Просмотр содержимого документа
««Нептун» (су атысу) ойыны»
Жазғы «Спорт» алаңы, «Үш тілдік» және «Роботатехника»
бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткен «Нептун» (су атысу) ойынының
АНЫҚТАМАСЫ
"Су атысу" – жаз мезгілінде ашық алаңда өткізілетін, балалар мен жасөспірімдерге арналған сергітетін әрі қызықты ойын. Бұл ойын жаздың ыстық күндерінде ерекше танымал, себебі ол денені салқындатып, белсенді қимыл арқылы көңілді, қуанышты атмосфера тудырады. Су атысу – тек ойын ғана емес, ол балалардың дене қимылын арттыруға, зейінділігін, ептілігін және топпен жұмыс жасау дағдысын дамытуға септігін тигізетін көңілді қимылды ойын.
Су атысу ойынының негізгі мақсаты – қатысушылардың су тапаншасы, су құятын бөтелке немесе арнайы су шүмегі арқылы бір-біріне су шашып, "шабуыл" жасау. Әр ойыншының міндеті – өзі суға түспей, қарсыластарын мүмкіндігінше көбірек сулап шығару. Ойын барысында шапшаңдық, қырағылық, жылдам реакция және тактикалық ойлау өте маңызды. Командалық немесе жекелей түрде ойналатын бұл ойын достық қарым-қатынасты, салауатты бәсекелестікті қалыптастырды.
Су атысу ойынының нақты және әділ өтуі үшін ережелер таныстырылды.
Командаға бөлу: Қатысушылар санына байланысты 2 немесе одан да көп командаға бөлінеді. Әр команда өз түсін немесе белгісін таңдайды.
Шартты ойын аймағы: Ойын арнайы шектеулі аумақта өткізіледі. Бұл шекарадан шыққан ойыншы "ойыннан шығады" немесе уақытша ойыннан алынады.
Су шашу: Қатысушылар қарсыластарын су шашу арқылы "жойып" отырады. Су тиген ойыншы белгілі бір уақытқа дейін ойыннан шығады немесе ұпай жоғалтады.
Қауіпсіздік: Су тек дене бөлігіне бағытталып шашылуы керек. Көзге, бетке, құлаққа тура бағыттауға болмайды. Жүгіргенде абай болу, бір-біріне итермелеуге жол бермеу – басты талап.
Жеңіс шарттары: Белгіленген уақыт соңында ең аз "суға түскен" немесе ең көп қарсыласты сулаған команда жеңімпаз болып танылады.
Осылайша «Спорт» алаңы, «Үш тілдік» және «Роботатехника» бөлімдері оқушыларының дене қозғалыс белсенділігінің артуына оң әсер етті. Сонымен қатар, шапшаңдық пен қырағылықты дамытады; Командалық ойлауды, өзара көмек пен бірлік сезімін қалыптастырады; Достыққа, тәртіпке және ойын ережесін құрметтеуге үйретеді; Стресті жеңілдетіп, көңіл күйді көтеруге көмектесті. Балаларға табиғат аясында қозғалыс жасап, достарымен ойнау арқылы жаз мезгілін есте қаларлықтай етіп өткізуге жағдай жасайды. Осылайша, су атысу – салауатты өмір салтын насихаттайтын, заманауи және дәстүрлі ойын элементтері үйлескен тамаша жазғы ойын.
Оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Командалық ойын арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсету, бірігіп әрекет ету дағдыларын дамыту;
(Спорт, Үш тілдік, Робототехника) бірлесіп жұмыс істеу арқылы балалардың өзара түсіністік пен серіктестіктің маңызын ұғындыру;
ұйымшылдық пен достыққа бағытталған ұжымдық ойындарды жиі ұйымдастыру жіне оқушылардың қатысымын арттыру.