kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырудағы тиімді тәсілдер" атты шеберлік сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын пайдаланып квадрат теңдеуді шешу, қысқаша көбейту теңбе-теңдіктерін пайдаланып рационал теңдеулер шешу және теңдеу құру тақырыбынан алған білімдерін жүйелеу, логикалық есептер шығару.

ә) Дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін, ойлау қабілетін дамыту, іздендіруді жүзеге асыру

б) Тәрбиелік мақсаты:

  Атадан - балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлерiмен сабақты байланыстыра отырып, еліміздің қысқаша тарихымен таныстыру, Отанды сүюге, ана-тілін сүюге тәрбиелеу, еңбекке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырудағы тиімді тәсілдер" атты шеберлік сынып»

Мұғалімнің ТАӘ және жұмыс орны

Махабат Лариса, Алматы облысы,

Текелі қаласы, № 5 орта мектеп

Сынып

8

Сабақтың тақырыбы:

Биквадрат теңдеу

Жалпы мақсаттар:

  • Биквадрат теңдеу тақырыбын АКТ ны пайдаланып өзбетінше меңгерту, биквадрат теңдеуді қолдана отырып есептер шығара алу дағдысын дамыту,

  • өз бетімен қорытынды шығару, ойларын анық айту, ойлау, тапқырлық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Биквадрат теңдеулерді шығара алады,

  • топтық жұмыс жүргізу арқылы ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады

  • берілген тапсырма арқылы постер жасап қорғау барысында ойларын анық айтып, тапқырлық танытады,

  • дарынды және талантты оқушылардың қабілеттері дамып, сыни ойлауға дағдыланады.

  • биквадрат теңдеудің түбірлерін таба алады.

  • АКТ арқылы берілген мағлұматтарды дұрыс қолданады.

Түйінді идеялар:

Биквадрат теңдеуді математика әлемінде және күнделікті тұрмыста қолданылу ерекшелігі.

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушылардың іс-әрекеті

Кіріспе бөлім

3 мин

Сиқырлы сандар алаңында психологиялық ахуал қалыптастыру, топқа бөлу.

Әр оқушы таңдап алған цифрлары арқылы, интер тақтаға көрсетілген сандарды құрайды.

5 мин

Қайталауға арналған тапсырмалар: «Адасқан теңдеулер» ойыны.


Әр топқа берілген түрлі теңдеулер жазған қағаздарды іріктеп, толымды теңдеулерді, толымсыз теңдеулерді, сызықтық теңдеулерді және өздеріне таныс емес биквадрат теңдеуімен танысады.

Бағалау: Асық жинау

Негізгі бөлім

5 мин

Тапсырма: «Сендерге таныс емес теңдеудің түрін анықтаңдар?»

Әр топ интернет желісін пайдаланып бұл теңдеудің түрін анықтайды, биквадрат теңдеуінің мағнасын ашады. (Дұрыс жауап: 1 асық)

15 мин

Тапсырма:

Теңдеу түбірлерін табу. Коментаримен шығарыңдар.

1. өрнектің қ квадраты түрінде жазуға бола ма?

2. Квадрат теңдеуден қандай айырмашылығы бар?

3. Түбірлері

Биквадрт теңдеудің түбірлері болып табылама? Неліктен?

4. Бұл биквадрат теңдеуде неше түбір бар? Жетелеуші сұрақтарға жауап бере отырып, биквадрат теңдеудің түбірлерін бірлесе табады.

5 мин

Қолқа салу салты

Тапсырма: Топтық жұмыс.

1. Топ неше түбірі бар?

2. Топ неше түбірі бар?

3. Топ неше түбірі бар?

Оқушылар топтық жұмыс орындау барысында биквадрат теңдеулердің түбірлерін табады, дискриминантқа байланысты түбірдің санын анықтайды.

1.Топ:

Түбірлер

2. Топ:

Түбірі:

3. Топ: үбірі жоқ. (Дұрыс жауап: 1 асық)

3 мин

«Көкпар» ойыны

Тапсырма: Әлемдегі ең ұзын кітап – “Ғажап”.

Оның толық ұзындығы – 1856 метр. Ол папирус қағазына жазылып,

оралған. Кітаптың авторлары – Кастелло (Италия) қаласындағы оқу орталығының 400 оқушысы.

СҰРАҚ: Туынды қанша әңгімеден тұрады?

Проблеманы шешуге талпынады. Квадрат теңдеу түрін анықтайды, түбірін табаны. Сұраққа жауап іздейді. Теңдеулерді шешіп, түбірлерінің оң мәндерін

қосыңдар. Алынған сан

туынды қанша әңгімеден тұратындығы

туралы мәлімет береді.

(Бағалау: Ағылшын тәсілі немесе бас бармақ тәсілі)

3 мин

«Ине жасырмақ» ойыны

Сөзжұмбақ шешу.


Квадрат теңдеу, биквадрат теңдеу тақырыбында қолданылатын терминдерді тауып сөзжұмбақ құрастырып, көрші топтар шешеді. (Бағалау: Жұлдызша сыйлау, дұрыс шешкен топ 4 жұлдыз)

Қорытынды бөлім

3 мин

Тақырыпты қорытындылау мақсатында дайындалған тапсырмалар.



1 - нұсқа

2- нұсқа


Оқушылар екі нұсқалы тапсырмаларды шығарады. «Мен бұл биквадрат теңдеуді қалай шығардым?» атты эссе жазып береді. Кіріспе бөлімінде: 1. Квадрат теңдеудің қандай түрі? 2. Айнымалы енгізуді қалай орындаймын? Негізгі бөлімінде: 3. Теңдеудің дискриминантты қандай сан? 4. Квадрат теңдеудің неше түбірі бар? Қорытынды бөлімінде:

5. Биквадрат теңдеудің неше түбірі бар? Сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың басты мақсаты биквадрат теңдеудің түбірлерін таба алу біліктілігінің деңгейін анықтайды. (Бағдаршам тәсілі)

1 мин

Үйге тапсырма беруді ұйымдастыру.

Оқушылар үй тапсырмасымен танысады

2 мин

Бағалау кезеңі, кері байланыс.




  1. КІРІСПЕ БӨЛІМІ. Сабақтың кіріспе бөлімінде топқа бөлу барысы, оқушылардың цифрларды таңдауынан басталады. Әр оқушы өзіне ұнаған цифрды таңдайды. Таңдаған цифрларын белсенді тақтадан көрсетілген сандар арқылы сан құрайды. Үш орынды, 0 сандары, жұп сандар, тақ сандар. Топтарға осындай түрде бөлу, оқушылардың сын тұрғыдан ойлауын, логикалық ойлау қабілетін, математикадан жұп сандар мен тақ сандарды ажырата алу біліктілігі және топта бірлесе жұмыс жасай алу қабілеті артады. Топ басшылары цифрлардың артына жасырылған сұрақтар арқылы сайланады, топ басшылары сұрақтарын оқып, сұраққа дұрыс жауап бере отырып, өз тобын құрайды. Сұрақтар Қазақстан Республикасының туы мен әнұранының бекітілген жылдары, EXPO – 2017 Халықаралық көрмесі Қазақстанда қай жылы қашан өтетіндігі туралы мәлімет береді. Бұл сұрақтарға жауап беріп цифрларды жинау барысында оқушылардың математика пәніне қызығушылықтары артады. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын квадрат теңдеу тақырыбында кездесетін толымды теңдеулер мен толымсыз теңдеулерді және сызықтық теңдеулерді бір – бірінен ажырата алу білімдерін дамыту мақсатында «Адасқан теңдеулер» ойыны ойналады. Теңдеулерді ажыратып плакатты тиісті орынға жабыстыру барысында, жаңа тақырып биквадрат теңдеу туралы мәлімет алады. Биквадрат теңдеуді қай тетікке жабыстыратынын білмей, проблема туындайды. Оқушылар өз бетімен проблеманың шешу жолын іздейді. Сабақтың тақырыбын және сол тақырыптың шешу жолын өздері меңгеруге бағыт алады.

  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМІНДЕ сол туындаған проблеманы шешу жолын қарастырумен жалғасады. Әр топ интернет желісін пайдаланып бұл теңдеудің түрін анықтайды, биквадрат теңдеуінің мағнасын ашады. (www.google.kz) Бұл тапсырма оқушылардың өз бетімен ізденуіне, АКТ ны дұрыс қолдана білуге үйретеді. Бастысы биквадрат теңдеу туралы мәліметтерді өз бетімен таба алады. Әр тың мәлімет айқан топқа 1 асықтан ұпай беріледі. Жетелеуші сұрақтар қою арқылы биквадрат теңдеуінің түбірін таба отырып, теңдеу шешу жолын қарастырады.

1. өрнектің қ квадраты түрінде жазуға бола ма?

2. Квадрат теңдеуден қандай айырмашылығы бар?

3. Түбірлері Биквадрт теңдеудің түбірлері болып табылама? Неліктен?

4. Бұл биквадрат теңдеуде неше түбір бар?

«Қолқа салу салты» ойыны арқылы оқушыларға домбыраға жасырынған түрлі биквадрат теңдеулердің түбірлерін табады, дискриминантқа байланысты түбірдің санын анықтайды.




1. Топ неше түбірі бар?

2. Топ неше түбірі бар?

  1. Топ неше түбірі бар? Ендеше бұл тапсырма нәтижесінде оқушылар биквадрат теңдеу түбірлері дискриминантқа байланысты анықталатындығы туралы бір – біріне мәлімет береді. Постерге жасып қорғау барысында топтарға берілген тапсырмалардың айырмашылығы анықталады. «Көкпар» ойыны тапсырмасы, сергіту ретінде алынды. Әлемдегі ең ұзын кітап – “Ғажап”. Оның толық ұзындығы – 1856 метр. Ол папирус қағазына жазылып, оралған. Кітаптың авторлары – Кастелло (Италия) қаласындағы оқу орталығының 400 оқушысы. СҰРАҚ: Туынды қанша әңгімеден тұрады? Логикалық сұрақ пен квадрат теңдеуді байланыстыра отырып алынған бұл тапсырма оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын артырады. «Ине жасырмақ» ойынында сөзжұмбақ құрастырып шешімін көрші топтар табады, квадрат теңдеу, биквадрат теңдеу тақырыбында қолданылатын терминдерді қолданып биквадрат теңдеу тақырыбына қатысты сөздерді кіріктіріп құрайды. Оқушылар тапсырманы орындай отырып математикалық сөздік қорларын толықтырады.

3.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМІНДЕ эссе жазу тапсырмасы беріледі. Оқушылар екі нұсқалы тапсырмаларды шығарады. «Мен бұл биквадрат теңдеуді қалай шығардым?» атты эссе жазып береді. Кіріспе бөлімінде: 1. Квадрат теңдеудің қандай түрі? 2. Айнымалы енгізуді қалай орындаймын? Негізгі бөлімінде: 3. Теңдеудің дискриминантты қандай сан? 4. Квадрат теңдеудің неше түбірі бар? Қорытынды бөлімінде: Биквадрат теңдеудің неше түбірі бар? Сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың басты мақсаты биквадрат теңдеудің түбірлерін таба алу біліктілігінің деңгейін анықтайды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ЖӘНЕ ҒАЛАМТОР РЕСУРСТАРЫ ТІЗІМІ:

  1. «Алгебра» оқулығы 8 сынып, Ә.Н. Шыныбеков., Алматы «Атамұра» 2012 ж.

  2. «Оқыту мен оқудың белсенді әдістері» Астана, 2013 ж

  3. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» Үшінші негізгі деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012

  4. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов, - Алматы, 2013ж.

  5. www.google.kz «Биквадрат теңдеу жайында» мақала, есептің шешу жолдары

  6.  http://www.zharar.com/kz/sabak/619-sabak_ulttyk_oiyn.html «Қазақтың ұлттық ойындарын сабақтарда пайдалану тиімділігі» сабақ жоспары


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Автор: Махабат Лариса

Дата: 16.01.2017

Номер свидетельства: 380031

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу әдістері"
    ["seo_title"] => string(55) "bastauysh_synyp_ok_ushylaryn_ien_biekkie_baulu_distieri"
    ["file_id"] => string(6) "381533"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1484890610"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства