"Өнерімен өрге жүзі" (Тілдер апталығының қорытынды кеші)
"Өнерімен өрге жүзі" (Тілдер апталығының қорытынды кеші)
Сахна әсем безендіріледі. Төрде «Өнермен өрге жүзі» сөзі үлкен болып жазылады. МС.Әуезовтың «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр» сөзі ілінеді.
І.Жүргізуші : Адамның кейбір кездері
Көңілде алаң басылса,
Тәңірінің берген өнері,
Көк бұлттан ашылса –деп, Абай атамыз айтқандай өнерді бағалау үшін бүгін бізде осы ортаға толып жиналдық. «Қош келдіңіздер» «Өнермен өрге жүзі » қорытынды кешке жиналған қауым!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Өнерімен өрге жүзі" (Тілдер апталығының қорытынды кеші)»
Өнерімен өрге жүзі
(Тілдер апталығының қорытынды кеші)
Сахна әсем безендіріледі. Төрде «Өнермен өрге жүзі» сөзі үлкен болып жазылады. МС.Әуезовтың «Абай лебі, Абай үні , Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр» сөзі ілінеді.
І.Жүргізуші : Адамның кейбір кездері
Көңілде алаң басылса,
Тәңірінің берген өнері,
Көк бұлттан ашылса –деп, Абай атамыз айтқандай өнерді бағалау үшін бүгін бізде осы ортаға толып жиналдық. «Қош келдіңіздер» «Өнермен өрге жүзі » қорытынды кешке жиналған қауым!
ІІ .Жүргізуші : Өздеріңіз көргендей тілдер апталығы өз мәресіне жетті.
Әділет пен ақылға
Сынатып көрген- білгенін,
Білдірсе алыс жақынға
Солардың сөйле дегені – Абай атамыздың «Адамның кейбір кездері атты өлең жолында осындай шумақтармен әділеттілікті жоғары бағалайды. Ендеше, «Голос школы» байқауында жүлделі орын алған оқушыларды да бағалау кезі келді. Ортаға балаларды марапаттау үшін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Толеуханова Гүлбарам Тураровнаны ортаға шақырайық.
Музыкалық ән. 9-сынып оқушысы Серік Айсана «Туған жер» әнін айтады.
І.Жүргізуші : Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез тойла.
Жас ұрпақта көңіл- гүл, - деп теңеу теңеген Абай атамыз білім ал, ізден, жалықпа сөздерімен де жас талапшыларға үндеу береді. Ендеше, мектепте өткен А.Бөкейхановтың 150 жыл мерейтойына арналған оқырмандар конференциясына белсене қатысқан сыныптарды марапаттау кезегін мектеп кітапханашы апайымыз Арқыбаева Гауһар Кадилбековнаға береміз.
ІІ.Жүргізуші : Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте !
- деп, дана халық бекер айтпаған. Мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі Толеуова Маржан Болатовнаны белсене қатысып жүлделі орын алған оқушыларды марапаттауға шақырамыз.
І.Жүргізуші : Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір- кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан - деп жырлаған Абай атамыздың сөзі «Қасым –тағдыр» кешіне қатысқан талантты оқушыларымызға айтып тұр емес пе? Ендеше, осы кешті қорытындылау тарих пәнінің мұғалімі Асқар Қуаныш Төлешұлына беріледі.
Музыкалық ән шашу. Мектеп ұстаздары Гүлжихан Ғабдоллаевна мен Асемгул Камеловнаның орындауында Қасым ағаның «Туған жері» әні.
ІІ.Жүргізуші : Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға - дегендей осы онкүндік шарада мектепішілік газетті шығарған сыныптарды марапаттау үшін мектеп директоры Абугалиева Асемгуль Камеловна ортаға шақырылсын.
І.Жүргізуші : Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
- осы қасиетті «Біз жарқын болашақ» патриоттық әндер байқауында сезіндік. Ендеше, осы кешті қорытындылау қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Смагулова Гүлжиһан Ғабдоллаевнаға берейік.
Музыкалық ән шашу. 5- сынып _
ІІ.Жүргізуші : Білімдіден шыққан сөз,
Талаптығы болсын кез.
- демекші, бастауыш сыныптардың қатысуымен өткен «Ақ бүршік жарған, қош келдің Көктем!» , «Армысың әз Наурыз !» саханалық қойылымдарға қатысқан сыныптарды марапаттауға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адилханова Жанар Қапиятовна шақырылсын ортаға.
Музыкалық ән шашу. 4 - сынып оқушылары «Жау жанбыр» әні орындалады.
І.Жүргізуші : Берекені көктен тілеме
Еткен еңбектен тіле,
- деп Абай өсиет еткендей мерекелі , берекелі , жақсылықты тілеген орыс ұлтының «Масленица» шарасын қорытындылау орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сабитова Жанар Болатовнаға берейік.
ІІ.Жүргізуші : Оның поэзиясы түнек өмірге қарсы
Көтерілген алдаспан болды- дейді ақын Мирей Борис. Қиын тағдырды басынан кешіп, орыс халқының ақиық болған ақыны Сергй Александорович Есениннің поэзиялық кешіне қатысып атсалысқан сыныптар мен бір топ оқушыларды марапаттау орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Раулова Қарашаш Бизаковнаға сөз кезегі келді. Ортаға шақырайық!
Музыкалық ән шашу. Сергей Александрович Есениннің романсын орындайтындар орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері : Сабитова Жанар Болатовна мен Толеуханова Гульбарам Тураровна.
Мұқағали Мақатаевтың С.А.Есениннге жазға өлеңін мәнерлеп оқу үшін ортаға 9- сынып оқушысы Жансая Темірбек шақырылады.
І.Жүргізуші : Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяған көп шалдырған.
Өлді деуге болама, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған –деп Абай атамыз айтқандай қаншама ғұлама ақындар мен саяси өкіл ағаларымыздың шығармашылығы мен тарихын зерттеп, оқып, талдап тани білдік. Өнерімен өрлеген балалардың бағын жандырған осы тілдер апталығының шарасы өз мәресіне жетті. Абай атамыздың айтылған әрбір көркем сөз бізге өнеге, тәлім!
Осы кештің қорытындысында тіл мамандардың Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен аяқтайық достар!