындарыңыздан тұрып, бірге жасаңыздар.(Кішкентай қоян жүгіріп келіп ,жұлдызқрттың қатарына тұрады)
Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Пойыз «Әнші» бекетіне бет алуда.
(поезд - поровозик әуені ойналады)
1 – бала: «Әнші» бекеті? Ал онда біз не істейміз?
Барлығы: Өлең айтамыз
1 – бала: Қандай өлең айтамыз?
Жүргізуші: Ал, балалар өздерің тауып көріңдер (Айгөлек әуені ойнала бастайды). Таныдыңдар ма? Қане, бәріміз бірге айтайық.
(Айгөлек өлеңі айтылады)
Жүргізуші: Балалар сендерге «Әнші» бекеті ұнаған сияқты. Олай болса жолымыздан қалмайық.
Балалар: Әрине, жүрейік!
Жүргізуші: Балалар көңіл күйлерің қалай? Жақсы ма?
Балалар: Иә!
Жүргізуші: Олай болса жолға шығайық! (поезд – поровозик әуені ойналады)
Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Пойыз «Ойлан, тап!» бекетіне келіп тоқтады.
(әуен ойналады) Буратино шығады
Буратино: Сәлем, достар! Міне, мен де келдім. Сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма? Олай болса, мұқият тыңдаңдар.
Буратино жұмбақ жасырады. Балалар шешімін айтады.
Буратино: Өте жақсы! Сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Сиқырлы қап» деп аталады. Сендер қапқа қолдарыңды салып, ішіндегі заттарды ұстап көру арқылы, қандай зат екенін айтуларың керек.
Балалар ойынды қызықтап ойнайды.
Буратино: Мен сендерен саяхатқа аттансам бола ма?
Жүргізуші: Әрине, болады. Онда кеттік. Жолдан қалмайық. (поезд – поровозик әуені ойналады)
Түлкі шыгып: Пойыз сен балаларды қайда алып келдің?
Түлкі: Барлығың жиналып қалапсыңдар, жүгіріп ойын ойнауға дайынсыңдар ма?
Ит: Олай болса, ұйықтама, ерібе, дайын бол!
Түлкі: Кел, ойнайық !
Жүгізуші: Біздің ғажайып елімізде сиқырлы жемістер пісіп тұр екен. Олардың бірін де жерге түсірмей жинап алуымыз керек. «Сиқырлы жемістер» ойынын бастаймыз. (Әуен ойналады). Ағашта алмалар мен алмұрттар ілініп тұрады, балалар соларды жерге түсірмей себетке жинайды.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Айболит: Ешқашан ауырмау үшін және епті, шымыр болу үшін не істеу қажет?
Балалар: Шынығу керек, спортпен айналысып дұрыс тамақтану керек. Күн тәртібін сақтап, жеміс – жидектер жеу керек.
Айболит балалардың дене мүшелерінің белсенді аймақтарына массаж жасайды.(суық тиюге қарсы)
Тамақ ауырмасын десең –
Сылап сипа оны сен (тамақты қолмен астыға, үстіге сипайды)
Жүргізуші: Денсаулық бекетінде дәумендер өмір сүреді екен, кәне оларды қарсы алайық.
Дәрумендер шығады (1 – сынып оқушылары)
А дәрумені – мен сендердің бойларыңды өсіруге көмектесемін және көздеріңнің көрегендігін жақсартамын.
В дәрумені – Мен асқорытуларыңды жақсартамын.
С дәрумені – Мен ағзаларыңды түрлі аурулардан қорғаймын.
Д дәрумені - мен сендердің бойларыңның өсуіне септігімді тигіземін әрі сүйектеріңді қатайтамын.
Е дәрумені – Мен сендердің терілеріңді қорғаймын.
Жүргізуші: Ал сендер дәрумендердің қайда мекендйтіндерін білесіңдер ме?
Балалар: Білеміз. Дәрумендер жеміс – жидектер мен көкеністерде және басқада азық түліктерде мекендейді.
Жұлдызқұрт: Ойнадық та, биледік те ендігі қарындарың ашып қалған да шығар. Жүрек жалғап алуға қалайсыңдар?
Жүргізуші: Ал енді ағзаларымызды дәрумендермен бір қуантып қояйық. Біз сіздерге өте пайдалы жеміс кәуабін ұсынамыз. (ертегі кейіпкерлері кәуап таратады)
Айгөлек әуені ойналады.
Жүргізуші: Құрметті жолаушылар! Міне біздің «Ауырмайық» еліне саяхатымыз да аяқталды. Біз сіздерге зор денсаулық тілейміз.
Барлығы бірге: Сау болыңыздар!!!
Ұйымдастырылған оқу – тәрбие іс ә-рекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:
Бөлімі:
Тақырыбы:
Мақсаты:
Білімділік: Апта күндері туралы балалардың білімдерін шыңдау. Берілген тапсырманы дұрыс орындап, сұраққа жүйелі түрде жауап беруге дағдыладыру.